Эстафеталық жүгіру техникасының орындалуы
Эстафеталық жүгіру көрермендерде үлкен танымдылыққа ие.
Жеңіл атлетикада эстафеталық жүгірудің келесі түрлерін бөледі:
алаңда өткізілетін эстафеталық жүгіру. Оған мыналар жатады: 4х100 метр, 4х400 метр бұл классикалық түрлері;
әртүрлі қашықтықтарға және кезеңдердің әрбір санымен эстафеталық жүгіру, ал сонымен қатар «шветтік» эстафеталық жүгіру, мысалы: 800 метр+400 метр +200 метр +100 метр (немесе кері тәртіпте);
алаңнан тыс жүргізілетін эстафеталық жүгірулер, мысалы қала көшелерінде. Олар әртүрлі ұзындықтар және кезеңдер санымен, қатысушылармен (тек қана ер адамдар ғана немесе аралас жүгіруі мүмкін, онда ер адамдар және әйел адамдар жүгіреді) өзгешеленеді. Тиімді техника жаттығулардың арнайы әдістемесі, спортшыларды таңдау жүйесі және психологиялық дайындық – осының барлығы жақсы эстафеталық жүгіру командасын құру үшін негізгі белгілер болып табылады.
Эстафеталық жүгіруде қашықтық бойынша жүгіру техникасы сәйкесті түрлерінің жүгіру техникасынан өзгешеленбейді. Эстафе-талық жүгіру техникасының ерекшелігі эстафетаның түрімен сәйкесті жоғарғы жылдамдықта эстафеталық таяқшаны беру техникасы болып табылады.
Эстафеталық команда нәтижесінің маңызды факторы болып мыналар табылады:
- сәйкесті қашықтықтарда спортшылардың жеке нәтижелерінің көрсеткіштері;
- этафеталық таяқшаны беру сенімділігі;
- командалық серіктестер әрекетінің келісімділігі; - біртұтас ұжымның бүтіндігі.
Эстафеталық жүгіру жарыстың ережелерімен сәйкес таяқшаны 20 метр ұзындығымен жүгіру жолында беру қажет. 4х100 метр эстафетада 2, 3 және 4 кезеңнің жүгіруші созылып 10 метр шегінде жүгіру жолының басынан қосымша екпін беріледі. Ол эстафеталық таяқшаны беру орнына өте жоғары жылдамдықты алуға көмектеседі.
Екпін аймағын есептеумен және таяқшаны беруде спортшылар І
–інші кезеңде 110 метр, ІІ –інші кезеңде 130 метр, ІІІ-інші кезеңде 130 метр, ІV –інші кезеңде 120 метрге жүгіреді. Сондықтан кезеңдер бойынша команданың қатысушыларын дене жаттығуы кезінде оладың жеке қасиетін ескеру қажет.
77
4х400 метр эстафеталық жүгіруде және барлық қалған этафета-ларда қосымша екпін берілмейді және қатысушылар 20 метр жүгіру жолында болып бастау қажет. Бұл эстафеталық жүгіру жылдамдығы төмен сондықтан қосымша екпін берілмейді. Эстафеталық жүгіру жүзеге асырылуы мүмкін:
эстафеталық таяқшаны қайта салусыз;
эстафеталық таяқшаны қайта салумен.
Әдетте бірінші тәсіл қысқа эстафеталарда пайдаланылады, онда беріліс жоғары жылдамдықтарда болады, екінші тәсіл барлық қалған эстафеталарда пайдаланады.
Тиімді берілісін қамтамасыз ету үшін жүгірушілерге кеңістік сезіміне ие болу маңызды, яғни эстафеталық таяқшаны қабылдау кезінде сөре сәтінің екпінін дәл және өз уақытында бастауға, яғни эстафеталық таяқшаны беріліс кезінде беріліс аймағында қолжетімді жылдамдықты ұстауға, ал қабылдау кезінде беріліс аймағында 15 метрлік белгісіне жүгірушілердің жылдамдығы тұрақты және жылдам жоғарылатуға.
Эстафеталық таяқшаны беру техникасының тиімді белгісі болып жүгіру жолында оны табу уақыты табылады. Жоғары дәрежедегі спринтерлер үшін бұл көрсеткіш орташа ер адамда 1,80-1,90 сек. және әйел адамдар 2,05-2,15 сек. құрайды. Жүгірушілердің ең жоғарғы жылдамдығын спортшылар берілістің 15-16 метрлік аймағында жетеді. Эстафеталық таяқшаны берудің тиімді емес техникасы кезінде уақыттың шығыны орташа 0,1-0,3 сек. құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |