Этика (грек ethos – дағды, әдет-ғұрып)



Дата03.01.2022
өлшемі15.3 Kb.
#451055
Философия 9апта


. Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінезқұлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.

« Этизм» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауына кірген. Этикалық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінезқұлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді.

Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады.

Аристотель бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса, дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниеле.

Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.

Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады:



  • Теоретикалық этика;

  • Нормативті этика;

  • Эмпирикалық этика.

Теоретикалық этика этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.

Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.



Эмпирикалық этика белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет