Этика. Құндылықтар философиясы және өнер философиясы Этика



Дата04.04.2024
өлшемі17.13 Kb.
#497611
Құндылықтар философиясы


Этика. Құндылықтар философиясы және өнер философиясы
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінезқұлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.
« Этизм» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауына кірген. Этикалық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінезқұлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді.
Платон адам жанжақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғары мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға этикалық нормалармен жетекшілік жасайды.
Этика ұғымы жайлы Д.Юмның «Адамның табиғаты» туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этика ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады.
Аристотель бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса, дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниеле.
Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.
Этиканың құрылымына келетін болсақ, ол 3 бөліктен тұрады:

  • Теоретикалық этика;

  • Нормативті этика;

  • Эмпирикалық этика.

Теоретикалық этика этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.
Нормативті этика негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік, ізгілік, ар-ождан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
Эмпирикалық этика белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті жайында түсінік береді.


Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. Аксиология құндылықтар табиғатыы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім. Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды.
Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады. Антикалық және орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер, Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер, Парсонс, Толкотт).
Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған XIX ғасырдағы неміс ойшылы Фридрих Ницшенің атақты «Билікке деген ерік» атты трактатында «құндылықтарды қайта бағалау» қажеттігін афористік тұрғыда негіздегенінен кейін кең қолданысқа түсті. Сөйтіп батыс еуропалық философияның негізгі тақырыбының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет