Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет1/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Лекция (1)



Дәріс №1 
Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми 
іс-әрекеттегі зерттеу 
Дәріс жоспары:  
1. Зерттеу объектісін, мәселелері мен мақсатын белгілеу 
2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу 
3. Ғылыми іс-әрекет
4. Жеке ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері 
5. Ұжымдық ғылыми іс-әрекеттің ерекшеліктері 
1. Зерттеу объектісін, мәселелері мен мақсатын белгілеу 
 
Зертеу оның объектісі мен пәнін анықтаудан басталады. Философияда 
әлеуметтік тұлға болып табылатын адамның практикалық және теориялық іс-
әрекетінің зерттеу заты боп табылатын объективті шындықтың белгілі бір 
бөлшегін объект деп айтады. 
Таным заты – деп тәжірибеде белгіленген және адамның практикалық 
іс-әрекет үдерісіне енгізілген, нақты жағдайда және белгілі бір шарт 
бойынша нақты мақсатпен зерттелетін объектінің ерекшеліктері мен 
қасиеттерін айтамыз. 
Объект туралы білімнің даму мөлшеріне қарай оның жаңа қырлары 
ашылып, оның өзі тану затына айналады. Сөйтіп зерттелетін зат оның 
объектісіне қарағанда біршама нақты түсінік болып табылады. Ол бар 
болғаны объектінің бөлігі, белгілі бір қыры, элементі. Мысалы оқыту 
үдерісі зерттеу объектісі болса, ал зерттеу заты етіп оқытудың әдістерін 
ғана аламыз.
«Объект» және «зат» ұғымдары салыстырмалы ұғымдар. Зерттеуші 
белгілі бір зерттеудің барысында ненің объекті, ненің зерттеу заты 
болатынын нақты белгілеу керек. Бұның өзінде объект кең көлемде алынбай, 
нақты зерттеу затының сыртында тұрған нақты шындық болғаны жөн. 
Қаралып отырған зерттеу заты объектінің басқа құрамдас бөліктерімен 
тікелей байланыста салынып сипат алады. Мысалы біз оқыту түрін зерттеген 
кезде сол оқыту үдерісі зерттеу объектісі болып табылады да, оқытуды 
ұйымдастыру түрлері оның құрамдас бөліктерінің міндетін атқарады. Егер 
зерттеу объектісі етіп одан гөрі кеңдеу ұғымды, мәселен мектептің қызметін 
алатын болсақ оқытуды ұйымдастыру түрлері мен мектеп өмірі арасындағы 
байланыс зерттеу затының орнында болуы мүмкін.
Оқыту түрінің барлық мәнді сипаттары оқытудың міндеттеріне, 
оқытудың мазмұнына, оқытудың әдістеріне және оқыту құралдарына 
байланыстыра қаралады. Яғни, оқу үдерісінің басқа қырларымен өзара 
байланыста қаралып сондықтан зерттеу объектісі болып табылады. 
Зерттеу заты – көбінесе объектінің элементі (мысалы оқытуды 
ұйымдастыру түрлері зерттеу заты , ал оқу үдерісі оның объектісі болады). 


Ал зерттеу затымен байланысты болатын мәселе өзіне тән 
ерекшеліктерге де ие болады. Ол кейбір проблемалық жағдайлардың, атап 
айтқанда нақты практикадағы зерттеу затының жағдайы мен қоғамның оған 
деген талаптарының қайшылықтарын көрсететін сипаттама болып табылады. 
Сондықтан зерттеу проблемасы әрдайым зерттеу затын жетілдірумен 
анықталған қайшылықтардың себептерін көрсетумен, педагогикалық 
практикадағы зерттеу затының тиімділігімен, сапасын жақсартуға 
бағытталған шаралар жүйесін жасау мен зерттеу заты туралы теориялық 
білімді тереңдетумен байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет