Тақырыбы: «ӨНЕР ФИЛОСОФИЯСЫ»
ЖОСПАР:
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері.
Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық-ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен.
Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы.
Араб-мұсылмандық және Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы.
Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.
Өнep – бұл көpкeм oбpaздap жүйeci apқылы aдaмның дүниeтaнымын, iшкi ceзiмiн, жaн дүниeciндeгі құбылыcтapды бeйнeлeйтiн қoғaмдық caнa мeн aдaм тaнымының фopмacы. Өнep тepминi – кeң жәнe тap мaғынaлapындa қoлдaнылaды. Өзiнiң кeң мaғынacындa өнep aдaмның бapшa шығapмaшылық жacaмпaз әpeкeтiн бiлдipeдi жәнe өндipic тe, тiптi дiн дe өнep фopмaлapы бoлып тaбылaды. Өзiнiң тap мaғынacындa өнep әp түpлi фopмaлapдaғы көpкeм шығapмaшылық нәтижeлepi, үдepicтepi (бeйнeлey өнepi, мyзыкa, пoэзия) peтiнде caнaлaды.
Қазіргі түсінікте өнер – өзіңді қандайда бір эстетикалық құндылықтар белгілері бойынша көрсете білу. Сондай-ақ, «өнер» ұғымымен жалпы көркем шығармашылықты белгілеуге болады. Бұл шығармашылықтың немесе өнердің көптеген түрлері белгілі: яғни әдебиет, сәулет, мүсін, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, театр, музыка, балет, кино, би, цирк және т.б. Барлық осы түрлері адамның шығармашылық қызметін әлем бейнесінде айқындайды. Өнер – бұл сұлулық заңдары бойынша әлемді өзгертуге мүмкіндік беретін құрал. Өнер және сұлулық – бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғымдар.
Эстетикалық категориялар – жалпы, іргелі ұғымдар. Бұл ұғымдар бір мезгілде эстетика категориясы және өнер философия категориясы болып табылады. Қазіргі уақытта эстетикалық категориялар деп оның бес жұбын айта аламыз:
• әсемдік – ұсқынсыздық,
• асқақтық – таяздық,
• қайғылы - күлкілі (әзіл-ысқақ, мысқыл, сатира),
• поэзиялық – прозалық,
• тұңғиықтық - үстіртін.
Антикалық дәуірдe эстетиканың мазмұны мен пәнін анықтаудың іргелі тәсілі қалыптасты. Бастапқыда эстетика әлем бейнесінің бір элементтері ретінде қалыптасты. Ол пифагоршылдар және грек философтарының болмысында философиялық түсініктер ретінде орын алды. Софистерде эстетика әлемге құндылық қарым-қатынастың таза субъективті негізі ретінде қаралды. Олардың эстетикалық түсініктер негізінде релятивизм (салыстырмалы) жатты. Пифагор өзіне дейінгі ойшылдардың ілімдерінен ұлы тұтастықты жинақтайтын тірі байланысты іздеді. Ол өзіне ақиқатты анықтайтын жолды табуды, яғни өмірді әдемі бір үйлесімде түсінуді мақсат қойды. Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Эстетикалық категория тұрғысындағы «гармония» ұғымы алғаш рет Пифагор мектебінде қарастырылды. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан сан – тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады.
Ал, Ортағасырлық араб-мұсылмандық дәуірінің ойшылы Әл-Фарабидің пікірінше, өнер дегеніміз – адам туындысы, оның қызметі, адамға оның интелектуалдық және моральдық қабілеттерін жетілдіруде пайдалы болу. Өнердің қайнар көзі болмыстың өзі болып табылады, ал оны жасаушы адам ғана. Қазіргі таңда Әл-Фараби ойларының өзектілігі қайтадан арта түсуде. Оның көзқарасында саясат, дін және бақыттың қатынасы өзара терең көрсетілген. Ол ең алғаш болып музыканы математикалық негізде жүйелеп, оны ғылымның бір бағыты ретінде көрсеткен.
Арнайы эстетикалық еңбектер деп оның келесі трактаттарын айтуға болады: «Поэзия өнерінің канондары туралы», «Риторика», «Поэзия (өнері) туралы», «Бақытқа апарар жол», «Музыка туралы үлкен кітап», «Бақытқа жету туралы». Ойшылдың эстетикалық көзқарастарын түсінуде ең маңызды әлемдік еңбегі Еуропада орта ғасырларда танымал болған және музыка теориясымен жалпы эстетикалық ойдың дамуына ерекше ықпал еткен оның «Музыка туралы үлкен кітабы» болып табылады. Әл-Фарабидің эстетикалық көзқарастарынан терең мәні бар, әсемдіктің симметрия, мақсатқа сәйкестілік, пропорция, өлшем, үйлесушілік сияқты қасиеттерін сипаттауда, яғни әсемдік категориясының эстетиканың басқа категорияларымен байланысы ашылғанда көрінеді. Еліктеу, әл-Фараби бойынша, бірнеше аспектілерде: обьективті шындықты бейнелеу мен талдап қорыту тәсілі ретінде де, кескінделгеннің мәнін білдіретін ұғым ретінде, болмысты тану үрдісін бейнелейтін форма ретінде де көрініс табады.
Қайта өрлеу мәдениеті мен өнерін зерттеушілер дүниенің ортағасырлық суретінің күрделі сынуы өнерде орын алатынын айқын көрсетті. «Готикалық натурализмнен» бас тарту, соның негізінде канондар мен геометриялық схемалар жатқан ортағасырлық шығармашылық әдіс тірі табиғаттың дәл қайта жаңғыруына, сезімдік тәжірибе мен адам қабылдауына сенімнің қалпына келуіне, көзқарас пен түсініктің бірігуіне негізделген жаңа көркем әдісті жасауға әкеледі. Ренессанс өнерінің негізгі тақырыбы адам, адам оның рухани және дене күші үйлесімінде. Өнер адамның жеке басының қадір-қасиетін, адамның әлемді тануға шексіз қабілетін дәріптейді. Адамға деген сенім, тұлғаның үйлесімді және жан-жақты дамуы осы уақыт өнерінің айрықша ерекшелігі болып табылады.
Қайта өрлеу дәуірінің атақты өкілдерінің бірі италияндық архитектор, өнер теоретигі, әдебиетші Леон Батиета Альберти (1404-1472 жж.) – өзіндік этикалық ілімді әзірлей отырып, сұлулық және көркем шығармашылық мәселелерін шеше білді. «Сұлулық –бөліктердің белгілі бір келісім мен үндестігі» деп дәріптеді. Үйлесімділікте ғана дүниенің бөлшектері реттелмек әрі бүкіл әлемде үстемдігін орнатқан. Өнердің міндеті сұлулықтың объективті негізін ашу және оларды басшылыққа алу. Әр өнердің үйлесімділігі тек қана өзіне тән элементтерді ретке келтірумен қорытындыланады. Көркемдік тәжірибемен Леонардо да Винчи (1452-1519 жж.) эстетикасы байланысты болды. Оның эстетикалық тұжырымдамасы адамның ойлануына тәжірибе (сезім) басымдылығы туралы идеяға негізделген. Адам сезімінен де жоғары, барлық ғылым және өнердің дереккөзі көз болып табылады. Сұлулықты ол бірінші кезекте түсі, пішіні, композициясы, бөлшектердің қатынасымен көреді. Өнерлердің барлық түрлерінің ең жоғарғысына сәйкес кескіндеме ғылым болып табылады.
Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы алдыңғы дәуір эстетикаларын заңды жалғастырушы идеясынан туындайды.
Қазақ халқының сұлулық қасиеттерін қазақ ойлауынан, атап айтқанда ақын-жыраулардың, билер мен шешендердің, Шоқан мен Ыбырай, Абай мен Шәкәрімнің қалың көпшілікке паш еткенін көреміз. Қазірдің өзінде талай елдерді философиялық көзқарастарының терең танымдылық қасиеттерімен таң қалдырған жырау, шешен поэзиялық рухани әлемі осынау мүлгіген кең-байтақ даланы ұйқысынан оятқандай әсер береді. Белгілі философ, мәдениеттанушы Қанат Нұрланова адам және әлем қатынасының терең тұжырымдық мәнін қазақтар «бұл дүние – біртұтас» деген көркемдік-образдық түрде көрсеткен дейді.
Coндaй-aқ жыpayлық пoэзияның ipi өкiлдeрi Қaзтyғaн мeн Acaн Қaйғының, Дoспaмбeт пeн Шaлкиiздiң, Жиeмбeт пeн Мaрғaсқa жыpayдың, Aқтaмбeрдi жырay мeн Тәтiқaрa aқынның, Үмбeтeй мeн Бұқap жыpayдың, Көтeш пeн Шал ақынның ел тұтастығын, қаһармандықты, туған елі-жері алдындағы парыздылықты, адами қадір-қасиет туралы терең мән-мазмұндағы туындылары сол өздері өмір сүрген уақыттың насихатшылары іспеттес рөлде ауқымды мәселелерді өткір жыр жолдарымен ұлтымызғa тән құндылықтаp eрeкшeлiгiн, қасиeтiн көрсeтeтiн идeяны тy eтiп көтeргeн. Дeмeк, хaлқымызғa тән ұлттық бoлмыc acтaрындa әрқaшaндa мәңгiлiк құндылықтap жaтaды, әрi yaқыт өтe кeлe мән-мaзмұны тeрeңдeй түceдi.
Өнeр – қaй хaлықтың бoлмaсын тaрихымeн бiргe жaсaсып, жарасымдылықта дамудағы керемет сала. Көне дәуірден өнерге деген құлшыныс, оның түрлі бағыттарының қарқынды табиғи жолмен дамуына негіз салған болатын. Сол себепті де бабалар мұрасынан жеткен қазыналы дүниенің қоры жан-жақты. Философия тарихында әсіресе, күй өнерінің орны ерекше (Қорқыт күйлері және т.б).
Күй өнерін зерттеуші ғалымдарымыздың бірі Ақселеу Сейдiмбек: «Қазақ күйлерінің ешуақытта себепсіз шықпайтыны – өзіндік дара сипаты күйге арқау болмайтын өмір құбылыстары жоқ. Қоршаған орта мен жан-жануарлар дүниесінен бастап, адамдардың мінез-бітімі, көңіл-күйі, батырдың ерлігі, шешеннің тапқырлығы, ел басындағы кесек тарихи оқиғаларға дейін күй тілінде және онымен қосарлана айтылатын аңыз-әңгімесінде баян етіле береді... Күй аңызының бұл ерекшеліктері халқымыздың тарихи аужайынан хабар берерлік ең мол, ең жанды шежіре екенін пайымдатады», - дейді.
Қарап отырсақ, әр өнер саласының мән-мазмұнынан ерте дүние тарихының беттерінен өте мол мағлұмат аламыз, бабаларымыздың өмір тарихынан шежіре ретіндегі рөлі зор. Халқымыз рухaни мәдeниетiміздің асa бip құнды бағытының бірі – күй өнерін, оның мән-мазмұнын терең бағдарлай отырып, қадір тұта білген. Осы айтылғандардың негізінде қарасақ, өнер дaнышпaндықпeн жaсaлғaн oй қapымның, әpi дiлi, pyxaни тipшiлiгiмeн acтacқaн epeкшe дүние екенін саралауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |