Ұлттық
мектеп жасауға, онда ұлттық тәрбие беруге мемлекет
тарапынан бірнеше тұжырымдамалар мен құжаттар шығарылды.
Олар:
«Қазақстан Республикасында
гуманитарлық білім беру
Тұжырымдамасы»,
«Қазақстан Республикасында жалпы
орта білім білім беретін
мектептерінің Тұжырымдамасы»,
«Мектепке дейінгі және мектеп
жасындағы балалардың тәрбие
Тұжырымдамасы»,
«Тәлім-тәрбие Тұжырымдамасы»,
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы Заңы»,
Қазақстан Республикасының
«Жоғары білім туралы Заңы»,
Қазақстан Республикасының «Тіл
туралы Заңы»,
«Қазақстан Республикасындағы
этникалық-мәдени білім
тұжырымдамасы»,
Көптілді тұлғаны тәрбиелеу
Көптілді тұлға – өзінің мәдениеті арқылы басқа ұлттың
мәдениетін меңгеруге бағытталған тұлға.
Оның негізгі
көрсеткіштері:
—Лингвистикалық тұрғыда жан-жақты дамуы, ана тілін және
мемлекеттік
тілді білуі, шетел тілін үйренуі, халықтар
әдебиетін оқуы;
—Рельефті тарихи сана. Тарихи үрдістерді терең зерттеу және
жете түсіну.
—Объективтілік. Дін тарихын білуі;
—Айқындалған географиялық және экологиялық сана. Әлемді
және өз Отанын түсіну. Оларды сезіну беделі;
—Ашық көркем эстетикалық сана. Көркем шығармашылық, ән
айту, т.б. Өз халқының мәдениетіне қатысуды жете сезінуі;
—Құқықтық сана. ҚР Заңдары мен құқықтық актілерін, өз
құқығы мен міндеттерін білуі;
—Тілге ерекше мән беруі.
—ҚР тіл саясатының негізгі қағидалары: жүйелілік,
кешендік,
өзара түсіністік, төзімділік, т.б.
Қазақтың ұлттық мектебі деп халқымыздың Ана тілін,
Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін
жүйелі оқытатын мектепті айтамыз, ал
ол мектептің
басты белгісі қазақтың ұлттық рухы болуы шарт.
Мұнымен қатар, ол мектептің оқулықтары мен оқу
құралдары төлтума болуы тиіс. «Төлтума» деген сөздің
мәні – оқулық және
оқу құралдарының авторлары
баланы сүйетін және мектепті жақсы білетін, тәжірибелі,
шебер, ұлтжанды қазақ мұғалімдері мен ғалымдары
болуы. Сонда ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық
сана-сезімі
мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын,
төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі
негізінде қалыптасуын айтамыз.
Қазақ ұлттық мектебіндегі тәрбиенің мақсаты –
оқушылардың
ұлттық д
ҥниетанымын қалыптастыру. Ал
ұлттық
дүниетаным
ана
тілі,
ата
тарихы,
төл
мәдениетіміз және ұлттық салт-дәстүрлеріміз арқылы
ғана қалыптасады.
Қазақтың ұлттық мектебі