Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы



Дата25.02.2016
өлшемі96.9 Kb.
#24065
"Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 12 қарашадағы № 887 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 24 желтоқсанда № 9019 тiркелдi



      Азаматтық авиация саласындағы қызметтi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7006 тiркелген «Юридическая газета» газетiнде 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шiлдедегi № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шiлдедегi № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шiлдедегi № 107 (2098) жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулық:
      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «67. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ӘҚҚ органдары нақты және болжамды метеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ оларға тиiстi функцияларды орындау үшiн қажеттi жанартаудың қызметi туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етiледi.»;
      408-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «408. Авариялық хабардар етумен:
      1) диспетчерлiк қызмет көрсету ұсынылатын барлық әуе кемелерi;
      2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 1-тармағының және 61-бабының 4-тармағының ережелерiн есептеу ұшу жоспарын ұсынған немесе олардың орналасу орны ӘҚҚ органдарына өзге көздерден белгiлi болған басқа әуе кемелерi;
      3) заңсыз араласу объектiсi болып табылатын әуе кемесi, белгiлi болуына немесе болжалуына қатысты қамтамасыз етiледi.»;
      411-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «411. ӘҚҚ-да тұрған әуе кемесiнде апатты жағдай туындаған кезде ӘДО диспетчерiнде (ӘАДП) ол бұл туралы әуеайлақтың апатты-құтқару командасын және тиiстi iздестiру және құтқару үйлестiру орталығын кезектiлiк ретiмен хабардар етедi.»;
      412-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «412. Егер ӘҚҚ органы бақыланатын әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындайтын әуе кемелерiнiң экипаждары радиобайланысының кезектi сеанс уақытын белгiлемесе, ұшу жоспарға сай өткiзiлiп жатқандығын көрсету үшiн радиобайланыстың соңғы уақытынан кейiн 20 және 40 минут аралығында ӘҚҚ органымен радиобайланысты тексередi. Хабарлау әуе кемесiнiң танымдық (шақыру) индексiн және «ұшу қалыпты жағдайда өтуде» деген сөздi немесе QRU (ЩРУ) сигналын қамтиды»;
      мынадай мазмұндағы 412-1-тармағымен толықтырылсын:
      «412-1. «Ұшу қалыпты жағдайда өтуде» деген сөздердi қамтитын хабарлама тиiстi диспетчерлiк пунктке хабарламаны тарату үшiн әуе кемесi ұшуды орындайтын жауапкершiлiк ауданындағы тиiстi диспетчерлiк пунктiнiң (авиациялық электрбайланыс станциясы), соның iшiнде аралас диспетчерлiк пункттiң жұмыс жиiлiгiнде немесе басқа жиiлiкте берiледi.
      413-тармақ алып тасталсын;
      414-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «414. Осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетiлген жағдайларда ӘҚҚ органдары iздестiру және құтқару органдарын үйлестiру орталықтарына хабар бередi.»;
      415-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «415. Iздестiрудi және құтқаруды үйлестiру орталығына берiлген ақпараттың мынадай мазмұны бар:
      1) авариялық жағдай сатысы (белгiсiздiк сатысы - INCERFA, дабыл сатысы - ALERFA немесе апат сатысы - DETRESFA);
      2) хабарлама берген органның атауы;
      3) оқиғаның сипаты;
      4) ұнғу жоспарына қатысты қажеттi ақпарат;
      5) әуе кемесiнiң экипажы байланыста соңғы рет болған орган, уақыт және пайдаланылған құрал;
      6) соңғы орналасқан жерi туралы ақпарат және оны анықтау тәсiлдерi;
      7) әуе кемесiнiң түсi мен ерекшеленетiн таңбасы (ақпарат бар болған кезде);
      8) қауiптi жүктердiң бар болуы (ақпарат болған жағдайда);
      9) хабарламаны және басқа қажеттi мәлiметтердi беретiн, орган қолданатын iс-қимылдар.
      Егер осы тармақта аталған кез келген ақпарат iздестiрудi және құтқаруды үйлестiру орталығына хабарлама беру сәтiнде болмаса, егер апат сатысы болады деген негiзделген сенiмдiлiк бар болса, ӘҚҚ органы оны апат сатысына дейiн алуға тырысады.»;
      416-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «416. Авариялық жағдай сатысы туралы хабарламадан басқа iздестiрудi және құтқаруды үйлестiру орталығы кез келген қосымша маңызды ақпаратпен, әсiресе сатылар бойынша авариялық жағдайдың өзгерiсi туралы ақпаратпен немесе апатты жағдайды болдырмау туралы ақпаратпен қамтамасыз етiледi.»;
      422-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «422. Егер ӘҚҚ органы әуе кемесi авариялық жағдайда деп белгiлесе, осы Нұсқаулықтың 423-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, ол авариялық жағдай сипаты туралы жақында орналасқан әуе кемелерiнiң экипаждарына хабарлайды.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Әдiлет» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесiне ресми жариялауға көшiрмесiн жiберудi;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                               А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрiнiң    
2013 жылғы 12 қарашадағы    
№ 887 бұйрығына           
қосымша              

Әуе қозғалысын ұйымдастыру және


оған қызмет көрсету жөнiндегi 
нұсқаулыққа 4-қосымша     

Авариялық сатыларды енгiзу және iздестiру және құтқарудың
үйлестiру орталығына хабарлау

Авариялық




Енгiзiлетiн авариялық сатылар

Белгiсiздiк сатысы (хабарлама - ALR INCERFA)

Дабыл (хабарлама -  ALR ALERF

Апат сатысы (хабарлама - ALR DETRESFA)

Алынатын ақпарат

Ұшу кезiнде радиобайланыстың жоғалуы

ӘҚҚ бақылау жүйесiн пайдалану кезiнде екiжақты радиобайланыстың жоғалғандығы анықталды.

әуе кемесiнiң радиолокация ық белгiсi бар болған жағдайда радиобайланыстың жоғалғандығы (РЦФ хабарлама жiбергендiгi) анықталғаннан кейiн 5 минуттан соң енгiзiледi

белгiленген рұқсат етiлген ұшу  бағытынан ауытқушылығы кезiнде радиобайланыс болмаған енгiзiледi

мәжбүрлi қонуды орындау кезiнде және радиобайланыс болмаған кезде енгiзiледi

ӘҚҚ бақылау жүйесiн пайдаланбаған кезде екiжақты радиобайланыстың жоғалғандығы анықталды.

енгiзiлмейдi

радиобайланыстың жоғалғандығы (РЦФ хабарлама жiбергендiгi) анықталғаннан кейiн 5 минуттан соң енгiзiледi




Әуе кемесi экипажының байланысқа шықпауы

Егер бақыланатын әуе кеңiстiгiне кiруге рұқсат алған әуе кемесi сұратылған уақытта байланысқа шықпаса және оның орналасқан жерi белгiсiз болса.

кiрудiң сұратылған (рұқсат етiлген) уақытынан кейiн 5 минут өткен соң енгiзiледi

белгiсiздiк сатысы  енгiзiлгеннен кейiн 15 минуттан соң

дабыл сатысы  енгiзiлгеннен кейiн 10 минуттан соң енгiзiледi

Егер әуе кемесiнiң экипажынан бақыланатын әуе кеңiстiгiне шығуы туралы мәлiмет түспесе немесе оның орналасқан жерi белгiсiз болса

шығудың есептiк уақытынан кейiн 5 минуттан соң енгiзiледi

белгiсiздiк сатысы  енгiзiлгеннен кейiн 15 минуттан соң

дабыл сатысы  енгiзiлгеннен кейiн 10 минуттан соң енгiзiледi

Әуе кемесi белгiсiнiң жоғалуы

Егер әуе кемесiнiң радиолокациялық белгiсi жоғалса, радио байланыс болмаса, ал әуе кемесiнiң орналасқан жерi белгiсiз болса

енгiзiлмейдi

осы уақыт iшiнде әуе кемесiмен радиобайланыс орнатудың сәтi түспесе, әуе кемесiнiң радиолокациялық белгiсi жоғалғаннан кейiн 5 минуттан соң енгiзiледi

дабыл сатысы  енгiзiлгеннен кейiн 15 минуттан соң енгiзiледi

Әуе кемесiнiң әуе айлаққа, тiкұшақ айлағына немесе қону алаңына келмеуi

Бақыланбайтын әуе кеңiстiгiнде орналасқан бақыланбайтын әуеайлаққа (қону алаңына) әуе кемесi келмеуi туралы ақпарат түскен кезде

енгiзiлмейдi

ақпарат кейiн 5 соң енгiзiледi

дабыл сатысы  енгiзiлгеннен кейiн 10 минуттан соң енгiзiледi

Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақта (қону жолағында) қонуды орындайтын әуе кемесiнiң экипажы қонуды орындағандығы туралы ӘҚҚ органына хабарламады, радиобайланыс жоқ және орналасқан жерi белгiсiз

енгiзiлмейдi

келудiң уақыты 20 минуттан соң

дабыл сатысы  енгiзiлгеннен кейiн 10 минуттан соң енгiзiледi

Әуе кемесiнiң экипажы бақыланатын әуеайлакка (қону алаңына) қонуға рұқсат алды және қонбады, әуе кемесiнiң орналасқан жерi белгiсiз, ал осы әуе кемесiмен радиобайланыс жоқ

енгiзiлмейдi

әуежайдың (әуеайлақтың) авариялық-құтқару командасына қосымша хабар берумен рұқсат бергеннен кейiн 5 минуттан соң

АЖ туралы сенiмдi ақпаратты алған кезде немесе дабыл сатысы енгiзiлгеннен кейiн 15 минуттан соң енгiзiледi

Әуе кемесiнiң бортындағы өрт, жүмыс iстемеуi, бүзылуы

Егер экипаж мэжбүрлi қону туралы мэлiмет бермесе, жедел дабылы (PAN PAN - ПАН ПАН), зiлзала дабылы (MAYDAY немесе Апатқа үшырадым, ҚШРЛ 7700 жауап берушiсiнiң коды) немесе эуе кемесiнiң пайдалану жай-күйi нашарлағандығын көрсететiн ақпарат алынды

енгiзiлмейдi

ақпаратты кейiн 5 iшiнде

iздестiру-құтқару операциясын жүргiзу қажет болған кезде енгiзiледi

Жедел дабылы (PAN PAN - ПАН ПАН), зiлзала дабылы (MAYDAY немесе Апатқа үшырадым, ҚШРЛ 7700 жауап берушiсiнiң коды) жэне/немесе эуе кемесiнiң жай-күйiнiң нашарлығы жақын арадағы әуеайлаққа мэжбүрлi қонуды орындагандығынан көрсетiлетiн ақпарат алынды

енгiзiлмейдi

ақпаратты кейiн 5 iшiнде

iздестiру-құтқару операциясын жүргiзу қажет болған кезде енгiзiледi

Әуе айлақтан тыс мәжбүрлi қону

Ақпарат алынды немесе эуе кемесi мэжбүрлi қонуды орындағалы жатканы немесе орындағаны жэне iздестiру-құтқару операциясы орындау қажет етiлетiн негiздi сенiмдiлiктiң бар болуы

енгiзiлмейдi

енгiзiлмейдi

ақпаратты  алғаннан кейiн 5 минут iшiнде енгiзiледi

Заңсыз араласы актiлерi

Әуе кемесi заңсыз араласу объектiсi болғандығы белгiлi немесе болжамдалады (Әуе кемесiнiң экипажынан баяндау алынды, ҚШРЛ 7700 жауап берушiсiнiң кодын көрсету, басқа сенiмдi көздерден мәлiметтерiң келуi)

енгiзiлмейдi

ақпаратты алғаннан кейiн 5 минут iшiнде енгiзiледi

мәжбүрлi қонуды орындаған және iздестiру-құтқару операциясын жүргiзу қажет болған жағдайда енгiзiледi

Әуе кемесiнiң бортындағы жарылғыш құрылғы

Әуе кемесiнiң бортындағы жарылғыш құрылғы туралы ақпарат алынды

енгiзiлмейдi

ақпарат кейiн 5 iшiнде

мәжбүрлi қонуды орындаған және iздестiру-құтқару операциясын жүргiзу қажет болған жағдайда енгiзiледi

Отынның ең аз қалуы

Әуе кемесiнiң бортындағы жанармай қоры ұшудың қауiпсiз аяқталуына кепiлдiк бермейтiндiгi туралы әуе кемесi экипажынан хабарлама келдi немесе басқа да көздерден белгiлi болды

енгiзiлмейдi

енгiзiлмейдi

ақпаратты алғаннан кейiн 5 минут iшiнде енгiзiледi


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет