Әуезов кенті әкімі Б. Әмірғазиннің Әуезов кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасыныңорындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата03.07.2016
өлшемі55.22 Kb.
#173699



Әуезов кенті әкімі Б. Әмірғазиннің Әуезов кентінің

әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасыныңорындалуы

туралы есепті баяндамасының тезистері
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын түсіндіру жөнінде 21.11.2014 жылы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Е.Елубаевтың қатысуымен кент әкімі аппаратының акт залында кездесу өткізілді. Қамтылған адам саны 115.

Әуезов кенті мен Солнечный ауылының жалпы аумағы 3.319 га. жерді алып жатыр. Әуезов кенті мен Солнечный ауылында бүгінде оннан астам ұлт өкілдерінен құралған 2754 адам тұрады. Кентте өндірістік мекемелер саны – 1 («БКӨК» ЖШС), шаруа қожалығы – 1 («Сарбас» ш/қ), мектептер саны -1, дәрігерлік мекеме – 1, мәдени ошақтар саны -2 /кітапхана және «Арман» жастар шығармашылық орталығы/, сауда нүктелерінің саны- 31, қоғамдық тамақтандыру орындары, яғни асханалар, тойхана мен кафелер саны – 4, шаштараз – 4, киім тігетін шеберхана – 3, аяқ киім шеберханасы - 1, дәріхана – 1, наубайхана – 1, көліктерді техникалық жабдықтау қызметін көрсету – 1, пошта байланысының бөлімшесі – 1, телефон байланысының бөлімшесі – 1, әкім аппараты – 1, өрт сөндіру бөлімі – 1, учаскелік полиция пункті – 1, жалпы аула саны – 929.



Кенттегі мекеме-ұжымдар бойынша:

Бақыршық» орта мектебінде Оқушылар саны – 423, мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталықтағы балалардың саны – 90, мұғалімдердің саны-51, жұмысшылардың саны-30, 1-4 сынып, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушы балалардан тегін ыстық тамақпен қамтылатындар саны – 213, аудан бойынша ҰБТ көрсеткіші-70 балл, ең жоғары балл – 88, ең төмен балл – 54, ЖОО түскендер – 11, колледжге түскендер-30, «БКӨК» ЖШС демеушілігімен меморандум негізінде ЖОО білім грантын алғандар саны – 3, К.Садвакасовтың демеушілігімен білім грантын алғандар саны - 2, Мектеп бітіруші түлектер саны -42.

Дәрігерлік амбулаторияда 2 дәрігер, 10 медбике (оның біреуі 1 әлеуметтік жұмысшы), 1 еден жуушы, 1 жүргізуші, 2 күзетші, жиыны - 16 адам қызмет етеді. Туу көрсеткіші-14,4%, Өлім көрсеткіші-7,0%, Ісік ауруына шалдыққандар-2,4 %, Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші-1,6%, Туберкулез ауруына шалдыққандар-1,0 %, Туберкулез ауруынан өлімі 0 пайыз, Қан ауруына шалдыққандар-9,5 %, Жүрек-тамыр ауруларына шалдыққандар-28,4%.

Учаскелік полиция жұмыстары бойынша Қылмыс жағдайы 2014 жылы – 5.

Өрт сөндіру бөлімінде 1 бөлім басшысы, 4 бөлімше сардары (командир), 4 өрт сөндіруші, 5 жүргізуші қызметін атқарады. Өрт сөндіру бөлімінде 1977 жылы шыққан УРАЛ және 1980 жылы шыққан ЗИЛ автокөлігі бар. 2014 жылы үй жану -5, қора жану - 3, дала тұтануы - 2, қоқыс жану – 1 фактісі тіркелді. Оқу жаттығу жұмыстары – 5.

Пошта жұмысы бойынша 1 пошта басшысы, 1 оператор, 2 хат тасушы жұмыс істейді.

Телефон және интернет байланысы бойынша кентте телефон байланысын алатындар тұрғындар саны – 857, мекеме-ұжымдар – 71, интернет жүйесін пайдаланушылар саны – 256.

«Арман» жастар шығармашылығы орталығында 1 әдіскер қызмет етеді. «Әжелер» тобы құрылған. Ән, би, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақтан үйірме жұмыстары бар.

Орталық кітапханада кітап қоры – 11322, газет-журналдар-63 баспаны құрап отыр. 2014 жылғы оқырмандар саны – 600 адамға жетті.

«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 01.01.2015 жылы жұмыс істейтіндер саны 442 адам.істейді. 2015 ылға бос орындар (вакансия) бойынша күрделі құрылыс жүргізу бөлімінің бастығы, инженер-сметчик, жетекші геодезист, геодезист, еңбек экономист және т.б. 2014 жылы 52 адам жұмыспен қамтылды.

Мешіт және қатымхана бойынша 1 бас имам, 1 найб имам, 1 есепші, 1 еден жуушы қызмет етеді. 250-300 орындық 1 қатымханасы бар.

Қоғамдық құрылымдармен жұмыстар жүргізу бойынша кенттегі отбасылық мәселелерді қарау, мәдени шараларды бекіту ең алдымен «ҰОС және ардагерлер» кеңесі, «Ақсақалдар» кеңесі, «Әйелдер» кеңесі, «Жастар» кеңесінің қатысуымен жүргізіледі.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау бойынша 2014 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздар саны (ай сайын 4-14 адамға дейін) – 100 адам, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар 67 бала, өтініш иесі - 26, Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар - 12 адам, өтініш иесі -4, материалдық көмек алғандар саны 20 адам.

Жастар-іс тәжірибесі - 1 адам – 171432 тг, Өрлеу – 12 адам, 2 өтініш иесі.

9 мамыр мерекесінде ҰОС ардагерлеріне кент әкімшілігінде мерекелік дастархан жайылып, кент кәсіпкерлері тарапынан сыйлықтар ұсынылды.

Кент бойынша Әкімшілікте 8 әлеуметтік қызметші бар. Үшеуі жалғыз басты қарттарға, қалған бесеуі мүгедек жандарға әлеуметтік көмектер көрсетеді. Яғни, олардың бөлімдері жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет бөлімшесі деп аталады.



Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша К.Садвакасова шағын тігін фабрикасын ашып, жұмысын жүргізіп отыр. Басында өз күшімен жұмыс істеп, 10.03.2014 жылдан бері төрт адамды яғни, К.Карменова мен А.Козыбаеваны тігінші, А.Сарыбаеваны киім пішуші, Е.Сейлхановты механик ретінде жұмысқа алды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде А.Молдақапас (көкөніс өсіру), Ж.Нургалиева (ІҚМ басын өсіру, дамыту), С.Шегелеков (шлакоблок шығару), Е.Хурманхан (жиһар шығаратын шеберхана ашу) бойынша несиелерін алып, жұмыстарын жүргізіп отыр.



Меморандум бойынша «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС 14.963.000 теңгеге, 20 кәсіпкер, 1 шаруа қожалығымен жиыны 158.000 теңгеге, барлығы 15.121.000 теңгеге меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда толығымен орындалды.

2012 жылы ШҚО әкімі Б.Сапарбаевпен «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС арасында бала-бақша салу мақсатында 190 млн тг меморандумға отырып, 2015 жылы бұрынғы «Аққу» бала-бақшасының ғимаратын толық күрделі жөндеуден өткізіп, жабдықтап беруді жоспарларп отыр.



Жергілікті салықты орындау бойынша Мүлік салығы - жоспар-100000тг, орындалғаны-122671тг, 122%, Жер салығы – жоспар-106000тг, орындалғаны- 95019тг, 90%, Транспорт салығы –жоспар -4375000тг, орындалғаны-4378521тг, 100,1%, Барлығы – жоспар -4581000тг, орындалғаны-4596211тг, 100,3%

Ауыл шаруашылығы бойынша Отбасылар саны -922, оның ішінде Әуезов кенті – 882, Солнечный ауылы – 40, Аула саны – 561. Көпқабатты тұрғын үйлердің саны-18, Оның ішінде, Бес қабатты – 9, Екі қабатты-9, Жеке қосалқы шаруашылығымен айналысатын аула саны – 223, ІҚМ (бас)-1049, Қой (бас)-1523, Ешкі (бас)-94, Жылқы (бас)-140, Құс (бас) -793. Кентте бір ғана «Сарыбас» ш/қ бар. Басшысы Зидахан Асылбек. Негізгі бағыты мал өсіру, жерінің көлемі -637га, ІҚМ – 80, Жылқы - 10 бас.

Екі айлық сенбілік және санитарлық тазалық бойынша Ақылы негізде кент тұрғыны оралман Ө.Сейтбатталдың тракторы, С.Шегелековтың және Б.Рабиевтің жүк көлігімен тұрғындардың қыстан шыққан көн-қоқсықтарын шығару жұмыстарын ұйымдастырды

Көктемгі су басу қаупінің алдын алу бойынша БКӨК» ЖШС-нен арнайы техникалар бөлініп арықтар, жолдар қардан аршылды.

Қоғамдық, спорттық-мәдени шаралар бойынша ҚР барлық даталы мерекелері жоспарлы түрде салтанатпен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Меморандумның негізінде «БКӨК» ЖШС 900.000 теңгеге 0-18 жасқа дейінгі кенттің барлық балаларына тегін кулектарын ұсынып, әкімшіліктің арнайы тапсырысымен мерекеге қатысушы барлық бүлдіршіндерге сыйлықтарын сатып алып берді.

Жеке кәсіпкер Ш.Кабаева балалар мен үлкендердің Жаңа жылдық кешін «Әдемі» тойханасында тегін өткізуге демеушілік көрсетті.

Кент жастарымен тығыз жұмыс істеу басты назарда. Кент жастарының уақыттарын бос өткізбеу мақсатында мереке күндері және бір сенбі «Арман» ЖШО-да екінші сенбі «Бақыршық» орта мектебінің қабырғасында би кештері өткізіліп отырды. Жеке кәсіпкер Ж.Нұғмановтың спорт кешенінде бодибильдинг, бильярд, футбол, баскетбол және т.б. спорт түрлерінен секциялар жұмыс істеп, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді.

2015 жылы атқарылатын іс-шаралар бойынша

1. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен меморандум арқылы бұрынғы «Аққу» бала-бақша ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп, толық жабдықтап, пайдалануға беру;

2. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен орталық саябаққа көктем мезгілінен бастап – балалар ойын алаңын, шағын кафетерий, бұрқақ, аяқжол тақтасы, жазғы футбол алаңын орнату;

3. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС көмегімен тұрғындардың қаражатына қалған көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жалғастырып, аяқтау;

4. Көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп болғаннан кейін тұрғын үй – эксплуатациялық және коммуналдық қызмет көрсету орны (КСК) құру;

5. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен меморандум негізінде ШҚО әкімінің тапсырмасына сәйкес кенттегі дәрігерлік амбулаторияның ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу және стомотолиялық кабинетті қажетті жабдықтармен жабдықтау;



6. Социалистическая көшесін жарықтандыру.

Әуезов кентінің әкімі Б. Әмірғазин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет