Әуезов кентінің 2015 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары туралы тезистері



Дата03.07.2016
өлшемі49.17 Kb.
#173700




Әуезов кентінің 2015 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындылары туралы тезистері
Әуезов кенті мен Солнечный ауылының жылпы аумағы 3.319 га. жерді алып жатыр. Әуезов кенті мен Солнечный ауылында бүгінде оннан астам ұлт өкілдерінен құралған 2648 адам тұрады. Зейнеткерлер саны – 387. Кентте өндірістік мекемелер саны – 1 («БТКӨК» ЖШС), шаруа қожалығы – 1 («Сарбас» ш/қ), орта мектептер саны -1, дәрігерлік мекеме – 1, мәдени ошақтар саны -2 /кітапхана және «Арман» жастар шығармашылық орталығы/, сауда нүктелерінің саны- 31, қоғамдық тамақтандыру орындары, яғни асханалар, тойхана мен кафелер саны – 4, шаштараз – 4, киім тігетін шеберхана – 3, аяқ киім шеберханасы - 1, дәріхана – 1, наубайхана – 1, көліктерді техникалық жабдықтау қызметін көрсету – 1, пошта байланысының бөлімшесі – 1, телефон байланысының бөлімшесі – 1, әкім аппараты – 1, өрт сөндіру бөлімі – 1, учаскелік полиция пункті – 1, жалпы аула саны – 893.

Кенттегі мекеме-ұжымдар бойынша:



«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 01.01.2015 жылы жұмыс істейтіндер саны 442 адам.істейді. 2015 жылға 10 бос орындар бар. Бос орындар (вакансия) бойынша күрделі құрылыс жүргізу бөлімінің бастығы, инженер-сметчик, жетекші геодезист, геодезист, еңбек экономист және т.б. мамандарды қажет етеді 2015 жылы 53 адам жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау бойынша 2015 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздар саны (ай сайын 4-14 адамға дейін) – 101 адам, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар 67 бала, өтініш иесі – 26 адам, 294.600 тг, Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар - 10 адам, өтініш иесі -4 адам, 84.100 тг, материалдық көмек алғандар саны 20 адам, 566.600 тг.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде дәнекерлеуші мамандығы бойынша Семей қаласының радиотехникалық колледжінде 2 адам оқып (124.400 тг бөлінді), жұмысқа орналасты. Бағдарламашы мамандығы бойынша 3 адам аталған колледжге оқуға түсіп, қазіргі уақытта оқуларын жалғастырып жатыр.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқандар 6 адам, 686.514 тг.

Жастар-іс тәжірибесі - 1 адам – 192.900 тг, «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмек алғандар – 17 адам, 3 өтініш иесі, 89.700 тг.

9 мамыр Жеңістің 70 жылық мерекесінде ҰОС ардагерлеріне кент әкімшілігінде мерекелік дастархан жайылып, кент кәсіпкерлері тарапынан сыйлықтар ұсынылды.

Кент бойынша Әкімшілікте 8 әлеуметтік қызметші бар. Үшеуі жалғыз басты қарттарға, қалған бесеуі мүгедек жандарға әлеуметтік көмектер көрсетеді. Яғни, олардың бөлімдері жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет бөлімшесі деп аталады.

01.01.2016 жылдан бастап жаңа туған балаларға бір реттік төленетін жәрдемақының мөлшері – 62.235 тг, 4 және одан көп балалыларға 103.758 тг, Ай сайынғы бір жасқа дейінгі жәрдемақы – 1-ші балаға 11417 тг, 2-ші балаға 13498 тг, 3-ші балаға 15559 тг, 4 және одан көп балаға – 17640 тг төленетін болады.

«Ең жоғарғы» зейнетақы мөлшері – 81262 тг, «Ең төмеңгі» зейнетақының мөлшері – 23692 тг, 1-ші топтағы мүгедектерге – 30337 тг, 2-ші топтағыға – 23175 тг, 3-ші топтағы мүгедектерге 16664 тг жәрдемақы төленетін болады.

«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС 520.000 теңгеге 22 аз қамтылған, мүгедек, көп балалы отбасыларға әлеуметтік пакеттерін ұсынды.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша К.Садвакасова шағын тігін фабрикасын ашып, жұмысын жүргізіп отыр. Басында өз күшімен жұмыс істеп, 10.03.2015 жылы төрт адамды жұмыспен қамтыды. Атап айтқанда К.Карменова мен А.Козыбаеваны тігінші, А.Сарыбаеваны киім пішуші, Е.Сейлхановты механик ретінде жұмысқа алды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде А.Молдақапас (көкөніс өсіру), Ж.Нургалиева (ІҚМ басын өсіру, дамыту), С.Шегелеков (шлакоблок шығару), Е.Хурманхан (жиһар шығаратын шеберхана ашу) бойынша несиелерін алып, жұмыстарын жүргізіп отыр.

Ветеринарлық дәріхана ашу жұмысы да жоспарланған болатын. Осыған орай, кенттегі мал дәрігері Ж.Баженова шағын ветеринарлық дәріханасын ашып қойды.

Меморандум бойынша «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС 20 000.000 теңгеге, 20 кәсіпкер, 1 шаруа қожалығымен жиыны 158.000 теңгеге, барлығы 20.158.000 теңгеге меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда орындалды.

ШҚО әкімімен «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС арасында бала-бақша салу мақсатында 185 млн тг меморандумға отырып, 2016 жылы бұрынғы «Аққу» бала-бақшасының ғимаратын толық күрделі жөндеуден өткізіп, жабдықтап беруді жоспарларп отыр.



«Туған жерге тағзым» акциясы аясында атқарылған шаралар бойынша «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС кенттегі дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізді.

Жергілікті салықты орындау бойынша Мүлік салығы - жоспар-161000тг, орындалғаны-146105тг, 91%, Жер салығы – жоспар-126000тг, орындалғаны- 134010тг, 106%, Транспорт салығы –жоспар -4555700тг, орындалғаны-3472229тг, 76%, Барлығы – жоспар -4842700тг, орындалғаны-3752344тг, 78%

Ауыл шаруашылығы бойынша Отбасылар саны -922, оның ішінде Әуезов кенті – 882, Солнечный ауылы – 29, Аула саны – 561. Көпқабатты тұрғын үйлердің саны-18, Оның ішінде, Бес қабатты – 9, Екі қабатты-9, Жеке қосалқы шаруашылығымен айналысатын аула саны – 223, ІҚМ (бас)-1032, Қой (бас)-1574, Ешкі (бас)-66, Жылқы (бас)-154, Құс (бас) -905. Кентте бір ғана «Сарыбас» ш/қ бар. Басшысы Зидахан Асылбек. Негізгі бағы мал өсіру,, жерінің көлемі -637га, ІҚМ – 127, Жылқы - 13 бас.

Қоғамдық, спорттық-мәдени шаралар бойынша кент әкімшілігі жоспарлы түрде «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз», «Жаңа жыл», «Қарттар күні», «Жеңіс күні», «Теуәлсіздік күні», «Жаңа жыл» және т.б. мерекелерді өз дәрежесінде атап өтеді. Наурық мересі қарсаңында ауданда өткізілген үлкен шарада үш округ бірлескен (Әуезов, Шалабай, Бірлікшіл) киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Сонымен қатар, 22 наурыз күні мектебізде де мерекелік ойын-сауық ұйымдастырылды. Жылдағы дәстүр бойынша 1 маусым балаларды қоғау күнінде кент бүлдіршіндеріне арналып, мерекелік ойын-сауықпен көңіл-күй сыйланып, сыйлықтар таратылды. 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні және 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күні меркесінде ұйымдастыру шараларын жүргізіп, белсенділік танытқан «Бақыршық» орта мектебінің ұжымына алғысымызды білдіреміз. Аталған мерекелерді өз мәнінде өткізді. Жаңа жыл мерекесінде 0-5 жас аралығындағы ұйымдастырлымаған және арнайы есепте тұрған балаларға «Жасыл шырша» және кент тұрғындарына «Балмаскарад» кеші ұйымдастырылды. Аталған мерекелер кентіміздің жеке кәсіпкері Ш.Кабаеваның қолдауымен әрі демеушілігімен «Әдемі» тойханасында өткізілді. Меморандумның негізінде «БКӨК» ЖШС 448.000 теңгеге 0-18 жасқа дейінгі кенттің барлық балаларына тегін кулектарын ұсынып, әкімшіліктің арнайы тапсырысымен мерекеге қатысушы барлық бүлдіршіндерге сыйлықтарын сатып алып берді.

Кенттегі барлық шараларды өткізуге демеушілік пен қолдау танытып жүрген барлық кәсіпкерлеріміз бен «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-не алғысымызды білдіреміз.



Кент жастарымен тығыз жұмыс істеу басты назарда. Кент жастарының уақыттарын бос өткізбеу мақсатында мереке күндері және бір сенбі «Арман» ЖШО-да екінші сенбі «Бақыршық» орта мектебінің қабырғасында би кештері өткізіліп отырды. Жеке кәсіпкер Ж.Нұғмановтың спорт кешенінде бодибильдинг, бильярд, футбол, баскетбол және т.б. спорт түрлерінен секциялар жұмыс істеп, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп келеді.

2016 жылы атқарылатын іс-шаралар бойынша

1. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен меморандум арқылы бұрынғы «Аққу» бала-бақша ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп, толық жабдықтап, пайдалануға беру;

2. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен орталық саябаққа көктем мезгілінен бастап – балалар ойын алаңын, шағын кафетерий, бұрқақ, аяқжол тақтасы, жазғы футбол алаңын орнату;

3. Көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп болғаннан кейін тұрғын үй – эксплуатациялық және коммуналдық қызмет көрсету орны (КСК) құру;



4. Социалистическая көшесін жарықтандыру.


Әуезов кенті әкімі Б.Амиргазин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет