Кјсіпкерліктіѕ пайда болу тарихи



бет1/12
Дата03.01.2022
өлшемі216.5 Kb.
#450927
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы курстық жұмысы


Жоспар
Кіріспе

‌I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.

1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.

1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.

1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.

II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.



    1. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы.

    2. Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты.

    3. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.

Қорытынды

‌‌‌‌Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.

Бұл курстық жұмыстың міндеті:


  1. аймақтық экономиканы жандандыру;

  2. қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;

  3. шағын бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;

  4. Қазақстанда шағын бизнес қарқынды дамуына қол жеткізу.

Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау механизмін құру негізінде шағын бизнесті қарқындап дамыту.

Шағын бизнесті дамыту саласында Қазақстан авторларынан Мәуленова С.С, Бекмолдин С.Қ, Құдайбергенов Сәбденова Жанар Оралқызы, Көкшетау экономика және менеджмент институтының экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейісова Жанат Нұрпейісқызы көп еңбек сіңірді. Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономпкалық көзқарастары ғана карастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған.

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды.

1776 жылы Адам Смит өзінің "Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу" атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.

Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және одардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытушы Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos W.Мооrе) сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.

Жалпы құрылымы бойынша менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады:

1 бөлім – Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.

Бірінші бөлімде мен шағын бизнестің экономиялық мәнін, Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің негізгі ерекшеліктерін қарастырдым.

2 бөлім – Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі шағын бизнестің дамуы

Екінші бөлімде шағын бизнестің даму этаптарын, оны ары қарай дамытудың кешенді бағдарламаларын, шағын бизнесті несиелеу жолдарын қарастырдым.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс - әрекеттеріне көңіл бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет