Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (бааж)



Дата03.07.2016
өлшемі40 Kb.
#173709
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ) елдің нақты уақыт режиміндегі жалпы есеп айырысулар жүйесі (бұдан әрі – RTGS) болып табылады, яғни құжат жеке өңделеді және ақша аудару әрбір төлем құжатының негізінде жүзеге асырылады.

Жүйедегі ақша аударымы пайдаланушының Ұлттық Банкте ашылған өзінің корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің арнайы белгіленген шотына аударылған ақша сомасы, сондай-ақ БААЖ басқа пайдаланушыларынан түскен ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады. Жүйенің шоты Ұлттық Банкте жүйедегі ақша аударымдарын орындау кезеңінде пайдаланушылардың ақшасын есепке алу үшін қызмет етеді.

БААЖ-дың мақсаты елдегі неғұрлым ірі және басымдыққа ие төлемдерді өңдеу болып табылады. БААЖ арқылы кредиттік, сол сияқты дебеттік аударымдарды жүргізуге болады. Жүйе операциялық күн ішінде ұлттық валютамен (теңгемен) есеп айырысулар жүргізудің түбегейлілігін қамтамасыз етеді. БААЖ-да төлемдер тек қана электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

БААЖ-ды Ұлттық Банк басқарады, ал жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін оператор Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) болып табылады.

БААЖ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңда және «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Заңда көрсетілген берік құқықтық базаға негізделген. Сондай-ақ БААЖ-да Ақша аудару ережесі, Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру ережесі, сондай-ақ басқа ережелер мен стандарттар әзірленді және қолданылуда, мұнда жүйенің жұмыс істеу рәсімдері жан-жақты ашылған.

БААЖ-де ҚБЕО бекіткен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері сақталады, электрондық хабарларды өткізу фактісін растауға және оларды өткізу кезінде қателерді анықтауға бағытталады. ҚБЕО және пайдаланушылар жіберілетін және алынатын электрондық хабарларды есепке алуды қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады. БААЖ-де өңделген барлық электрондық хабарлар аудиторлық із қалдырады.


1-сурет. БААЖ пайдаланушыларының электрондық хабарлар алмасуы.

Күнде таңертең операциялық күн басталар алдында (таңертеңгі 8-ден 9-ға дейін) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БААЖ пайдаланушылары қаражатының белгілі бір бөлігін олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттарынан ҚҰБ-ның белгілі бір арнайы шотына – БААЖ-дың ҚҰБ-дағы шотына аударады. БААЖ-дың операциялық күні сағат 9:00-де басталады. БААЖ-да ақша аудару Ұлттық Банктегі БААЖ шотына пайдаланушы аударған ақша, сондай-ақ БААЖ-дың басқа пайдаланушыларынан түскен ақша сомасы шегінде операциялық күн ішінде жүзеге асырылады. Төлемді жүзеге асыру үшін ақша жетіспеген жағдайда, төлем құжаттары кезекке тұрады. Кезектегі төлем құжаттары басымдық кодтарына сәйкес өңделеді. Төлем құжаттарын басымдық кодтары шегінде орындау олардың кезекке келіп түсу тәртібімен FIFO қағидаты (кіріске бірінші, шығысқа бірінші) бойынша жүзеге асырылады. Жүйе пайдаланушылары төлем құжаттарын орындау кезегін белгілеуге және ауыстыруға құқылы. Бұдан басқа, пайдаланушылар кезекте тұрған төлем құжаттарын қайтарып ала алады. Операциялық күн ішінде пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша кезекке тіркелген орындалған төлемдер, төлем құжаттары және пайдаланушының жүйеде қалған ақша қалдықтары туралы ақпарат ұсынылады.



Операциялық күн сағат 19:00-де жабылады. Алайда, жүйе пайдаланушысының өтінімі бойынша Ұлттық Банк операциялық күнді ұзарта алады. Операциялық күн аяқталғаннан кейін БААЖ әрбір пайдаланушыға операциялық күнді аяқтайтын құжаттарды қалыптастырады. Бұл ретте Ұлттық Банкке пайдаланушылардың сальдо позициялары бар электрондық ведомость жіберіледі. Ұлттық Банк осы ведомосты тексеріп, тексерудің нәтижелері туралы ҚБЕО-ға хабарлайды, содан соң Ұлттық Банк пайдаланушылардың сальдо позицияларының сомасында БААЖ-дың Ұлттық Банктегі шотынан осы пайдаланушылардың Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттарына ақша аударымын жүзеге асырады.

БААЖ жүйесінің жұмыс істеуі және операциялық күні туралы барынша толық ақпарат ҚБЕО-ның: www.kisc.kz сайтында берілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет