Еуропадағы соғыс алдындағы дағдарыс жоспар мюнхен конференциясы Ағылшын француз кеңес келіссөздері



Дата25.02.2016
өлшемі111.51 Kb.
#20584
Еуропадағы соғыс алдындағы дағдарыс
ЖОСПАР
1. Мюнхен конференциясы
2. Ағылшын - француз - кеңес келіссөздері
3. 1939-1941 жылдар кезеңінде жасалған кеңес - герман құпия келіссөздері
4. КСРО Сыртқы істер халық коммисары В.М.Молотовтың Ұлттар лигасының Бас хатшысы Ж.Авенольге жеделхаты (1939 жыл 4- желтоқсан)

Мюнхен конференциясы

1938 жылдың 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында Чехословакияны бөлшектеу жөнінде жасаған келісім. Оған Англия премьер министрі Н.Чемберлен, Франция премьер министрі Э. Даладье, Германия мен Италияның фашистік диктаторлары А.Гитлер және Б.Муссолини қол қойды. Оны АҚШ үкіметі толық куаттады. Чехославакияның буржуазиялық үкіметі де қабылдады. Мюнхен келісімі бойынша Англия және Франция Чехославакияның табиғаты бай өлкесі Судет облысынан Германияға қосуды мақұлдады.


Мюнхен келісімі Германияның Чехославакияны түгел жаулап алуына, одан кейін екінші дүние жүзілік соғысты бастауына мүмкіншілік берді. Ұлы мемлекеттердің ішінде тек қана Кеңес Одағы Мюнхен келісіміне қарсы шақты. Кеңес үкіметі Чехославакияның тәуелсіздігі мен ұлттық дербестігін жақтады, оны қорғауға нақтылы көмек беруге дайын екендігін білдірді.
Бірақ Чехославакияның буржуазиялық үкіметі Кеңес елінен көмек сұрамады, халқының ұлттық намысын аяққа басып, фашистік басқыншылардың алдында бас иді. Мюнхен келісімін жасағанмен капиталистік елдер қайшылықтан құтыла алмады. Кейін «Мюнхен келісімі» деген ұғым басқыншылыққа дем беретін сыртқы саясат мағынасын білдіретін болды. Австралияны қосып алған соң, Германия Чехословакияға көз тікті. Чехословакияны қарулы күшпен басып алу оңай міндет емес еді. Чехословакияның соғыс өнеркәсібі және оның жоғары дәрежеде дамыған қарулы күштері Батыс Еуропадағы ең күшті әскерлердің бірі болатын. Оның үстіне Германия үлкен соғысқа дайындығын әлі толық аяқтаған жоқ еді. Сондықтан гитлершілер Чехословакияны дипломатиялық жолмен басып алуға әрекет жасады. Бұл үшін Германия Судет облысындағы К.Генлейн бастаған фашистік ұйымды пайдаланып, Чехословакияның ішкі саяси жағдайында бей-берекеттік туғызды. Осыны пайдаланып, ақыры, Судет облысын Германияға беруді талап етті. Ұлыбритания мен Франция Судет облысын беріп, Германияны согыс ашу ниетінен қайтарамыз деп үміттенді. Осы саясаттың нәтижесінде 29-30 қыркүйекте Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және Италияның үкімет басшылары Мюнхен конференциясында төрт жақты келісімге қол қойды.
Судет-неміс облысын беруге қатысты әлдеқашан нақты қол жеткен келісімге орай, осы ымыраның мынадай шарттары мен тұрпаттары туралы, сондай-ақ осыған қажетті шаралар мен тұрпаттары туралы уәделесті және осы келісімге сәйкес әрқайсысы жеке өзін оны іске асыруға қажетті шараларды қамтамасыз етуге жауапты деп Германия, Құрама корольдік, Франция және Италия жариялайды.
1) Көшіру 1- қазаннан басталады.
2) Территорияны көшіру 10-қазанға қарай аяқталады, сонымен бірге бар құрылыстарда ешқандай да қирату жүргізілмейді және де Чехословак үкіметі облысты көшіру аталған қүрылыстарды бүлдірусіз өткізуіне жауапты болады деп Құрама корольдік, Франция және Италия келісті.
3) көшірудің тұрпаттарын Германияның, Құрама корольдықтың Францияның, Италияның және Чехословакияның өкілдерінен құралатын халықаралық комиссия тәптіштеп белгілейді.
4) Неміс тұрғындары басым аудандарға герман әскерлерінің орналасуы 1 - қазаннан басталып, кезеңдерге бөлініп жүргізіледі. Қосымша берілген картада белгіленген 4 белдеуді герман әскері мынадай тәртіппен иеленеді:
I санымен белгіленген белдеуді – 1, 2- қазанда:
II санымен белгіленген белдеуді – 2, 3-қазанда:
III санымен белгіленген белдеуді -3,4, 5- қазанда:
IV санымен белгіленген белдеуді – 6, 7 - қазанда.
Негізінен немістік сипаттаған қалған облысты, жоғарыда аталған халықаралық комиссия дереу анықтайды, сөйтіп, оған 10 - қазанға дейін неміс әскерлері орналасады.
5) 3-тармақта аталған халықаралық комиссия плебисцит өткізілуге тиісті аудандарды анықтайды. Бұл аудандарда плебисцит аяқталғанға дейін халықаралық әскер бөлімдері тұрады. Осы халықаралық комиссия плебисцитті өткізу тәртібін анықтауға тиісті және де Саар облысындағы плебисцит өткізу тәртібін негізге алу керек. Халықаралық комиссия сондай- ақ плебисцит өткізілетін күнді де белгілейді: алайда бір күн қарашаның аяғынан кеш белгіленбеуге тиісті.
6) Шекараларды түпкілікті анықтау халықаралық комиссияға тапсырылады. Осы халықаралық комиссияға белгілі бір айрықша жағдайларда төрт мемлекетке - Германияға, Кэдэама корольдііне, Франция мен Италияға - плебисцит өткізілмей берілуге тиісті жерлерді анықтауда қатаң этногеографиялық қағидадан аздап ауытқуға ұсыныс жасау құқы берілмейді...
7) Беріліп жатқан аудандарға көшуді қалаушылардың, сондай-ақ осы аудандардан көшіп кетуді қалаушылардың оптациялық құқы қарастырылады. Оптация осы келісім жасалған сәттен бастап алты ай ішінде іске асырылуға тиісті. Герман - чехословак комиссиясы оптациялық егжей - тегжейін анықтап,тұрғындарды айырбастауды жеңілдету шараларын іздестіреді және осы айырбастаудан шығатын қағидалық мәселелерді анықтайды.
8) Осы келісім жасалған күннен бастап төрт апта бойы Чехословак үкіметі барлық Судет немістерін, егер олар өздері қаласа, әскери және полицейлік қызматтен босатады. Осы мерзім ішінде Чехословак үкіметі саяси қылмыстары үшін қамалған Судет немістерін босатады. 19 қыркүйектегі Чехословак мемлекетінің жаңа шекараларына арандатылмаған басқыншылыққа қарсы халықаралық кепілдіктер туралы ағылшын француз ұсыныстарының 6 - тармағындағы ұсыныстарды қолдайтындығын еске ала отырып, Құрама корольдіктегі ұлы мәртебенің үкіметі мен Француз үкіметі осы күнгі келісімге қосылды.
Чехословакияда поляк және венгер азшылығы мәселе реттелген бойда, Германия мен Италия өз тарапынан Чехословакияға кепілдік береді.

Ағылшын - француз - кеңес келіссөздері. (1939 жылдың наурыз -тамыз)
1939 жылдың 18 - наурызында Ұлыбританияның Мәскеудегі елшісі Сидс өз үкіметі атынан Кеңес үкіметіне Румынияға қатысты герман басқыншылық әрекеті қаупі бар екендігін хабарлады. Осыдан кейін ағылшын және кеңес үкіметтерінің өкілдері арасында бірнеше рет ұсыныстар алмасу орын алды. 1939 жылдың 14 – сәуірде француз үкіметі Кеңес үкіметіне 1935 жылдың 2 - мамырындағы кеңес - француз келісімін толықтыру туралы ұсыныс жасады. Ал маусым айында Мәскеуде үш мемлекеттің өкілдерінің тікелей кездесулері болды. Тамызда Мәскеуде үш жақтың әскери өкілдерінің келісөздері басталды. Төменде осы кездесулердің біріндегі 1939 жылдың 15 -тамызында жасалған кеңес өкілдігінің мүшесі В.М.Ш.Шапошниковтың баяндамасынан үзінді берілген.
Еуропада басқыншылық болған жағдайдағы Англия, Франция және КСРО қарулы күштерінің мүмкін бірлескен мүмкін әрекеттерінің КСРО әскери миссиясы мақұлдаған үш нүсқасы:
Бірінші нұсқа - бұл басқыншылар одағы Англия мен Францияның тікелей басты басқыншы - Германияға қарсы шығаратын қарулы күштерінің 70 пайызын КСРО қояды. Мысалы, егер Франция мен Англия, Германияға қарсы тікелей 90 жаяу әскер дивизиясын қойса, онда КСРО лайықты зеңбірек, танк, ұшақтарымен жалпы шамамен 2 миллион адамы бар 63 жаяу әскер дивизиясын қояр еді. Бұл нұсқада Англиямен және Франциямен келісіміне орай, Польшаның соғысқа барлық күштерімен қатысуы міндетті болып саналады. Польша 40 - тан 45 -ке дейін жаяу әскер дивизияларын өзінің батыс шекараларына және Шығыс Пруссияға қарсы басты соққы үшін шоғырландыруға тиісті.
Англия мен Франция үкіметтері Вильно делізі арқылы және мүмкіндігінше Литва арқылы - Шығыс Пруссия шекарасына, сондай - ақ егер жағдай талап етсе, онда Галиция арқылы да КСРО - ның құрғақтағы және әуе қарулы күштерін өткізуге Польшаның міндеттемесін алуға тиісті.
Соғыс қимылдары басталуының екінші нұсқасы- бұл басқыншылық Польша мен Румынияға қарсы бағытталғанында. Мұндай жағдайда Польша мен Румыния майданға өздерінің барлық қарулы күштерін қояды. Польша мен Румынияға жалғыз Германия ғана емес, Венгрия да шабуыл жасауы мүмкін. Германия Польшаға қарсы 90 дивизияға дейін шығара алады.
Франция мен Англия қалыс қалмауға және басқыншыға дереу соғыс жариялауға тиісті. КСРО - ның соғысқа қатысуы тек қана Франция мен Англия, кеңес әскерлерін Вильно дәлізі арқылы, Галиция мен Румыния арқылы өткізу туралы Польшамен және мүмкіндігінше Литвамен, сондай - ақ Румыниямен келіскен кезде іске асырылуы мүмкін.
Бұл жағдайда, Англия мен Францияның тікелей Германияға қарсы қоятын қарулы күштерінің 100 пайызын КСРО қояды. Мысалы, егер Франция мен Англия Германияға қарсы 90 жаяу әскер дивизиясын қоятын болса, онда КСРО лайықты зеңбірек, авиация және танкілерімен 90 жаяу әскер дивизиясын, 12 атты дивизиясын қояды.
Үшінші н ұ с қ а . Мұнда басты басқыншы Финляндияның, Эстонияның және Латвияның территорияларын пайдаланып, өзінің басқыншылығын КСРО-ға қарсы бағыттаған жағдайда қарастырады. Бұл жағдайда Франция мен Англия басқыншыға немесе басқыншылар одағына қарсы соғысқа дереу кірісуге тиісті.
Англиямен және Франциямен келісімдермен байланысқан Польша Германияға қарсы соғысқа міндетті түрде кірісуге және Англия мен Польша үкіметімен келісуі бойынша әскерді Вильно дәлізі және Галиция арқылы өткізуге тиісті. Жоғарыда КСРО өзінің 120 жаяу әскер дивизиясын, 16 атты әскер дивизиясын, 5 мың ауыр зеңбіректер, 9 мыңнан 10 мыңға дейін танкілер, 5 мыңнан 5, 5 мыңға дейін ұшақтар шығарады деп көрсетілді. Франция мен Англия бұл жағдайда КСРО-ның осы көрсетілген 70 пайызын қоюға және басты басқыншыға қарсы дереу белсенді қимылдар бастауға тиісті.
Егер соғысқа Румыния тартылатын болса, онда ол оған өзінің барлық күштерімен қатысуға тиісті және Англия мен Франция үкіметтері біздің күштерді Румыния территориясы арқылы өткізуге Румыния үкіметінің келісімін алуға тиісті.

1939-1941 жылдар кезеңінде жасалған кеңес — герман құпия келісімдері туралы анықтама
1939-1941 жылдардағы кеңес - герман құпия келісімдері (тізімі берілді.) КОКП Орталық Комитетінің мұрағатына 1952 жылдың 30- қазанында В.М.Молотов хатшылығынан келді.
1956 жылдың 2- шілдесінде КОКП Орталық Комитеттің рұқсатымен КСРО Сыртқы Істер Министрлігінің (СІМ) қызметкерлері ОК мұрағатының 1923-1933 жылдардағы құжаттарымен танысты. 1974 жылдың 21- ақпанында КОКП Орталық Комитеттің Хатшылығы Орталық Комитеттің жалпы бөлімінің алдағы уақытта СІМ қызметкерлерін Орталық Комитеттің мұрағатына жібермеу, ал СІМ өтініші бойынша қажетті құжаттарды теріп алып, оларды бөлімде қарап және ОК рұқсатымен СІМ-не жіберу туралы ұсынысымен келісті. Осы шешімге сәйкес кейбір сыртқы саясаттық құжаттардың көшірмелері ОК мұрағатына КСРО СІМ-не оның өзінің жазбаша өтініші бойынша жіберілді.
1939-1941 жылдарда қол қойылған құпия кеңес-герман келісімдерінің көшірмелері: - 1975 жылы 8-шілдеде А.А.Громыкоға таныстыру үшін министрдің орынбасары И.Н.Земсковтың атына СІМ-не екі рет жіберілді (көшірмелер қайтарылды және 1977 жылдың 4-наурызында жойылды).
1979 жылдың 21-қарашасында И.Н.Земсковтың адресіне «тек өзіне» (көшірмелер қайтарылды және 1980 жылдың 1-ақпанында жойылды). Бұл құжаттар басқа ешкімге таныстыру үшін жіберілмеді. Анықтамалық жұмыста олар пайдаланылмады. Оларға тек КОКП ОК мұрағаты құжаттарын сақтауды іске асырған қызметкерлердің ғана қатысы болды. Түпнүсқалар айырықша қатаң тәртіп шартымен сақталынды.
1948 жылы көрсетілген құжаттардың көп бөлімі АҚШ Мемлекеттік департаменті шығарған «1939-1941 жылдардағы нацистік- кеңестік қатынастар. Герман сыртқы істер министірлігі мұрағатынан құжаттар» деген кітаптар басылып шықты (ағылшын тілінде). Олардың сол жылы КОТА тарапынан түскен аудармасы бар.
Құпия қосымша хаттама. (1939 жылдың 23-тамызы). Германия мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы арасында шабуыл жасаспау туралы келісімшартқа қол қою кезінде екі жақтың төменде қолдарын қойған өкілдері Шығыс Еуропадағы екі жақты мүдделер аймақтарын межелеу туралы мәселені қатаң құпиялық тәртібімен талқылап, бұл талқылау төмендегідей нәтижеге әкелді:
1. Прибалтика мемлекеттерінің (Финляндия, Эстония, Латвия, Литва)

құрамына кіретін облыстар территориялық-саяси жағынан қайта құрылған жағдайда, Литваның солтүстік шекарасы бір мезгілде Германия мен КСРО мүдделері аймақтарының шекарасы болып табылады. Сондай-ақ, Литваның Вильно облысына қатысты мүдделерін екі жақ та мойындайды.


2. Польша мемлекеті құрамына кіретін облыстар территориялық - саяси жағынан қайта құрылған жағдайда Германия мен КСРО мүдделері аймақтарының шекарасы шамамен Нарва, Висла, Сана өзендері шебінен өтетін болады. Тәуелсіз Польша мемлекетін сақтау екі жақты мүдделерге қажетті ме және бұл мемлекеттің шекаралары қандай болады деген мәселе алдағы уақыттағы саяси даму барысында түпкілікті анықталатын болады. Қалай болғанда да екі үкімет бұл мәселені өзара достық келісім тәртібімен шешетін болады.
3. Еуропаның оңтүстік - шығысына қатысты алғанда кеңес жағынан КСРО -ның Бессарабияға мүддесі атап көрсетіледі. Германия жағынан оның бұл облыстарға ешқандай саяси мүддесі жоқ екендігі мәлімделеді.


  1. Осы хаттама екі жақта да қатаң құпиямен сақталады.



КСРО Сыртқы істер халық комиссары В.М.Молотовтың (Ұлттар Лигасының Бас хатшысы Ж.Авенольге жеделхаты (1939 жылдың 4-желтоқсаны)
КСРО Сыртқы істер халық комиссары В.М.Молотовтың (Ұлттар Лигасының Бас хатшысы Ж.Авенольге жеделхатында: «Кеңес Одағы Үкіметінің тапсыруымен Сіздің Рудольф Холсти мырзаның бастамасы бойынша және Ұлттар Лигасы пактісінің 11- бабының 1- тармағының негізінде 9- желтоқсанда Ұлттар Лигасының Кеңесін шақыруға және 11 - желтоқсанда Ұлттар Лигасының Ассамблеясын шақыруға ниеттенуіңіз менің үкіметіме негізсіз сияқты болып көрінетіндігін Сізге хабарлауды өзіме абырой деп білемін»- деген.
Кеңес Одағының Финляндиямен соғыс жағдайында емес жэне Финляндия халқына соғыс қаупін төндірмейді. Сондықтан Ұлттар Лигасы пактісінің 11- бабының 1- тармағына сілтеме жасау дұрыс емес. Кеңес Одағы өзі үкіметімен үстіміздегі жылдың 2- желтоқсанында өзара көмек және достық туралы келісімшарт жасаған Демократиялық Финляндия Республикасымен бейбіт қатынастарда болып отыр. Финляндияның бұрынғы үкіметінің делегаттарымен нәтижесіз келіссөздер жүргізілген барлық мәселелер осы келісім шартпен реттеледі.
Демократиялық Финляндия Республикасының Үкіметі, Финляндияда оның бұрынғы билеушілері жасаған өте қауіпті соғыс ошағын бірлескен күштермен мүмкіндігінше жылдамырақ жою үшін, Финляндия Демократиялық Республикасына өзінің барлық әскери күштерімен көмек беру туралы КСРО Үкіметіне үстіміздегі жылдың 1 - желтоқсанында ұсыныс жасады. Көрсетілген жағдайларда Рудольф Холсти мырзаның Лигаға үндеуі Лиганың Кеңесі мен Ассамблеяны шақыруға негіз бола алмайды, оның үстіне Рудольф Холсти мырза аттарынан Лигаға үндеу жасап отырған адамдар фин халқының нағыз шын өкілдері емес.
Егер, жоғарыда баяндалған ой түйіндеріне қарамастан, Рудольф Холсти мырзаның үндеуін қарастыру үшін Лига Кеңесі мен Ассамблея қалайда шақырылатын болса, Кеңес Үкіметі бұндай жиналыстарға қатысуды мүмкін емес деп тапқан болар еді.
Қосылмау саясаты. 1939-1941 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, отаршылдыққа және неоколониализмге қарсы күрес барысында әскери одақтар мен топтардан тыс халықаралық қатынастарда тең қатысу және қауіпсіздік, бейбітшілік үшін әлемнің көптеген елдері таңдап алған сыртқы саяси бағыт.
Ең алғаш рет Дж. Неру ұсынған қосылмау саясатының өмір сүруіне Үндістан бастау салды. Азат етілген елдердің қосылмау саясатының қағидаларын жылдам және кеңінен тануы қосылмау қозғалысының дамуына әкеп соқтырды. Осы қозғалыстың жоғарғы форумдық құжаттарында, қосылмау саясаты - мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруіне және ұлт азаттық қозғалыстарды дәйекті қолдауға бағытталған және «ұлы державалар арасында қақтығыстар туғызу үшін әдейі жасалған», мемлекеттің қандай да болмасын көпжақты әскери одаққа қатыспауын болжайтын тәуелсіз саясат ретінде анықталады. Егер, мемлекет қандай да болмасын ұлы державалармен екіжақты әскери келісімге отырса немесе аймақтық қорғаныс пактісіне кіретін болса, бұл келісім немесе пакт, сол мемлекеттің аумағында шетелдік әскери базалардың орналасуы сияқты ұлы державалар арасындағы қақтығыстардан тыс болуы тиіс. Фашистік агрессорлар блогы өз деген мақсатына жетуге тырысты. Орталық, Оңтүстік - Шығыс Еуропадағы ықпал өрісіне шек қою туралы герман - италиян келісіміне қол қойылды. Германия мен Жапония Антикоминтерндік пакт жасасты. 1939 жылдары Мюнхен конференциясында Кеңес Одағымен келіссөзді тоқтатты. Шабуыл жасаспау жөнінде кеңес -герман шартының маңызы болды. Бейбітшілік күштердің екінші дүние жүзілік соғысты болдыртпай тастауға мүмкіндіктер болмады. Себебі, 1939 жылы КСРО-нің халықаралық жағдайы едәуір қиындап кетті. Германия Польшаға шабуыл жасауға әзірленді. Жапон милитаристерінің арандатушылығы жиіледі. Олар КСРО-нің Қиыр Шығыс шекараларында соғыс авантюраларын жасады. Мұның барлығы екінші дүние жүзілік соғыстың себептері болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет