Эсселер жинағы калибеков Ерали



Дата21.10.2022
өлшемі1.78 Mb.
#463109
8B эссе жинағы


Адамгершілік - Асыл қасиет


8 “B”
ЭССЕЛЕР ЖИНАҒЫ

Калибеков Ерали
Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады.

Тлеубеков Алдияр
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.


Рамазанова А
Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп және отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім — тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, ұстаздардың, барша халықтың міндеті.

Заманханова Нурай
«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )
Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. 

Мерекеқызы Іңкәр


Какеев Рауан

Нұрлан Бек

Серікхан Нұрсымбат


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет