Әзілхан Нұршайықов



бет1/26
Дата12.10.2023
өлшемі158 Kb.
#480591
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Қалбада қанаттанған қырандар


Әзілхан Нұршайықов- жауынгер жазушы, журналист 1922ж. 15 желтоқсанда Жарма ауданы, Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Қапанбұлақ ауылында мұғалім болудан бастады. Ұлы Отан соғысы-на қатысты. Семейде, Павлодарда, Алматыда қазақ баспасөзінің дамуына үлкен үлес қосты. Қазақ энциклопедиясында, ҰҒА-ның әдебиет институтында еңбек етті. ""Алыстағы ауданда", ""Ертіс жағасында", ""Менің Қазақ-станым", ""Махаббат жыры" т.б. кітаптар. ""Махаббат қызық мол жылдар", ""Аңыз бен ақиқат" туындылары оны жұртшылықтың алғысына бөледі. ""Қазақстан халық жа-зушысы", ""Қазақ ССР-і Мемлекеттік сыйлықтың және А.Фадеев атындағы күміс медалінің лауреаты.
Қазақстан КП-ның X съезінің делегаты, Қазақстән Жазушылар Одағы басқармасынә бірнеше мүше болып сайланды. 2 дәрежелі Отан соғысы, 3 дәрежелі Даңқ, Халықтар Достығы, ""Құрмет Белгісі" ордендерімен бірнеше медальдардың иегері.
Аудан орталығындағы бір көшеге жазушы есімі берілген. 2000ж. шығармалар жинағы жеке кітап болып шықты.
Қалихан Алтынбаев - /1927ж. Жарма ауданы, Малай ауылы, Қалқай қыстауы - 2002ж. Көкпекті/. Ақжал орта мектебінде оқыды. Ақындық талантына Т.Көбдіков, нағашысы С.Әлімбетов, Т.Әміренов сияқты жыр саңлақтары игі әсер етті. 1947ж. жиырма жасында алғаш рет аудандық айтысқа қатысады. Содан бері 29 рет, оның 9-ы республикалық, қалғандары облыстық, аудандық ақындық сайысына түсіп, соның 26-да жеңімпаз атана-ды. Айтыстары мен өлеңдері ""Ақындар жыры", ""Қазақтың қазіргі халық поэзиясы", ""Жамбыл және қазіргі қазақ поэзиясы" т.б. жинақтарында басылды. Ақынның 1983ж. ""Дала бесік", 1985ж. ""Қиял қанатында", 1Э97ж. ""Қалбатау" атты таңдамалы жинағы жарық көрді. Оның шығармашылығы туралы бөлгілі ғалымдар, өнер адамдары Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Ә.Нұршайықов т.б. ретті пікірлер айтқан.
Ақын 1958-1987 жылдары Жарма, Көкпөкті аудандық газеттерде еңбек етті. Қазақстан Жазушылар Одағының ""Абай" журналының ақылдастар алқасының мүшесі, ""Көкпекті ауданының құрметті азаматы.
Ол туған өлкеге, жеке тұлғаларға байланысты бірнеше зерттеу мақалаларын жариялады. Ақынның қолында өткен тарихымыз туралы құнды мәліметтер болды. 1997ж. күзде Жарма жұртшылығы Георгиевкада, Ақжалда өз жерлестерінің 70-жылдық мерейтойын кеңінен атап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет