14-Тақырып: Кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа формалары (1сағат)
Семинардың өтілу түрі - пікір алмасу
Мазмұны: Соңғы жылдары кітапханаларда қызметтің ақылы және тегін түрі пайда болды. Қоғамның және кітапханалық – библиографиялық ісіндегі объективті процестер кітапханалардың ақылы қызмет көрсетуіне әкелді.
Ақпарат көлемінің өсуі, техникалық жабдықтарды қолдану, қызметтің жаңа түрлерінің пайда болуы, баспалардың басылымдарының қымбаттауы, кітапхананы басқаруының қиындылығы және басқа факторлар кітапхананың қызметінің бағасының өсуіне алып келді.
Баспа мақалалардың анализі және кітапхананың тәжірибесі көрсеткендей, негізгі ақылы қызмет болып көшірме көбейту қызметі, баспа техникалық жабдықтарды ұсыну: Интернет, электрондық пошта; ақпаратты дискеталарды және басқа тасымалдаушыларда тарату; құжаттарды көшірмелеу, анықтама беру, телефон арқылы жаңа түскен ақпарат туралы анықтама беру, компью-терлік ойындарды, кино – видео материалдарды беру; оқу залынан кітапты үйге беру (түнгі абонемент); тексті аудару; кітапханалары жоқ мекемелерде кітапханалық пунктерді ашу; тақырыптық анықтамаларды дайындау, библио-графиялық тізімдерді анықтау және т.б болып табылады.
Жаңа ақпараттарды іздестіру мәдениеті – неғұрлым маңызды және күрделі де қазіргі жағдайда кітапхананың түрлі ақпарат көздерінде тіркелген адамзат білімдерін, рухани құндылықтарды сақтауды және беруді жүзеге асыратын институт ретінде әлеуметтік қызметі аса күрделене түсті. Сондықтан басқару көзқарасы тұрғысынан алғанда кітапхананы құрамдас бөліктері өзара және қоршаған ортамен тығыз байланыстағы, білім салалары бойынша қалыптасқан құжаттар ауқымын байланыстыратын күрделі ашық жүйе ретінде қарастыруға болады. Оның ең басты құрамдас бөлігі - әлем кітапханаларының элекрондық каталогы. Интернетте мұндай каталогтарға әлемнің ірі кітапханаларымен қатар қалалық көпшілік кітапханалары қол жеткізген. Интернетте кітапхана каталогынан басқа, басты құндылығы тұтастай басылымдар туралы ғана мәліметтерді беріп қоймай, талдау материалдарын, нақтылай айтқанда журналдар мен жинақтардағы жекелеген мақалаларға дейін мәліметтер бере алатын библиографиялық дерек қорлар кешенінің ауқымы кең.
Достарыңызбен бөлісу: |