Сабақтың тақырыбы : Ежелгі грек өнері Сабақтың мақсаты: Оқушыларда адамзат қоғамының



Дата05.07.2016
өлшемі42 Kb.
#180409
түріСабақ
6 класс Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі грек өнері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда адамзат қоғамының

ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.

Бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени – тарихи тәжірибенің негізін оқытып меңгерту
Сабақтың міндеті: а/ Өз халқы мен басқа да халықтардың мәдениеті мен тарихын құрметтей білу сезімін қалыптастыру, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға, байытуға үлес қосуға тәрбиелеу. Діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

ә/ Эстетикалық тәрбие беру

б/ Ізгілік пен демократиялық құндылық идеясына тәрбиелеу, тарихи тәжірибені ой елегінен өткізе отырып, оқушыларда құндылық бағдар мен сенімді қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Греция» картасы, альбом-картиналар, «Әлемнің жеті кереметі» - Зевс мүсіні.
Пайдаланылған әдебиеттер: Ежелге дүние тарихы

Ежелгі дүние өнері Лев Любимов, 1980ж.,

Әлемні 7-і және 37-і кереметі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тарихы, Биология, Дене шынықтыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме.
Технологиясы: ынтымақтастық педагогикасы
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Өткенді пысықтау сұрақтары

Оны қорытындылау

Жаңа сабақ түсіндіру

Оны бекіту, үйге тапсырма

Оқушыларды бағалап, сабақты аяқтау


Өткенді пысықтау сұрақтары:

  1. Арестократия, демократия, демос, /қала - мемлекет/ полис сөзінің мәнін түсіндір

  2. Аттикада қандай демократиялық өзерістер болды?

  3. Солон мен Клисфен реформасының қарапайым халық үшін маңызы неде?

  4. Б.з.б. Үғ. орта кезінде Афины қандай мемлекет болды?

  5. Афины демосының көсемі Перикл қызметіне баға бер, үлгі алатын қандай қасиеттері бар?

  6. Неліктен қала-мемлекеттер арасында күрестер болып тұрған?

  7. Херонея түбіндегі шайқас қай жылы болды? Демосфен кім?

  8. Неліктен македондықтарға грек қала-мемлекеттерінің ішінде ең қауіптісі Афины болды?

  9. Афинылықтардың тәуелсіздік жолындағы күресін кім басқарды?

  10. Херонея түбіндегі шайқас қай жылы болды?

  11. Үлестірмелі парақша – сұрақтар /№1 №2 №3 №4/ /ІІІ деңгей үшін/

Жаңа сабақ жоспары:

  1. Грекиялық мерекелер мен ойындар

  2. Олимпиялық ойындар

  3. Ежелгі Грек театры

  4. Гректердің діни нанымдары мен мифтері

  5. Сәулет өнері

  6. Грек мүсіндері

1. Ежелгі грекиялықтардың мерекелері мен ойындары бүкіл халықтық сипат алды. Бұл мерекелер грекиялықтардың негізгі кәсібі мен әдет-ғұрыптарына байланысты болған. Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайларының құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналды.

Дионис – егіншілер мерекесі б.з.б. ҮІІғ

Ынтымақ мерекесі – 6 күн болды /шілденің аяғы тамыздың басы/

2. Олимпия қаласы – Пелепонесте Зевс құдай құрметіне 4 жылда 1 рет өтеді. 5 күн болған. Тұңғыш ойын б.з.б. 776 жылы өткен. Гректер өздерінің жыл санауын Олимпиалық ойынның ашылған күнінен бастайды.

3. Театр Грекияда б.з.б.Ү – ІҮғ салына бастады. Театр - грек тілінде көрініс деген ұғым береді. Оның пайда болуы Дионис құдайдың құрметіне арналған ойын – сауықпен байланысты шыққан.

көрерменге арналған орын
ТЕАТР орхестра – ойын көрсететін алаң
екене – актерлер киім ауыстыратын жер

Эсхил «Бұғаулы Преметей», Софокл «Антигона» - трагедия

Аристофан «Бұлт», «Сона», «Құстар әні» - комедия

4. Гректерде діни нанымдар б.з.б. ХІ-ІХғ пайда болды. Ежелге гректер 40 – қа жуық құдайларға сыйынған. Оларды көбінесе аң, құс ретінде бейнелеген. Олар Олимп тауының басында салтанатты сарайда тұрады деген наным да болған. Ағайынды үш құдай: Зевс, посейдон, Анд күллі әлемді өзара бөлісіп жеке-жеке билік жүргізеді.

Зевс – көкті

Посейден – теңізді

Анд - өлілер патшалығын биелейді

Миф – табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз әңгімелер.

5. Б.з.б. Ү ғасырда сәулет өнері жақсы қарқынмен дамыды.

Акрополь –

Агогра –

Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған:

Дарийлік – қарапайым

Иониилік – сымбатты, әдемі, өрнекпен әшекейленген

Коринфтік –

Парфенон

Эрехтейон храмдар

Ника

Грек мүсін өнері де б.з.б. Ү ғасырда ерекше дамыды. Грек мүсіншілері:



Фидий – Зевс құдайдың мүсіні Олимпия қаласында,

әлемнің 7-і кеереметінің бірі, Мирон - диск лақтырушы


Бекіту сұрақтары:

  1. Ежелгі Грекиядағы мерекелер кімнің құрметіне тойланып отырған?

  2. Тұңғыш олимпиалық ойын қашан өткізілді?

  3. Ежелгі дүниеде қандай спорт түрлері болған?

  4. Неліктен Грекияны «театр отаны» дейміз?

  5. Комедиялық шығарма деген қандай шығарма? Мысал келтір, авторы кім

  6. Трагедия деген не? Мысал келтір, Авторларын ата?

  7. миф дегеніміз не? Қандай мифтерді білесіңдер?

  8. Үлестірмелі парақша – тест /№1 №2 №3 №4/ /І, ІІ деңгей үшін/

  9. Магнит тақтаға Балқан түбегі – Грецияның картасын құрастырып шығу. Солтүстік Греция, Орта Греция, Оңтүстік Греция.


Үйге тапсырма: 23 тақырыпты оқу

«Мен ежелгі грек театрында болдым» деген әңгіме жазып келіңдер



«Қазіргі олимпиалық ойындармен»салыстырып жазыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет