Ф 03-09 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата20.10.2019
өлшемі166.17 Kb.
#447242
силлабус по теорию резания

Ф.7.03-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI
«МЕХАНИКА ЖӘНЕ МҰНАЙГАЗ ІСІ» ФАКУЛЬТЕТІ
«МАШИНАЖАСАУ» кафедрасы


Келісілді

М және МГІ факультетінің деканы

___________ Мырзалиев Д.С.

(қолы)


«_____»___________2014ж.
СТУДЕНТ ҮШІН

«Кесу теориясы негіздері» (КТN 3207) пәнінен

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
мамандығы: 5В071200 – Машинажасау

Курс: 3


Семестр: 3

Кредит саны: 3

Дәрiс: 15

Зертханалық сабақ: 30 сағат

ОСӨЖ: 45 сағат

СӨЖ: 45 сағат

Шектік бақылау: (7 және 15 апта)

Емтихан: 6 семестр



Оқытушы туралы мағлұматтар:

Ибрагимова Зауре Асылбеккызы – аға оқытушы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-гі педагогикалық өтілі 7жыл, қызмет саласы –Ауыр жүктелген тісті берілістердің параметрлерін зерттеу және оны жасаудың ресуты үнемдеуші технологиясын әзірлеу.

Кеңсе: «Машинажасау» кафедрасы

Мекен-жайы: Шымкент қ, Тәуке хан, к. 5. 225В

Тел.: 30-09-70

Факс:__________



Е-mail: zaure_1983_as @mail.ru

Кеңес беру уақыты: (сабақ кестесіне сәйкес)


Шымкент, 2014ж.

Оқыту бағдарламасы (syllabus) «Кесу теориясы негіздері» пәнінің бағдарламасына сәйкес әзірлеген және «Машинажасау» кафедрасының мәжілісінде бекітілді

Хаттама № 1 , « 28 » 08 2014ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.

(қолы)

«Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған, хаттама « » 2014ж., № 1 хаттама.


ӘК төрайымы ___________________ Сабалахова А.П.

(қолы)

Факультет администраторы _____________ Жусупалиев М.А.



(қолы)

1 «Кесу теориясы негіздері» пәнінің мақсаты мен міндеті
Пәннің мақсаты –студенттердің металл кесу процесін басқару негіздері туралы ғылыми білімді, қысылған материалдардың жоңқаға өту процесіне ілесіп жүретін физикалық, химиялық, механикалық және басқада құбылыстар туралы түсініктерді, машина тетіктерінің өңдеу режимдері мен процестердің фунционалды параметрлерінің қойылған шарттарға байланысты өзгеру заңдылықтарын зерделеуді үйретеді.

Пәнді оқыту міндеті жүзді және қажақты саймандармен өңдеу әдістері үшін кесу режимдерін есептей білуді, кесіп өңдеу процесін бөлек операциялар мен технологиялық процестер үшін тиімділеуді, автоматтандырылған процестердегі кесу сайманы мен кесу процесінің сенімділігін қамтамасыз етуді, машина тетіктерін қолдану қасиеттерін механикалық өңдеу кезінде қамтамасыз етуді үйрену.


Курстың пререквизиттері:

- Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: Конструкциялық материалдар және термоөндеу, химия, физика, өзараауыстырымдылық негіздері.


Курстың постреквизиттері

Машина жасау технологиясының негіздері, Металл кескіш құрал-саймандар.


2 Курс саясаты:

СӨЖ арналған тапсырмалар семестрдің бірінші аптасында беріледі.

Студент қатыспаған сабақтарын кафедрада бекітілген кестеге сәйкес тапсырады.

Ағымды аптада тапсырманы дер кезінде орындамаған жағдайда бағасы 20% төмендетіледі.

Студент семестр барысында оқытушы анықтайтын тізбеге сәйкес кем дегенде 6 тапсырма орындауы тиіс.

Әр тапсырманы оқытушы 100% дейін бағалайды, баллдарын есептеп компьютерге енгізеді.

Әрбір шекаралық бақылауда 30 баллдан жинау тиіс

36-дан кем емес балл жинаған студент емтихан тапсыруға жіберіледі.

Аралық аттестация (емтихан) 40 баллға дейін бағаланады, минимальды – 20 балл

Студенттердің білімін бағалау




Әрiптiк жүйемен бағалау

Баллы

%-тiк мазмұны

Дәстүрлi әдiспен бағалау

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«жақсы»

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D

1,33

55-59

D+

1,00

50-54

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»


3 Курс мазмұны

3.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
1 лекция. Кіріспе. Материалдарды кесу туралы жалпы мағлумат. Пәннің мақсаты мен мәселелері. Кесу, өңдеудің технологиялық бір әдісі түрінде. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Кесу элементтері.

2 лекция. Жүзді саймандар мен металдың кесіп алынған қабатының геометриялық және конструктивті параметрлері. Сайманның кесетін бөлігінің геометриялық параметрлерінің негізгі жазықтықтары. Кесілетін қабаттың параметрі мен қимасы. Нақты және қалыс көлденең қима. Қабаттың қимасының параметрі мен кесу режимі элементерінің өзара байланысы.

3 лекция. Кесу кинематикасы. Негізгі ережелері. Білдектердің кинематикасы және кесу кинематикасы, кесудің принципиалды кинематикалық сұлбасы мен геометриялық кинематикалық параметрлер мен олардың есептелінуі.

4 лекция. Жоңқа қалыптасу процесі. Металдың пластикалық деформациясы туралы мәлімет. Кесу процесін эксперимент жүзінде зерттеу әдістері. Жоңқаның қалыптасу процесі және жоңқа түрлері.

5 лекция. Жоңқаның шөгуі және иірмелі жоңқаның пайда болу жолдары. Жоңқаның сыртқы көрінісін анықтатын факторлар. Жоңқаның шөгуін анықтау әдістері. Иірмелі жоңқаның пайда болуын дәріптеу. Иірмелі жоңқадағы кернеулі жағдай мен тестурасының өзгеруі. Қатынасты ығысу және ығысу жылдамдығы туралы ұғымдар. Ығысудың шартты жазықтығына қатынасты металл қабатының ығысуын шақыратын күштер.

6- дәріс. Шордың пайда болу процестері. Шордың пайда болу табиғаты, сипаттамасы. Шордың сипаттамасын анықтаушы негізгі факторлар. Өңделген беттердің қалыптасыуындағы шордың рөлі.

7-дәріс. Кесу күші мен жұмысы және олардың құраушылары. Кесу күшінің пайда болуы көздері және олардың жіктелуі. Кесу күшін құраушыларды динамометрмен өлшеу. Кесу күшінің теңдеуінің жалпы түрін шығару. Кесу жұмысы, оларды құраушылар. Кесу жұмысына әсер етуші- факторлар.

8- дәріс. Кесу аумағындағы жылу мен температура. Кесу аумағындағы жылу ағыны мен көзі. Жылу балансын құрастырушыларының өзгеру заңдылықтары. Кесу аумағындағы температураны өлшеу әдістері. Жоңқадағы, дайындамадағы және құралдағы температура өрісі. Құрал жүзіндегі температураны төмендету жолдары.

9-дәріс. Кесу процесі кезіндегі құралдың тозуы. Құрал жүзінің түйіспе бетіндегі өзара сырғанаудың қысымы мен шарты. Тозу белгісінің сырт көрінісі мен тозу түрлері. Құралдың тозуының физикалық табиғаты. Сырғанау жолдары, тозу қисығы уақыт функциясы ретінде. Тозу критерийлері.

10 дәріс. Құралдың материалдарына қойылатын талаптар. Құрал материалдарының маркілері мен сипаттамалары және оларды қолдану аймағы.

11 дәріс. Қажақты өңдеу. Қажақты өңдеу туралы жалпы мәліметтер. Ажарлау түрлері. Қажақты материалдар және құралдар, олардың сипаттамалары.

12 дәріс. Механикалық өңдеудегі тетіктердің өлшемдері мен пішімдерінің дәлдігі, беттердің сапасы. Беттердің кедір-бұдырлығы, қалып қойған кернеу, беткі қабаттың микроқұрылымдары, микро қаттылығы. Тозу мен кесу режимі элементтерінің өңделген беттің пішімі мен дәлдігіне әсері.

13-дәріс. Технологиялық майлап-суыту заттары, олардың сипаттамалары және оларды кесу аумағына келтіру әдістері. СОТС –тың қызметтік қасиеттері және олардың механикалық өңдеу процесінің технологиялық параметрлеріне әсері.

14-дәріс. Өлшемдік өңдеудің физика-химиялық әдістері. Өңдеудің физика-химиялық әдісін тәжірибеде қолдану, оның тиімділігі. Жаңа әдістерді жорамалдау және құру.


3.2 Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары


  1. Кескіштің жұмыс бөлігінің геометриясы.

  2. Бұрамалы бунағы бар бұрғының геометриясы.

  3. Жонғыштың жұмыс бөлігінің геометриясы.

  4. Жоңқаның шөгуіне кесу жылдамдығының әсері.

  5. Кесу күштері және оларға кесу режимінің элементтерінің әсері.

  6. Кесу температурасы және оларға кесу режимінің элементтерінің әсері.

  7. Кескіштің тозуын және тұрақтылықтың кесу жылдамдығынан тәуелділігін зерттеу.


4 СӨЖ берілген тапсырмалар


Дәріс тақ-ң №

Тапсырмалар

Әде-биет-тер

Тапсырма түрі

Тапсыру мерзімі

1 модуль.

1-4

Материалдарды кесу туралы жалпы мəліметтер, пəннің мақсаты мен мəселелері. Материалдарды кесудің

даму кезеңдері, кесу ғылымының дамуына орыс, совет жəне шетел ғалымдарының қосқан үлесі.



1-3

Жазбаша жұмыс

4апта

5-6

Кесу күші мен жұмысы.

Динамометрлер жəне оларға

қойылатын талаптар. Кесу күшінің теориялық теңдеуі. Кесу процесінің

қуаты мен энергия шығындары.




1-3

Жазбаша жұмыс

6 апта




1-ші Межелік бақылау




Жазбаша жұмыс

7 апта

2 модуль.

7-9

Кесу жылдамдығы, құралдың тұрақтылығы мен ресурсы. Құралдың

геометриялық параметрлерінің жəне

кесудің үзілмелігінің кесу

жылдамдығы мен құралдың

тұрақтылығына əсері


1-2

Жазбаша жұмыс

9 апта

10-12

Құралдық материалдарға қойылатын талаптар, олардың маркілері жəне

сипаттамалары. Асақатты

материалдардан жасалған құралдарды жасау, қолдану тəжірибесі мен технологиялық ерекшеліктері.





Есептеу жұмыстары

12 апта

13-15

Өлшемдік өңдеудің физика-химиялық əдістері. Өңдеудің физика-химиялық

əдісін тəжірибеде қолдану, оның тиімділігі. Жаңа əдістерді жорамалдау



жəне құру.


1-4

Жазбаша жұмыс

13 апта




2-ші Межелік бақылау

1-6

Жазбаша жұмыс

15 апта






5 Тапсырманы орындау және тапсыру графигі














Айы

қыркүйек

қазан

қараша

Желтоқсан

Күні

01.09-05.09

08.09-12.09

15.09.-19.09

22.09.-26.09

29.09-3.10

6.10-10.10

13.10-17.10

20.10-24.10

27.10-31.10

03.11-07.11

10.11-14.11

17.11-21.11

24.11-28.11

01.12-05.12

08.12-12.12

АПрямая соединительная линия 2пталар
Тапсырмалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Зертханалық сабақты қорғау







*




*













*







*























































Аралық бақылау

 

 

 

 

 

 

ШБ1

 

 

 

 

 

 

 

ШБ2

Аралық нүктелер

 

 

1

 

2

 

3

 

 

4

 

 

5

 

6

Процентпен бағалау

 

 

100

 

100

 

100

 

 

100

 

 

100

 

100

Баллмен бағалау

 

 

10

 

20

 

30

 

 

40

 

 

50

 

60



6. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер

1) Ящерицын, П. И. Теория резания:учебник для студ. вузов машиностроит. спец. / П. И. Ящерицын, Е. Э. Фельдштейн, М. А.Корниевич.− Минск:Новое знание, 2007.- 511 с.

2) Солоненко, В. Г. Резание металлов и режущие инструменты:учеб.пособие для студ. вузов/В. Г. Солоненко, А. А. Рыжкин.−М.:Высш. шк., 2007.-414 с.

3) Обработка металлов резанием: справочник технолога/А.А.Панова.− М.:Машиностроение, 2004.



Косымша

4) Под общей ред. А.Г. Косиловой и Р.К. Мещерякова Справочник технолога – машиностроителя. В 2-х т. Т.2 – М.: Машиностроение, 1985.



5) Под общей ред. В.И. Баранчикова. Прогрессивные режущие инструменты и режимы резания металлов: Справочник. – М.: Машиностроение, 1990.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет