Фразеологизмдердің пайда болу арналары, пайда болу негіздері, уәжі



Дата02.01.2022
өлшемі53.12 Kb.
#453360
Документ DOC


Фразеологизмдердің пайда болу арналары, пайда болу негіздері, уәжі

Құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. АхановӘ. Болғанбаев) деп атаған.

Еркін тіркестердің түрақталуы негізіде пайда болуы.

  1. Халыктың әлеуметтік өмірі мен түрмыс-тіршілігіндегі белгілі бір ссбептерге катысты пайда болуы.

  2. Діни ұғымға, ескі түсінікке байланысты пайда болуы.

  3. Төрт түлікке катысты пайда болуы.

  4. Уакыт, кашыктык мөлшеріне катысты пайда болуы.

  5. Кірме фразеологизмдер.

Фразеологизмдердің пайда болуына фразеологиялык магынанын калыптасуы оте маңызды. Фразеологиялык байлаулы магына екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі — жалгаса туады, екіншісі жарыса туады. Мысалы, ат үсті деген тұракты тіркесз ің ең алгашкы магынасы, сөз жок, ат үстінде жүрумен байланысты шыккан. Содан соң осы үгымга жалгастырып колдану аркылы үстірт, үстіртін магынасы гіайда болган. Сол сияқты қартайған бүркіттің тұғырда орныгып оіыргі алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп колдану аркылы соңгы мағыналары жарыса шыккандыгын аңгару кнын емес. Жеке создіц коп магыналыгымен фразалык тіркестердіц фразалык көп мағыналыгының дамуында бірыцгай жалпы ортак заңдылыктар бар. Фразеологизмдердің де көп магыналыгы негізгі заттык мағынадан өрбиді. Туынды магына да сол алғашкы лексикалык магынаны ауыстырып колданудан шыгады. Мысалы, иі канды (жетті) деген тұрақты тіркестің ең алгашкы магынасы иеленген заттың (терінің) илеуін жеткізу, эбден жүмсаріу. жумсак қалыпка келтіру болса, одан соң бір нэрсені эбден жетілдіріп шыңдап кемеліне келтіру ұгымы келіп шыкты. Соңгы фразеологиялык туынды магына, сөз жок, алгашкы магынаның негізінде жалғаса пайда болды.

Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі кұбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған.

Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында корытылған кұбылыстардың накты бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (әбден мезі кылды, ығыры шықты) деген тұракты тіркестің негізінде көп мініліп аркасы жара болган аттың бейнесі елестейді. Басында атка байланысты шыкканымен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, адамға байланысты айтылатын болған. Арс етті (беттен алды, карсы келді)деген фразеологизмнің негізінде иттің карсылык білдіріп, айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл магына адамга катысты айтылатын болган. От ала келген кісідей деп, асыгыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге айтылады. Бұл тұракты тіркестің о бастағы от ала келу магынасы ұмытылып, казір адамның өзіне тікелей колданылып кеткен. Сол сиякты агынан жарылды, айдап салды, астынан су шыккандай, асыгы алшасынан түсті т.б.

Біркыдыру фразеологизм өлшемдік ұгымдардын негізінде пайда болган. Мысальга) уакыт, мерзім өлшемдері: күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте, шанкай түсте, түс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынга отыра, сөз байлана, кас карая ымырт жабыла т.б.

э)  көлем өлшемдері: бір топ жан, бір тайпа ел, бір кора кой, бір үйір жылкы, бір коспак (келе) түйе, бір табын сиыр, бір көген козы, бір желі кұлын, бір айдам жер, бір мая шөп т.б.

б) ұзындык, калыңдык, тереңдік өлшемдері: бармак казы, бір елі, үш елі, сала кұлаш жіп, тұтам емшек, кол созым жер, таяк тастам жер, бір табан жакын, ай шакырым, иек асты, түстік жер т.б.

Қазак халкы көшіп-конып көшпенділік дэуірді ұзақ уакыт басынан өткізгендігі белгілі. Олар жаз жайлауда, кыс кыстауда, күз күзекте бірден-бірге көшіп-конып жүргенде, уакыт мерзімін, ұзындык пен колемді калай өлшеп білген деген заңды сұрау туады. Сол заманда біздің халкымыздын уакытты сағатпен, көлем мен салмакты таразымен, ұзындык пен кеністікті метрмен өлшеуге элі онша дагдыланбаған, үйренбеген кезі еді. Сол заманның тұрмыс-тіршілігіне лайык өз өлшемдері болгандыгын тілдегі өлшемдік ұгымды білдіретін кыруар создер мен тұракты сөз тіркестері аркылы танып білуге болады.

Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі эдет-гұрыптарга байланысты жасалган. Мысалы, ант су ішті, аруак (кұдай дэм) атсын, бата кылды (окыды), бір тарының кауызына сыйгызды, дін мұсылман ағайын, діні катты, жазмыштан озмыш жок, жан таласты, жетісін берді, кыркын бсрді, пітір берді, атастырыи койды, бесік кұда т.б.

Кейбір тұракты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи окигалар негіз болган. Мысалы, кайда барса да Қоркыттың көрі; Есімханның ескі жолы, Қасымханның каска жолы; шынжыр балак, шұбар төс; жар салды, сауын айтты, жеті атасынан кара көк т.б.

Фразеологизмдердің біркатары өзге тілден енген кірме фразеологизмдер. Олар бірнеше жолмен ауыскан. Біріншіден. еш өзгеріссіз, даяр калыпында алынгандар: алла тагала- күдіретті күшті алла, эмәнтү биллаһи-аллага иман келтіру т.б.

Қазак тілінің фонетикалык заңдылыктарына бейімделіп, даяр калыпында қабылданган кірме фразеологнзмдер. Мысалы, парсы тілінен енген фразеологизмдер дос-дұшпан (дуст- дошман), мама сиыр (сүтті сиыр) т.б.

Біраз фразеологизмдер баска тілден калька жолымен аудару аркылы жасалган фразеологизмдер. Мысалы, Авгейдің аткорасы, Варфолемей түні т.б.

Көрнскті тұлғалардың канатты сөздерінен пайда болған фразеологизмдер: асау жүрек, ғашыктык тілі т.б. Бұның бәрі қазақ тілінің фразеологиялык корын молайту жолдары болып табылады.
Мысалы, Ана сөзі ұғым бойынша – шеше. (Ананың ақ сүтін ақтау). Бұл адамдардың бəрі білетін ең негізгі басты сипаты. Бірақ бұл ұғыммен қатар Ана туралы басқа да түсініктер бар. Мəселен, Анаға қатысты тілімізде бағалауыштық, коннотативтік бірліктер, мақал-мəтелдер, фразеологиялық тіркестер, нақыл сөздер мен афоризмдер қалыптасқан. («Ананың көзі – балада, баланың көзі – далада»; «Анаңды Меккеге үш рет жаяу апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың» «Анасын көріп, қызын ал»; Ақ жаулық»; «Ел анасы»;) Демек, Ана ұғымын тереңдететін, нақтылай түсетін, жан-жақты сипаттайтын басқа қосымша мəнді, қажетті мəдени мағлұматтар арқылы менталдық деректер жинақталған. Бұларды са- 51 ралай келгенде, ұғымдық саты толыға береді де, концепт дəрежесіне көтеріледі. Сондықтан кез келген ұғым, сөз концепт бола бермейді. Концепт болу үшін белгілі бір ұғымға қатысты ұлттың мəдени көрсеткіші болатын тілдік дерек – лексика-семантикалық тақырыптық топ, сондай-ақ, менталдық мінездемені қажет ететін жəне философиялық мазмұнды, логикалық бағдары бар ұжымдық білім көрсеткішіне негізделген күрделі құрылымды бірлік болу керек. Концепт белгілі бір ұлт мəдениетіне тəн болғандықтан, сол ұлт бейнесін көрсететін салт-дəстүрлер көрінісі, ұлтқа тəн таным мен білім сияқты ерекшеліктеріне қарай жетілдіріліп отырады. Мысалы, ана ко- цептісіндегі мазмұндық ақпараттар арасындағы «Батыр ана» немесе «көкек ана» тіркестері осыған дəлел. Концепт туралы айтылған ой-пікірлерді сараптап, тұжырымдай келе, концептінің ең басты өлшемдерін айта кету керек. Олар: ¸ бейнелілік, ¸ ұғымдық, ¸ құндылық. Концептінің бейнелілігі – бұл заттар мен құбылыс, оқиға сипаттарын көру, есту, сипау, иіс, дəм арқылы тəжірибелік біліміміздің дара қасиеттерімен біздің жадымызда сақталуы. Бұлардың барлығы түрлі бейнелер, олардың түрлі қасиеттері арқылы танылады, əрі фреймдік құрылымды жасауға негіз болады. Дүние суретін қалыптау үшін түрлі бейнелер қонцептілік құрылым түзеді. Ал бұлардың барлығы фразеологизмдерде сипаттау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, адамға қатысты: ер – еркек кіндікті (ұл, ер адам), ердің ері, егеудің сынығы (тектінің ұрпағы, жақсының көзі); əйел – бес биенің сабасындай (толық, етжеңді əйел), жігіт – қыз мінезді жігіт (момын, сыпайы жігіт), қыз – қырық жеті (дүниеге қыз бала келгенде астарлап, оған берілетін қалың малды тұспалдап айтқан), 52 қыздың жиған жүгіндей (қыздың қолынан шыққандай ұқыпты, сəнді), бала – ернінен емшек сүті кетпеген (буыны қатпаған əлі жас) бейнелер арқылы санада қалыптасқан ұғымның өзіндік ерекшеліктерін фразеологиздермен сипаттайды, бағалайды Бейнелер əр түрлі дедік. Соған орай, табиғат, кеңістік суреттері, заттық бейнелер, дəм, иіс, жəне тактильді бейнелер, дыбыстық бейнелер, көру бейнелері фразеологиялық бейнеге ие болады: ¸ табиғат, кеңістік суреттеріндегі бейнелер: қырық күн шілде (жаз айларының ең ыстық кезі), сақылдаған сары аяз (қыстың ең қатты аязы), қыстың көзі қырауда (қыс кезіндегі суықтық), жұлдызы жоғары (біреуден мəртебесі жоғары), жұлдызы қарсы (біреуді ұнатпау, қарсы келу), сегіз қиыр шартарап (қазақтардың ұғымында дүниенің төрт құбыласы жəне табиғаттың төрт мезгілін айтқанға ұқсайды), дүниенің төрт бұрышы (дүниенің төрт құбыласы оңтүстігі, солтүстігі, батысы мен шығысы); ¸ Заттық бейнелер: тасбақа жүріс (баяу, ақырын жүру) қара шаңырақ (қазақ мəдениетінде əке-шешесі отырған үйді қастерлеп, «қара шаңырақ» деп құрметпен атайды) көзінің ағы мен қарасы (ең аяулы, ең жақын адамы; əдетте балаға қатысты айтылады) іштен шыққан шұбар жылан (туған баласын жамандыққа қимағанда айтылады) қаны бір (туыс, бірге туған) қара қазан, сары бала (отбасылық жағдай, тұрмыс-тіршілік, бала-шағалы) кіндік кесіп, кір жуған жер (туған жер) 53 ¸ Дəм: су тату, сылдыр су, бал тату, дəмі тіл үйіру, дəмін алу; (тамақтың дəмін қатысты айтылады) ¸ Иіс, жəне тактильді бейнелер: иісі мұрынды жару (өткір иістің əсері) қолма-қол (тез арада бір істің бітуі), қол алып, төс соғыстыру (1.уəделесу; 2. татуласу), құлағының етін жеу (белгілі жайтты қайталап айта беру, мазасын алу), іші удай ашу (бір нəрсеге қатты өкіну), жалаң аяқ жар кешу, қызыл аяқ қар кешу (қатты қиналу, қиындық көру). ¸ Дыбыстық бейнелер: ботадай боздау (қоймай жылау) қыран-топан күлу (у-шу, қатты күлу) ақ түтек боран (қарды ұшырып, қатты соққан боран) шыбынның ұшқаны естіліп тұру (тыныштық сəті) дауыс көтеру ¸ Көру бейнелері: екі бетінен қаны тамған (денсаулығының жақсы екендігі екі бетінен көрініп тұрады) ине шаншар жер жоқ (адам өте көп, немесе тар жер) аузы-мұрнынан шығу (көп, молшылық) Əлем, дүние суреттерін модельдеуде бұл бейнелер əр түрлі концептілік құрылымдарға салынады. Дүние бейнелерінің ұғымдарын көркем таныммен фразеологиялық тіркестер арқылы сипаттау өте суретті, прагматикалық жоғары деңгейді байқатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет