Ф. 7.11-19
Ахметова С.С.
050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне «Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық
(семинар) сабағын жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент 2009 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Есеп және аудит» кафедрасы
Ахметова С.С.
050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне
«Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық
(семинар) сабағын жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент 2009 ж.
Құрастырған: аға оқытушы Ахметова С.С. «Есеп және аудит» кафедрасы
“Аудит негіздері" пәнінен практикалық сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент:М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2009. 34 б.
Әдістемелік нұсқау «Аудит негіздері» пән бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған.
Әдістемелік нұсқау 050508- «Есеп және аудит» мамандығынан басқа экономикалық мамандық студенттеріне арналған.
Әдістемелік нұсқауда тақырып бойынша сұрақтар, тақырыптың негізгі мазмұны және студенттің өзіндік бақылау сұрақтары, сонымен қатар қосымша есептер мен тапсырмалар қарастырылған.
Рецензент: Иманова Г.А. -э.ғ.к. «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі
Маханова Ж.У.- Облыстық маслихаттың бас бухгалтері
«Есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама №4 «30» қараша 2009ж.)
«Экономика және қаржы» факультеттің әдістемелік комиссиясында қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама № 5 «10» желтоқсан 2009ж.)
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №___ «__» ________2009ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009ж.
Шығарылымға жауапты Ахметова С.С.
Мазмұны
|
Кіріспе
|
6
|
|
Семинарлық сабақтың мақсаты мен тапсырмасы
|
7
| -
|
Аудиттің теориялық негіздері
|
8
| -
|
Аудиттегі маңыздылық.
|
11
| -
|
Аудиторлық қауіп.
|
13
| -
|
Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау.
|
15
| -
|
Клиенттің ішкі бақылау жүйесі.
|
17
| -
|
Аудитті жоспарлау және ауқымы
|
20
| -
|
Аудиторлық қорытынды есеп.
|
21
| -
|
Жабдықтау кезеңінің аудиті.
|
22
| -
|
Өндірістік кезең аудиті.
|
23
| -
|
Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңінің аудиті.
|
24
| -
|
Ақша қаражаттар аудиті.
|
25
| -
|
Ұзақ мерзімді активтер аудиті.
|
26
| -
|
Міндеттемелер мен капитал аудиті.
|
29
|
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
31
|
Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржы шаруашылық жағдайына тәуелсіз түрде баға беретін аудиторлық қызметттің маңыздылығы мен мәні артып отыр. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне тәуелсіз түрде баға беретін аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін арнайы білім мен біліктілікті меңгеру, кәсіби дағдыны меңгеру әрбір экономист үшін жауапты кезең болып табылады. Пән әрбір экономистке дұрыс шешім қабылдау мен талдау жасау мүмкіндігін және кәсіпорынның қаржы шаруашылық есебінің дұрыстығына баға беру мүмкіндігін береді.
Пәннің оқытылу мақсаты ішкі және сыртқы аудит қағидаттары мен әдістемелік тәсілдерімен таныстыру. Қарастырылатын тақырыптарға есеп беру мамандық стандарттары мен аудит жоспары, мәнділік және қауіпділік, ішкі бақылау мен аудиторлық сұрыптауды, аудиторлық дәлелдеулер мен оның құжаттарын, аудиттің сапасын бақылау және оның аудиттік іс құжаттарында көрсетілуін қамтиды.
Табыс табу, сатып алу және өндіріс шығындары, өнім өндіру және еңбек ақы, қаржыландыру және инвестиция, өнімді сату және қаржылық қорытындысының қалыптасуы кезеңдерінің атқаратын функциялары мен оларда қолданылатын аудит әдістемелері көрсетілген. Аудиттің ақпараттың көзі және бағдарламалық қамтамасыз етілудің пайдаланылуы келтірілген.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың енуімен қатар тәуелсіз бақылау ауқымды даму үстінде, себебі тәуелсіз бақылау экономикалық субъектілердің қаржылық есеп көрсеткіштерінің дұрыстығын пайдаланушылар үшін дәлелденді.
Семинарлық сабақтың мақсаты мен міндеттері
«Аудит негіздері» - бұл студенттерге аудиттің шығу тарихын, оның негізгі принциптерін, әдістерін және осы қызмет түрін нормативтік құқықтық реттеу тәртібін үйретеді. Сондай ақ студенттерге кәсіпорынның қаржы шаруашылық жағдайына тәуелсіз баға беруді үйретеді. Аудит негіздері студенттерге түрлі жағдайларда заң талаптарына қайшы келмейтін шешімдер қабылдауға үйретеді. Бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығына баға беріліп, талдау жасалынады. Бухгалтерлік құжаттардың, шоттардың дұрыс жүргізілуіне тәуелсіз баға беріледі.
Студенттерге «Аудит негіздері» пәнінің мазмұны қаржылық есеп мәліметтерін жалпылауға және әртүрлі пайдалануышылар үшін компанияның қаржылық қызметі туралы ақпарат көзі болып табылатын қаржылық есеп берудің негізгі түрін зерттеу және талдау болып табылады. Бухгалтерлік баланстың мазмұны, қаржы шаруашылық қызметі туралы есеп, ақша қоры қозғалысы туралы мәселелер ашылады; есептің негізгі нысанының байланысы қаралады; қаржы шаруашылық талдау туралы талдау көрсеткіштері анықталады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің негізгі реттеушілігіне көңіл аудырылады.
Студенттерге пәнді игеру үшін қажетті пәндер тізімі: Студенттерге «Аудит негздері» пәнін игеру үшін «Мамандыққа кіріспе» «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономикалық теория», «Қаржы», «Салық және салық салу» пәндерін игеруі қажет
Сабақтың мазмұны
Практикалық сабақ 1.
Тақырып Аудиттің теориялық негіздері.
Сабақты жүргізу тәртібі: Кіріспе семинар
Аудиториялық жұмыс:
Келесі сұрақтарға дұрыс жауап беріңіздер:
-
Аудиторлық қызметтің пайда болу себебі мен қажеттілігі неде?
-
Аудиторлық қызмет алғаш рет қай мемлекетте пайда болып, қандай қызмет атқарды?
-
Аудиторлар алғашында қандай қызмет атқарды?
-
Бухгалтерлік қызметті құқықтық реттеу актілерін атаңыз.
-
Аудиторлық қызметтің негізгі принцптері қандай?
-
Алғашқы аудиторлардың қызмет көрсетуіндегі ерекшеліктері қандай?
-
Әр түрлі елдердегі аудиторлық қызметтің ерекшеліктерін атаңыздар.
-
Аудиторлық қызметтің қазіргі даму жағдайына баға беріңіз.
-
Қазақстандық аудиторлық компанияларды атаңыз.
Студенттердің білімін тексеруге арналған кіріспе бақылау сұрақтары:
1-нұсқа
1.Бухгалтерлік есептің түсінігі мен мәні.
2.Тауарлы-материалдық қорлар есебі
3. Міндеттемелер есебі жүргізілетін шоттар.
4. ҚР салық жүйесінің қалыптасуы.
2-нұсқа
1. Бухгалтерлік есептің принцитері мен сапалық сипаттамалары
2. Ақша қаражатының есебі
3. Капитал есебін ұйымдастыруды қолданылатын шоттар.
4. Бухгалтерлік есептің әдістері
Практикалық сабақ 2.
Тақырып Аудиттің теориялық негіздері.
Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап алу, пікірталас.
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
-
Аудиторлық қызметті нормативтік реттеу деңгейлерін атаңыздар.
-
Қазақстан республикасында аудитті нормативті-құқықтық актілері.
-
Аудиттің Қазақстандық үлгілері (стандарттары) және олардың сипаттамасы.
-
Аудиторлардың кәсіби әдептілік кодексі.
-
Аудиторлардың әдептілік нормалары (қағидалары).
Студенттер келесі тақырып бойынша пікірталас өткізеді.
Пікірталас тақырыбы: «Аудиторлық қызметтің қазіргі даму жағдайы»
Пікірталас сценариі
Топ екі топқа бөлінеді. 1 тур. Өз пікірін қорғау.
1 топ. «Қазақстанда аудиторлық қызметтің даму деңгейі қарқынды. Оның дамуына жағдай жасалынған» деген пікірді қолдаушылар.
2 топ. «Дамыған мемлекеттермен салыстырғанда біздің елімізде аудиторлық қызметтің даму жағдайы қарқынды емес. Оның дамуына кедергі болатын себептер бар» деген пікірді қолдаушылар.
2 тур. Сұрақ жауап алмасу.
3 тур. Пікірсайыс.
4 тур. Қорытынды.
Өзін бақылауға арналған тапсырмалар:
Есеп 1.
Негізгі мәліметтер:
«Мерей» кәсіпорынында аудит жүргізілді, қателіктер табылмады. Кәсіпорынның директоры аудиторларға қымбат сыйлықтар берді.
Талап етіледі:
Егер кәсіпорында қателіктер табылмаса кәсіпорын директоры неліктен аудиторларға қымбат сыйлықтар берді? Жағдайды түсіндіріңіз.
Есеп 2.
1. Негізгі мәліметтер:
Аудит фирмасы ұзақ уақыт бойы кәсіпорында тексерулер жүргізіп 5 жыл бойы А.С.Ахметовты кәсіпорынның негізгі аудиторы етіп тағайындады. Әр жылы оның түрлі ассистенттері болды. Жанжал мүддесінің орны бар ма.Егер бар болса жеңу жолы қандай?
Есеп 3.
1. Негізгі мәліметтер:
«Мода Века» фирмасы дүкендерге көтерме киімдерді қою жұмысымен айналысады.2009 ж. директорлар кеңесінде «Эксклюзив» фирмасын пайдалануға шешім қабылданды, бұл фирмада көтерме саудамен айналысатын,бірақ эксклюзивті типте.Директорлар кеңесінің шешіміне негіз болған «Эксклюзив» фирмасының жарияланған 2008 ж. шығындар мен кірістер туралы есеп беруі негіз болды және аудиторлық қорытынды міндетті түрде негізгі алынды.жаңа фирманы алғаннан соң есеп беруді детальді тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде басқа нәтижелер белгілі болды: дебиторлық қарыздардың соммасы көтеріліп кеткен (себебі-компьютерлік бағдарламада кеткен қателіктер).Керісінше кредиторлық қарыздар төмендеген (себебі-2008 ж соңында түскен тауарлар есебі көрсетілмеген.). Сонымен бірге, 2008 ж кіріс және шығыс туралы есеп беруінде 41 мың тг көлемінде шығын болған (себебі-құндылықтар ұрланған).
«Эксклюзив» фирмасының 2008 жылының 01.01.2009 жылға балансы.
Баланс статьялары
|
Жарияланған.
баланс
|
Детальді тексеруден кейінгі
|
1
|
2
|
3
|
Айналымнан тыс қорлар:
Материалды емес активтер және негізгі қорлар
Айналымнан тыс активтердің барлығы
|
350
350
|
350
350
|
Айналымдағы қорлар:
Запастар
Дебиторлық және қысқа мерзімді қар салымдар
Банктердегі және кассадағы ақша қорлары
Айналымдағы активтердің барлығы
|
295
35
22
352
|
180
29
22
231
|
Баланс
|
702
|
581
|
Меншікті капитал:
Жарғылық капитал
Резервтік капитал
Бөлінбеген табыс
Барлық каптиалдар мен резревтер
|
380
-
181
561
|
380
-
41
421
|
Кредиторлар
Ұзақ мерзімді заемдық қорлар
Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар
Барлық кредиторлар
|
-
141
141
|
-
160
160
|
Баланс
|
702
|
581
|
Кірістер мен шығыстардың есебі
Сатудан түскен табыс
|
1000
|
1000
|
Стаудың өзіндік құны
|
700
|
700
|
Сатудан түскен кіріс
|
300
|
240
|
Басқа студан тыс шығындар
|
220
|
245
|
Есеп беру жылдағы бөлінбеген табыстар
|
80
|
5
|
Талап етіледі:
Болған жағдаяттарды талдап,аудиторлардың жауапкершілік мөлшері мен болатын нәтижелерді анықтау керек.
Практикалық сабақ 3.
Тақырыбы: Аудиттегі маңыздылық. Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап алу, семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
-
Маңыздылық түсінігіне анықтама беріңіз
-
Маңыздылыққа бағалауда қолданылатын стандартқа сипаттама беріңіз.
-
Маңыздылыққа бағалауда қолданылатын көрсеткіштер;
-
Сандық бағалау дегеніміз не?
-
Сапалық бағалау дегеніміз не?
-
Әлемдегі іс-тәжірибеде маңыздылықтың деңгейін анықтау тәртібін ашып көрсетіңіз.
-
Аудиттің нәтжесіне талдау жасау кезінде маңыздылық қағидасын қолдаудың мәні мен маңызы.
Төмендегі ситуациялық есепті шешу.
Есеп 1.
«Контакт» аудиторлық фирмасының фирма ішілік стандарттарына сай есеп беру көрсеткішінің 10% мөлшерінен асқан ауытқу маңызды деп саналады,5-10% интервал аралығындағы ауытқу маңыздылығы аудитормен бағаланады,5%-тен төмен ауытқу маңыздылығы жоқ деп табылады.
Анықтау қажет;
Клиенттің баланс баптары бойынша шекті ауытқудың шегін есептеңіз,егер баптар бойынша келесідей сомада берілсе:
-
негізгі құралдар-7.000.400 теңге
-
тмқ - 45.000.200 теңге
-
ақша құралдары 1.300.000 теңге
-
дебиторлар 2.200.000 теңге
Есеп 2.
Аудиттің мақсаты- қаржылық есеп беруді тексеру және оның нәтижесі бойынша тәуелсіз пікір білдіру.Бұл тексеру белгілі әдістер мен тәсілдерді пайдалануды талап етеді.
Анықтау қажет:
Жоғарыда аталғандар нәтижесінде келесідей процедураларды неге орындайтынын негіздеңіз:
-
ішкі бақылау жүйесін бағалау;
-
есеп жазбаларын жүргізу жүйесін тексеру;
- операцияларға рұқсат беретін құжаттарды тексеру;
- жеге жағдайларда растауда;
- сәйкестікпен маңыздылыққа тест алу;
Өзіндік тапсырма . Шарты Төмендегі сызба негізінде аудиторлық қорытынды мен маңыздылық арасындағы байланысты дәлелдеу қажет.
Маңыздылықты бағалау
Сандық
Сапалық
ОИ+ПИ
АС
Иә
Жоқ
Иә
Жоқ
Қаржылық есеп барлық маңыздылық аспектілерінде дұрыс. Ескертулері жоқ аудиторлық есеп.
Қаржылық есеп барлық маңыздылық аспектілерінде дұрыс емес. Теріс немесе бас тарту аудиторлық есебі.
Ескертулері бар немесе теріс аудиторлық есеп.
ОИ – анықталған қателіктер.
ПИ – мүмкін болатын қателіктер
АС – аудиторлық пайымдау
УС – маңыздылық деңгейі
>> немесе << - көбірек немесе азырақ
≈ - мағынасына жақын
Практикалық сабақ 4.
Тақырыбы: Аудиторлық қауіп.
Сабақты жүргізу тәртібі: семинар практикум
Аудиториялық жұмыс:
«Өзіңді тексер»
Келесі түсініктерді дұрыс түсіну қажет және оларға жауап беру қажет:
Аудиторлық қауіп түсінігіне анықтама беріңіз
-
Аудиторлық қауіп түрлерін атап шығыңыз.
-
Ішкі шаруашылық қаупіне анықтама беріңіз.
-
Бақылау құралдарының қаупіне анықтама беріңіз
-
Таба алмау қаупіне анықтама беріңіз.
-
№400 ХАС сипаттама беріңіз.
-
Бақылау процедураларын атап шығыңыз.
Бұл тақырып бойынша студенттер келесідей ситуациялық есептерді орындауы қажет;
Есеп 1.
Берілгені:
«Баланс» аудиторлық фирмасы «Батыр» АҚ-ның қаржылық есеп беруін аудитке дайындау үстінде АҚ-ның негізгі қызметіне жат операцияларды байқады және өткен кезеңнің қаржылық есеп беруінің аудитінің нәтижесі жоқ болып шықты.
Анықтау қажет:
А)қаржылық есеп берудегі қателіктер ықтималдылығын анықтау қажет; жоғары,орташа,төмен.
Б) қаржылық есеп беру кезіндегі қауіп түрін анықтаңыз.
Есеп 2.
Берілгені:
«Шанс» аудиторлық фирмасы «Казкабель»АҚ-ның қаржылық есеп беруінде бірқатар бухгалтерлік қателіктерді тапты, «Казкабель» АҚ-да ішкі аудит қызметі бар,
Анықтау қажет
А)Аудиторлық қауіп типін анықтау қажет
б)Есептегі қателіктерге жауапты адамды табыңыз
в)Аудитор ұсынысы қандай формада болады.
Есеп 3.
Қаржылық есеп беруді тексеруге дайындалу кезінде аудитор аудиторлық қауіп моделімен танысты. Аудиторлық қауіп моделі мына формуламен анықталады.
АР = ВХР*РК*РН
Мұнда, АР – қабылданатын аудиторлық қауіп;
ВХР – ішкі шаруашылық қауіп;
РК – бақылау қауіпі;
РН – анықталмау қауіпі.
Талап етіледі:
-
Қабылданатын аудиторлық қауіпді есептеу. Айталық, аудитор ішкі шаруашылық қауіп 80% құраса, ал бақылау қауіпі -50%, анықталмау қауіпі - 10 %.
-
Жоғарыда көрсетілген формуланы өзгерте отырып және п.1 берілгендерін пайдалана отырып, анықталмау қауіпін есептеу.
-
Анықталмау қауіпін аудитор аудит жоспарын мына көрсеткіштермен құруынан шыға келе: АР = 0,05; ВХ = 0,75; РК – 0,30 есептеу.
-
Аудиторлық қауіп формуласының және оған әсер етеін факторлар көрсеткіштерімен өзара байланыстарды түсіндіру.
Өзіндік тапсырма.
Аудиторлық қауіпті анықтаудағы аудитор әрекетіне баға беріңіз.
Кесте 1. Аудитордың мүмкін болатын аудиторлық қауіпті таңдауы бойынша әрекеті
Шарты
|
Аудитор әрекеті
|
Егер ажарамас қауіп мен бақылау қауіпі (немесе олардың бірі) төмен болса
|
Аудитор таба алмау тәукелін орта немесе жоғары деңгейіне бағдарлануға құқылы бірақ бұл жағдайда сәйкестік пен маңыздылыққа процедураларды пайдалана отырып бақылау қауіпдігімен ажырамас қауіпдігінің дұрыстығын алынған бағалаулардың дұрыстығын растау алуға міндетті.
|
Егер ажырамас қауіпімен бақылау қауіпі ( немесе екеуінің біреуі) – орташа немесе жоғары
|
Аудитор аудиторлық тәукелдікті төмендету бойынша шаралар қабылдауы қажет
|
Кесте 2.Таба алмау қауіпінің мүмкін болатын деңгейін анықтау
|
Бақылау қауіпін аудиторлық бағалау.
|
Жоғары
|
Орташа
|
Төмен
|
Ажырамас қауіпін аудтиторлық бағалау.
|
Жоғары
|
Ең төменгі
|
Төменірек
|
Орташа
|
Орташа
|
Төменірек
|
Орташа
|
Жоғарырақ
|
Төмен
|
Орташа
|
Жоғарырақ
|
Өте жоғары
|
Аудиторлық қауіпділіктің үлгілерін пайдалану тәсілдері.
Аудитор болашақта болатын аудиттің жоспарын жасау барысында шаруашылық ішіндегі қауіпдіктің 80%, бақылау қауіпдігі 50% және таба алмау қатері 10% деп жорамалдайды.аудитте қауіпдіктің осы сандары бойынша есептеп, аудитор нәтижесінде 4% алады. Егер аудитор бұл жағдайда қауіпдіктің осы жолғы (тиісті) қолайлы деңгейі 4 % -тен жоғары болмауы керек деп шешетін болса, онда ол әлеуетті жоспарды қолайлы деп санауы керек. Мұндай жоспар аудиторлық қауіпдіктің қолайлы деңгейін аудитордың алуына көмектеседі, бірақ ол тиімсіз. Әлде қайда тиімді жоспар жасау үшін аудиторлар қауіпдікті есептеудің екінші тәсілін жиі пайдаланады, яғни таба алмау қатері мен алуға жататын мәліметтердің тиісті санын анықтайды.
Осы мақсаттағы аудиторлық қауіпдік үлгілерінің формуласы былайша өрнектеледі:
DR=DAR/IR*CR
Практикалық сабақ 5.
Тақырыбы: Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау.
Сабақты жүргізу тәртібі: семинар практикум
Аудиториялық тапсырма.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Келесі түсініктерді дұрыс түсіну қажет және оларға жауап беру қажет:
-
Аудиторлық дәлелдер түсінігі
-
Аудиторлық дәлел түрлерін атап шығыңыз.
-
Аудиторлық дәлел алу көздері.
-
Аудиторлық дәлел алу әдістері
-
Жекелеген шаруашылық операцияларды қайта есептеу, түгендеу, есеп жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру.
-
Аудиторлық тексеру кезіндегі растаулар.
-
Құжаттарды тексеру тәртібі қандай?.
Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды.Олар:
-
түгендеу кезінде қатысу немесе бақылау
-
шаруашылық немесе бухгалтерлік есеп операцияларын орындау, бақылау
-
ауызша сұрақ жауап алу
-
үшінші тұлғадан алынған құжаттарды тексеру
-
клиент ұйым дайындаған құжаттарды тексеру
-
арифметикалық есептеулерді тексеру
-
талдау
Келесі есептер мен ситуациялық жағдайларды анықтап баға беріңіз:
Есеп 1.
Есеп жүйесінің дұрыстығын дәлелдейтін мәліметтер тобы бар.
А)Фактілік бақылау негізінде жасалған аяқталмаған өндіріс көлемін түгендеу белгісі бар;
Б)90, негізгі өндіріс бөлімшесі шоттары бойынша карточка алғашқы құжаттарымен қоса;
В)22, «тауарлар»бөлімшесі шоттар бойынша алғашқы құжаттар мен карточкалар;
Г) аудитор қатысқан түгендеу бойынша запастардың есебінің дұрыстық дәлелі
Анықтау қажет:
1.Келтірілген дәлелдеудің сенімділік деңгейін анықтаңыз;
Есеп 2.
Келесі көздерден алынған құжаттар бар;
-
үшінші тұлғадан;
-
клиенттен өзінің мәліметтері бойынша;
-
клиент фирма жазбалары негізінде аудитордың жинаған құжаттары;
Анықтау қажет:
Сенімділік тұрғысынан дәлелдеуді бағалау.
Есеп 3.
Келесідей құжаттар бар:
А)есеп саясаты
Б)Кіріс накладной
В)қоймалы күнделігі
Г)инвентаризациялық
Д)бухгалтерлік баланс
Ж)бас кітап
З)шот фактура
Осы аталған құжаттарды төрт топқа жіктеңіз:
А)Алғашқы
Б)Жиынтық
В)Көмекші
Г)Өкілетті емес
Есеп 4.
Экономикалық субьектінің бухгалтерлік есеп беруінің тәуелсіз экспертизасы кезінде аудитормен мына жағдайларда алынған дәлелдеулер қолданылған:
-
экономикалық субьекттің біріншілік бухгалтерлік құжаттарды тексеру кезінде;
-
материалдық құндылықтардың инвентаризациясына қатысу кезінде;
-
үшінші тұлғадан алған құжаттарды тексеру кезінде;
-
акционерлердің реестрінен алынған құжаттарды тексеру кезінде;
Талап етіледі:
Аудиторлық дәлелдеулердің сенімділік дәрежесін анықтау және оларды мәндік дәрежесіне қарай бөлу.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Аудиторлық дәлелдердің жіктеліну сызбасын жасаңыз. Осы сызбаны ары қарай толықтырыңыз.
Аудиторлық дәлелдер
Практикалық сабақ 6.
Тақырыбы: Клиенттің ішкі бақылау жүйесі.
Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, топтық ойын.
Аудиториялық жұмыс:
«Өзіңді тексер»
Келесі түсініктерді дұрыс түсіну қажет және оларға жауап беру қажет:
-
Клиенттің үшкі бақылау жүйесін сипаттап беріңіз
-
Клиенттің ішкі бақылау жүйесінің элементтерін атаңыз.
-
Бухгалтерлік есеп жүйелерін бақылаудың мақсаты. (БЕЖ).
-
Бақылау ортасы туралы түсінік (БО) және оның элементтері.
-
Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері.
Ішкі бақылау жүйесі бұл клиент басшылығы өз қызметін дұрыс жолға қою үшін қабылдаған саясат пен процедуралар. Бұл клиент басшылығының саясатын сақтауды, активтерінің сақталуын, қателіктерді болдырмауды бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге қаржылық ақпаратын дер кезінде орындалып сенімді болуын қамтамасыз ету қажет.
Ішкі бақылау жүйесінің алдында келесідей 7 мақсат тұрады. Бұл мақсат қателіктерді болдырмауға қол жеткізуге көмек береді. Сенімділіктің қажетті дейгейін қамтамасыз ету үшін клиентің ішкі бақылау жүцесі келесідей болуы қажет:
-
есепке алынған шаруашылық операциялар тіркелуі қажет, олрадың нақтылығы
-
шаруашылық операциялары қажетінше рұқсат алынуы қажет
-
жүзеге асырылған шаруашылық операциялардың есепте көрсетілуі
-
шаруашылық операциялардың дұрыс бағалануы
-
шаруашылық операциялардың шотта көрсетілуі қажет. Бұл қаржылық берудің объективті түрде жасалғанын бағалауға мүмкіндік береді
-
шаруашылық операциялардың дер кезінде рәсімделуі қажет
-
шаруашылық операциялар бойынша жазбалар регисторда жазылып, оның нәтижесі дұрыс соммаланып, жалпылануы қажет.
Төмендегі сұрақтар бойынша жазба жұмысын орындау.
-
Ішкі бақылау жүйесі түсінігі.
-
Ішкі бақылау жүйесінің 7-мақсаты.
-
Клиенттің ішкі бақылау жүйесінің маңыздылығы.
-
Ішкі бақылау жүйесінің міндеттері.
-
Ішкі бақылау жүйесінің элементтері.
-
Бақылау ортасы.
-
Бақылау ортасын бағалаудағы маңызды элементтер.
-
Есеп жүйесі.
-
Бақылау процедуралары.
-
Ішкі бақылау жүйесінің кәсіпорын немесе ұйымның қызметіне әсері.
Топтық ойын. Топ екіге бөлініп әрбір топ өзінің фирмасы үшін қажет ішкі бақылау жүйесін жасауы қажет. Ол жоба тақырып бойынша қамтылған мәселелерді міндетті түрде қамтуы тиіс. Ішкі бақылау жүйесінің алдындағы 7 мақсатты қамтып, осы жүйенің сенімділігіне баға беруі тиіс.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Тақырыпты бекітуге арналған тапсырма.
Есеп 1.
НПО «Прогресс» бүкіл республика бойынша филиалдары кең тараған. өндіріс пен өнім ассортиментінің бірдей шартына қарамастан, олардың кейбіреулері шығынды. НПО «Прогресс» басшылығы аудиторлық фирмаға пайда болған жағдайды шешуге көмектесуді сұранады.
Талап етіледі:
Келісім затын қалыптастыру. Сәйкес аудиторлық қызметтерді көрсету.
Есеп 2.
Компания басшылығы аудитордың тәжірибесі мен мамандық білімдерін бағалады, ол есеп беру кезеңінің компания қызметінің қорытындысы бойынша міндетті аудиторлық тексеру жүргізді. Тексеру жүргізіп болған соң аудиторға жоғары төленетін ішкі аудит бөлімінің басшысы лауазымын ұсынады.
Талап етіледі:
Жағдайды талдау және аудитордың іс-әрекетін негіздеу.
Есеп 3.
Айдаров мырза спорт кешенінде 7 жыл бухгалтер болып істеп, жоғары квалификациялы маман болып саналды. Есеп беру кезеңінің басында жұмыстан босатылды және аудиторлық қызмет айналысуға лицензия алды. Спорт кешенінің басшылығы одан міндетті аудиторлық тексеру жүргізуін сұранады.
Талап етіледі:
Жағдайды талдау және негізделген шешім қабылдау.
Практикалық сабақ 7.
Тақырыбы: Аудитті жоспарлау және ауқымы
Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, жағдайды талқылау
Аудиториялық жұмыс:
Жоспарлау аудиттің көлемі мен мерзіміне сипатына қарай стратегия мен тәсілдерді өңдеу. Аудитор өз қызметін тиянақты жоспарлауына келесідей үш себеп әсер етеді:
-
клиенттік іс-әрекеті туралы қажетті дәлелдер жинауға мүмкіндік береді
-
аудит шығындарын шекті мөлшерде ұстауға көмектеседі
-
клиентпен түрлі келіспеушіліктерді болдырмауға көмектеседі.
Аудитті жоспарлау 300-жоспарлау деп аталатын халықаралық аудит стандартары негізінде жүзеге асырылады.
Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсету маңызды болып табылады. Өйткені клиентке аудитордың не үшін келгенін және жүргізетін тексерудің қандай пайда алып келетінін түсіндіру қажет.
1. Төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жасап, әрбір студент өз пікірін ортаға салуы қажет. Сонымен бірге аудитті жоспарлауды ұтымды етіп ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасау қажет.
-
Аудитордың жоспарлау қызметіне әсер ететін факторлар.
-
Аудиторлық жоспарлау кезеңдері.
-
Алдын-ала жоспарлау.
-
Алдын-ала жоспарлаудың мақсаты.
-
Аудиторлық жоспарлаудың кешенділік принципі.
-
Аудиторлық жоспарлаудың үздіксіздік принципі.
-
Аудиторлық жоспарлаудың ұтымдылық принципі.
-
Аудит жұмысының бағдарламасын жасау маңызы.
-
Жалпы жоспарлаудың маңызы.
-
Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсетудің мәні.
2. Тақырыпты бекітуге арналған тапсырма. Аудитті жоспарлау кезеңдерінің сызбасын дайындаңыз, өз ұсынысыңыздың маңыздылығын дәлелдеңіз.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Тақырыпты бекітуге арналған тапсырма.
Ситуациялық есептер шығару.
Есеп 1.
Біріншілік бухгалтерлік құжаттарды қоюды және олардың дұрыс безендіруді болжамды экспертизадан өткізу кезінде аудитор 15000 тіркелген шот-фактуралардың 10000 шот-фактурасы сауда фирмасының тұрақты жабдықтаушыларына ұсынылғанын анықтады. Шот-фактураларды таңдап тексеру керектігін шешіп, аудитор 1000 құжатқа таңдаулық жинтықтың мөлшерін орнатты.
Талап етіледі:
Таңдау интервалының мөлшерін және тексеруге жататын шот-фактураның реттілік нөмерін анықтау.
Есеп 2.
Экономикалық субьектінің бухгалтерлік есеп беруінің тәуелсіз экспертизасы кезінде аудитор тауарлы қорлардың жалпы құнын растау керек. Бухгалтерлік есептің берілгендері бойынша тауарлы қорлардың жалпы құны 850 мың тенге құрайды. Аудитор бухгалтерлік есептің 275 мың тенге көлемінде тексеріп қателіктер тауып, 3000 тенге жетпейтінін анықтады.
тауарлы қорлардың жалпы құнын анықтады.
Талап етіледі:
Мүмкін қателіктер мөлшерін анықтау және тауарлы қорлардың жалпы құны бухгалтерлік есеп берілгендердің кемшіліктерін анықтау.
Есеп 3.
Құрылыс материалдарының өндірісі бойынша АҚ-ның басшылығы аудиторлық компанияға есеп беру жылында АҚ-ның қызметінің қорытындысы бойынша инициативті аудит жүргізу ұсынысымен келді. Клиенттің бизнесімен танысу кезінде аудитор АҚ-ның қолма-қол ақшамен есеп айырысатын халыққа құрылыс материалдарын сату-сатып алумен айналысатынын анықтады. Халыққа құрылыс материалдарын сату-сатып алу көлемі жалпы сату-сатып алу көлемінің 30%-н құрайды.
Талап етіледі:
Аудиторлық тексерудің жұмыс бағдарламасын өңдеу және біріншілік аудит кезінде ерекше көңіл бөлуді талап ететін бағыттарды көрсету.
Практикалық сабақ 8.
Тақырыбы: Аудиторлық қорытынды есеп.
Сабақты жүргізу тәртібі: жеке жоба
Аудиториялық жұмыс:
1.Жеке жоба. Аудитор жұмысының соңғы кезеңі аудиторлық қорытынды болып табылады. Лекциядан бізге оның түрлері, құрамы мен мазмұны түсінікті. Лекция материалдарын пайдалана отырып, аудиторлық қорытынды түзу қажет.
Аудиторлық қорытынды құрылымы
-
Кіріспе бөлім
-
құжаттың аты;
-
адресат;
-
кіріспе параграф;
-
Талдамалық бөлім.
-
аудиттің масштабы көрсетіледі;
-
ХАС қа сілтемелер көрсетіледі;
-
Аудитор орындаған жұмыс сипатталады.
-
Қорытынды бөлім.
-
қаржылық есептілік туралы аудитордың пікірі;
-
есеп беру датасы;
-
Аудитордың адресі
Осы құрылымды пайдалана отырып, аудиторлық қорытынды дайындаңыздар.
2. «Аудиторлық қорытындының ұсынылу жағдайы қандай?» деген тақырыпта студенттер өз пікірін бөліседі. Әрбір кәсіпорын үшін оңтайлы қорытынды алу маңызды, ал анықталған қателіктерді аудиторлық қорытындыда қалай көрсету қажет.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар
-
Аудиторлық қорытынды есеп берудің маңызы.
-
Аудиторлық қорытынды пікір түрлері және оның берілуі.
-
Кері немесе бас тарту пікірінің ұйым қызметіне әсері.
-
Аудиторлық пікір және оған әсер етуші факторлар.
-
Аудиторлық есеп берудің негізгі элементтердің маңызы.
-
Кіріспе бөлімде көрсетілетін элементтер.
-
Кіріспе бөлім құрамы.
-
Аналитикалық бөлімінің көрсетілу маңыздылығы.
-
Қорытынды бөлімде көрсетілетін элементтер.
-
Аудиторлық қорытындының кәсіпорын немесе фирма қызметіне әсері.
Практикалық сабақ 9.
Тақырыбы: Жабдықтау кезеңінің аудиті.
Сабақты жүргізу тәртібі: семинар практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңыз.
1. Жабдықтау кезеңінің шоттарының және аудиторлық тексеру бағыттарының өзара байланысы қандай?.
2. Жабдықтау кезеңіндегі ақпараттар көздері.
3. Қаржылық қорытынды есепте жабдықтау кезеңінің шоттарының дұрыстығына қойылатын талаптар қандай?
-
Ситуациялық есеп шығару.
Есеп 1.
Субьект 40000 тенге құны бар қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатып алды. Делдалдық ұйымның сыйақы төлеу шығындары келісім сомасының 10 %-н құрады. Бухгалтерлік есепте жазбалар жасалған.
Бағалы қағаздар сатып алынды
Дт 5000 «Акция» 40000
Кт 3390 «Басқалар» 40000
Делдалға сыйақы есептен шығарылды::
Дт 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» 4000
Кт 3390 «Басқалар» 4000
Делдалға қызметі үшін төленді:
Дт 3390 «Басқалар» 44000
Кт 1030 «Есеп айырысу шоты» 44000
Талап етіледі:
-
Жазбалардың дұрыстығын тексеру
-
Сәйкесінше қорытындылар жасау.
Есеп 2.
«Вега» АҚ 150000 тенгеге тауарлар сатып алды. Олар бухгалтерлік есепте былай жазылған: Дт 1310 Кт 3310. келесі бухгалтерияда тауар құнын қателесіп өндіріс шығындарына жатқызылған: Дт 8010 Кт 1310. тексеру кезінде бұл тауарлардың сатылғаны анықталды. Сатушыдан келген қаражаттар
Дт 1030
Кт 3390 240000 тенге болған.
Талап етіледі:
Тауарларды сату-сатып алу бойынша дұрыс корреспонденциялық шот құру.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Жабдықтау кезеңі аудитіне арналған тест дайындаңыздар.
Практикалық сабақ 10.
Тақырыбы: Өндірістік кезең аудиті.
Сабақты жүргізу тәртібі: семинар практикум
Аудиториялық жұмыс:
1. Келесі сұрақтардың мәнін ашып, түсініктеме беріңдер.
-
Өнімнің өзіндік құны дегеніміз не.
-
Өндірістік шығындар есебін жүргізудегі жіберілетін қателер.
-
Аудитор есеп саясатын сақтау мақсатында бекітетін мәселелер.
-
Өзіндік құнды калькуляциялаудағы қарапайым әдіс.
-
Өзіндік құнды калькуляциялаудағы тапсырыстық әдіс.
-
Өзіндік құнды калькуляциялаудағы қайта жасау әдіс.
-
Өзіндік құнды калькуляциялаудағы нормативтік әдіс.
-
Шығындар элементтері.
-
Өндірістік шығындар есебін аудиторлық тексеру кезінде тексерілетін құжаттар.
-
Үстеме шығындар түсінігі.
2. Жағдайды айқындап үйрену. Өндірістік кезеңнің аудиті бағдарламасын жасап, оны жүргізудегі аудиттің әдістерінің тиімділігін анықтаңыздар.
Практикалық сабақ 11.
Тақырыбы: Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңінің аудиті.
Сабақты жүргізу тәртібі: семинар талқылау
Аудиториялық жұмыс:
1. Жеке жоба.
Топтағы әрбір студент сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасуы кезеңі аудиті бойынша аудиторлық бағдарлама жасауы қажет.
2. Топтық ойын. Студенттер топқа бөлініп, әрбір команда аталған кезең бойынша аудиторлық тексеру тәсілдерін ұсынуы қажет.
-
Төмендегі сұрақтар бойынша өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
-
Ұйымның таза табысы.
-
Өнімді өткізуден түскен табыс түсінігі.
-
Қаржылық шаруашылық нәтижесі туралы есеп беру кезеңіндегі табыс бойынша ақпараттар.
-
Негізгі қызметтен түскен табыс.
-
Кәсіпорынның жалпы табысы.
-
Сакту кезеңінің аудиторлық бағдарламасы өнімді өткізудегі бекітетін мәселелер.
-
Қаржылық есеп беру құрамы.
-
Қаржылық есеп беру кезеңіндегі тексерілетін құжаттар.
-
Төтенше жағдайлардан түскен табыс түсінігі.
-
Ұйымның қаржылық шаруашылық тексерудегі арифметикалық формулалар.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңінің аудитіне арналған тест дайындаңыздар.
Практикалық сабақ 12.
Тақырыбы: Ақша қаражаттар аудиті.
Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, топтық тапсырма орындау
Аудиториялық жұмыс:
1. Топтық тапсырма. Ақша қаражаттарының аудитін тексеру бағдарламасын жасаңыз және төмендегі сызбаны толтырыңыз (жалпыдан жекеге ):
2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
-
Кассадағы ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру тәртібі қандай?.
-
Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда қандай шоттар қолданылады?
-
Ақша қаражаттар аудитін ұйымдастыруда қандай талаптар қойылады?
-
Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда қолданылатын құжаттарға сипаттама беріңіз.
-
Кассадағы ақша қаражаттары есебін ұйымдастыру кезіндегі журнал ордерлердің маңызы.
-
Банкідегі есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті.
-
Банкпен кассадағы ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда қолданылатын құжаттар.
-
Аудит барысында тексеруді талап ететін негізгі бекітулер.
-
Тестілер жүргізу бақылау құралы ретінде сенімділігін бағалаңыз.
-
Банк көшірмесін кім дайындайды және оның дұрыстығына кім жауапты?.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
-
Ақша қаражаттарын есепке алу бойынша шотар корреспонденциясын түзіңіз.
-
Ақша қаражаттарын дұрыс аудиторлық тексеру тәртібін баяндаңыз.
Практикалық сабақ 13.
Тақырыбы: Ұзақ мерзімді активтер аудиті.
Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, топтық тапсырма орындау
Аудиториялық жұмыс:
1. Тақырып бойынша төмендегі түсініктерге анықтама беріңіздер
1. Материалдық емес активтер туралы түсінік.
2. Материалдық емес активтердің түрлерін жіктеу және бағалау.
3. Материалдық емес активтерді анықтау және тану критерийлері.
4. Материалдық емес активтердің есебін құжаттау
5. Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу.
6. Материалдық емес активтердің есептен шығарылуын және амортиза-
циясын есептеу .
7. МЕА бағалаудың негізгі экономикалық әдістері.
8. Материалдық емес активтерді аудиторлық тексеру.
9. Материалды емес активтерді кіріске алудың толықтығы мен дұрыстығын тексеру
10. Материалдық емес активтердің қозғалысын тексеру ерекшеліктері.
11. Материалды емес активтерді кіріске алу мен қозғалысын тексерудегі ақпарат көздері.
12. МЕА есебін ХҚЕС на сай ұйымдастыру.
-
Төмендегі есептерді шешіп, жауаптардың дұрыстығын ауызша дәлелдеңіздер.
Есеп 1.
Тапсырма шарты: Авторлық құқықтың жыл сайынғы амортизация нормасын есептеңіздер
Берілген мәліметтер: «Астық» корпорациясы компьютер негіздері бойынша оқулық сатып алды.Пайдалы қызмет ету мерзімі – 4 жыл. Дегенмен авторлық құқық 50 жыл ішінде өз күшінде қалады.
Есеп 2.
Тапсырма шарты: Есептелінуге тиіс амортизация сомасын анықтаңыз.
Берілген мәліметтер: «АҚ мол » компаниясы әйгілі супермаркеттің әлемге танымал сауда маркасын сатып алды – 160000тенге. Компания басшылығы сауда маркасы құнының өзгеріссіз болмайтынына күмәнданып, қажет болса ол көбейеді деп тауып, амортизация есептемеуді қажет деп тапты.
Есеп 3.
Тапсырма шарты: Патент амортизациясын патент шоттарында көрсетіңіз.
Берілген мәліметтер: «Алтын дән» компаниясы «Цесна» компаниясынан 3 жылға патент сатып алып, 600000 тенге төледі. Патентке 3 жылда бірдей бөлу әдісімен амортизация есептелінеді.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
-
Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасын дайындаңыз.
-
Материалдық емес активтерді есепке алуда қолданылатын шоттар корреспонденциясын жасаңыздар.
Практикалық сабақ 14.
Тақырыбы: Ұзақ мерзімді активтер аудиті.
Сабақты жүргізу тәртібі: жазба жұмыс, сұрақ жауап, топтық тапсырма орындау
Аудиториялық жұмыс:
-
Түсініктеме жазу .Тақырыбы: «Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді неден бастау қажет?». Егер өз ұсынысыңыз болса оны дәлелдеңіздер.
2. Тақырып бойынша төмендегі түсініктерге анықтама беріңіздер
1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
2. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және
оның аналитикалық есебін ұйымдастыру
3. Негізгі құралдың тозуын және амортизациясын есептеу
4. Негізгі құралдарды жөндеудің және жал операцияларының есебі
5. Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп
6. Негізгі құралдардың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау.
7. Негізгі құралдардың аудиторлық тексерудің бағдарламасы
8. Негізгі құралдардың қозғалысын тексеру
9. Амортизация есептеудің дұрыстығын тексеру
-
Топтық тапсырма. Топ студенттері бөлініп, амортизация есептеудің түрлі әдістерін таңдап алып, оның тиімділігі мен кемшілігін анықтап, тиімді әдісті ұсынуы қажет. Осы тапсырма бойынша төмендегі кестені толытырыңыз.
Амортизация есептеу әдістері
|
Түзу сызықты әдіс
|
Өндірістік әдіс
|
Кумулятивті әдіс
|
Азайып отыратын қалдық әдісі
|
Артықшылығы
|
|
|
|
|
Кемшілігі
|
|
|
|
|
Қолданылу саласы
|
|
|
|
|
Есептеу тәртібі
|
|
|
|
|
Есептеу формуласы
|
|
|
|
|
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Тақырыпты бекіту мақсатында студенттер келесі есептерді орындап, есептелген амортизация сомасының дұрыстығына баға беріңіздер.
Есеп 1.
Тапсырма шарты:
Фермаға шөп ұсақтағыш станок сатып алынды. Станоктың бастапқы құнын анықтаңыз және қажетті бухгалтерлік жазуларды жасаңыз.
Берілген мәліметтер:Станокты сатып алу құны ҚҚС-сыз 1025000 тенге, ҚҚС -12%, жеткізу бойынша транспорттық шығындар 23000 тенге, монтаж бойынша шығыстар- 12980 тенге.
Есеп 2.
Тапсырма шарты:Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жүк машинасының бастапқы құнын анықтаңыз.
Берілген мәліметтер: Жүк машинасының бағасы 60000 тенге. Шоферға офис тұрақжайына жеткізіп бергені үшін қызмет құны – 400 тенге. Тасымалдау кезіндегі бензин құны – 150 тенге, жыл бойындағы май ауыстыруға - 600 тенге.
Есеп 3.
(НҚ есептен шығуы.) Тапсырма шарты: Қажетті есептеулер мен бухгалтерлік жазбаларды жасаңыз:
-
Берілген жүк көтергіш машинаның баланстық құнын есептен шығаруға.
-
Жинақталған тозу сомасын есептен шығаруға.
-
берілетін жүк көтергіш машинаның келісілген құнын көрсету.
-
Есепті кезең соңында жүк көткргіш машинаны беруден алынған табыс пен зиян.
Берілген мәліметтер: «Астық» кәсіпорынына 2005 ж 1 тамызынан бастап басқа кәсіпорынға жарғылық капиталға салым ретінде беріледі. Жүк көтергіш машинаның бастапқы құны 700000 тенге, ал пайдалану мерзімі – 3 жыл, нормативті қызмет ету мерзімі – 6 жыл. Амортизация кумулятивті әдіс бойынша есептелген. Берілген жүк көтергіш машинаның келісілген құны 500000 теңгені құрайды.
Практикалық сабақ 15.
Тақырыбы: Міндеттемелер мен капитал аудиті.
Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, семинар практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өз біліміңізді тексеріңіз, өз жауабыңызды фактілермен дәлелдеңіз:
-
Капитал бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі;
-
Капитал түрлері мен құрылымы және есебі жүргізілетін шоттар;
-
Капитал аудитінің бағдарламасын дайындауда алдыңызға қойылатын алғы шарттарды атаңыз.
-
Кәсіпорындарда жиі қолданылатын еңбекке ақы төлеу формасы қандай?
-
Еңбек ақыдан ұсталымдар қалай ұсталынады және оның мөлшері қалай анықталынады?.
-
Айлық есептік көрсеткіш- түсінігі, мөлшері мен өзгеру себебі.
-
Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысуда қолданылатын құжаттар мен шоттарға сипаттама беріңіз.
-
Салық ставкалары мен оның дұрыс есептелінуіне бақылауды ұйымдастыру тәртібі.
-
Басқа да несиелік борыштар аудитін ұйымдастыру тәртібі.
2. Топтық жоба. Капитал мен міндеттемелер аудитін жүргізу бойынша аудит жоспарын жасаңыздар.
3. Жеке тапсырма . Жеке тұлғаның жалықысы 50000 теңге . Ол төлейтін салық мөлшерін анықтаңыз. Меншігінде автокөлігі, үйі бар. Қандай салық түрлерін төлейді және қандай мөлшерде.
Заңды тұлға үшін салықтар тізімін анықтап, оның мөлшерін бекітіңіздер.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.
Келесі ситуациялық есеп шығара отырып, студент .
Есеп 1.
Еңбекке ақы төлеу мерзімімен аудиторлық тексеру мерзімі сәйкес келді. Сіз қандай әрекет жасайсыз?
Есеп 2.
Еңбек ақыдан ұсталымдар сомасының дұрыстығын дәлелдеу қажет. Жеке табыс салығы 10 %, әлеуметтік салық 3 %. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру себебін түсіндіріңіздер.Сіздің әрекетіңіз.
Есеп 3.
Еңбекке ақы төлеу мерзімімен аудиторлық тексеру мерзімі сәйкес келді. Сіз қандай әрекет жасайсыз?
Есеп 4. Еңбек ақыдан ұсталымдар сомасының дұрыстығын дәлелдеу қажет. Жеке табыс салығы 10 %, әлеуметтік салық 3 %. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру себебін түсіндіріңіздер.Сіздің әрекетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
-
Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник – Алматы: Экономика, 1995
-
Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности : УчебноеПособие – Алматы: «Қаржы қаражат»
-
Ержанов М.С. Аудит 1 Алматы : 2005
-
Ержанов М.С. Теория и практика аудита.- Алматы: Ғылым, 1994
-
Аудит Учебник для вузов.В.И.Подольскии,А.А.Савин.-М.:ЮНИТИ ДАНА,2004
-
Абленов Д.О. Аудит негіздері. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005. 400 бет.
-
Әжібаева З.Н. Аудит.: Оқулық - Алматы:2006
Қосымшалары:
-
Адамс Р. Основы аудита. Пер с англ (Под. ред. Я.В Соколова) М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995.
-
Банковский аудит – в2-х частях,-М.: БУ, 1994.
-
Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. – М.: ИИД «Филин», 1995
-
Белобжецкий И.А. Бухгалтерский учет и внутренный аудит. В –2 х частях. –М.: Бухгалтерский учет 1994
-
Бухгалтерско – аудиторский портфель. – М.: Саминтэк 1994.
-
Данилевский Ю.А. Аудит: организация и методика проведения – М.: Финансы и статистика, 1992
-
Данилевский Ю.А. Общий аудит , аудит бирж, внебюджетных фондов и инвестиционных институтов – М.: Бух учет 1996
-
.Кармайкл Д.Р., Бенис М. Стандарты и нормы аудита. Перевод с англ.
Нормативтік заң актілері
1. ҚР Конституциясы 30.06. 95 ж. өзгерістерімен қоса.
-
20.11.1998ж . «Аудиторлық қызмет» ҚР Заңы
-
15.01.2001 ж. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ҚР Заңы.
-
Казахстанские стандарты по аудиту. Алматы «Қаржы қаражат»1995 ж.
-
Кодекс этики аудиторов РК. Алматы «Қаржы қаражат»1995 ж.
-
Международные стандарты по аудиту.
-
Халықаралық қаржылық есептің стандарттары. Москва 2005
-
ҚР Салық Кодексі 2009 жыл.
-
Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 Бұйрығы.
-
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № 221 Бұйрығы
-
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы
-
Қазақстан Республикасының Заңы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Жариялануы: "Егемен Қазақстан" 2007 ж. 12 наурыз № 63-64 (24641
Ахметова С.С.
050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне «Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық (семинар) сабағын жүргізуге арналған
әдістемелік нұсқау
Мөр басылымы «_»______ 2009ж...
Қағаз форматы Х×Y1/16
Типографиялық қағаз. Офсеттік қағаз.Көлемі 2,5 б.қ.
Тираж ... дана.Тапсырыс*
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік- Қазақстан мемелекеттік университеті
Баспа орталығы М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент,Тәуке хан даң,5
*Берілген мәліметтер АО қойылады
Достарыңызбен бөлісу: |