Реферат Тақырыбы: Адам дамуын объективті жүйелі зерттеу Қабылдаған: Шолпан Оралгалиевна Орындаған: Марданова Балжан



Дата19.10.2023
өлшемі46.46 Kb.
#481166
түріРеферат
Марданова Балжан психология


Alikhan Bokeikhan University
Гуманитарлық факультет
Тарих кафедрасы

Реферат
Тақырыбы:Адам дамуын объективті жүйелі зерттеу


Қабылдаған: Шолпан Оралгалиевна
Орындаған: Марданова Балжан
Тобы: И-301
Пәні: Психология

Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Тұлға
2.2. Дүниетаным көзқарас
2.3. Дүниетанымның тарихи формалары.
2.4. Бала психикасының зерттеу әдісінің жіктелуі
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi.Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды. 
2.1
Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.”
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
2.2
Дүниегекөзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi. Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан,бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне,дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi – практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi –практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар.Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар(категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады,объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады.
2.3
Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше. Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
2.4
Балалар психологиясының зерттеу әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.
Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері – бақылау және эксперимент. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент жатады.
Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау – күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар.
Бақылау әдісі. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.
Өзін бақылап жүргенін бала сезбеуге тиіс. Әйтпесе ол табиғилығын және еркіндігін жойып алады да, оның мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Сондықтан бақылауды бала үйреніскен, баламен күнделікті болып жүрген адамның жүргізгені дұрыс.
Бақылаудың жаппай және ішінара бақылау деген екі түрі болады. Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез- құлқының көп жағын қамтиды.
Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Соның бірі неміс психологы В.Штерн (1871-1938) әйелі (К. Штерн) екеуі жүргізген күнделігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 ж) сәбилік шақтағы балалардың ақыл-ойының даму кезеңдерін бөліп көрсете отырып, немерелерін бақылаған қорытындыларына жиі сүйенеді. Кеңес зерттеушісі Н.Н.Ладыгина Корс (1889-1963) кішкентай Шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулары нәтижесінде бала мен жануарлар балалары дамуының ерекшеліктерін салыстырды.
Көрнекті совет зоопсихологі Надежда Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты 1,5 жастық шимпонзені 4 жылға дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген, зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10 жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау жүргізеді. Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы мен адамның жас баласы» атты кітабы шығады. 2 сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастығы мол. Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып, қолын жерден босата алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды дұрыс жетілуге апармайды. Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын түсінбейді. Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық, конструкциялық сипаттағы ойындар. Маймыл баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл Локктар да шамамен осындай нәтижеге жеткен. ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Синх қасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді. Олар 4 аяқтап жүреді, адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала 1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9 жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде төрт аяқтап кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған. Адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдай да, тәрбие де қажет. Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты. Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан ажырататынын аса баңызды айрықша белгілердің бірі. Хайуанаттар миы инстингтер механизімі мінез құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі негізінен туған кезге дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген. Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді.
Ішінара бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе оның белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек ойын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы немесе бір ғана үдерістің кемшілігі есепке алынады. Ч.Дарвиннің өз ұлының эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал, кеңес лингвисі А.Н.Гвоздев (1949) өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды.
Фактілерді алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Бақылауды жоспарлы түрде жүргiзе бiлу керек: нақты және объективтi түрде зерттеу. Бақылау таңдаулы болуы тиiс, бiрақ сол мезетте жалпы және нақты болу керек. Бақылауды тек жүйелi, бiрiздi түрде жүргiзсе ғана өз мақсатына жетедi.
Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек.
Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу. Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi әрекеттерi, ойлары жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен ерекшеленедi:
— Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды. Балалар арттарынан ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн еркін ұстайды.
— Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретiнде көредi.
— Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзi, күйзелiстерi оның құрдастарының сөздерiнен, қылығынан туындайды. Сондықтан бақылау әдiсi баланың ұжымдағы басқа балалармен қандай қарым-қатынаста болатынына мүмкiндiк бередi.
— Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын анықтауға мүмкiндiк бередi.
Жағымсыз жақтары:
— Бақылап жатқан деректердiң шындылығы әр құбылыстың түсiнушiлiгiн, талдауын қиындатады;
— Балаларды бақылай отырып, зерттеушi ешнәрсенi түзете алмайды, тек қана бақылап жатады.
— Зерттеушi бiр деректi бiрнеше рет қайталануын қамтамасыз ете алмайды.
— Бақылау әдiсi арқылы жиналған деректер суреттелген түрде қабылданады.
Қорытынды
Адамның дамуында психологияның көмегі өте зор.Адамның қабілетін ашу үшін оны бала кезінен бастап зерттеу керек.Қандай нәрсеге икемді,нені жақсы көреді,қалай өзін сезінеді,адамдармен қабілеті қандай,қандай нәрсеге келгенде қысылады мұның барлығын зерттеп байқау қажет.Зерттеу нәтижесінде яғни баланың психологиясын зерттеу,оған болашаққа дұрыс бағдар беру қабілеттерін ашу ол өте маңызды іс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тұрдалиева, Шолпан Тұрсынбайқызы.Психологиядан практикум кітабы
2.Немов, Роберт Семенович. Психология
3.Джакупов, Сатыбалды Мукатаевич.Общая психология
4.Туркпен-улы, Жолмухан.Основы общей и педагогической психологии

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет