Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері



бет48/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Kniazbaev kures — копия

Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері.
Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері» атты бөлімінде тек қазақ күресіне тән ерекшеліктер мен жарыс ережелері, жекпе -жекті жүргізу шеберлігі мен әдісі, жеңіске жетудің бірегей әдістері мен тәсілдерін қалыптастыруға, қолданылатын тәсілдердің сапасы мен тиімділілігін жақсартуға септігін тигізетін әдістер, көрсетілген ерекшеліктерді зерттеу нәтижелері талқыланады. Сонымен бірге спорттық күрестің олимпиялық және халықаралық түрлеріне қатысты жеңіске жетудің

53


тәсілдерін орындау әдістерінің белгілі бір ұқсастықтары мен қолданылуы, қолданылатын құралдары мен күресу әдісі талқыланады, бұл әсіресе киіммен күресу спорттық түрлеріндегі және жас спортшылармен жұмыста қазақ күресі бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа спорттық күрестің басқа түрлері өкілдерінің тиісті дайындықтан кейін қазақ күресінен жарыстарда ойдағыдай өнер көрсету мүмкіндіктері талқыланады, бұл қолда бар жарыстарды өткізу практикасымен расталып отыр. Қазақ күрес бойынша жарыстардың ережелері күресті түргеп тұрып жүргізуге ғана мүмкіндік береді, бұл төрттағандық күреске оқыту қажетінсіздіктен түргеп тұрып күресу әдісін игеруге оқыту уақытын қайта бөлуге септігін тигізеді. Спорттық жетістіктердің жарыс қызметі мен қарқын деңгейін талдау күрескердің техника-тактикалық қалыптасуын педагогикалық бақылаудың маңызды факторы болып табылады. Жарыстарда үйрену тәсілдердің орындалу сенімділігін, жіберілген әдіс-алайлылық қателіктерді ғана емес, сондай-ақ күрескердің психологиялық қасиеттерін, күрестің қолданылушы тәсілдері мен алайлылық түрлілігін талдап, күресте жеңіске жету техника мен тактикалык әдісіндегі инновацияларды зерттеу және орындалған жаттығу жұмысының өнімділігін тексеріп, осы негізде оны болашақта түзеу қажет. Республикалық және қалалық жарыстарда (Астана қ.) қазақ күресі бойынша ұстасуларды бейне және нотациялық жазу әдістерін қолдану арқылы күрескерлердің жарыс қызметінің материалдары жинақталып, өңделді. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес қазақ күресі бойынша талданушы жарыстарда қолданылатын барлық тәсілдер тобынан күрескерлер ең белсенді және нәтижелі түрде «санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру» әдстерін қолданды. Әрі қарай қолдану көрсеткіші бойынша «жамбасқа алып лақтыру», «кеудеден ұстап қағып жығу» (қарсыластың сыртынан адымдап не тепе-теңдіктен шығарып және т.б.), «арқалап алып лақтыру» және «табанмен қағып түсіру» әдіс тобтары жиі қолданылады. Жоғарыда аталғандардан басқа қазақ күресі бойынша жарыста жиі және нәтижелі қолданылатын тәсілдер тобына қайыра «жағадан жұлқып жығу» «сирақпен іліп жыгу», «қарсыластың аяғын орап лақтыру», «кеудеден асыра тастау» және «иықтан асыра тастау» (қарсыластың қолынан ұстап кеудесіне таянып) әдіс топтары жатады. Қазақ күресі бойынша жарыстарда «санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіру» әдіс топтары белсенді және тиімді қолданатын болса еркін күресте түрегеп тұрып орындайтын лақтырулардың ең белсенді және

54


нәтижелі қолданатын әдіс топтарына «аяқтан ұстап еңкейіп лақтыру немесе иықтан асыра тастау» жатады. Дзюдо мен қазақ күресінде жеңісті жарыс ережесі бойынша лақтыру әдістерінің амплитудалық орындау мен жауырынына түсіру сапасына қарай бағалайды, сондықтан, бұл күрескерлер әдіс-тәсілдерің осы сапалы көрсеткіштеріне лайық орындауға күш салады. Дзюдо жарыстарында түрегеп тұрып орындайтын әдістердің көбісі амплитудалық лақтыруларға жатады. Ең жиі қолданылатын әдістер топтары «арқалап алып лақтыру», содан кейін «санмен аяқ сыртынан қағып түсіру» және «санмен аяқ ортадан қағып түсіру» кешендерінен басталады.
Самбо күресінде белсенді және тиімді әдістерге «санмен аяқ ортадан қағып түсіру», «жамбасқа алып лақтыру», «шалқайып лақтыру», «еңкейіп лақтыру», «түйдекпен іліп жығу», «табанмен қағып түсіру», «арқалап алып лақтыру» келетіндері анықталды, одан басқа «сирақты ішке тіреп лақтыру», «жаға мен аяқты ұстап құлату», «сирақпен іліп жығу», «иықтан асыра тастау», «санмен аяқ сыртынан қағып түсіру» және т.б. әдістер кешені жатады. Ж.С.Байшолақовтың [2010] зерттеуінде қазақ күресінде төрешілер көбінесе тепе -теңдіктен шығарып лақтыру, шалып жығу, санмен қағып түсіру, табанмен қағып түсіру және сирақпен іліп жығу әдіс топтарын бағалағаны, ал палуандардың таза жеңістердің көбіне шалып жығу, тепе-теңдіктен шығарып лақтыру, санмен қағып түсіру, жамбасқа алып лақтыру, кеудеден асыра тастау және сирақпен іліп жығу әдістері арқылы орындап жеткені анықталған. Қазақ күресін спорттық күрестің басқа түрлерімен салыстыруда кейбір тәсілдер тобының түрлерін қолдану техникасында, жиілігі мен нәтижелігінде елеулі айырмашылықтар анықталды. Мәселен, күрестің басқа түрлерінде (еркін күрес, самбо, дзюдо) «иықтан асыра тастау», сирек кездесуден басқа, қарсыластың қолы (жеңі, жағасы) мен аяғын ұстап алып орындалса, қазақ күресінде қарсыластың аяғын ұстауға тыйым салынады. Бұл жағдайда «иықтан асыра тастау» қарсыластың қолынан ұстап, оның ішкі жағынан не сыртынан сүңги және кеудеге таянып не кеудеше, не белбеуінен ұстап орындалады. Сонымен, тәжірибелі күрескерлер тік тұрып, комбинациялық және дайындық әрекеттерінде тәсілдердің кең ауқымына , қарсыластың шабуыл әрекеттеріне қарсы қорғану мен қарсы шабуыл тәсілдер нұсқаларын жетік меңгереді. Қазақ күресі бойынша жарыстарда спорттық күрестің басқа да түрлерінде қолдануы мүмкін аяқта тұрып лақтырулардың әртүрлі техникасы қолданылады. Қазақ күресінің спорттық

55


күрестің басқа түрлерінен ерекшеленуіне байланысты «жамбасқа алып лақтыру», «арқалап алып лақтыру» мен аяқпен күресу әрекеттері (қағып түсіру, іліп жығу, орап лақтыру, шалып түсіру және т.б.) дзюдошыларды, самбистерді, қолма-қол ұрысшыларды, еркін және грек-рим күрескерлерін дайындауда қолданыла алады. Мысалы, қазақ күресі бойынша жарыстарда грузин ұлттық «чидаоба» күресіндегі «қарсыластың аяғын орап лақтыру», дзюдодан алынған «аяқпен шалу», еркін күрес пен самбодан – «иықтан асыра тастау», грек-рим күресінен «кеудеден асыра тастау сияқты олимпиадалық, халықаралық және ұлттық спорт күресі түрлерінде қолданылатын, тәсілдерге орындалу құрылымы бойынша ұқсас тәсілдер кездеседі. Қазақ күресінің едәуір дами түсуі, спортшының шеберлігінің қалыптасуы мен жастардың қазақ күресімен бұқаралық сипатта шұғылдануы халықаралық және олимпиадалық спорт күресі бойынша жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді. Оқу-жаттығу үдерісінің көлемі мен сипатын анықтау кезегінде игерілген әдіс-айлалық әрекеттер мен қозғалыстардың нақты тәсілдерін ескерген жөн. Әрине, қозғалыстардың (жиі орындалатын) әлдебіреулерін игеру шұғылданатындардың спорттық-әдістік мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа әрекеттерінің жеткілікті түрлерін қолданумен үйлестірілуі тиіс. Сонымен қатар, дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың сауықтыратын және денсаулықты үнемдейтін технологияларын қолдануға ден қою қажет, оның негізгі маңызы - ең алдымен, шұғылданушылардың дене шынықтыруға даярлығына және жас ерекшеліктеріне барабар көлемдерді, қарқынды жаттықтыру әсерлерін таңдау мен орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет