Иықтан асырып лақтыру – палуан арқасын барып денесін айналдырып барып , қарсыласын иығынан асырып лақтырады.
Орау – түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан өз аяғымен орап алып жығады немесе лақтырады.
Тактикалық даярлық амалдары – палуанның шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жасайтын әрекеттері.
Барлау – палуанның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттері.
Бүркемелеу – палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекеттері.
Қауіп төндіру - палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттер.
Жалған әрекеттер – ақырына дейін жеткізілмеген және қарсыласының және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар , ұстау , жұлқу , итеру және басқа да әрекеттер.
Алдау – ол да жалған әрекеттер.
Қайталап алдау – палуанның өзіні шын амалын қарсыласына жалған амал етіп көрсетуге бағытталған тактикалық әрекеттері.
Шақыру – палуанның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.
Тұқырту – палуанның қарсыласының еркін мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |