Ф-об-001/033 Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі



бет7/15
Дата15.06.2016
өлшемі338 Kb.
#137246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Ф-ОБ-001/033

халықтарды «Ұлы санап, өз ұлтың тобыр деп білді. Өзге тілдерге тәңірдей табынып, ана тілінде сөйлеуге ұялып келді. Ия, ана тілінен ұялды. Демек, мына жарық дүниеге өзін әкелген анасының ұлы болуға намыстанды. Өзіміздің ата-тек шежіремізді емес, өзгелердің жалған тарихын танып білу зерделілік өлшеміне айналды. Бұл көз жұмып қарауға болмайтын шындық,

кесел, дерт», - деп басталатын бұл ұлына жазылған хат сол үзілген рухани жіпті жалғауға арналған.

Н.Келімбетовтің «Ұлыма хат» эссесі қазіргі кезде оқырман жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген көркем туындысы. Жоғарыда айтып сөз еткендей, «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологының желісі осы «Ұлыма хат» эссесінде кейіпкердің жан толғаныстары арқылы терең ашылады. Яғни, «Ұлыма хат» эссесінде кейіпкерді өткен күндерге,

шырғалаңды өмір жолдарына қиял көзімен қарату жазушының негізгі баяндау амалы болған. Көзге бірден шалынар ерекшелік шығарма диапозонында сияқты. Әдебиеттану ғылымында көп айтылып, талай талқыға түскен түйіткілді мәселенің бірі көркемдік кеңістік пен көркем уақыттың арақатынасы, тарихи шындық пен көркемдік шешімде бұл шығармада өз қисынымен шебер өрілген. Көрнекті ғалым Т.Жұртбайдың: «Көркем уақыт, сол замандағы қоғам және сол қоғамда өмір сүрген адам психологиясы суреткердің басты бейнелеу құралы болып табылады.

«Көркем кеңістік - кәдімгі уақытқа тәуелсіз. Сондықтан да абсолютті шындыққа жақын. Көркем уақытты бір сөзбен, бір сөйлеммен немесе бір-екі ауыз екі пікір алмасумен қадым ғасырды бүгінгі күнге әкелуге, заманалар мен дәуірдің орынын алмастыруға не белгілі бір мезетке тоқтатып қоюға болады. Екі дүниені қатар қойып жарыстыра, салыстыруға да суреткердің еркі бар. Бірақ бұл уақытқа шексіз өктемдік жасау деген бейпіл қағида емес. оның да өзіндік логикасы мен заңдылығы бар. Уақытты тоқтата ма, соза ма, жоқ тездетіп жүргізе ме, бәрібір, тек тарихи шындықпен сәйкес келетін

Ф-ОБ-001/033

шартты уақыт межесін таңдап алуы тиіс». [8, 112 ]. деген пікіріне ден қойсақ.

Бас кейіпкер «Әке» арқылы «Ұлына» жазған хаттары жан тебіренісі, өзінің өмірінің өткеніне ой көзімен қарап, сол арқылы өзегін өртеген ащы шындықты мойындауы, сізді де талай ойға жетелейді. Лирикалық шегініс арқылы берілген, алғашқы хатында ата-текке қазақтың қаншалықты зор мән-

мағына беріп келгенін «...Майқы бидің толғау тектес болып келетін төменгі нақыл сөздерінен анғару қиын емес:

Тұлпардан тұлпар туарды,

Сұңқардан сұңқар туады,

Асылдан асыл туады,

Жалқаудан масыл туады,

Тілзардан қылжаңбас туады –

Иә, құлыным, бұл жыр жолдары ұлы жыраудың ұшқыр қиялынан емес, талай-талай ұрпақтың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туған заңды тұжырым екенін пайымдап, түйсініп алғаның жөн шығар...» [14, 254 ].

Оқиға желісіне қайта оралсақ. Жазушы үлкен ауқымдағы оқиғаларды әсіреліп, әспеттемей-ақ бір сарынмен тігісін жатқызып бере білген. Шындығында бұл әрбір оқиға бір-бір тақырып, бірнеше шығарманың сюжетіне жүк болғандай. Алайда жазушы болған оқиғаның бүге-шүгесіне дейін қазбалап жатпайды. Сөзін шығындап ұзақ сонар байандауларға да бармайды. Ұрымтал да, ұтқыр детальдармен нағыз өмірдің өзіндік өрнегін салады. Кейіпкерлері де соншалық көп емес. Оқиға әкесінің балаға жазған хаттары желісінде құрылған. Жазушының оқиға желісін баяндауда ретроспекция (шегініс) әдісін шебер пайдаланғанын көреміз. Әрине, бұл әдістің көп жайттардың бетін ашуға, өткен өмір беестерінің жиынтық образын көз алдыңа келтіріп, сол арқылы жаңа бір ой тиюге септігі аз емес.

Осы бір тәсіілдің өзі жазушың көркемдік стилі деп аталатын қасиеттерді анықтайтын көп компонентердің біріне айналғандай. Немат ағаның бұл

Ф-ОБ-001/033

тәсілге машықтанып алғаны сондай, тіпті оны жиі, әрі сәтімен пайдаланатыны байқалады.

Ендігі бір ескерте кетер жәйт Н.Келімбетовтің әдеби мұрасына соңғы нүктесі қойылмаған. Көркемдіктің кілті ретінде соңғы сөзді әдейі оқырманның еншісіне қалдыру. Н.Келімбетовтің шеберлік қырларының бірі

деуге болғандай. Мәселен, біз сөз етіп отырған «Ұлыма хат» эссесінің финалы аяқталмай, ашық қалған сияқты.

«...Бұл күндері нақ осы көркемдік әдіс осы жанрдың құрылымдық принцпіне айналып үлгерді, шешілмей қалған драмалы түйіндер принцпіне

қазіргі қазақ повестері пішінінің негізгі басты көркемдік қасиеті болып табылатын болды. Мұндай финалдар оқырмандарына үлкен сенім артады, оларды өздерімен бірге ойланып-толғануға, белсенді шығармашылық өмір сүруге шақырады» [9,16 ]. пікіріне ден қойсақ.

«...Бір қызығы – қартайғанымды жаным емес, тәнім ғана сезетін сияқты. Шынында да табиғат заңдылығы бойынша, адамның рухы емес, денесі ғана қартаяды екен. Ал, уақыт - мезгілі жеткенде өзіме жетпіс – жылдай қызмет еткен денем тоза бастапты деп несіне сарыуайымға салынамын. Бұл табиғи құбылыс қой. Ал, жаным жас тұрғанда өмірдің қызығы да таусылмайды. Тағдырдың оғы ажалды адамға ғана тиеді. Алда-жалда талқаным таусыылған болса өлімнен қашып абыройсыз болудың қажеті бар ма?! Қадым заманның бір данышпаны: «Ажалдан қашпау керек. Ал, өмірмен ерлікпен қоштаса білу қажет», - депті ғой. Сол себепті мен әлі келмей жатқан өлімді ойлап, күні бұрын қасірет шеккім келмейді...» [14, 275 ]. деген психо-философиялық ой-толғамдары шынында да сізді, бір сәт сол кейіпкермен бірге толғануға мәжбүр етеді.

Шығарманың сюжеті өте шымыр құрылған. Көркем туындысының тақырыбын «Ұлыма хат» деп атап, әкенің баласына деген ыстық ықылас ғибраттары жазылған, әкелік махаббат негізінде құрылған желіні символ

Ф-ОБ-001/033

ретінде алуы шығарманың маңызын арттыра түскен.

«Ұлыма хат» эссесі отыз екі бөлімнен, яғни әкенің ұлына жазған отыз екі хатынан тұрады. Мұнда біздің жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде Тұран даласында өмір сүрген сақтар шежіресінен бастап, он бесінші ғасырдың орта кезінде пайда болған Қазақ хандығы кезеңіне дейін төл тарихымызды әкенің ұлына жазған хаттарынан оқи аласыздар.

Бұл «Ұлыма хат» эссесінің композициялық ерекшелігі – қазақ тарихымен аяқталады.

«... Біз әдеби шығарманы моральдік және қоғамдық әсер күші қаншалық неге үйретеді, қайда нұсқайды, міне осы тұрғыдан бағалауға тиіспіз...», - дейді А.В.Луначарский. [9, 253 ].

Мәселен, дәл осы түйін Немат Келімбетовтің «Ұлыма хат» повесінің «Моральдің және қоғамдық әсер-күші» негізгі арқауы болып табылады.

«Ұлыма хат» эссесін бастан аяқ қызыға оқып шыққан оқырман от басы, ошақ қасымен ғана шектелмейтін мәнді мәселелер төңірегінде еріксіз ойға батады.

Сюжеттік байланыс: Екінші бөлімінде басталады. Себебі: әкесінің ұлына хат жазуының мәні осында жатса керек. «...Менің әкемнен қисса-хикаят тыңдаған қариялар ауылда қазірде аз емес. Күн сайын қайта-қатйта қызық дастандардың тұтас тарауларын жатқа айтып отыратын көне көз жандар да бар. Олар сонау қырқыншы-елуінші жылдары әкемнен естіп-білгендерін күні бүгінге дейін өз балалары мен немерелеріне хикаялап беріп жүр. Кейбіреулері тіпті сол тарихи дастандарды әкемнің өзі жазған дай етіп айтады екен...» [14, 261 ]. Байланыс соншалық ұтымды, сәтті қиыстырылған. Демек, сюжеттік байланыс арқылы шығарманың өрбу жолына түсетінін аңғаруымызға болады.

Шарықтау шегі - сақтар мен ғұндар, көне түріктер, қазақ хандығына дейін тарихқа келуі, олардың ерліктері, батырлары, жорықтары мен соғыс тағдыры жайлы жазылған хаттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет