Кибербуллинг. Ол туралы не білеміз? /Оқушылар үшін ақпарат/ Әлеуметтік педагог «Құқық бұзушылық және жасөспірім» Кездесу Кибербуллинг - Кез-келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.
Кибербуллинг дегеніміз не? - Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Егер де: саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
- сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
- әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
- сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
- саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
- жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
- сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Неліктен адамдар бұлай істейді? - Адамдар неліктен басқа біреуді ренжіткісі келетінін айту қиын. Кейде өзіміз қаламасақ та, біреудің көңіліне келетін қылық жасап, сөздер айтып жатамыз.
- Телефон арқылы немесе интернетте адамды әдейі ренжіту, қорлау, оған жабысу оңай болып көрінеді. Ренішті хабарлама жіберу сондай оңай ғой! Бұны істеген адам басқаның жанын ауыртқанын сезбейді де.
- Егер де сен интернет технологияларды біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаң, онда бұл – кибербуллинг.
- Тіпті, сен біреу туралы ренішті постқа лайк бассаң да, немесе ренішті постты жіберсең, бұл да – кибербуллинг. Буллинге ұшыраған адам басқалардың оған қарсы біріккенін сезінеді.
- Буллинг шындап адамға зиянын тигізеді, оның үмітсіздік пен шарасыздық күйге түсуіне себеп болады. Кей кездері буллингтің кесірінен адамдар өзін-өзі өлтіру жайында ойлап, өзіне қол жұмсауы мүмкін. Сондықтан буллинг қашанда жақсы емес, бірақ әр уақытта көмек сұрауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |