Ф-ОБ-001/033
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І-тарау. HTML программасына түсінік беру
-
HTML тілінің атқаратын қызметі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
-
HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
-
HTML тілінің мүмкіндіктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
ІІ-тарау. Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығы
2.1 Adobe Photoshop программасымен таныстыру . . . . . . . . . . . . . . .32
2.2 Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . 43
2.3 Мәтінмен жұмыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 48
2.4 Adobe Photoshop программасының қолдану салалары . . . . . . . .50
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54
Қосымшалар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55
КІРІСПЕ
Оқулығымның HTML тілінде дайындалу себебі, HTML программалау ортасы кез келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тілдердің бірі болуы және де басқа деректер қорымен жақсы байланысатынында. Онда көптеген тәгтер мен атрибуттарды пайдаланып программа дайындау, анимация, форма құру, жүгіртпе жол, мультимедия процестерін ұйымдастыру, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.
HTML тілінің тәгтеріне бірінші қарағанда көзге қиындау болып көрінгенімен, бір үйреніп әр тәгтің қай жерде қалай және қандай параметрлерді қолдану керектігін үйреніп алғаннан кейін бұл пограмма өте оңай болып көрінеді. Әрине барлық программалардағыдай бұл программада да қиындықтар кездеседі. Яғни құрған оқулықтардың кейбіреуінде суреттерді қалағанындай қою үшін біраз тәгтер мен атрибуттарды беру керек және егер де дұрыс болмаса ол тағы орындалмай қала береді. HTML программасы арқылы неше түрлі әдемі сайттар, оқулықтар дайындауға болады. Оларды құруда HTML тілінің пайдасы зор.
Оқулықтын негізгі жұмыстарының бірі ретінде Adobe Photoshop программасының қолдану салалары жатады.
Осы оқулығымды жасаудағы негізгі мақсат Adobe Photoshop программасының қолданылуын үйренушілерге нақты, әрі түсінікті түрде жеткізу. Adobe Photoshop программасының қандай салада және қалай қолданылатынын үйрету.
HTML тілінде құрылған Adobe Photoshop программасының оқулығын үйренушілерге оқып-үйретіп, осы программаның қолданылу мүмкіндіктерін терең игеріп, білімін толықтыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімдегі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде қаралып отырған мәселенің өзектілігі және қажетті теориялық білімге қысқаша шолу беріліп отыр. Кіріспеде аталған HTML тілінің және Adobe Photoshop программасын білу жұмысты түсінуге көмектеседі.
Бірінші тарау HTML тіліне түсініктер беруге, оқулығымдағы қолданылған тәгтер мен атрибуттарды түсіндіруге арналған. Бірінші бөлімде HTML тілінің атқаратын қызметі, оның қолданылулары, қасиеттері мен оның пайда болуы сипатталған. Екінші бөлімде HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы, яғни оқулықта пайдаланылған тәгтер мен атрибуттар жайлы және олардың қалай жазылып, қай жерде қалай қолданылатыны жайлы түсіндірілген. Үшінші бөлім HTML тілінің мүмкіндіктеріне арналған. Яғни мұнда анимация қосу, жүгіртпе жол, форма құру, мультимедия ұйымдастыру сияқты HTML тілінің мүмкіндіктері қаралған.
Екінші тарауда Adobe Photoshop программасының қолдану оқулығын дайындауға арналған. Бірінші бөлімде Adobe Photoshop программасымен таныстыру қаралады. Яғни Photoshop программасына қысқаша түсінік беру мен оның құралдарының қызметтері қарастырылған. Екінші бөлімде Adobe Photoshop-тың құралдарымен жұмыс, яғни түсіндірілген құралдармен жұмыс істеуге бірнеше мысалдар жиыны сипатталған. Үшінші бөлімде мәтінмен жұмыс қарастырылған. Мұнда мәтіннің әртүрлі типтері және оларды орындауға мысалдар қаралған. Келесі бөлімде Adobe Photoshop программасының қолдану салалары сипатталған.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесі және оны қолдануға нұсқаулар келтірілген.
Қосымшада HTML программасының ортасында жазылған HTML тілінің кодтары берілген.
І-тарау. HTML программасына түсінік беру
-
HTML тілінің атқаратын қызметі
1960 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің перспективті жобаларды зерттеу агентігінде ARPA компьютерлерді бір-бірімен байланыстыру экперименттері басталған. Олар телефонның сымдармен байланыстырылды. 1970 жылы ARPA-ның қолдауымен берілгендерді түрлі компьютерлік желілер арқылы тасымалдау протоколы немесе ережесі өңделді. Бұл протоколдар жалпы интернет деген атаумен аталады. Олар мемлекеттік шекараларға байланыссыз кез келген түрдегі компьютерлерді біріктіретін бүкіләлемдік желілердің желісін ойлап тапты. 70 жылдардың аяғында ARPANET және оның басқа елдердегі контур объектілері арасындағы байланыс түрлері ойлап шығарылды. Бүкіләлем компьютерлік желі арқылы бүтін өрмекке айналды. 80-шы жылдары желілер бірлестігі интернет деген атаумен кең мөлшерде танымал болды. Жүздеген, мыңдаған түрлі мекемелер бүкіләлемдік желіге өздерінің компьютерлерін қосты. 90-шы жылдары оның жылдам дамуына қарамастан желіні тек файлда және форматталған мәтінді ғана тасымалдауға пайдаланған болатын.
Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі – дүние жүзі елдерінің жергілікті және жан-жақты желілері арнайы қызмет көрсету программалар бумалары арқылы байланыстырып қойылған. Мұндай желілерді интернет желісі деп атайды. Интернеттің жұмысы – информациялық кеңістікте түрлі форматта қызмет көрсету.
Интернетті пайдаланушысының тікелей және кері міндеттері бар. Пайдаланушының тікелей міндеті – ақпараттардың немесе программалық әдістерінің бірін таңдау. Әлемдік компьютерлік желілерге сақталатын деректер біздің ақпарат болып табылады. Пайдаланушының кері міндеті – бұл тұтынушыға өзінің ақпаратын айналдыруға бағытталған әдістерді таңдау. Жалғану – бұл ақпараттық – программалық – ақпараттық комплекс. Оны интернетке қосылумен шатастыруға болмайды. Интернетпен жалғану үшін мынадай нәрселер қажет:
-
жабдықтар мен байланыс сымдары (ақпараттық бөлік);
-
осы сымдарда деректердің алмасуын қамтамасыз ететін программалар (программалық бөлік);
-
бүкіләлемдік желіге қосылу үшін мекемелерге келісім-шартқа отыру қажет. Ол үшін қажетті адрес пен парольды ұсыну қажет. (ақпараттық бөлік).
Жалғану бөлінген немесе қашықтан болуы мүмкін. Бөлінген жалғану үшін бөлік жалғану сымы қажет. Егер бөлінген жалғану болса, онда өзіңіз сервис-провайдері болуыңызға, яғни келісім-шарт негізінде желіге қосылуды
бастауға болады. Басқа жағдайда, қашықтан жалғану арқылы қосылады. Байланыс сымы ретінде кәдімгі телефон сымы қолданылады. Сервис-провайдер – ол бүкіләлемдік компьютерлік желіге тұрақты түрде жалғануды қамтамасыз етеді келісім-шарт бойынша клиенттерді қосуды жүзеге асыратын мекеме. Сервис-провайдердің қызмет саласы телефон компаниясының қызмет салаларына ұқсас. Бірақ ерекшелігі, қоюшыға телефондық байланыстың қызмет салаларын таңдамасақ, онда қоюшыға интернеттің қызмет салаларын еркін пайдалануды таңдағаны жөн. Сервис-провайдердің қызмет саласынан бас тартып, кез келген уақытта басқа мекемеге қосылуға болады.
Сервис-провайдердің төмендегідей қызмет ету салалары бар:
-
желіге ақысыз қосылу;
-
желіге уақытша қосылу;
-
желіге шектеусіз қосылу;
-
интернет-карта бойынша қосылу.
Интернетті қазіргі кезде компьютер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы пайда болды. Бұл хаттама Hyper Text Transfer Protocol (HTTP) – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы деп аталады. Осы хаттамен қатар HTTP серверлері кеңейтілген желілері болып табылатын интернет файлдары арқылы тасымалдайтын World Wide Web (WWW) қызмет бабы болады. Оны қысқа түрде Web деп атайды. WWW – қызметінің ашылуы интернеттің тарихындағы ең маңызды оқиғаның бірі болып саналады. Оның авторлары физиктер Тим Бернерс-Ли және Роберт Кайо болды. Ғалымдар жүйені Европадағы барлық физиктер интернет арқылы басқа басылымдарға сілтеме етіп иллюстративті мәтін түрінде зерттеу нәтижелерімен пікір алмасуға мүмкіндік беретіндей етіп құрды. Яғни, интернет физикалық және логикалық мағыналарда қаралды. Физикалық мағынадағы интернетті компьютерлер мен компьютерлік желілермен физикалық біріктіруі деп, ал логикалық мағынадағы интернетті жер шарындағы ақпараттық кеңістікті қамтитын бүкіләлемдік ақпараттық жүйе деп түсіндіруге болады. Web-тің негізгі қызметі – қажетті информацияны іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер Web-беттер түрінде дайындалып, сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Қазіргі уақытта WWW интернеттің динамикалық дамуындағы қызметі болып табылады. Интернетте электрондық құжатты құру үшін қолданылатын файлдардың көпшілігі Web парақтар түрінде HTML (Hyper Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар. Осы файлдарды HTTP серверлерінде орналастыру жолымен Web парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде интернетте жарияланған. Web парақтың мазмұны әр түрлі болуы мүмкін және олар әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Бірақ олардың барлығын негізгі жариялануы, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі .htm немесе .html болуы тиіс. HTML тілі www қызмет бабымен дами отырып Web парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырды. Ол www жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең таралуына себебші болады. HTML тілінің ақпараттарының гипермәтіндік формат түрінде сипаттайтын және басқа да мүмкіндіктері болғандықтан күннен күнге желіге жаңа пайдаланушылар қосылды.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішінде арнаулы код, яғни екпінді элемент (an chor) орналасқан.
Бұл форматтың бір құжатқа мәтіндік, графиктік, дыбыстық және бейне ақпараттарды кірістіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар құжаттың өзінде басқа бір құжатқа gif, jpg форматындағы графикалық иллюстрацияға, бейне фрагменттерге, музыкалық композицияларға да сілтемелер қоюға болады. Мәтінді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілген құжат бөлігі қалай бейнелейтінін анықтайтын айрықша кодты осы мәтін ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін – броузер деп аталатын арнаулы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады. Мәтіннің ерекшеленген сөзіне тышқанды шерткенде сервер басқа елдердегі континенттердегі белгіленген құжат сол сәтте компьютердің экранына шығарады.
Web парақтары экранда ықшам түрде безендіріп көрсетілгенімен HTML тілі мәтіндерді пішіндеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана заводтан шыққан бір компьютердің Windows жүүйсінде жұмыс істей алатын броузер болатын болса, екінші бір тұтынушы компьютердері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі. Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құралдары да және әр түрлі броузер программаларымен көретінін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішіндеу тәсілдеріне арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде бейнелейтін тіл болып табылады.
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады.
HTML тілінде программалау үшін арнайы орта құрылмаған. Себебі Web-беттер құру мен оны безендіруге тек бір ортаны ғана пайдалану оның мүмкіндіктерін шектейді. Сондықтан көп жағдайда HTML тілінде программалау кәдімгі мәтіндік редакторлардың көмегімен жүзеге асырылады да, Web-беттің графикалық безендірілуі және анимациялық мүмкіндіктері басқа орталарда іске асырылады. Windows ортасында Блокнот редакторы HTML-дің ең кеңінен тараған құралы. Ол Windows жүйесінің нұсқаларында кездеседі. Электрондық поштаны өңдейтін программаның бірі Mail команда. Ол коорпаративті желілерге ыңғайлы фильтрациялау мүмкіндіктерімен өңдеу кориспонденцияларымен сұраныстарды есепке алу кіріс және шығыс хабарламалық архивтерін құру және т.б. мүмкіндіктерге ие. Бір адресатқа немесе бірден бірнеше адресатқа информацияны осы программа арқылы жөнелтуге болады. Бағдарламаға қойылатын негізгі талап қарапайым, ыңғайлы интерфейстің болуы. Mail команда арқылы тексттік хабарламаларды және графикалық HTML беттерден тұратын информацияны жөнелтуге болады. Әрине хабарламалардың алатын көлемі шектеулі болады. Тексттік информацияда оны тасымалдауда шрифтерге байланысты проблема туындауы мүмкін. Ол жағдай MS DOS және Windows операциялық жүйесінде әртүрлі кодтау жүйесін қолданудан шығады. Бұл мәселені шешу үшін кодты шешетін программалар (перекодировщиктер) құрастырылған және олар кейбір тексттік редакторларға кірістірілген. Интернетпен жұмыста кейде CIOS кестесі, кейде ASCII коды қолданылатындықтан Web беттерді сақтау, Mail хабарламаларын сақтау мынадай екі тәсілмен қолданылады:
-
HTML тілінің форматын қолдану.
-
Құжатты дәстүрлік тексттік файл түрінде сақтау.
HTML – интернетте программалау тілі. WWW құжаттарын сипаттау әдісі, гиперсілтемелік тіл болып табылады. HTML құжатты Web шолушы көмегімен қарап шығуға болады.
-
HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы
Әрбір тілдің өзінің құрылымдық логикалық ерекшеліктері болатыны белгілі. Сол сияқты HTML тілінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Алайды ол ең қарапайым, қатаң логикалық ережелерге онша бағына бермейтін тәуелсіз тіл. Дегенмен оның да өз синтаксисі, басқарушы құрылымдары бар. Тілдің негізгі басқарушы құрылымдары бар. Тілдің негізгі басқарушы құрылымы, яғни мәтінді белгілейтін командалары тәг (tag, оны кейде элемент деп те атайды) деп аталады. Тәг – белгілі бір әрекетті анықтайтын HTML элементі. Тәгтер символдар тізбегінен тұрады. Тәгтердің мүмкіндіктері мәндерге ие бола алатын атрибуттарды қолдану арқылы толығымен ашылады.
HTML тәгтері дербес ережелерге бағынумен қатар, жалпы ережелерге де бағынады. Бірінші ереже барлық тәгтер “кіші” (<) символынан басталады да “үлкен” (>) символынан аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тәг орналасады. HTML тілінде әрбір тәг бір арнаулы қызмет атқарады.
Келесі ереже тәгтерді ашу және жабу компоненттерін қолдануға арналған. HTML тілінің бір тәгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне (мысалы, абзацқа) ғана әсер етеді. Осыған орай екі тәг қатар қолданылады: бірі – ашады, екіншісі – жабады. Мұны қосарланған тәг деп атайды. Ашатын тәг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тәг сол әсерді аяқтайды. Тәгтерді жабу қисық сызық (/) символымен басталуы тиіс.
HTML тілінде жалқы тәгтер де кездеседі. Мұндай тәгтер де бұрыштық жақшалардың ішіне жазылады. Жалқы тәгтер ашылады, оларды жабудың қажеті жоқ.
Жалпы ережеге тәгтерді төменгі немесе жоғарғы регистрде жазу тәсілі де кіреді. Әдетте тәг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында, яғни түсінікті болу үшін оларды жоғарғы регистрде жазу қалыптасқан. Бірақ кодтаудың жаңа әдіснамасы – ХHTML-да тәгтерді төменгі регистрде де жазуға болады.
Тәгтерді жазудағы тағы бір маңызды мәселе бос орындар қалдыру. HTML кодтарының кейбір тұстарына бос орын қалдыру міндетті болса, кейде артық қалдырылған бос орын броузерді қатты шатастыратыны сонша, ол ешқандай да ақпарат бере алмай қалады.
Жоғарыда айтылған атрибуттар тәгтердің әрекетін анықтайды. Көп жағдайда тәгтер атрибутсыз жұмыс жасайды. Алайда міндетті түрде атрибуты болуы тиіс тәгтер кездеседі. Атрибуттар тәгтердің атауынан кейін бір бос орын тасталып, мән меншіктеліп жазылуы керек. Тәгтерде бірнеше атрибут болса, олар бос орын арқылы ажыратылып жазылады.
HTML тілінде тәгтерге атрибуттар тіркеліп, атрибуттарға мәндер меншіктеліп жазылған сөйлем жол деп аталады. Атрибуттарға міндетті түрде мән меншіктелуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда HTML тәгті қабылдамайды. Атрибуттарға меншіктелетін мәндер сандық, мәтіндік, пайыздық, т.с.с. болуы мүмкін. Атрибуттардың алдына теңдік белгісі (═) қойылады және он алтылық мәндерден басқа типтегі мәндер тырнақшаға (“”) алынып жазылады. Бұл HTML-да жол жазудың жалпы ережелерінің бірі. Жабылу тәгінің ешқашанда атрибуттары болмайды.
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтінінен және белгілеу тәгтерінен тұрады да қарапайым символдар жиыны болып табылады.
-
HTML құжатының кез келгені ашылу тәгінен басталып, соған сәйкес түріндегі жабылу тәгімен аяқталады. Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптық бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады.
-
Құжаттың тақырыптық бөлігі және тәгтерінің ортасында тұрады да, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікте ... тәгтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Көптеген броузерлер бұл атауды терезе тақырыбында тұратын файл аты есебінде пайдаланады.
-
Жазылатын мәтін құжат тұлғасы деп аталатын және
Достарыңызбен бөлісу: |