1) Python программалау тілін 1991 году голландық программист Гвидо ван Россум құрды. Ресми сайты: http://python.org
Командалар тізбегі:
\\Негізгі меню\\Программалар \\Python 3.6\IDLE (Python GUI)
\File\New file
\\File\\Open
\\File\\Save
\\Run\Run Module, F5
Питон тілінің атқаратын қызметі • Питон - объектіге бағытталған жоғары деңгейлі, динамикалық программалау тілі, ол интерпретатор арқылы жұмыс істейді. Оның құрамындағы мәліметтер құрылымы мен олардың динамикалық түрде типтелуі қолданбалы программалар жазуға өте ыңғайлы болып саналады .
Python тілі неге кең таралған? • Бұл тіл интернетте тегін таратылады: • Кітапханасы өте бай, мүмкіндіктері мол • Питон барлық аймақтарда қолданыс тапты: • Web қосымшаларын жасайды • Мәліметтер базасымен жақсы жұмыс істей алады • Үстелдегі дербес компьютерлерде жеңіл программаланады • Мәліметтерді талдау ісінде де қолданылады • Бейнелер мен суреттерді жақсы өңдейді • Объектіге бағытталған программалауды сүйемелдейді • Интерактивті түрде жұмыс істеуге де ыңғайлы болып табылады.
2) Информатика ғылым және оқу пәні ретінде ролін анықтаңыз
Информатика – жаңа технология жиындарын оқытады, яғни ақпаратты сақтайды және өңдейді. Оның дамуы ақпаратты сақтауға және өңдеуге арналған құрылғылар ЭЕМ-машиналардың шығуымен байланысты. Ал ЭЕМ– тенологияның негізгі құралы. Бұл ғылым- ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған.
Информатика пәні негізінен мынадай тақырыптарды қамтиды:
«Алгоритм», «программа» ұғымы.
Алгоритмдерді қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу.
Оқылған тілде мәліметтерді сипаттау, программалар құру, оларды компьютерде орындау.
Әр түрлі операторларды жазу, т.б.
Ақпарат дегеніміз не?Осы ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу қажет. Мұнымен Информатика деп аталатын ғылым айналысады.
Информатика –ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерімен шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |