Қазақ тілін оқыту әдістемесі қолданбалы ғылым және жеке пән екендігін түсіндіріңіз.
|
Қайталау, қорытынды, жинақтау сабақтарын айтыңыз.
|
Зерттеу объектісінің сипатына қарай синтаксис ілімі төрт салаға бөлінетіндігі: Сөз және оның формасының синтаксисі. Сөз тіркесі синтаксисі. Сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінің өзі іштей жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі болып бөлінетіндігі. Мәтін синтаксисін ашып айтыңыз.
|
Оқыту процесінің құрылымы қандай компоненттерден тұрады? Оларды сипаттаңыз.
|
С.Аманжоловтың қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы еңбектерін талдаңыз.
|
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ даласындағы мектептер. Мектептегі әдебиет курсының мазмұны, құрылысын айтыңыз.
|
Сөз бен сөз тіркесінің ара қатынасы. Сөз тіркесі мен номинативті тіркестің ара қатынасы. Сөз тіркесі мен күрделі сөздің ара қатынасы. Сөз тіркесі мен сөйлемнің ара қатынасы. Сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің ара қатынасын айтыңыз.
|
Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын ойын элементтерінің тиімділігі, ерекшелігін атап көрсет. Мысал келтіріңіз.
|
Қазақ тілін меңгерту барысында оқушыда қалыптасуы тиіс машықтар мен дағдыларды атаңыз.
|
Оқушы білімін тексеру, бағалаудың жолдарын айтыңыз.
|
Баяндауыштың тұлғалық белгілері, сөйлемдегі орны. Баяндауыш болатын сөз таптары. Қандай сөз табынан болатындығына қарай есім баяндауыштар және етістік баяндауыштар болып бөлінетіндігі және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
|
Қазақ тілінің морфологиясын оқыту бойынша әдістемелік еңбектерге талдау жасаңыз.
|
Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары.Саналылық пен белсенділік ұстанымын баяндап беріңіз.
|
М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіне талдау жасаңыз.
|
Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден басты айырмашылығын атаңыз.
|
Көркем туындадағы авторлық көзқарас. Көркем туындыдағы мазмұн мен форма бірлігі. Суреткердің көркем тәсілі, дүниетанымы, көзқарасы, олардың арасындағы байланысты ашу мәселесі туралы өз көзқарасыңды білдір. «Құлагер» шығармасын талдап көрсет.
|
Құзіреттілік түрлері: тілдік құзіреттілікті түсіндіріңіз.
|
5-сыныпта Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесін проблемалық оқыту арқылы оқытуды түсіндіріңіз.
|
Жалғаулықты салалас және жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің мағыналарына қарай негізгі түрлері: жалғаулықты мезгілдес салалас сөйлем және оның жалғаулықтарын айтыңыз.
|
Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту. А.Құнанбаевтың «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңіне әдеби теориялық талдау жаса.
|
Дидактикалық әдістер және оларды классификациялау туралы түрлі көзқарастарды сипаттаңыз.
|
Алтынариннің әдебиетті оқытудағы тарихи тәжірбиесін сипаттаңыз.
|
Салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік айырым белгілері. Оның жасалу жолдарына қарай түрлері /жалғаулықты салалас, жалғаулықсыз салалас сөйлемдер/.
|
Синтаксистік талдау: Аспанның қызылы ыдырап, төңірек бұлдырай бастағанда, біз бір селенге келіп кірдік.
|
Білім беру технологиялары туралы зерттеулер мен анықтамаларды түсіндіріңіз.
|
Жазба жұмыстарының түрлері: мазмұндама, шығарма, жазу әдісемесін түсіндіріңіз.
|
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде зерттелу жайын атаңыз.
|
Синтаксистік талдау: Ербол Абайды дәл ұғына отырып, өзінің ескі досы бұл күнде қандайлық асыл ойларды батыл айтатынын аңғарды (М.Ә.).
|
Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарламаның түрлері, олардың өзара айырмашылықтарына сипаттама беріңіз.
|
Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасының дүниеге келуі және оның ұсынған болашақ мектеп үлгісін айтыңыз.
|
Тура толықтауыш. Тура толықтауыштың табиғаты. Тура толықтауыштың табыс септік жалғаулы түрінде, сондай-ақ табыс септігі жалғаусыз түрінде қолданылуы және ол туралы көзқарастар туралы айтыңыз.
|
Сабақ түрлері. Жаңа сабақ, қайталау, бекіту сабақтарының ерекшеліктері мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ата. Мысал келтір.
|
Қазақ тілі бойынша оқу материалдарын меңгертуде баланың жас және дара ерекшеліктерін ескерудің маңызын түсіндіріңіз.
|
Қазақ ағартушы –демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі. Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көпеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов еңбектерін атаңыз.
|
Жақсыз сөйлем туралы жалпы түсінік. Жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдары. Күрделі баяндауыш құрамына бол көмекші етістігінің қатысуы арқылы жасалған жақсыз сөйлемдерді айтыңыз.
|
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығына талдау жасаңыз.
|
Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.
|
Әдебиет мұғалімі, қойылатын талаптар, дарынды педагогтар тәжірибесі. А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. жаңашыл мұғалімдер тәжірибесіне сипаттама беріңіз.
|
Сабақтас құрмалас сөйлем. Жалпы сипаттама. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің грамматикалық табиғатын түсіндіріңіз.
|
Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы, қарқынды оқыту технологиясы дамыта оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесін анықтап, талдау жасаңыз.
|
Қазақ тілі мұғалімінің күнтізбелік, тақырыптық-күнтізбелік және сабақ жоспарларын түсіндіріңіз.
|
Эпикалық шығармаларды оқыту. Драмалық шығармаларды оқытуды түсіндіріңіз.
|
Күрделі баяндауышы -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары қалау рай арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер. Күрделі баяндауышы тұрақты тіркестерден жасалған жақсыз сөйлемдерге анықтама беріңіз.
|
Х.Арғыновтың «Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту методикасы», «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» еңбектеріне талдау жасаңыз.
|
Оқулықтың негізгі атқаратын қызметі: ақпараттық, трансформациялық, жүйелілік, тәрбиелікке түсінік беріңіз.
|
Көркем шығарманы оқып меңгеруге байланысты жұмыс түрлері, кіріспе сабақтарды айтыңыз.
|
Бөгде сөз, оның түрлері. Бөгде сөз. Жалпы сипаттама. Бөгде сөздің түрлері: төл сөз, төлеу сөз және ортақ төл сөз. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән өзіндік ерекшеліктері мен айырым белгілерін атаңыз.
|
Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа жолдауындағы білім беру жүйесіне қатысты пікірлеріне сипаттама беріңіз.
|
Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық талдауға түсінік беріңіз.
|
С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы бойынша сабақ жоспары үлгісін жасауды түсіндіріңіз.
|
Төлеу сөз. Жалпы сипаттама. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың жолдары. Ортақ төл сөз. Оның өзіне тән ерекшелігі, әдеби тілдің көркем стиль түрлерінде қолданылатындығын түсіндіріңіз.
|
Оқытудың көрнекілік әдістері: кесте, ауызша журнал, схема, буклетер, техникалық құралдар, оқу фильмдері,телесабақтар,иллюстрация, демонстрация туралы баянда, мысалдар келтір, ерекшеліктерін ата, үлгі көрсет.
|
Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі мақсаты мен міндеттерін айтыңыз.
|
Қазақ әдебиеті пәні бойынша сыныптың күнтізбелік жоспар үлгісін жасауды түсіндіріңіз.
|
Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары. Тыныс белгілерін дұрыс қою үшін үш түрлі белгінің негізге алынатындығы: сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі, сөйлемнің мағынасы, сөйлемнің интонациясын түсіндіріңіз.
|
М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасының мазмұнын ерекше баянда, көріністеріне ат қойып, кейіпкерлеріне мінездеме-мазмұндама жазу.
|
Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдарын түсіндіріңіз.
|
Әдебиет сабағында көркем шығарманы өнер туындысы ретінде қарастырудың маңызын айтыңыз.
|
Байланысу дәрежесіне қарай берік меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері, әлсіз меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің іштей жалаң берік меңгеру, қосарлы берік меңгеру болып бөлінетіндігін айтыңыз.
|
Кейіпкерлік-бейнелік талдау. Шығармадағы кейіпкерлер тізбегін, шырмауын шеше отырып, кейіпкерлер, оның өзара бірлік, сабақтастығын, олардың шығарма тақырыбы мен оқиға желісіне қатысын айқындауға ықпалын ажырату, салыстыру. «Қартқожа» романы.
|
Сөзжасамдық норма. Сөздерді сөзжасамдық және морфемдік талдаудың әдістемесін айтыңыз.
|
Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне байланысты оқытуды түсіндіріңіз.
|
Kөп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Бұлардың компоненттерінің бір-бірімен байланысу тәсілдеріне қарай түрлері: Бірыңғай көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, сатылы көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік беріңіз.
|
Синтаксистік талдау: Аз уақытта дастарқан жайғызып, күтуші әйелге шай құйғызды, өзі әкесінің төменгі жағына отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете бастады( М.Ә.).
|
Қ.Басымовтың әдістемелік мұрасын талдаңыз.
|
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесін айтыңыз.
|
Түсіндірмелі сабақтас сөйлем, оның жасалу жолдары. Салыстырмалы сабақтас сөйлем, оның жасалу жолдары. Үлестес (мезгілдес) сабақтас сөйлем, оның жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
|
Синтаксистік талдау: Тоғжан қолындағы торғын көрпені кеудесіне көтеріп, баурына қысыңқырап тұрды да, келіншекке әдеппен ғана бұйрық етті (М.Ә.).
|
Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалануды түсіндіріңіз.
|
Әдебиетті оқытудың түсіндірмелі, проблемалық, репродуктивтік, эвристикалық, шығармашылық, зерттеу әдістерін айтыңыз.
|
Күрделі баяндауышы -у тұлғалы тұйық етістік пен керек сөзінің тіркесінен жасалған жақсыз сөйлем. Күрделі баяндауышы барыс септігіндегі тұйық етістікке тура келу сөздерінің 3-жағы тіркесіп жасалған жақсыз сөйлемдерді айтыңыз.
|
Синтаксистік талдау: Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады (М.Ә.).
|
Оқушылардың орфоэпиялық және орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдылардың қалыптастырылуын ашып айтыңыз.
|
Абай өлеңдеріндегі жаңашылдық. Абайға дейінгі қазақ поэзиясында дәстүрлі болып қалыптасқан ұйқас, буын түрлері, мысалдар келтіру туралы айтыңыз.
|
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай үстелуі, еліктеуіш сөзді, көсемшелі, сын есімді, сан есімді, зат есімді сөз тіркестері болып бөлінетіндігін айтыңыз.
|
Синтаксистік талдау: Шілденің ыстығы мынау, даланың ербең етер жәндігін жым-жылас жұтып қойған секілді .
|
Жақты және жақсыз сөйлемдерді оқыту және олардың стильдік қызметін түсіндіріңіз.
|
Тіл дамыту жұмыстары: реферат қорғау, шығарма жазу, аннотация, тезис, баяндама т.б. жазу дағдыларын игеруді баяндаңыз.
|
Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері, оның салалас сөйлемнен негізі айырмашылығын атаңыз.
|
Синтаксистік талдау: Ауылдан көріп тұрғандар таласа бастады: біреуі қажының үйінің күйеуі деді, біреулер түбектегі құдасы деді, ал тағы біреулер бөтен адамдар деді.
|
Лексика-фразеологиялық жаттығулардың типологиясын айтыңыз.
|
Шағын эссе, сыр толғау жаздырту арқылы шығармашылық жұмыстарға бағыттауды түсіндіріңіз.
|
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары: бағыныңқы компоненттің баяндауыш формасы /есімше, көсемше, шартты рай тұлғасы арқылы жасалуы/. Ұласпалы интонация арқылы. Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуын түсіндіріңіз.
|
Синтаксистік талдау: Суретті төрге апарып ілді, шүберекті столға апарып жайды, содан кейін костюмінің төс қалтасынан блокнотын алды.
|
Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы А.Ысқақов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов т.б. ғалымдар еңбектерінің орнын атаңыз.
|
Драмалық шығармаларды оқыту барысында сценарий, сценировка құрастыру туралы мәлімет беріңіз.
|
Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем, оның жасалу жолдарын айтыңыз.
|
Синтаксистік талдау: Ебейсіннің үйден шыққаны мұң екен, Құдайменде қарқылдап үйді басына көтере күлді(Ж.А.).
|
Қазақ тілін оқытудың арнайы ұстанымдары: жалпы әдістемелік және жеке әдістемелікке түсінік беріңіз.
|
Орта мектепте әдебиетті пән ретінде оқыту мәселелері. Оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен алатын білім аясының ұлттық құндылықтарға негізделген ғылыми салаларымен байланысын түсіндіріңіз.
|
Матаса байланысқан сөз тіркестерінің табиғаты. Изафеттің екінші, үшінші түрі, ара қатынасы. Изафеттің екінші түрін матасуға немесе қабысуға жатқызу туралы көзқарастарды айтыңыз.
|
Синтаксистік талдау: Сабырлылық алдында не дұшпан сасады, не сабырсыздан береке қашады (Б.Момышұлы).
|
Морфология және сөздің грамматикалық құрылымын оқыту әдістерін анықтаңыз.
|
Әдебиет мұғалімі, қойылатын талаптар, дарынды педагогикалық тәжірибесі А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі туралы түсінік беріңіз.
|
Бастауыштың сөйлемдегі орны. Толықтауыштың сөйлемдегі орны. Анықтауыштың сөйлемдегі орны. Пысықтауыштың сөйлемдегі орнын айтыңыз.
|
Синтаксистік талдау: Бұл кезде жел бәсеңдеді, бірақ аяз жел жаққа адам түгіл, малды да бет қаратпады.
|
Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасаудағы оқушының даму ерекшеліктерін негізге алуды анықтаңыз.
|
Әдістер жүйесі мен оны оқыту тәсілдері. Шығармашылық оқу, эвристикалық зерттеу, репродуктивтік әдіс туралы айтыңыз.
|
Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері. Оның жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтары және олардан айырмашылығын атаңыз.
|
Синтаксистік талдау: Бұл Абайдың да ойы еді, бірақ ол іштегі рахат күйін бұл арада сөзбен айтып жеткізе алар емес (М.Ә.).
|