Греция- XV ғ.ғ.аяғына ќарай Оспан империясы Грецияның континентальды аймаќтарының бәрін де- Фракияны, Эпирді және Пелопоннес түбегін өз ќол астына бағындырды. XVI ғ.ғ. XVIІ ғ.ғ бірінші жартысында Туриця мен Венецияның арасында грек жерл ері және әсіресе Эгей және Ионик теңіздерінің аралдары үшін жүрген соғыстар тоќтатылды. Родос, Кипр және өзге аралдар бірінен соң бірі Оспандардың иеліктеріне көшіп отырды. Туриця билігі орнағаннан кейін кейбір грек феодалдары ислам дінін ќабылдап, түріктерге ќызмет етуге көшті. Түріктер Грецияда шіркеулер мен манастырларға олардың иелігіндегі жердің көбін ќалдырды. Ең жоғарғы грек дін селері өздерінің епорхияларындағы халыќќа үстемдік жүргізу, соның ішінде сот жүргізу жөніндегі кең праваларға ие болды. Сонымен, Грецияны жаулап алғаннан кейін, түріктер эканомикалыќ және саяси жөнінде өте – мөте беделді грек феодалдарымен белгілі бір мәмілеге келіп, олардың кейбір жеке правалары мен артыќшылыќтарын саќтап ќалдыруға мәжбүр болды. Түріктердің бұған баруына грек жерлерінің шеткерілік жағдайы да мәжбүр етті, грек жерлерін ќосып алу үшін XVI – XVII ғ.ғ. Венеция республикасы да күресін тоќтатпаған еді. – XVII ғ.ғ. Балкан түбегінің басќа аймаќтарына ќарағанда, Грецияда товар- аќша ќатнастарының даму және саудагерлер мен кәсіпкерлер тобының ќалыптасуы неғұрлым тезірек жерді. Олардың атќаратын ќызметтерінің өрісі грек аймаќтарының өзі және Оспан империясының басќа жерлеріде болды. Гректердің сауда- ќолөнер кәсібінің колониялары Балкан түбегінің және басќа еуропалыќ елдердің көптеген ќалаларында орнығып нығайды.Гректер ежелден бері делдалдыќ саудамен айналысты. Біраќ – XVII ғ.ғ.Грецияда оның өзінде өндірілген ауыл шаруашылыќ өнімдерімен және ќолөнер кәсібінің бұйымдарымен сауда жүргізу де өсіп кетті. Аралдарда кеме жасау жедел дамытылды. Грецияда буржуазиялыќ элементтердің тууы гректің тым бертіндегі пайда болған азаттыќ ќозғалысының негізі болып табылды. Бұл ќозғалыстың көздеген маќсаты грек халќын рухани байта өркендетіп, тәуелсіз грек мемлекетін ќайтадан ќұру болған еді.
4). Жат жұрттың тепкісі мен езгісіне ќарсы Балкан халыќтарының жүргізген күресі түрік үстемдігінің барлыќ уаќытында да тоќтатылып көрген емес. Оспандыќ тепкі мен кзгі, Турция өкіметі мен феодалдардың тарапынан жасалған ќысымдар мен ќуғын-сүргіндер, біт пес мұќтаждыќ- міне, көптеген шаруалардың және ќала адамдарының гайдук тер мен клефтердің отрядтарына ќосылып кетулеріне себе болған осылар еді. Балќандағы азаттыќ ќозғалыс XVI ғ.ғ. екінші жартысында және XVIІ ғ.ғ. барынша ұлғая түсті. Бұл кезеңде жаулап алушылардың тепкісінен ќұтылуды маќсат еткен ең алғашќы жаппай көтерілістер болды. Бұл көтерілістер әдетте еуропалыќ мемлекеттердің турцияға ќарсы жүргізген соғыстарының кезінде бұрќ етіп көрініп ќалып отырды. Оспан империясымен күрестің және түріктерді Еуропадан ќуудың жоспарлары бүкіл XVI ғ.ғ. бойында жасалынып келді. Біраќ оларды іс жүзіне асару үшін еуропалыќ елдердің өздері күштерін ќосып бірігіп, түріктерге ќарсы келісіп ќимылдар жасаулары ќажет болды. XVI ғ.ғ. екінші жартысында, оспан империясының ең алғашќы ќұлдырау белгілері көріне бастаған кезде ғана Турцияның ќарсы жаќтары оның жасаған агрессиясына неғұрлым пәрменділеу тойтарыс беруге айналды.
Балкандағы азаттыќ күрес XVIІ ғ.ғ. басында да саябырланбады. 1601 жылы Албанияны Турцияның ќол астынан ќұтќару жоспары пайда болды. 1606 жылы Австрия- Турция соғысы аяќталғаннан кейін Турция мен Испанияның арасынан соғыс өртінің тұтанып кету ќаупі туып ќалды. Бұл Балкан түбегінің батыс жаќ бөлігінде азаттыќ ќозғалысќа ќайта жан бітірді. XVIІ ғ.ғ. екінші он жылдығында Отыз жылдыќ соғыстың басталуына байланысты сыртќы саясаттыќ жағдайдың шиеленісіп кеткендігінен, Балќандағы азаттыќ ќозғалыс әлсіреуге айналды. XVI ғ.ғ. және XVIІ ғ.ғ бір інші жартысында, Балкан халыќтарының түрік тепкісінен ќұтылуына Ресей әлі тікелей жәрдем көрсете алмады.
Бақылау сұрақтары:
-
Балќан халыќтарының Турцияның ќол астындағы жағдайы қандай болды?
-
Туриция билігіндегі Балќан елдерінің эканомикалыќ жағдайының ерекшеліктерінің сипаты?
-
Балќандағы азаттыќ ќозғалыс қай жылдары болды?
29-лекция
Тақырыбы: Ќайта өрлеу және гуманизм .
Таќырыбы: Батыс Еуропа елдерінде капиталистік ќатнастардың пайда
болуы
Жоспары.
-
XVI ғ.ғ ќарсаңында өнеркәсіпте өндіргіш күштердің даму.
-
Буржуазия табының ќалыптасуы.
-
Идеологияның жаңа формалары.
-
XVI- XVIІ ғ.ғ абсолют манархия.
-
Ұлттардың пайда болуы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Б.И.Пуришев., Р.О.Шор “Хрестоиатия по зарубежный литератури., литература средних веков” М. 1953 г.
2. С.Д.Сказкин “Хрестоматия по истории средних веков” М. 1950 г.
3. Н.М. Девяткина “История средних веков” М.1998 г.
4. Н.И. Девятайкина “История средних веков” М.1998 г.
5. Р.Ю. Випер “История Древнего мира и Средних веков” М.1994 г.
Лекция мақсаты: Ќайта өрлеу және гуманізмі және Батыс Еуропа елдерінде капиталистік ќатнастардың пайда болу бұл батыс тарихындағы үлкен роль атқарып келе жатқан мәселелердің бірі болып табылады. Еуропада шойын мен болат ќорытудың мөлшері кошті өсті, мұның өзі өндірістің барлыќ саласында ќұрал сайман мен аспаптар жасауды жетілдіре түсуге мүмкіндік беруге әкеп соқтырған еді.
Лекция мәтіні
Еуропада капитализмның пайда болып, дамуына байланысты оќиғалар дүние жүзілік тарихи маңызға ие болды. өндіргіш күштердің өрістеп дамуы капиталистік укладтың пайда болуын ќамтамасыз етті. « Жалпы алғанда, капиталистік ќатнастардың тууы үшін алғы шарт ретінде ќоғамдыќ өндірістің белгілі бір тарихи сатысы, формасы болуы ќажет. Өндірістің бұрынғы әдістерінің шеңберлерінде ќатнас ќұрамы, өндіріс ќұрал – жабдыќтары және ќажеттілер дамытылуға тиісті. Сөйтіп бұлар енді ескі өндірістік ќатнастардың шегінен шығып, оларды капиталистік ќатнастарға айналдыруға мәжбүр етеді. өндіріс өнімі өзгеріске ұшырап отырады, бұл жағдайда ең алдымен еңбек ќұралдары өзгереді. Су доңғалағын двигатель ретінде пайдалану әдісі сонау көне заманнан белгілі еді. Біраќ алғашќы орта ғасыр кезінде су доңғалағын тура су ағысына орнатып, оны төменнен ќозғап айналдыру әдісі кең тарады. Тек ХІІІ ғ.ғ. бастап су доңғалағын жоғарыдан төменге ќарай ќозғалту, яғни доңғалаќтыүстінен ќұлайтын судың күшімен айналдыру әдісі ќолданыла бастады. Металлургия өндірісінің техникасы едәуір жетілдірілді. Ќамыр түріндегі темір ќорытылатын ќол көрікті пешпен ќатар, XVIғ.ғ. бастап, әуелішағын домна пештерін жасау әдісі табылды. XV ғ.ғ. орта шеніне таман бұл пештердің мөлшерлері анағұрлым артты. Енді домна пештерінде жаңа өнім- сұйыќ күйіне шейін ќорытылған шойын өндірілді. Оның бір бөлігі әр түрлі бұйымдарды ќұйып шығаруға, ал екіншісі шойыннан болаттың әр түрлі сорттарын жасап шығаруға жұмсалды. Ќол көріктері, су доңғалаќтарының күшімен жұмыс істейтін механикалыќ көріктермен алмастырылды. Сонымен ќатар XVIғ.ғ сым созатын және прокат жасайтын механизмдер де пайда болды. Еуропада шойын мен болат ќорытудың мөлшері кошті өсті, мұның өзі өндірістің барлыќ саласында ќұрал х сайман мен аспаптар жасауды жетілдіре түсуге мүмкіндік берді. Металды суыќ күйінде өңдеу үшін токар, тес кіш және жонып тегістеу станоктарының ќарапайым түрлері ќолданылды.Әр түрлі ќарапайым механизмдер- су тартќыш насос тар, көтергіштер және т.б. тау –кен өнеркәсібінде ќолданыла бастады. Осының арќасында бұрынғыға ќарағанда, жер асты шахталарының терең ќойнауында жатќан пайдалы ќазбаларды өңдеу мүмкіндігі туди. Бұл тау – кен жұмысында елеулі өзгерістер енгізуге жадай жасады. Металургияның жетістіктері дәрімен атылатын атќыш ќарудың, сонымен ќатар артиллерия салаларындағы ќару – жараќтың жедел дамуына мүмкіндік берді. Бұлардың алғашќы түрлері- пистолеттер мен аркебуздар, XVI- XVIІғ.ғ.- мушкеттер: ал екіншісі- ұрыс шебінде, бекіністерді ќоршау немесе ќорғау кезінде теңіз кемелерінде пайдаланылатын арнайы зеңбіректер мен ќысќа мойынды зеңбіректер сериясы болды.Жауынгерлердің сауыт – саймандары да өзгерді. Олар суарылған болаттың жұќа пластинкаларынан жасалынды әрі ти ген оќтар мен бомба жарыќшалары тайќып кететіндей етіп жасалды. Тактика мен стратегия да өзгертілді. Ќамалдар инженерлік есеппен анағұрлым мыќты етіп сальна бастады. Тұтас алғанда соғыс ісінде нағыз төңкеріс жасалынды. Тома өндірісінде ќарапайым вертикаль Тома станок тар барлыќ жерде де анағұрлым жетілдірілген және өнімділігі де арттырылған горизонталь станоктарға орын босата бастады. Шұға басатын бір тиімменді пайдалану 24 ќызметкердің ќолын босатты: екі жұмысшы істейтін кең тоќыма станокты ќолдану еңбек өнімділігін 3-4 есе, ал өздігінен иіретін ұршыќтың өнімділігін 3-5 есе арттырды. Мата бояудың техналогиялыќ процесі де жетілдіріліп, жаңа бойағыш заттар енгізілді. ХІІ ғ.ғ. бастап –аќбелгілі болған механикалыќ сағаттар конструкциялыќ жағынан жетілдірілді. Ал XV ғ.ғ. аяќ шен інде белгілі болған сол кездегі ең алғашќы автаматыќ механізм – кәдімгі серіппелі ыќшам Балта сағаттары да жасалынды. Кітап басу ісін ойлап табуна байланысты полиграфиялыќ өндіріс те пайда болды. Теңіз кемесін және теңізде жүзудің техникасын жасап шығару ісінде үлкен табыстарға ќол жетті. Соның нәтижесінде XV- XVIІ ғ.ғ. ұлы географиялыќ ашылымдар жасауға ќажетті жағдайлар жасалды. Осы ашылымдар Еуропаның эканомикалыќ және әлеуметтік өмірінде көрнекті рөл атќарды. Көптеген жаңа ќолөнер кәсіптері мен мамандыќмары пайда болып, ќолөнершілер мен аспаптарды мамандандыру ісі де тереңдей түсті. Дәл осындай жағдайлар Тоќма өндірісінің басќа салаларында да орын алды. Металл өңдеумен айналысќан ќолөнершілердің арасындағы мамандандыру ісі де кеңінен өріс алды.
2). Феодалдыќ ќоғамның ќойнауында капиталистік укладтың нығаюына ќарай жаңа ќоғамдыќ екі тап: буржуазия мен пролетариат ќалыптасуға айналды. 1)“Буржуазия” деген термин француздың bourgeoisie деген сөзінен туды. Орта ғасырларда бұл атпен ќаланың тұрғындары, яғни орта ғасырлыќ ќала халыќтары аталды. Алайда тарихи дамудың процес інде бұл терминің маңызы өзгерді: ол орта ғасырлыќ ќала халќына емес, аќша байлыќтары мен өндіріс ќұралдарына ие бола отырып, жалдамалы еңбекті ќанаушы топќа айналып ќолданыла бастады. Буржуазия тобының ең алғашќы элементтері орта ғасырлыќ ќала халыќтарының сословиесінен щыќты. Буржуазия орта ғасырдағы бюргерліктің жай эвалюциясының нәтижесінде ќалыптасќан жоќ, оның негізін әр түрлі сословиелік топтар : аќша жинап алған орта ғасырлыќ ќала адамдары, ќалалардың ұсаќ, көбінесе цехтардан тысќары тұрған ќолөнершілерден шыќќандар, деревняның ќолөнершілері және тіпті бұрынғы жалдамалы жұмысшылар ќұрды. Буржуазияның ќұрамына ќалыптаса бастаған буржуазиялыќ интелегенция да- юристер, ер кін кәсіп селері, бұлар нығая бастаған буржуазияның талаптарын идеологиялыќ жағынан негіздеушілер еді. Буржуазияның арасынан әдетте чиновник тік бюракратияның өкілдері ќұрала бастады. Буржуазияның көбінесе деревнялыќ буржуазияның ќұрамына ең аќырында шаруалардың капиталистік фермерлерге айнала бастаған дәулетті тобы ауысты. Сөйтіп, феодалдыќ ќоғамның ќойнауында ќалыптаса бастаған буржуазия
табы ќала халыќтары мен бюргерлердің орта ғасырлыќ сословиесінен сапалыќ айырмашылыќќа ұшырады. 2) Кейін жалдамалы еңбектің армиясын ќұрып, жаңадан туып келе жатќан пролетаріат табының ұйытќысына айналатын ұсаќ дербес өнім өндірушілер мен шаруалардың және ќолөнершілердің аса ќатаң варварлыќ әдістерімен жаппай экспроприацияланғандығы туралы жоғарыда айтылды. Пролетаріат дамудың ұзаќ жолынан өтті және бірден тап болып ќалыптаса ќойған жоќ:тап ретіндегі пролетаріат жайында тек фабрикалыќ өндірістің пайда болған кезінен бастап ќана айтуға болады. Пролетариаттың дүниеге келуінің ұлы маңызы, оның буржуазиялыќ наќ өзінің көрін ќазушы ретінде туып, адамды адам ќанаудың ќандайын болса да жоятын, камунистік ќоғамды ќұру жолында атќаратын тарихи міндетінде болды. Буржуазия мен пролетариат топтарының пайда болуы, феодалдыќ ќоғамның классикалыќ формасына жат жаңа таптыќ ќайшылыќтарды- пролетариат пен буржуазияның арасындағы таптыќ антогенизмді туғызбай ќоймады.
3). Буржуазия мен пролетариаттың ќалыптасуымен бірге ќоғамның осы жаңа таптарының ќажеттерін бейнелеуші идеологияның ќалыптасуымен бейнелеуші идеологияның формалары да дами түсті. Үстемдік етуші феодалдыќ идеологиямен жүргізілген күресте гуманізм мен байта өркендеу үлкен рөл атќарды. Рефармациялыќ ќозғалыс дін оќуының идеологиямен формалары- лютерандыќты, цвинглианшылдыќты және кальвинизмді тікелей тұлғаландырып көрсетті.бұл ағымдардың алғашќы екеуі Германия империясы мен Швейцарияның XVIғ.ғ. прогресшіл топтарының кең ќоғамдыќ ќозғалысына идеологиялыќ ќару – ќұрал ретінде пайдаланылды. Кальвинизм бірінші орынға реформацияның буржуазиялыќ сипатын ұсынып, сол кездегі буржуазияның батыл бөлігінің идеологиясына, XVIғ.ғ.нидерландыќ және XVIІ ғ.ғ. ағылшындыќ буржуазиялыќ ревалюцияның иднологиялыќ туына айналды. Бұл ағымдар халыќтыќ рефармацияға ќосылды. Ал оның идеологтары, мысалы Томос Мюнцер, халыќтыќ көтеріліс жасау арќылы феодалдыќ ќұрылысты ќұлатып, барлыќ адамдардың әлеуметтік теңдігі мен мүліктердің ортаќтылығын орнату сияќты талаптарды ќойды. Сонымен ќатар халыќтыќ Реформацияның идеологтары өздерінің идеяларын абстракты мазмұндаумен шектеліп ќана ќоймай, олар феодалдыќ ќоғамның езілген топтарының – ќалалыќ плебс пен шаруалардың мүдделерімен де тығыз байланыстырды.
4). Феодалдыќ ќоғамның өз ішінде жүргізілген процес тер, таптыќ күштердің ара ќатнастары мен тап күресінің мазмұнын және формаларын бейнелеп көрсетті. Капиталистік даму неғұрлым көбірек табысќа жеткен елдерде (ең алдымен Англия мен Францияда), абсалюттік манархия пайда болды. Ол өзінің өмір сүруінің алғашќы кезеңдерінде прогресшіл рөл атќарды. “... Абсалюттік манархия,-деп жазды Маркс,- өтпелі дәуірлерде- ескі феодалдыќ сословиелер ќұлдырап, ал ќала халыќтарының орта ғасырлыќ сословиесінен буржуазияның ќазыргі табы ќалыптаса бастаған кезде және күресуші жаќтардың ешќайсысыда әлі біріне-бірі үстемдік ете алмай тұрған кезде пайда болды. Мемлекеттік ќұрылыстың формасы ретінде абсалютизмның айрыќша белгісі, елдегі жоғарғы кмет билігі тек бір ғана монархтың – корольдың, патшаның, императордың ќолында шоғырлануы болып табылды. Ол заң шығарады, чиновниктерді тағайындайды, алым – салыќтарды белгілейді және ќазынаға түскен аќшаларды өз ќалауынша жұмсайды. Абсолют манарх тұраќты армія мен полицияға орталыќтандырылған орасан зор бюракраттыќ аппаратќа сүйеніп отырды. Сондыќтан абсалютизмнің өзі чиновниктер мен палицияның дара билігі және халыќтың правасыздығы болды. Абсалютизымның таптыќ базасы феодалдыќ дваряндар болды. Абсолютизм ең алдымен солардың мүдделерін ќорғады. Абсалютизмның орнауына ќарсылыќ көрсеткен феодалдыќ аристакратия, ішінара ќырғынға ұшырады, ішінара ќызметтермен алданып, сарай төңірегіндегі аристократияға айналды. Корольдік абсалютизмның ең бастр тірегі, оның армиясының негізін ќұрушы ұсаќ және орташа дваряндар болды. Абсалюм манархия алым – салыќтарды анағұрлым көбейтті және олардың негізгі ауыртпалығы бұќара халыќќа түсті. Абсолют манархия бірќатар елдерде шіркеудің дербестілігін жойып, өз билі гін арттырды, сонымен ќатар шіркеу жерлеріне түгелдей немесе бір бөлігіне өзі ќожалыќ жүргізуге права алды. Абсалютизмның финанстыќ жағдайының нығаюына , оның өнеркәсіп пен сауда – сатыќ алу жолымен түсірген ќосымша табыстары да едәуір көмектесті. Абсалютизмның ќолындағы ең маңызды ќұралы болған бюракратия сонымен ќатар буржуазияны дваряндарға ќарама – ќарсы ќойып пайдаланатын ќұрал – ретінде де ќызмет етті. Абсолют манархия XVI- XVIІ ғ.ғ. буржуазияны өз маќсаттарында пеайдалана алуының себебі өз дамуының наќ осы кезеңінде буржуазияның өзі де кошті мемлекеттің ќолдауын ќажетсінді және оған барынша ќызмет етуге даяр еді. Өзінің классикалыќ формасындағы абсолют манархия баяндалып отырған кезеңде Франция мен Англияда ќалыптасты. Ал Испания мен Швециядағы және басќа мемлекеттерде абсолют манархия өзінің ќұрылымы жағынан да, сондай -аќ абсалютизмның саясаты жағынан да өзіне тән ерекше болды.
5). Феодализмның үшінші кезеңі және бір ерекшелікпен сипатталады. Бұл кезде өркендеп келе жатќан эканомикалыќ ќарым – ќатнастардың және капиталистік укладтың бірте – бірте ќалыптасуының негізінде Батыс Еуропаның көптеген елдері территориялыќ жағынан тұтасып біріге бастады. Әрбір елдің өзіне ортаќ тілдің, ортаќ мәдениеттің ќалыптасу процесі жүзеге аса бастады. Бұл ұлыттардың пайда болуына жадай жасады. Ал орталыќтандырылған мемлекеттердің нығайып бекуі бұл процеске көмектесті. Ұлттардың ќалыптасуы мен саясы орталыќтандырылу процесінің уаќыт жағынан үйлесіп келушілігі, Франция мен Англия сияќты елдерде халыќтарының басым көпшілігі бір ұлттан ќұралып, ал өзге ұлыттардың немесе халыќтардың өкілдері аз ғана топ болған мемлекеттердің ќұрылуына әкеліп соќты.
Бақылау сұрақтары:
-
XVI ғ.ғ ќарсаңында өнеркәсіпте өндіргіш күштердің даму қандай еді?
-
Буржуазия табының ќалыптасуының ерекшелігі қандай?
-
Идеологияның жаңа формаларына түсініктеме бер.
-
XVI- XVIІ ғ.ғ абсолют манархияның рольі.
-
Ұлттардың пайда болуы және тарихи маңызы.
30-лекция
Таќырыбы: XV-XVII ғ.ғ. Батыс Еуропадағы жаратылыстану ғылымының
дамуы.
Жоспары:
-
XVI-XVII ғ.ғ. Жаратылыстану дамуында болған төңкеріс.
-
Астраномия дамуы.
-
Физиканың дамуы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Б.И.Пуришев., Р.О.Шор “Хрестоиатия по зарубежный литератури., литература средних веков” М. 1953 г.
2. С.Д.Сказкин “Хрестоматия по истории средних веков” М. 1950 г.
3. Н.М. Девяткина “История средних веков” М.1998 г.
4. Н.И. Девятайкина “История средних веков” М.1998 г.
5. Р.Ю. Випер “История Древнего мира и Средних веков” М.1994 г.
Лекция мақсаты: XV-XVII ғ.ғ. Батыс Еуропадағы жаратылыстану ғылымының дамуы елдегі болып жатқан түрлі өзгерістер мен қоса қарапайым халықтың ғылым мен мәдениетке деген сондай- ақ өз білімдерін жетілдіру барысында жер кезіп ізденістерін ары қарай жалғастыра баргені де осы күнге дейін мәлім болып отыр және де осы ғалымдарымыздың ізденуінің арқасында біз көптеген мағлұматтарды қолымызға алып жүргеніміз баршамызға аян.
Лекция мәтіні
Византианың алғашќы кезеңінде антик дәуірінің ескі білімді орталыќтары-Афины, Александрия, Бейрут, Газа-әлі де бар еді. Біраќ христиан шіркеуінің антик пұтќа табынушылыќќа шабылуының нәтижесінде осы білімді орталыќтардың кейбіреулері күйреуге ұщырады. . Александриядағы ғылыми орталыќты IV ғ.ғ. жойып жіберді, әйгілі Александрия кітапханасынан өртеніп кетті, ал фанатик монах тар 415 жылы әйел ғалым, математик және філософ Ипатияны кескілеп өлтірді. 529 жылы Юстиниан антик пұтќа табуну ілімінің соңғы ордасы- Афиныдағы жоғарғы дәрежелі мектепті жауып тастады.
Космографія мен астрономия төңірегінде антик жүйесін жаќтаушылармен христиан көзќарастары арасында ќызу күрестер жүріп жатты. VI ғ.ғ. Косьма Инидикоплов (аудармасы-индияға жүзіп барушы сөзі) өзінің “христиандыќ топография” дейтін еңбегінде Плоломейдің космогоника жүйесін жоќќа шығару маќсатында болды. Оның щығарған барлыќ аңғырт космогониясы библия ұғымдарына бағындырылған-онда Жер теніс төрт бұрышты, мұхиттар ќоршаған, аспан жауып тұрған ќайыќ тәрізді нәрсе дейді. Біраќ антик тік космогониялыќ ұғым Византияда IX ғ.ғ. да саќталды. Астрономиялыќ баќылау, көп жағдайда астрологиямен араласып жатса да, ешуаќыттада Византия да тоќталған емес.
XV ғ.ғ. аяғы мен XVI ғ.ғ. бас кезінде Италияда филасофия, тарих және саяси ой – пікірдің тамаша өкілдері өмір сүрді. Падуан, содан кейін Болонье университетінің прафессоры Петро Помпанации (1462-1524), рационалистік және скенттік, өзінің аты шулы “Рухтың мәңгілігі туралы” трактатында (1516) ашыќтан – ашыќ рухтың мәңгілігі туралы хрестин дінінің іліміне ќарсы шыќты. Ойлаудың материямен тығыз байланыстылығы және материалдыќ дүниенің жаратылыстың табиғи заңдарына бағынатындығы жайында материализмның бірќатар ќағидаларын негіздеп берді. XVI ғ.ғ. бір інші жартысына тән сипат- Помпанации ќуғынға ұшырамады және өмірінің аќырына дейін болонье университетінің профессоры болып ќалды. Бұл католик тік шіркеу басшыларының “азат ойшылының” уаќытша кезеңінің соңғы жылдары болды. XVIғ.ғ. орта шенінен бастап материалистік филасофияның өкілдері инквизацияның ќуғындарына ұшырады. Джордано Бруно (1548-1600), Джулио Ванини (1585-1619) және басќалары өмірлерін отќа жағумен аяќтады. Астроном, физик және филасофия- материалист Галілео Галилейді (1564-1642) никвизация соты мәңгілік түрмеге кесіп, өмірінің аќырына дейін баќылауда ұстады. Саяси ойшыл, тарихшы және дипломат Никколо Макивеллидің де (1469-1527) атағы кеңінен танылды. Оның бастр еңбегі “Патша” мемлекеттік ќызметтегі адамдардың іс жүзінде басшылыќќа алуларына арналды. Ол Италияның түбіне жетіп отырған ең бастр баќытсыздыќ- оның саяси бытырандылығы, ал оның негізгі себебі- рим папасының дүнияуи өкімет үкметке араласуы деп. тұжырымдады. Макивелли өз шығармаларында Италияны біріктіретін диктатордың ќасиеттерін саралап көрсетуге тырысты. XVI ғ.ғ. Италия мемлекет ќайраткерлерінетән нәрсе- олардың тарихты ќылмыстың және жеке адамдардың опасыздыќќа ќұмар күресінің аренасы деп. ќарауға болды. Осы кезеңдегі Италия адамзатќа сонымен ќатар ќарама – ќарсы бағыттағы саяси ойшылды да берді. Испандыќ тепкінің және XVIІ ғ.ғ. католик тік реакцичяның жағдайларында, Оңтүстік Италиядағы утопиялыќ социолизмның аса көрнекті ќайраткері, 27 жыл өмірін түрмеде өткіөген Томмазо Кампанелло (1568-1639) өзінің “Күн ќаласы немесе тамаша республика” деген атаќты шығармасын түрмеде отырып жазды.
Бақылау сұрақтары:
-
Батыс Еуропадағы жаратылыстану ғылымының дамуына үлес қосқан?
-
Астраномия ғылымының даму
-
Физиканың даму
-
Джордано Бруноның сіңірген еңбегі
Достарыңызбен бөлісу: |