Әдістемелік нұсқаулардың Нысан титулдық парағы пму ұс н 18. 3/40



Дата11.07.2016
өлшемі150 Kb.
#192073
Әдістемелік нұсқаулардың Нысан

титулдық парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

«Саясаттану» пәні бойынша

Бакалавриаттың барлық мамандықтары студенттеріне арналған
пәнді меңгеру жөніндегі

әдістемелік нұсқаулар

Павлодар




Әдістемелік нұсқауларды Нысан

бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/41


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер

20__ ж. «____»_____________

Құрастырушысы: аға оқытушы ____________ Г.М.Каппасова

Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы


Саясаттану пәні бойынша

Бакалавриаттың барлық мамандықтары студенттеріне арналған

пәнді меңгеру жөніндегі

әдістемелік нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылды

20__ж. «___»___________ , №___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі_______________Ғ.Н.Иренов 20__ж. «___»___________
Тарих және құқық факультет ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»___________, №___ Хаттама


ОӘК төрағасы_______________Қ.Қ.Батталов 20__ж. «___»___________

Мақұлданды:


ЖжӘҚБ бастығы_______________А.А.Варакута 20__ж. «___»___________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»___________, №___ Хаттама


Дәріскер: Каппасова Гульсара Маданиевна

«Саясаттану» пәні бойынша дәріс сабақтарына дайындық тапсырмалары

1 тақырып Саясаттану ғылым ретінде.

1 Саясаттанудың объектісі және пәні.

2 Саясаттанудың заңдары және санаттары (категориялары), әдістерімен қызметтері.

Саясат: ұғымы, мазмұны, және оның термин ретінде тарихи қалыптасу туралы мәліметтерді жинақтау. Саясаттың элементері: билік, субъектер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет байланысыу және ерекшеліктерін анықтау. Саяси ғылымның құрылымы және оның парадигмаларын саяси сөздіктерден қарастыру.

Ұсынылған әдебиет: [1] 10- 21 б., [3] 11 – 18 б.

2 тақырып Саяси ғылымның дамуы және негізгі қалыптасу этаптары.

1 Ежегі Шығыс саяси ілімдер (буддизм, конфуциандық, даосизм, легизм). Ежелгі Грек және Ежелгі Римнің саяси ілімі (Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон).

2 Ортағасырлық Шығыс саяси ілім (Әл-Фараби, Низами, Әлишер Навои). Ортағасыр және Ренессанс және Ағартушылық кезенінде саяси интерпретациялар.

Буддизм, конфуциандық, даосизм, легизм туралы философиялық жән саяси сөздіктерден анықтамасын тауып арнай дәптерге қысқаша мәліметтер жазу. Қазақстан саяси ілімі қалыптасуы және дамуды қарастыру. XX ғасыр шетелдік саяси ілім (В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс, М.Вебер, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже) көзқарастарын қарастыру.

Ұсынылған әдебиет: [1] 21- 27 б., [2] 23 – 31 б.

3 тақырып Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.

1 Саясаттың әр түрлігі: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық және т.б.

2 Саясаттың қызметтері.

Саясаттың қызметтері: басқару және реттеу, қоғамның тұрақтылық және құндылықтармен қамтамасыз ету туралы мысалдар келтіру. Саясаттың мақсаты мен құралдарын анықтау. Құқық, мораль (ақылақ) және саясаттың өзара қатынасы байланысыуын қарастыру.

Ұсынылған әдебиет: [1] 28- 34 б., [3] 29 – 39 б.

4 тақырып Билік саяси феномен ретінде.

1 Саяси биліктің ұғымы және мәні және оның ерекшеліктері.

2 Биліктің құрылымы: тұп негізі, дереккөздері, қызметтері, қорлары (ресурсы).

Биліктің бірнеше анықтамасын қарастыру және салыстыру. Билікті ұйымдастыру және қызметтілік (ұстанымдары) принциптерін анықтау. Билік тұжырымдамалармен (концепциялары) танысу. Қоғамдағы саяси басекелестік және оппозицияның қажеттілігін анықтау. Қазақстан республикасында билікпен оппозиция және олардың өзара әрекеттері туралы мәліметтер жинақтау.

Ұсынылған әдебиет: [1] 34- 47 б., [2] 48 – 52 б.

5 тақырып Ұлттық саясат және әлеуметтік-этникалық қаумдастықтар.

1Этнос және ұлт: ұғымы мен мәні.

2 Ұлттық-мемлекеттік құрылғы нысандары (формалары): унитаризм, федерация, конфедерация.

«Ұлт» категория түсінудің екі тұрғысы: этнолингвистикалық және мемлекеттік-құқықтық көзқарастарды қарастыру. Ұлттық мәселер және оның құрылымын арнайы дәптерге қысқаша жазу. Халықаралық қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік және халықаралық келісімді нығайту роліне назар аудару. Қазақстан елдерінінң Ассамлеблеясы қоғамдық-саяси жүйе институты туралы мәлімет жинау. Конфессия диалогтары және конфессияаралық келісім ретінде қазақстаңдық тәжірибені талдау.

Ұсынылған әдебиет: [1] 50- 58 б., [4] 53 – 61 б.

6 тақырып Қоғамның саяси жүйесі

1 Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы, бөлшектері.

2 Саяси жүйенің қызметтері: әлеуметтену, бейімделу (адаптация), реттеу (регуляция), сезіну (реагирование) және қатынас (коммуникации).

Саяси жүйенің классификациялық өлшемдер (критерилер) және теориялар. Д.Истоннің, Г. Алмондтың және К.Дойчтың саяси жүйенің өлшем классификациясы мен теорияларымен танысу. Дәстүрлік және казіргі саяси жүйелерді (өкілдік, модернистік және постмодернистік) өзара салыстыру. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің реформалық мәселелері және даму үрдістерін (тенденциялары) анықтау. Қазақстан Республикасының саяси-партиялық және сайлаушылық жүйенінің даму проблемаларын қарастыру.

Ұсынылған әдебиет: [1] 60- 67 б., [5] 63 – 69 б.

7 тақырып Мемлекет және азаматтық қоғам

1 Мемлекет: пайда болуы, мәні, нышаны, қызметі, мақсаты.

2 Азаматтық қоғамның ұғымы.

Азаматтық қоғамның генезисі және эволюция идеяларымен танысу. Мемлекеттің типтерін арнайы дәптерге конспект ретінде жазу. Құқықтық мемлекеттің ұғымы және оның ерекше нышандарын қарастыру. Азаматтық қоғамның құрылымына арнайы кесте жасау. Әлеуметтік мемлекеттің қызметі және демократиялық жана концепцияларды қарастыру. Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның қалыптасу проблемаларын анықтау.

Ұсынылған әдебиет: [1] 79- 84 б., [5] 73 – 79 б.

8 тақырып Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

1 Саяси партиялар: ұғымы, негізгі мақсаттары, міндеттері және қызметтері.

2 Партиялардың типологизациялық өлшемдері.

Партиялық жүйе: ұғымы, классификациясы туралы мәліметтер жинап арнайы дәптерге конспект ретінде жазу. Саяси партиялардың қалыптасуы және мәнімен танысу. Партиялық жүйелер: негізгі классификациясын анықтау. Қазақстан қоғамының саяси өмірініңдегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен ролін анықтау. Қоғамдық қозғалыстар және саяси партилардың арасындағы өзара қарым-қатынас проблемаларын талдау.

Ұсынылған әдебиет: [1] 86- 91 б., [3] 112 – 118 б.

9 тақырып Саяси режимдер

1 Саяси режимнің ұғымы мен элементтері.

2 Саяси режимнің типтері.

Тоталитаризм және оның әр түрлігі туралы Платонның айтқан мәліметтермен танысу. Авторитаризм: типологиялық формаларын дәптерге жазу. Демократия және оның әр түрлігі формаларын анықтау. Демократияның қазіргі заман формалары (неодемократиялар). Демократизация қазіргі этапта саяси ғылымның және тәжірибенің басты проблемаларын қарастыру.

Ұсынылған әдебиет: [2] 102- 112 б., [6] 123 – 131 б.

10 тақырып Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғырту (модернизация)

1 Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі заман.

2 Демократияның жалпы принциптері және мен институттары.

Саяси модернизация: ұғымы, жүзеге асыру себептері, негізгі даму жолдарын қарастыру. Саяси өзгерістер саяси теорияның объектісі ретінде қарастыру. Саяси дамудың дағдарыстары (мысалы ретінде - Қазақстан) мысалдарды келтіру. Саяси жүйенің модернизация процессінің мәні сияқты демократиялық саяси жүйенің қалыптасуын қарастыру. Қазақстан қоғамының саяси модернизация проблемаларына назар аудару.

Ұсынылған әдебиет: [1] 110- 117 б., [4] 118 – 121 б.

11 тақырып Саяси процесс

1 Саяси процесс ұғымы, мәні және негізгі мінездемесі.

2 Саяси процесстің құрылымы.

Саяси процесстің міндетті іс режимдерімен танысу. Саяси процесстің сатылары (фазалары) туралы мәліметтерді арнайы дәптерге жазу. Саяси процесстің мазмұны және типологиясын анықтау. Сыртқы саяси және ішкі саяси процесстерді қарастыру. Саяси мінез-құлық және оның формаларын анықтау. Саяси шешім: дайындау, әзірлеу және жүзеге асыруды қарастыру.

Ұсынылған әдебиет: [1] 119- 128 б., [2] 132 – 143 б.

12 тақырып Саяси сана және саяси мәдениет

1 Саяси сана: мәні және құрылымы.

2 Саяси мәдениеттің қалыптасуың қоғамдық пікір және оның ролі.

Саяси мәдениет: қызметтері, концепциялар, құрылым элементтерін қарастыру. Саяси мәдениеттің қалыптасу субъектілері және факторларын анықтау. Саяси мәдениеттің типологиясын кесте ретінде дәптерге жазу. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық түрлерін қарастыру. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуына назар аудару.

Ұсынылған әдебиет: [2] 120- 131 б., [4] 145 – 149 б.

13 тақырып Саяси элита және саяси көсемдік

1 Саяси элита, оның қызметтер

2 Саяси элитаның қызмет ету факторлары, элита классификациясы.

Классикалық және қазіргі заманның элита арналған теориялармен танысу. Бюрократизмді саяси феномен ретінде қарастыру. Саясаттың субъетісі ретінде элита мен көсемдерге назар аудару. Қазіргі Қазақстандағы саяси көсемдік институты және саяси элита туралы мәлімет жинақтау. Қазіргі Қазақстандағы саяси қөсемдік проблемаларын анықтау.

Ұсынылған әдебиет: [1] 154- 159 б., [3] 123 – 131 б.

14 тақырып Саяси технологиялар

1 Саяси технологиялардың ұғымы.

2 Саяси технологияның мәні және ерекше айырмашылықтары.

Саяси технологияның құрылымымен танысу. Саяси процесстің анализі (талдауы): мәні, ерекшелігі, әдісі және саяси талдаудың негізгі этаптарын анықтау. Саяси кеңес беру: ұғымы және мәнін түсіну. Саяси кеңес берудің сатылары мен тәсілдерін анықтау. Мемлекеттік саясатың қалыптастыратың технологияларды қарастыру. Сайлаушылық жүйелер: ұғымы және мәнімен танысу.

Ұсынылған әдебиет: [1] 180- 189 б., [4] 163 – 171 б.

15 тақырып Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар

1 Дүниежүзілік саясаттың ұғымы.

2 Халықаралық қатынастардың типтері және түрлері.

Геосаясат: ұғымы және мәнін нақты қарастыру. Халықаралық қатынастардың субъектілерін (мемлекет, халықаралық ұйымдар) анықтау. Халықаралық саяси институттар, түрлері, мақсаттары және олардың ерекше қызмет етулеріне назар аудару. Халықаралық дағдарыстардың себептері, түрлері, зардаптары, ескерту және шешу тәсілдері талдау.

Ұсынылған әдебиет: [1] 210- 211 б., [5] 223 – 231 б.

Әдебитеттер тізімі


Негізгі:

1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Әбсаттаров Р. Саясаттану және оның проблемалары: оқу құралы. – Алматы: Тоғанай Т, 2007 – 463 б.

3 Мұхамедов М. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы: оқулық. –Алматы: Заң әдебиеті, 2007 – 340 б.



Қосымша:

4 Рахметов Қ.Ж. Саясаттану: оқу құралы. – Алматы: Өлке, 2005 – 175 б.

5. Қуандық Е. С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. – Алматы: «Дәуір», 2005.–224 б

6 Абсаттаров Р. Б., Жалмагамбетова С. Т., Нуракишев А. А. Тесты по политологии: вопросы и ответы: Учебное пособие, - Алматы, 2005.

7 Әмірбеков Ш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы: оқиғалар жылнамасы. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2010 – 464 б.

8 Ахметова М. Орысша-қазақша саяси сөздік: 5000-дай сөз тіркесі. – Алматы: Сөздік-словарь, 2006 – 192 б.

9 Жамбылов К.Х. Саясаттану негіздері. – Алматы, 1998. – 239 б.

10 Қуандық Е.С., Абдулаева К. Билер институты: тарихы мен тағылымы // Ғылыми жұмыстар «Әділет», 2003. - №1. – 197-202 б.



11 Өзбекұлы С. Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері. – Алматы: «Білім», 2004. – 128 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет