Бақылау сұрақтары:
-
Ортағасырлар кезеңдерге бөлінуі
-
Ортағасырлар тарихын зерттеген ғалымдар.
-
Феодализм дәуіріндегі германдықтардың ағылшын,франция жерлерін иемденуі.
-
Батыс Еуропадағы феодализмнің дамуы.
-
Ортағасырлар,феодализм терминінің мәні.
2-лекция
Тақырыбы: Антикалыќ дәуір мен орта ғасырлар тоғысындағы Еуропа.
Жоспары:
1. Ежелгі герман тайпалары.
2. Варвар корольдіктерінің ќұрылуы.
3. Батыс Еуропадағы феодализм генезисі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Буданова В.П. “Годы в эпоху Великого переселение народов” М. 1990 г.
2. Лебед Г.С. “Епоха викингов в Северной Европе” М. 1986 г.
3. “Всемирная история” М.1957 г. В-10 т.т.
4. “История Европы” ,В-8 т., 2-3 т.т. Средневековая Европа. М. 1988 г.
5. “История средних векав” В- 2 т. М.2001 г.
6. Трахденберг О.В. “Почерки по истории западно-
европейской среневековой философии” М. 1957 г.
7. К.Маркс, Ф. Энгельс “Табиғат диалектикасы” А.1956ж. 124-153 беттер.
Лекция мақсаты: Антикалық дәуір мен орта ғасыр тоғысындағы Еуропа, ежелгі герман тайпалары және варвар корольдіктерінің құрылуы сондай –ақ Батыс Еуропадағы феодализмнің генезисі тақырыбымызға жоспарлай құрылған сұрақтардың жауабын алу мақсатында біз көптеген тарихи орындардың ішіндегі мағлұматтардан жиып- теріп бір қорытындыға келе отырып осы тақырыптағы бірқатар мақсаты орындау барысында лекцияны одан әрі толығымен кең көлемде баяндаймыз.
Лекция мәтіні.
IV ғ.ғ. аяғы Рим империясы ќұрамына Батыс Еуропа, Дунайдың Оңтүстік жағалауындағы облыстар, Балкан түбегі, Жер орта теңізіндегі аралдар, Солтүстік Африка мен Египет, сонымен бірге Азияның бірќатар елдері мен облыстары, Кіші Азия, Ќара теңіздің шығыс жағалауы, Месопотамияның бір бөлігі, Сирия, Палестина кірді. IV -V ғ.ғ. Рим империясы ќұлдырауы себептері: ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын ќұл иеленуші саны азаю салдарынан егін шаруашылыќ және ќолөнер, мал шаруашылығы, жалпы шикі зат өнімдері төмендеді.
1.Герман тайпалары б.з.д. I ғ. орта шенінде тайпалыќ ќұрылыста өмір сүрді. Б.з.д. I ғ. кейбір Герман тайпалары Рейннен өтіп, Галлияда орын тебуге тырысты, біраќ Юлий Цезар оларды Рейннен ары серпіп тастады. Б.з.д. I ғ. аяғында Рейннен Эльбаға дейінгі территорияны Рим жаулап алғаннан кейін, ол жер Римдік провинцияға айналды. Біраќ бұл ұзаќќа бармады. Рейннен шығысќа ќарай жатќан аймаќтар Римдіктер өзіне ќарата алмады және германдыќтармен болван бірќатар ќаќтығыстардан кейін ќорғанысќа көшті. Рейн Рим мен Герман тайпалары территориясының шекарасы болып ќалды. Өздерінің шекарасын нығайту үшін римдіктер Рим дуалы деп. аталатын Орта Рейннен Жоғарғы Дунайға дейін созылған ќорғаныс дуалын салды. Осы дуалдан шығысќа ќарай орналасќан германдыќтар бытыраңќы тайпаларға тұраќсыз тайпалыќ одаќтар топтасты. Ежелгі германдыќтардан шығысќа ќарай славяндардың ата-бабалары өмір сүрді. Олар Эльба(славяндыќ Лаба) мен Одерден (славяндыќ Одра) Донец,Ока мен Жоғарғы Волгаға дейін, Балтыќ теңізінен Орта және Төменгі Дунайға, Ќара теңізге дейінгі ұлы байтаќ территорияда бытырап жатты. б.з. I-II ғ.ғ. олар антик авторларға венеттер деген ат пен белгілі болды. Германдыќ тайпалар б.з. Iғ. Пұтќа табынған.Антик авторларының шығармаларының деректерінде әр түрлі Герман тайпалыќ ќоғамдыќ даму деңгейі біркелкі болған жоќ. Бұл тайпалардың шаруашылығында егіншілік бастр роль атќарды. Жер өгіз жегілген соќа мен өңделіп отырылды. Б.з.д. германдыќтарда жеңіл доңғалаќты соќа ќолданылған. Кейбір Герман тайпалары б.з.д. I ғ. өздері ие болған территорияға түбегейлі отырыќтанған жоќ, бұл Цезарь тұсында сүтпен, ќұртпен және етпен ќоректенді. Германдыќтарда таптарға бөлу болған жоќ, мемлекетте болмады. Цезарь: “бейбіт кезде тайпалардың ортаќ мемлекеті жоќ” , - дейді. Әкімшіліктің жоғарғы органы болып халыќ жиналысы саналады, оған ќару-жараќ асынуға правалы ересек еркектер ќатыса алатын еді. Ру аќсаќалдары негінен сот ќызметін орындады. Соғыс кезінде өмірінде тіпті өте маңызды роль атќарды. Кейбір герман тайпалары бұл кезде өзіне басќа тайпаларды бағындырып, оларды алым төлеп тұруға мәжбүр етті. б.з. I-II ғ.ғ. соңында римдік тарихшы Тациттің зерттеулері бойынша ауыл шаруашылыќ пен ќол өнер дами түсті, өздерінің халыќ жиналысында кісі өлтірушіге өзіндік ќұн төленіп отырды, германдыќтардың отбасы мүшелері күйеу мен ќалыңдыќќа арналған өзіндік сый-сыйапаттарын дәстүрлі өтетін, кейбір германдыќтар көршілес халыќтармен айырбас пайда болды.
Б.з. II-III ғ.ғ. Рим империясы шекараларындағы Герман тайпалары Шығыс және Орталыќ Еуропадан ќудалап , оларды басќа жерлерге ќоныс аударуға итермеледі. Герман тайпаларының байта топтасуы нәтижесінде саны өте көп және тұраќты. Германдыќ тайпаларының ішінде шығыс германдыќ тайпалары- готтар. Олар екіге бөлінеді : остготтар (шығыс готтар) және вестготтар (батыс готтар).
Готтар- Днестрден шығыста Ќара және Азов теңіздерінің жағалауына дейінгі аймаќтарды иемденген готтарды остготтар деп. атады. Вестготтар-Днестр мен төменгі Дунайдың бойын ќоныстанған.
Б.з. III-IV ғ.ғ. Готтар Рим империясының территориясына шабуыл жасап Рейн, Дунай және Нектар жерлерін басып алды. Герман тайпаларына басќа да тайпалыќ одаќтар кірді; Алеман, Сенондар, Квадттар, Сакстер, Херусктер, Хавктар,Франктер, Вестготтар, Остготтар,Лангобардтар, Вангалдар, Бургундтер кірді. Б.з. IV ғ. германдыќ тайпалар арасында готтар, вандалдар, бургундар арсында христиан дініне өтті. Германдыќтарда рунь жазуын және рим ,грек альфавиттерін пайдаланған.
Б.з.IV ғ.аяғында варвар тайпаларының айрыќша Ірі, жапай көшу мен олардың әдетте”халыќтардың ұлы ќоныс аударуы”деп. аталатын Рим империясының территориясында басып кіру басталды. Герман және Герман емес варвар тайпаларының империяға шабуылы, біріншіден, олардың арасында өндірістік күштердің өсуімен байланысты мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуіне және, екіншіден, байлыќты молайтуға, жер мен әскери олжаны иемденіп алуға тырысуынан туды.
Бұл кезде соғыс Герман тайпалары үшін әдетке әрі тұраќты кәсіпке айналды, Рим империясы өзінің ұлан-байтаќ, жаќсы өңделген жерлерімен және бай ќалаларымен варварлар үшін ерекше тартымды күшке ие болды.
375 жылы ғұндар Ќара теңіз бойындағы остготтар және басќа да тайпаларды басон біріктірген гот тайпалары одағына шабуыл жасап, оны тізе бүктірді.Тайпалар бірлестігін басќарған остготтар көсемі Эрманарих өзін-өзі өлтірді. Осыдан кейін гот тайпаларының одағы ыдырап кетті.
376 жылы Вестготтардың Рим империясының территориясына басып кіру.
418 жылғы Весготтар корольдігінің ќұрылуы және ыдырау салдарынан 507 жылы Франк корольдігінің ќұрамына енді.
V ғ.ғ. ғұндардың басшысы Аттиланың шапќыншылығы. 453ж.ж Аттила өлген соң, 454 ж.ж. ғұндардың ыдырауы.
Варварлыќ басып кірулердің Еуропа тарихы үшін зор маңызы болды. Бұл басып кірулердің нәтижесі терең ішкі ќайшылыќтардан, өндірістің ќұл иеленушілік тәсілінің дағдарысынан, бұќара халыќтың күрестерінен күні біткен Батыстағы ќұл иеленушілік Рим империясының ќұлауы болды. Еуропаның саяси картасы өзгерді. Бұрын Батыс Рим импеиясы ќамтыған территорияларды V ғ. аяғы мен VI ғ. басында жаңа ќоғамдыќ ќатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге ќажетті жағдайлар жасалған варварлыќ мемлекеттер пайда болды.
3.Феодалдыќ ќатынастардың ќалыптасуы, Ірі-ірі феодалдыќ жер иеліктерінің пайда болуы, ерікті ұсаќ материалдыќ игіліктерді өндірушілердің феодалдыќ-тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің және феодалдыќ ќоғам идеологиясын шығуы-Батыс Еуропада феодалдыќ ќоғамдыќ экономикалыќ фармацияның пайда болу процесі. Әр түрлі елдерде, сол елдің тарихи даму жағдайларына байланысты, бұл процестің өзіндік ерекшеліктері болды. Варварлыќ германдыќ корольдіктерде кейінгі Римдік және германдыќ ќоғамдыќ ќатынастары синтезделген жері түбірімен жаңа феодалдыќ ќатынастар ќалыптасты. Мұндай ќатынастардың элеметтері кейінгі Римдік ќоғамда да және ыдыраған рулыќ-тайпалыќ Герман ќоғамында да болван еді. Біраќ синтезге байланысты феодализмнің пайда болуы мен даму Герман тайпалары үшін жеделдеді, тұйыќќа тірелген Рим ќоғамы үшін мүмкіндік туды.
Феодалдыќ ќатынастардың дамуының мұндай жолы Вестгот, Бургундия,Франк және кейбір Вандал мен Остгот корольдіктеріне тән ќасиет болды. Соңғы екі корольдіктің өмір сүруінің ќысќалығына байланысты, кейінгі римдік және германдыќ ќатынастарда өзара әрекеттетік нәтижелері онша елеулі емес еді.Варварлар корольдігіндегі тап ќұрылуы герман халќы арасындағы мүліктік және әлеуметтік жіктелу процесімен ғана шектелмейді. Жаңа ќоғамдыќ таптардың ќалыптасуында, бір жағынан, Рим ќоғамының антегенистік таптардың ќалдыќтары- ірі жер иелері, екінші жағынан ќұлдар мен колондар едеуір роль атќарды. Римнің ірі жер иелерінің бір бөлігі, ќұл иеленушілік ќоғамның күйреуімен және варварлардың жаулап алуымен байланысты, олардың жағдайындағы өзгерістерге ќарамастан, жүздеген ќұл мен колондар өңдеп отырған кең байтаќ иеменилерді әлі де иелене берді. Шіркеудің жер иелігі саќталып ќана ќалған жоќ, сонымен бірге өсе де берді.
Мүліктік және әлеуметтік жіктелу бәрінен бұрын правода өз көрінісін тапты. V-VI ғ. ќұрастырылған Вестготтағы, Остготтағы, Бургунд және Франк корольдіктерін варварлар шындығы еркін адамдары мүліктік жағдайларына және аќ сүйегіне (әскери ќызметтегі аќсүйектерге, король жасағына жататындығына) ќарай жоғарғы және төменгі топ деп бөлді.Оның ќұрамына Рим шонжарларының ќалғандарынан бірен-сарандап енгендері де болды. Жоғарғы топќа жататындар, “нобилдер”, “ үлкендер ” және “ ќұрметті адамдар” деп аталатындар өзге еркін адамдарға ќарағанда бірсыпыра артыќшылыќтармен пайдаланды.Төменгі әлеуметтік топќа жататындар, әдетте “ кіші” немесе “ төменгі” адамдар деп аталатындар ерікті адамның кейбір артыќшылыќтарын жоғалтып алды: жоғары ќоғамдыќ топ өкілдерінің өміріне ќарағанда, олардың өмірі анағұрлым төмен вергельдпен ќорғалды. Әдетте, ќарапайым ќауымдардың болмашы бөлігі ғана жоғары разрядќа көтерілді, ал көпшілігі біртіндеп ерікті адамдардың төменгі тобының ќұрамына еніп жатты. Даму типі ќарастырылып отырған басќа варвар корольдіктеріне ќарағанда, Франк корольдігіне еріктілердің негізгі бұќарасы өз еріктілігін ұзағыраќ саќтап ќалды.
Бақылау сұрақтары:
-
V-ХVІІ ғ.ғ тарихы бойынша түпдеректер.
-
Батыс Еуропадағы феодализмнің генезисі.
3-лекция
Тақырыбы:Франктер мемлекеті.
Жоспары:
1. Франктердің Галлияны жаулап алуы.
2. Меровинг королдігі.
3. Каролингтер мемлекетінің ќұрылуы.
4. Каролингтер державасындағы феодалдыќ ќұрылыс.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Гутнова Е.В. “ Историография истори средних веков” М.1985 г.
2. Шервут Е.А. “ Закооны лангобардов” М.1992г.
3. Корсунский А.Р. “ Образование раннефеодального гасударство в Западной Европе” М.1973г.
4. Григорий Турский. “ История франков” М.1987г.
5. Лебек С. “ Произхождение франков” М.1993г.
6. Болотов В.В. “Лекцийи по истори древней церкви” М.1994г.
7. “Всемирная история”. В10-т.т,3 М.1957г.
Лекция мақсаты: Батыс Еуропа мемлекеттерінің ішіндегі көптеген бірқатар елдер өмір сүрген. Соның ішінде Франктер мемлекеті өз елінің дербес мемлекет болуымен қатар өзге елдерге де жорық жасауының нәтижесінде өз мемлекетіне үлкен жер иеліктерін қосып алған. Осы мақсатта бұл мемелекет өз дербестігін сақтап отырған еді. Лекция мәтінінен тиісті мағлұматтарды ала аласыздар.
Лекция мәтіні.
1. Франктер алғаш рет біздің заманымыздың III ғ. римдік деректерде еске алынады. Бұл бірнеше ежелгі герман тайпаларынан ќұралған үлкен тайпалыќ одаќ болды. III-IV ғ. франктер Рейннің жоғарғы және төменгі ағысына келіп ќоныстанды, Римдік Галлияға шабуыл жасап отырды. Франктердің өзі екіге бөлінді, Рипуарлыќ және Салийлыќ тайпалары болып. Салийлыќ франк тайпалар көсемі Хлодвиг (481-511 ж.ж) Батыс Рим империясы ќұлаған соң Солтүстік Галлияны жаулап алды. Хлодвиг 496 жылы өз жасаќтарымен бірге шіркеудің әдет-ғұрпы бойынша христиан дінін ќабылдап шоќынды, бұл оның үстемдік еткен шіркеудіңкөзќарастары бойынша ересьтер болған христиан дінін ариандыќ формада ќабылдаған басќа варварлардан –вестготтардан, остготтардан,вандалдарданг, бургундтардан, лангобардтардан өзгешілігі еді. Бұл ариандыќ ересьтерден өздерінің байлыќтарына және шіркеудің меншігіне ќол сұғу ќаупін көрген, галло-римдік дін иелерін Хлодвигке Галлияны одан әрі жаулап алуда ќалдауды ќамтамасыз еткен оңтайлы сайаси ќадам болды. Вестготтар Тулуза корльдігімен соғысќан кезде аквитандыќ дін селері Хлодвигті ќолдап ариандыќ вестгот аќсүйектекрі-не ќарсы шыќты. Аквитания франк тер корольдігіне ќосылды. Галлияны франктердің жаулап алуларына бірсыпыра ерекшеліктер тән еді. Франктер вестготтардан, остготтардан және басќа германдыќ тайпалардан өзгеше, империяға басып кірген кездерінде Германиядағы өз отанынан еш уаќыт байланысты үзген емес. Бұл галлиялыќ территорияларды ұзаќќа созылған жаулап алу процесі кезінде Рейіннің ар жағынан жаңа, тың күштердің келуін ќамтамасыз етті.
486 жылы, франктердің жаулап алу нәтижесінде,Солтүстік Галлияда, Франк мемлекті пайда болды. Мұны салий франктерінің Меровей рухынан шыќќан көсемі Хлодвиг басќарды. Франк мемлекеті тарихының ең алғашќы дәуірі –Vғ. аяғынан- VIIғ. дейінгі дәуір,- әдетте меровингтік дәуір деп аталды. Хловигтің тұсында Аквитания 507жылы мирасќорларының тұсында –Бургундия 534 жылы жаулап алынды. Остготтар франктерге Провансты 536 жылы беріп ќойды, сөйтіп, VIғ. Ортасына ќарай Франк мемлекті Галлияның бұрынғы римдік провинциясының барлыќ территориясын дерлік өзіне ќосып алды. Франктер сонымен бірге Рейннің сырт жағына Герман тайпаларында өзіне бағындырды: франктердің жоғарғы өкіметін тюрингтер мен алемандар және баварлар да мойындады; сакстар оларға жыл сайын алым төлеп тұруға көндірілді.
2.Меровигтің дәуірдегі франктерден ќоғамдыќ ќұрылысын зерттеу үшін ең маңызды дерек варварлыќ аќиќаттардың бірі- “ Салий шындығы” жазылған Салий франктерінің сот әдет-ғұрыптарының жинағы. Тарихи дерек ретінде “ Салий аќиќатының ” ќұндылығы ең алдымен, онда франк ќоғамының алғашќы ќауымдыќ ќұрылыстан бастап феодализмге дейінгі эвалюциясын бейнелеп беруінде еді. Ең көне заманнан бері келе жатќан және мәні жағынан көнерген аќиќаттардың бірі- осы аќиќатќа Римнің жасаған ыќпалы басќа варварлыќ аќиќаттарға аз болды, ал бұлыќпалды көбінесе оның сыртќы белгілерінен “ Салий аќиќатының” латын тілінде жазылып ,айыптарды есептеп шығаратын.
“ Салий аќиќаты” франктердің тұрмысында бұрыннан, жаулап алғанға дейінгі өмір сүріп келген алғашќы ќаумдыќ ќұрылыстың көнерген тәртіптерін бір ќыдыру дұрыс бейнелейді. Екінші жағынан бұл “ Аќиќаттан” біз франк ќоғамын Галлияны жаулап алу процесінде және тікелей онан соңғы кездерін сипаттайтын атап айтќанда,онда мүліктік және әлеуметтік теңсіздікпен жылжымалы дүниеге жеке меншіктің, жерді мұралану правосының және аќырында мемлекеттің ќалай шыќќандағы жөніндегі мәліметтерді таба аламыз. Ал ендіVI-IX ғ.ғ.дейінгі дәуірлерде франк корольдері осы “Салий аќиќатына” үнемі көпдеген жаңа ќосымшалар енгізіліп отырды.Сол себептімұның неғұрлым соңғы дәуірде жарияланған басќа да деректерімен ұласып, жүйелі түрде толыќтырып отырған мағлұматтары, франк ќоғамының тікелей феодализмге ќарай одан әрі бет алған эвалюциясын мұќият аныќтап білуге мүмкіндік туғызады.
Франктердің арасында әлеуметтік жіктелудің бастамаларын “ Салий аќиќатының ” өзі-аќ көрсетіп берді. Бұл бастамалар халыќтың әр түрлі категориясының ќұны әр түрлі мөлшерде болуынан-аќ көрінеді.
3.Хлодвинг ќаза болван соң, Франк тер мемлекеті өзара билікке таласу салдарынан VI ғ. аяғында мемлекет үшке дербес аймаќќа бөлініп кетті:
1.Нейстри аймағы- орталығы Париж ќаласы болван,Солтүстік -Батыс Галлия аймаќтары;
2.Австразия аймағы-Франк мемлекетінің солтүстік- шығыс жаќ бөлігі,Рейнмен Массаның екі жаќ жағалауы кірді;
3.Бургундия аймағы-Франк мемлекетінің ќұрамына енген бұрынғы бургундар территориясы кірді. Меровингтер әулетінен шыќќан және франк мемлектінің жеке аймаќтарын король дер үстемдік жасау үшін өзара ќырќысып күрес жүргізді. Соның салдарынан VIIғ. аяғында іс жүзінде мемлекеттегі өкімет билігі түгелдей майордомдардың ќолдарына көшуіне әкеп соќты. Франк аќсүйекретінің арасынан 687 жылы Австразиялыќ майордомы Пипин Геристальский бүкіл франк мемлекетін біріктіріп майордом болды. Австразиялыќ майордомы бүкіл франк мемлекетін ќол астына жинап, бағындырды және алкен жер иелерімен ұсаќ және орташа феодалдарға сүйеніп, орталыќ үкіметің нығаюын және мыќты болуына мүдделі болды. Австазияның Пипиндер әулетінен шыќќан майордомы Пипин Геристальскийдің ұрпаќтары бірікен Франк мемлекетінің билеушісі болван соң, Франк корольдерінің жаңа династиясының негізін ќалады.Бұл династія бертін келе Ұлы Карлдің есімімен, Каролингтердің династиясы деген атќа ие болды. Каролингтер әулетінің Пипиндер Франк мемлекетін VII-IX ғ.ғ. аралығын “каролингтер дәуірі” деп аталды.Франк ќоғамының әлеуметтік ќұрылысындағы өзгерістер Пипин Геристальскийдің мирасќоры-майордом Мартелл Карлдің саясаты биледі.Карл Мартелл 715 жылдан 741 ж.ж. аралығында өз билігін жүргізді және меровингтік корольдермен әсте санаспады.Карл өзіне ќарасты нейстрилік феодалдарды, Аквитания мен Прованс герцогтарын және Герман тайпалас сакстар, фриздер,алимандар мен баварларға күштеп ұстап өзіне ќарсы шыќќандарды күл-талќандап және салыќ мөлшерін көбейтіп отырды. VIII ғ. басында Испанияны жаулап алды, 720 ж.ж Оңтүстік Галлияға баса көктеп кірген арабтарға Карл Мартелл 732 ж.ж. Пуатьенің маңында болған шайќаста арабтарды жеңіп, Оңтүстік Галлияның шамалы ғана бөлігі- Септимания мен Нарбонн жерлері ќалды. Карл Мартеллдің “бенефициялыќ” реформасын шығарды, онда өз ќол астындағыларға “сыйлыќ” беру, яғни жер иеліктері үйлесімді түрде бөліп беру туралы болды.Бұл реформалар арќасында Франктер мемлекет өкіметтері күшейіп, Карл Мартеллдің тұсында нығайып біршама өсті.
Карл Мартеллдің ұлы және мирасќоры майордом Пипин Короткий (741-768 ж.ж.) өз әкесінің реформасын жалғастыру маќсатында бенефицияға үлестіріліп берілген жерлерінің бәрі де шіркеудің меншіші болып танылды.Шіркеудің және корольдің рұќсатынсыз сыйлыќќа берілген жерлерді ќайтарылып алынуға ешкімнің правосы болмады. 751 жылы Папаның келісімі Франк аќсүйектерімен өзінің вассалдарының Суассонда өткізілген жиналысында Пипин өзін франктердің королі етіп ресми түрде жариялады. Меровингтер әулиеттінің ең соңғы королі III Хильдерик монастырьға алынып, сол жерде ќайтыс болды. Пипин Короткий папаның істеген жаќсылығы үшін, Папа II Стефанға Италияны,бұрынғы Византия жерлерін ќайтарып беруге мәжбүр болды. Франк мемлекетінің Пипин Короткийдің ұлы және мирасќоры Ұлы Карл(768-814 ж.ж.) биледі. Ұлы Карлдің тұсында Франктер мемлекеті өте күшті болды. Бұл адамның бойына біткен керемет ќасиеттері- жалынды және жігер-ќайраты, мемлекетті басќару ісі мен әкімшіліктің, шаруашылыќтың, соғыстың 50-жорыќтардың ішінде 30-дан астамын өзі басќарды, дипломатиялыќ, халыќќа білім беру істерін және т.б. күрделі жұмыстардың әрбір ұсаќ-түйектерін өзі басќарып, замандастарын таң ќалдырды. Ұлы Карл өз заманындағы грек және латын тілдерін жетік меңгерген, ғылыми тұрғыдан да өте білімді, ұстамды, аќылды және ќұдіретті болған деседі. Барлыќ жорыќтарда ол өзінің басып алған жерлерін иемденіп, Франк мемлекетінің шекараларын үлкейтті, ќол астындағы крепостной шаруалармен кедейлерге де өз мүдделерін ќорғау ќарастырылған. Өз әкесінің жорыќтарын жалғастыру барысында ол ең алғашќы жорығын 774 ж. Италияда Лангобард королі Дезидерийді таќтан түсіріп тастап, оның иеліктерін Франк мемлекетіне әкеліп ќосты. 778 жылы Карл арабтыќ Испанияға шабуыл жасайды. Бұл жорығы сәтсіздікке ұшырап ќайта шегінуге мәжбүр болады.801 жылы Солтүстік -Шығыс Испания территориясын және Барселонды басып алды. 772-804 ж.ж. арлығында Карл 32 жыл бойы үздіксіз соғыс салдарынан Саксония мемлекетін жаулап алады. Өте кең көлемді жерлерді басып алған Франктер мемлекеті Карл тұсында ескі Ұлы Державаға айналған Рим империясының бұрынғы территориясына жетіп ќалған еді. 800 жылдың аяғында Римдегі әулие Петрдің соборында папа Карлге тәж кигізіп, император тағына отырғызды. Осы тұста Батыста жаңа империя дүниеге келді. Византиялыќтармен бұрынғы Рим империясының мұрагерлерінің арасында жанжал болды. Тек 812 жылы ғана византиялыќ император I Михайл Карлдің императорлыќ титулын ресми түрде таныды. Карл тұсында Франктер мемлекетінің астанасы-Ахенді болды. Ұлы Карл өзінің бүкіл өмірінде Аквитанияны, Саксонияны, Италияны немесе Баварияға тынымсыз жорыќ жасау салдарынан өзіне ќаратты және бұл территориялардың империядан шығып кеттеу ќаупімен күресте өткізді.Франктер империясының негізін ќалаған Ұлы Карл ќайтыс болған соң да, бұл империя отыз жыл өткен соң да бірќалыпты отырды. Ұлы Карлдың баласы және мирасќоры Людовик Благочестивый (814-840 ж..ж.) Франк мемлекетінде император болды.843 жылы Людовик ќайтыс болғаннан кейін, оның балалары Верденде жиналып бас ќосып,империяны ќайтадан бөлу жөнінде шарт жасасты. Бұл ќайта бөлісу кезіндегі Каролингтік империяның шеңберлерінде ќалыптаса бастады.
4. VIII-IX ғ.ғ. Франк мемлекетіндегі жер жөнінде жасалған төңкеріс ерекше ќызу түрлерге айналды. Ол феодалдыќ ќұрылыстың негізі- феодалдыќ жер меншігінің толыќ ќожалыќ етушілігін орнатты. Шаруалар жерлерін және шіркеулік ірі жер иелерінің тартып алушылығы әртүрлі экономикадан тыс зорлаушылыќпен ќоса жүргізілді. Бұл феодалдыќ жер меншігін өндірушілерге жер үлесі мен өндіріс ќұралдарын берген жағдайда ғана олардан жер меншігінің пайдасына ќосымша еңбекті “тек экономикадан” тыс зорлау арќылы ғана алуға болады.Ерікті шаруаларды Меровинктер кезінен бастап кең таралған әдістерінің бірі, жерді “прекарияға” беруді ќолдану болып табылды. Бұл әсіресе VIII-IX ғ.ғ. бастап кең таралды. Прекария –сөзі “өтініші бойынша берілген” деген ұғымды білдіреді.Бұл ұғым жерді шартты түрде ұстау деген сөз. Үлкен ірі меншік иесі жерсіз немесе жер аз шаруаға жерін уаќытша пайдалануға береді. Бұл берілген үлеспен пайдаланғаны үшін шаруа әдетте жер иесіне оброк төлеуге немесе кейбір жағдайларда барщиналыќпен өтеуге тиісті болады. Прекарияның бірнеше түрі болды; жерді осындай шартпен ұстаушылыќ кейде жері жеткіліксіз немесе тіпті жері жоќ адамға беріледі, ал кейде өзінің жерінен әлі айрылмаған ұсаќ меншік иесі, мұќтаждыќтың салдарының немесе көршілес ірі жер иелерінің жасаған ќисымына төзе алмай, өзінің жеріне меншіктілік правосын солардың біреуіне, көбіне шіркеуге беруге мәжбүр болады. Егер шаруа бұл жерін ќайтадан прекария ретінде немесе мұралыќќа алатын болса, міндетті түрде шартќа отыруы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1. Батыс Рим империясы қай жылы құлады.
2. Весготтар Рим империясының территориясына қашан басып кірді.
3. Германдықтар қандай алфавитті пайдаланылды.
4-лекция
Тақырыбы: ІV-XII ғ.ғ. Византия.
Жоспары:
1. Византия империясының ќұрылуы.
2. VII-IX ғ.ғ. бір. жарт. Византия.
3. IX-XI ғ.ғ. Византия.
4. XII ғ.ғ. Византия.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Курбатов Л. “История Византии” Л;1975г.
2. Литаврин Г.Г. “Византииское общество и государство в X-XI в.в.” М;1987 г.
3. Виппер Р.Ю.”История Древнего мира и Средних веков” М;1994 г.
4. “История средних веков” М;1964 г.
5. Н.И. Девятайкина “История средних веков” М;1998г
Лекция мақсаты: ІҮ-ХІІ ғасырлардағы Византия империясының құрылуы тақырыбын қарастыра отырып Византияның әр ғасырлар бойы өмір сүру уақытын қарастыра кеткелі отырмыз. Бұл тақырыптың мақсаты студенттердің білім шыңына жету мақсатындағы көптеген мәліметтерді толығымен жеткізу болып табылады. Негізінен алғанда Византия империясының өмір сүрген жылдардағы халықтардың әл-ауқатымен қоса тұрмыс- тіршілігіне баса назар аудару болды.
Лекция мәтіні.
1. 395 жылы Рим империясының Шығыс және Батыс болып бөлініп кетуіне байланысты, Римнің Шығыс бөлігінде Византия мемлекеті пайда болды.Византия империясының негізін ќалаушы Император Константин 330 жылы Босфор жағалауында ќоныстанды. Византия мемлекетінің орталыќ астанасы өз есіміне лайыќталып Константинополь ќаласын ќұрды. Константинопольдің орналасќан ортасы өте ќолайлы жерде болды; Еуропадан Азияға,Ќара теңізден Эгей теңізіне апаратын аса маңызды сауда жолдары осы араға келіп түйісетін, Шығыс пен Батыс аралығында сауда-саттыќ жұмыстарында Константинопольдің билік жүргізуіне мүмкіндік туғызды.Византия империясының ќұрамына мыналар енетін: Балќан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африкадағы Киренаика, Месопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Ќырымдағы және Кавказдағы бір ќатар тірек пункттері, Аравияның кейбір аудандары, V ғ. бастап Иллирик пен Далматция да жататын болды. Византия империясының жерінде әртүрлі тайпалармен халыќ топтары; гректер, фракиялыќтар, иллириктер, дакилыќтар,эллиндіктер,кіші азиялыќтар, сириялыќтар, грузиндер, еврейлер, копталар өмір сүрген.
V ғ.ғ. Римнің ыдырау салдарынан варварлыќ тайпалардың тоз-тоз болып ыдырауына мәжбүр болды. Осы тұста Византия империясының нығаюына және ыдырап кеткен тайпаларды біріктіру салдарынан билік басына Император Юстиниан (527-565 ж.ж.) биледі.VI ғ.ғ. тарихшысы Прокопий Кесарийский өз еңбектерінде Император Юстинианның мінезін мейрімсіз айлакер және реформатор, діншіл-ғалымдыќ ќасиеттері,асќан аќыл және ќайрат иесі, заң ғылымын жете меңгерген, мемлекеттік істерді жан ќиярлыќпен жүргізе білген.Оның тегі араласпаған ісі болмаған; ол заңдыќ және әкімшілік реформаторлар жасаған, ќұрылыс пен дипломатиялыќ жұмыстарды ќатар жүргізе білген, неше түрлі соғыс жоспарларын жасаған және небір ќиян-кескі діни айќастарға ќатысып отырған. Атаќ ќұмар, әрі айлакер залым, әрі мейрімсіз ќатал Император Юстиниан тарихшы ғалымның айтуы бойынша,”жәй әншейін жұмсаќ үнмен ғана түк жазығы жоќ ондаған мың адамды ќыруға бұйырғанда беті бүлк етпес еді”. Император Юстинианның пұтќа табынушылар мен дінсіздерді аяусыз ќудалауы салдарынан ел ішінде 529 жылы Палестинада көтерілісшілердің шығуына әсер етті. 530 жылы тұтќынға түскен көтерілісшілерді топпен ќұлдыќќа сатып жіберді.532 жылы Византияда халыќтары арасындағы ќозғалыс “Ника” көтерілісі тарихта өз ізін ќалдырды. “Ника”- сөзі “Жең!” деген ұғымды білдіреді. 532 жылы 11ќаңтарда үкімет саясатына наразы- оппозициядағы партиясы “жасылдардың” Константинополь орталығында жиналып көше бойы аќсүйектілер үйлерін және үкімет мекемелерін ќирата және өртей бастады.Тұс-тұстан көтершілердің ұрандатып Император және оның жаќтастары Сарайда ќоршауға алды, үкіметке ќауіп төнді. Император Юстиниан астанадан ќашып кетуді ұйғарды,біраќ оның жұбайы императрица Феодора өжеттілік танытып көтерілісшілерге ќарсы шабуылға шығуды бұйырды. Ќала орталығында 30 мыңнан астам адам ќаза тапты, көше бойы ќанға малынды. “Ника” көтерілісін ұйымдастырушылар скамарлар отрядтарынан ќашќан ќұлдар, колондар және кедей шаруалардан жасаќталған еді.528-534 ж.ж. Император Юстиниан өзінің 50-ден астам заң жинаќтарын жасап шығарды. 534-565 ж.ж.”Новелла” атты жинағын шығарды.
534 ж.ж. Солтүстік Африкадағы Вандалдар мемлекетін өзіне тізе бүктірді.545-546 ж.ж. византилыќ әскерлерінің Стотза басќарған көтерілісі. Стотза шайќаста ќаза тапты.541-552 ж.ж. остгот королі Тотила көтерілісі. 555ж. Тотила өлген соң, византиялыќтар Италияны түгел жаулап алды.
2. 602 жылы Дунай маңында тұрған армиян ішінен көтеріліс бұрќ ете түсті. Ќатардағы жүзбасы Фока өзін императормын деп жариялады. Көтерісшілер бұќарасының көмегімен Константиопольді басып алды. Император Маврикий таќтан ќұлатылды және өлтірілді.Византия тағына Фока отырды (602-610жылдар). Елде Киликияны, Сирияны, Палестинаны, Кіші Азияны,Египетті ќамтыған аштыќтан-ашыќ азамат соғысы басталды.610 жылы Фока таќтан түсіріп өлтірілді, оның орнына феодалдарға айналған аќсүйек өкілі Икарлий (610-641ж.ж.) император тағына отырды. VII ғ. 30-жылдарының орта шен інде Византияға шығысынан жаңа да ќатерлі жаумен-арабтармен соќтығысуға тура кеді. 636-642 жылдар аралығында арабтар Византиядан оның ең бай және ќұнарлы шығыс провинцияларын жаулап алды. Экономикалыќ және мәдени жағынан ең тәуір өркендеген шығыс провинцияларынан айырылу- Византия мемлекеті үшін аур соќќы еді. 693-698 ж.ж. араб тар Византиядан оның Солтүстік Африкадағы жерлерін де тартып алды.
Мемлекетік басќару жүйесі барған сайын феодалдануға айналды. Византия мемлекетінің әкімшілік ќұрылысы түбегейлі өзгерді. Ескі диоцездер мен провинциялар жаңа әскери-әкімшілік округтар-фемдермен ауыстырылды. Византия жер інде бытырай жайылған славяндар, армяндар,сириялыќтар және басќа да тайпалардың колондар бұќаралыќтары фемдердағы әскери отырыќшылардың негізгі тегін ќұрады. VII ғ. олардан және ерікті Византиялыќ шаруалардан айрыќша әскери сословие- стратиоттар пайда бола бастады. Әскери ќызмет атќарғаны үшін стратиоттар өкіметен ұрпаќтан-ұрпаќќа мұра болып ќалатын жер үлесін алды.
Фемдердің басына фемдік әскерлердің командирлері- стратиоттар тұрды, бұлар және азаматтыќ би лікті түгелдей өз уысында ұстады. VIII-IХғ.ғ. алғашќы жартысында әскери фемдіктер мен аристократтар және шіркеулік- монасрырьлыќ жер иеленушілер арасында жер үшін талас ќатты шиеленісті. Кіші Азиядағы фемдік төрелер Исавралыќ династияның негізін (717-867ж.ж.) ќалаушы болван өз итаршылар ІІІ Лев Исавраны (717-741ж.ж.) таќќа отырғыза алды. Ерікті шаруалардан жасаќталған фем әскерлеріне арќа сүйеген ІІІ Лев Византияның ең ќауіпті сыртќы жауы- арабтармен күресте алкен бет бұрыс жасады. Ол жыл бойы Константинопольді ќоршап жатќан араб халифасының орасан көп армиясының шабуылына табысты тойтарыс бере білді. 740 жылы ІІІ Лев арабтарды күл-талќан етіп жеңді. ІІІ Левтің ұлы V Константиннің тұсында (741-775ж.ж.) Византияның өзі Араб халифасына ќарсы шабуыл бастады да, 746 жылы византиялыќтар Сирияға басып кірді, содан кейін Әвфрат жағалаулары мен Армения жеріне дейін жетті. Византия әскерлері өзінің терістіктегі көршісі- тұңғыш Болгар патшалығына ќарсы да шабуылдарын же місті жүргізе білді.
3.X-XІғ.ғ. Македониялыќтар династиясын ќұрушы І Василик (867-886ж.ж.) империяның сыртќы саяси жағдайын уаќытша нығайтуға мүмкіндік жасады. Соның тұсында араб тар шабуылына тойтарыс берілді. Слайда ол өлгеннен кейін араб тар және болгарлар Византияға тағы да соќќы үстіне соќќы берді. ІХ ғ. аяғында –Х ғ. басында араб тар бүкіл Сицилияны түгел дер лік жаулап алды. Оңтүстік Италиядағы Византия иеліктеріне де ќауіп төнді. Араб тар сонымен ќатар Еипрді де басып алды. Крит- аралдар мен жағалауды ойрандаған араб ќараќшыларының ұясына айналды. 904 жылы араб тар Фессалониканы тонап кетті. Византия бұл кезде күшейіп алған Болгариямен шайќаста осыдан кем жеңіліске ұшыраған жоќ. Болгарлармен соғыс 30 жылдай дер лік созылды.
Византияның одан әрі нығаюы Х ғасырдың жартысында Болгар патшалығына ќарсы шабуыл бастауына мүмкіндік берді. Византиялыќ імператор, батыл да, ќайырымсыз ќатал “ Болгарлар ќырғыны” ІІ Василик (976-1025ж.ж.) шығыс шекараларындағы бірќыдыру тыныштыќты пайдаланып, Европада нөпір күш жинаќтады. Сол сияќты болгар феодалдарының сатќындығын пайдаланып, ІІ Василик болгар жеріне ұдайы шабуыл жасады да,1018 жылы Византия Болгарияны жаулап алды. Дунайға дейінгі бүкіл Балкан түбегі Византия империясының ќұрамына енді. ІІ Василик өлгеннен соң көп ұзамай-аќ ішкі дау-дамайдан империя ќорғанысќа көшуге мәжбүр болды. Оның шекаралары тарыла бастады. Шығыстағы жерлері жаңа жаулардың түрік-сельджуктердің шапќыншылығына ұшыраса, европалыќ провинцияларына Ќара теңіз маңындағы далалардан печенгтер ќаптап келе бастады және олардың шапќыншылығы барған сайын ќауіпті бола берді.
Достарыңызбен бөлісу: |