Бағдарламасы үш бөлімнен тұрды: кештің ашылуы, семинарлар, қатысушыларды марапаттау және бейресми әңгімелесулер



Дата25.02.2016
өлшемі29 Kb.
#25881
КӘСІПТІК ДАМУ КЕШІ
2012 жылғы 27 шілде күні КИМЭП Магистратура бағдарламаларының қабылдау комиссиясы Кәсіптік Даму кешін өткізді. Шара бағдарламасы үш бөлімнен тұрды: кештің ашылуы, семинарлар, қатысушыларды марапаттау және бейресми әңгімелесулер.

Шараның бірінші бөлімінде шақырылған қонақтардың назарына КИМЭП университетінің магистратура бағдарламалары таныстырылып, оқуға гранттар алу мүмкіндіктері айтылды. Содан кейін Сан Франциско университетінің профессоры, доктор Хартмут Фишер «Қазіргі замандағы магистратураның құндылығы» тақырыбында әңгімелеп берді.

Екінші бөлім келесі семинарлардан тұрды:

  • Халықаралық қатынастар бойынша семинар. «Сауда саясаты және құқығы – ДСҰ» * Седрик Дюпон, PhD, Женева халықаралық қатынастар және даму институты, Швейцария.




  • Менеджмент бойынша семинар. «Бизнесті қалай табысты бастауға болады?» * Крис Хэйни, AB, кәсіпкер, Гарвард университеті, АҚШ.

Шараның үшінші бөлімінде барлық қатысушылар мен қонақтар уақытты бейресми түрде әңгіме-дүкен құрумен өткізді.


Шараға келген барлық қонақтар КИМЭП Университетінің сертификаттарымен марапатталды.
Шақырылған және тіркелген қонақтардан 200-ге жуығы семинарларға қатысты. Олардың арасында халықаралық және қазақстандық бизнес компаниялардың өкілдері, КИМЭП Университетінің төртінші курс студенттері және қалғандары шара туралы біліп, Интернет арқылы тіркелген қонақтар болды.

Семинарлар кезінде түсірілген бейне материалдар www.kimep.kz. сайтында орналастырылатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет