Бақылау сұрақтары:
-
Ересектер арасындағы сауатсыздықты жоюдағы алға қойған негізгі міндеттері?
-
Сауатсыздықты жою мен қатра оқу ағарту жұмыстары қандай болды?
-
1932 жылы Қазақстан тұрғындарының қанша пайызы сауатсыздықты жойды?
-
4. Қазақыстандағы алғашқы жоғарғы оқу орындары қай жылы және қай жерде ашылды?
23-лекция
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде 1941-1945 жж.
Жоспары:
-
Фашистік-милитаристік топтардың билікке келуі, әлемдік үстемдікке ұмтылуы.
-
КСРО-ның соғысқа жол бермеу бағытындағы шаралары. Англия мен Францияның ұстанған саясаты.
-
Фашистік Германияның КСРО-ға басып кіруі, күштердің ара салмағы, экономикалық потенциалдары.
-
Соғыстың алғашқы кезіндегі сәтсіздіктер, оның себептері. Соғыстың қаупі төнген аймақтардағы өндіріс орындарын Шығысқа көшіру.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Бозадақтар. Алматы-95.
-
М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы-92.
-
М. Қазақстан арсенал – фронты Алматы-70.
-
Абишев Т. “Қазақстан в Великой Отечественной войне” Алматы-52.
-
Бауыржан батыр Алматы-91.
-
Балақаев Т.Б. Алдажұманов Х.С. “Қазақстан еңбек иелері – майданға” Алматы – 1985.
Лекция мақсаты: Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде 1941-1945 жылдардағы тақырыпты алға қоя отырып лекцияның мақсатын осы жылдардағы Қазақ халқының әл- ауқатын мен тұрмыс –тіршілігі жайлы толығымен қамтып өтеміз, сонымен бірге Қазақстан халқының бейбіт өмірге өту жолындағы күресі тарих беттерінде үлкен роль атқарғаны баршамызға белгілі. Содықтанда қазақ халқы елі мен жері үшін қаншалықты қасірет шеккенідерін біз лекция мәтіндерінен толығырақ баяндап отырмыз.
Лекция мәтіні:
1941 жыл 22 маусымда гитлерлік Германия шабуыл жасаспау туралы шартты бұзып, отанымызға қарсы опасыздық пен шабуыл жасады. Кеңес Одағына қарсы соғысты, “Барбаросса” деген жоспарын Гитлер 1940ж. 18 желтоқсанда ақ бекіткен еді. Жоспардың стратегиялық негізіне қауырт соғыс идеясы алынды. Онда қысқа мерзімде Кеңес Одағына күшті соққы беріп, соғысты 1941ж. кезінде аяқтау көзделген еді. Фашисттер Кеңес Одағын басқаруға ыңғайлы болу үшін бөлшектеп, оны Москва, Остланд, Украина, Кавказ және Түркістан сияқты Рейхкомисарияттарға басуды көздеді. Түркістан Райхкомисариятына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан кіруге тиіс еді. Бұл Кеңес Одағы ұшін бұрын-соңды бастан кешкен соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Бұл елді біртұтас жауынгерлік лагерге айналдыруды, бүкіл экономика мен Кеңес халқының күш жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды керек етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдап, Ұлы отан соғысына бір кісідей жұмысқа көтерілді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық комисарияттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңт. Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 атқыштар двизиясы жасақталды. Оның командирі азамат соғысына қатысушы атақты гинерал И.В. Панфилов болды. Соғыстың алғашқы 3 айы ішінде бұдан өзге 238-ші, 310-ші, 312-ші, 314-ші, 387 және 391-ші атқыштар двизиялары құрылды. 1941 жыл аяғына дейін тағы бір двизия және 3 бригада құрылды. Қазақстанда барлығы 20-дан астам атқыштаржәне атты әскер двизиясы мен бригадасы, бірнеше артилерия және авиация көлкі, алуан әскер түрлерінің ондаған батальиондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлшектерді ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлшектерді толықтырып отырды. Шайқасып жатқан армия қатарына 1196164 Қазақстандық қосылды. Әрбір 5-ші қазақстандық майданға аттанды.
2. Ұлы Отан Соғысының басталуы мен бүкіл елдің экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру берген болды. Бұл мейлінше ауыр міндет болды. Материалдың және адам ресурстары қайта бөлінді. Олармен ең алдымен елдің қорғаныс мұқтажына жұмыс істейтін халық шаруашылығы салалары қамтамасыз етілді. Армия қатарына шақырылуға тиісті ерлердің орнына әйелдерді жеткіншектерді, пенсионерлерді т.б. алу жөнінде шаралар көзделді. Тікелей өндірісте кадрларды жеке-жеке және бригада бойынша оқыту кеңінен қолданылды.
Соғыс уақытының заңдары еңбек демалыстарын жоюды, жұмыс күнін ұзақтыруды талап етті .
Танктер, самолеттер, артилерия және басқа қару түрлерін жасаудың ұлғайтлуы түсті және сирек металдар шығаруды барынша арттыруды мейлінше талап етті. Мыс өнеркәсібінің алыбы Балқаш зауыты, Шымкент қоғасын зауыты, кенді Алтайды өнеркәсіп торабы түсті металдар өндіру қарқынын арттырды. Соғыс іздестіру жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын игеруді талап етті. Республикада брондық және сапалы болат шығару үшін өте қажетті. Молибден, маргонец, вольфрам, никель жен басқа металдар өндіру орталығы соғыстың қиын-қыстау жылдары мемлекеттік қаржылардың барлық қорлары қатаң есепке алынды. Қорғанысқа қажетті мемлекет қаржыларды үнемдеу үшін экономикалық басқару аппаратының штаттарын едәір қысқартты.
Тауар қорларын халықтың түрлі категориялары бойынша бір орталықтан жабдықтау және бөлу жертесі енгізілді. Азық-түлік ресурстарын нормалау мен есепке алудың және олармен халықты жоспарлы түрде жабдықтаудың өте қажетіне байланысты бақылау есеп және қорғаныс бюролары құрылып, өнеркәсіп тауарларына да карточкалар енгізілді.
Республикаының ауыл шаруашылығы да соғысқа бейімделіп қайта құруда әркім жан аямай жұмыс істеуге ұмтылды. Соғыстың бастапқы кезеңінде 60-тан асқан бір колхозшыға бейбіт 1940 жылдар тиісті кезеңіндегі орта есепкен 1 айдағы 5,5 жұмыс күнінің орнына 10 жұмыс күні, ал жас жеткіншекке 9,4 жұмыс күні келді.
1941 жыл шілдеде Қазақстанға эванун халықты әкелген алғашқы келе басталды. Бұл осы жылдың тамыз-желтоқсанда өте көп келді.
Қазақстандықтар соғыс жылдары келген жүздеген мың адамдарды туған бауырындай жылы шыраймен қарсы алды, барынша қамқорлық көрсетіп, соғысқа байланысты ауыл шаруашылықтарында да, өнеркәсіп орындарында да әйелдердің үлесі салмағы күрт жоғарылады. 1940 жылы 48 %-ке 1942 жылы 75 %-ке жетті.
Бақылау сұрақтары:
-
КСРО-ның соғысқа жол бермеу бағытындағы шаралары қандай болды?
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның әлеуметтік жағдайы қандай еді?
-
3Соғыстың қаупі төнген аймақтардағы өндіріс орындарын Шығысқа көшіруі қалай іске асырылған еді?
-
1941 жылы Қазақстанға қандай зауыт фабриаклар көшірілген еді?
24-лекция
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде 1941-1945 жж
Жоспары:
-
Елдің экономикасын соғыс мүдесіне бейімдеу. Антифашистік митингілер.
-
КСРО жоғарғы кеңесінің жаппай мобилизациялау туралы жарлығы.
-
Азаматтардың жалпыға бірдей әскери өнерге үйрету, армияға резервтер даярлау. Әуе және химиялық шабуылдан қорғаны, әскери ойындар өткізу.
-
Қазақстанда әскери құрамаларды жасақтай және олардың шешуші шайқастарға қатысуы.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Бозадақтар. Алматы-95.
-
М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы-92.
-
М. Қазақстан арсенал – фронты Алматы-70.
-
Абишев Т. “Қазақстан в Великой Отечественной войне” Алматы-52.
-
Бауыржан батыр Алматы-91.
-
Балақаев Т.Б. Алдажұманов Х.С. “Қазақстан еңбек иелері – майданға” Алматы – 1985.
Лекция мақсаты: Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде 1941-1945 жылдардағы тақырыпты алға қоя отырып лекцияның мақсатын осы жылдардағы Қазақ халқының әл- ауқатын мен тұрмыс –тіршілігі жайлы толығымен қамтып өтеміз, сонымен бірге Қазақстан халқының бейбіт өмірге өту жолындағы күресі тарих беттерінде үлкен роль атқарғаны баршамызға белгілі. Содықтанда қазақ халқы елі мен жері үшін қаншалықты қасірет шеккенідерін біз лекция мәтіндерінен толығырақ баяндап отырмыз.
Лекция мәтіні:
Экономиканың соғысқа бейімдеп қайта құруда өрт аудандардан Қазақстанға соғыс жылдары 220 өнеркәсіп орындарын көшіріп орналастыру маңызды роль атқарды. Көшіріп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе аймақтарына орналастырылды. Қатал соғыс жағдайда жұмыс табының шаруалардың, зиялылардың еңбек және шығармашылық белсенділігі артты.
Кеңес патриоттары: “Еліміз бізден қанша уақыт жұмыс істеуді талап етсе, сонша уақыт жұмыс істейміз” деп мәлімдеді. Алғашқы күндердің өзінде-ақ жеңіс құрудың жоспардан тыс өнім беру, ой салтын бір-екі күнделікті табысын және зейнетақысының бір бөлігін аударып отыру, жексенбіліктер ұйымдастыру, еңбекшілердің еңбекпен жинаған қарғысын, бағалы заттарын, асыл бұйымдарын майдан қажетіне өткізу сияқты түрлері т.б.
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базалар, біріне айналды. Ол 1942 жылы жалпы Одақта балқытылған қорғасынның 85 %-ін, көмірдің 1/8-ін, молибденнің 60 %-тін, маргонецтің 84,6 %-тін Шығыс Қоңырат кеншілері ғана молибденнің 60 %-тін берді.
Колхозшы шаруалар саналылықтың, еңбектегі каhармандықтың, азаматтық ерліктің тамаша үлесін көрсетті. Ш. Берсиевтің, Ы. Жаңаевтың, Ким Ман Самның, Доңкованың, Б.Самжүрекованың, С. Оңғарбаеваның, тракторшылар П.А. Ангелинаның, А.Х. Жеребцов тың, И.Я. Кудлайдың, Комбаиншылар Нижебовскийдің, В.П. Кривичтің еңбектегі даңқы бүкіл елге таралды.
Ұлы отан соғыс алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған Қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлер барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен күрес жүргізді. Алғашқы соққыға 1-ші болып шекарашылар ұшырады. Брест қамалын қорғаушылар теңдесі жоқ ерлік, қайтпас қайсарлық асқан зор ерлік-жігер көрсетті.
Онда КСРО-ның 30-дан астам ұлттарының өкілдері болды. Онда Қазақстандықтардан қатардағы жауынгер А. Мүсірепов, саяси жетекші В. Лобонов, кіші сержант Т. Абдрахманов, атқыштар сержант К. Иманқұлов, курсант В.Н. Горянов, лейтенант А.Ф. наганов, артилерия мен минометшілер Т. Жұманов, Ш.Шолтыров, Т.Р. Деревянко, Қ. Баталов, Қ. Тұрдыев Фурсой т.б. айрықша ерліктермен көзге түсті. Литваның Амебус қаласының түбінде болған соғыста Батыс Қазақстан обылысындағы “Красный народа” совхозынан келген кіші сержант У. Қуанышалиев ерекше көзге түсті.
Жау тылында қалған аудандарда соғыстың алғашқы күнінен-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтарда қатысты. Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Олардың қатарында Қ. Қайсенов, Ж. Ағадосова, Е. Воробьева, П. Семенова, Н.В. Зебницкий, Ф. Озмитель, Д.Э. Әбдірахманов, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Ж. Сиан, Ж. Нәметов, Т. Жұмабаев, Ш. Савельев, Т. Ахмедияров т.б. көптеген адамдар болды.
Владимир Волын төңірегінде біздің жерлесіміз танк әскерінің генерал-майоры: К.А. Семенченко фашистерге қарсы ұрыстарда ерекше көзге түсті. Оған КСРО жоғары Кеңесінің Төралқасының 1941 жылы 22 шілдедегі жарлығынан Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Атыраулық мұғалімнің ұлы, Қара теңіз флотының контрадмиралы Л.А. Владимирский де батылдығымен елімізге айырықша танылды.
Кеңес қарулы күштері орасан зор қиыншылықтарды жеңе отырып төтеп берді , күш жинап, жауды Мәскеу түбінде алғаш рет ірі жеңіліске ұшыратты. Мұнда генерал-майор Пафилов И.В. және поликомисары А.С. Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар двизиясы ерлікпен шайқасты.
1941 жыл 16 қарашада Рубосенова разъезд түбінде осы двизияның 1075- 28 гвардиясы тұрды. Саяси жетекші В.Т. Ключковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп. Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва деген сөздер бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер – орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар – 4 сағат бойы өршеленген жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. 18 қарашада 316 – атқыштардвизиясы, ержүрек генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты жауынгерлер оның есімін қастерлеп, өздерін “панфиловшылар” деп атады.
Петелино деревнясы түбінде тағы да сал 1075 атқыштарполкының 6 ротасының саяси жетекшісі П.Б. Вихрев бастаған 14 жауынгер немістің 5 танкі мен 16 взвод жаяу әскерін жойып жіберді. Саяси жетекшісі жалғыз қалған кезде гранатамен жаудың тағы 2 танкін жойып, тұтқынға түспеу үшін соңғы патронын өзіне жұмсады. Вихревке қаза тапқаннанкейін Совет Одағының батыры атағы берілді.
Москва үшін шайқаста И.В. Карнов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б. Момышұлы басшылық еткен батальонның жауынгерлері ерекше табандылық пен қаhармандық көрсетті. (1990 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Одағының Батыры атағы берілді). Двизия жаудың 4 есе басым күштеріне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді. Москваға кіре берісте үздіксіз ұрыс жүргізе отырып, Панфиловшылар 1 ай ішінде Гитлерлік армияның 2-танк, 29-моторлы, 11-ші және 110 жаяу әскер двизияларын талқандады.
Москва түбіндегі шайқаста аты аңызға айналған ерлігімен 316- атқыштар длвизиясы 8-гвардиялық двизия болып қайта құрылды. Қызыл Ту орденімен, Ленин орденімен, Ригалық атағымен, Суворов ордендерімен наградталды.
Бородино селосында неміс байлығының штабына басып кіріп, 5 немофицерінің көзін жойған Т.Тоқтаровтың ерлігі халық есінде мәңгі сақталды. Оған қаза тапқаннан кетіп Қазақстан Одағының Батыры атағы берілді. Ротаның саяси жетекшісі М. Ғабдуллин басқарған ойталатшылар тобы жау танкісін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан ойып шықты. Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін М. Ғабдуллинге Қазақстан Одағының батыры атағы берілді. Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино селсосында қазақтың ұлттық батыры А. Имановтың ұлы, жас автоматшы Рамазан Амангелдиев ерлікпен қаза тапты. Ол жауға қарсы ең соңғы жетек емес шайқасында 13 фашистің көзін жойды. Ол 238-атқыштар двизиясының жауынгері еді, ол двизияға өшпес ерлігі, табандылығы, батылдығы үшін 1942 жыл Қызыл Ту орденімен наградталды.
Москва түбіндегі орасан зор шайқас Кеңес армиясының жеңісімен аяқталды. Бұл жеңісте Қазақстанның қосқан үлесі орасан зор. Бұл немістердің “жеңілмейтіндігі” тұрған мақсаты жойылып, 2-ші дүниежүзілік соғыс барысында түбегейлі бетқұрысты бастап берді.
Ленинградтың қаhармандық эпопеясы Ұлы Отан соғысы тарихында айрықша орын алады. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград түбінде ерлігімен шайқасты. Қазақстанда құрылған 310-шы атқыштар двизиясы 1941 жыл 9 қыркүйектан бастап, сәл кейінірек 314-двизия Ленинградты қорғауға және оны қоршап алған неміс құрсауын бұзуға белсене қатысты. Қазақстанның жауынгерлер жаудың адам күштері мен техникасын ауыр шығындарға ұшыратып, Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың “үлкен жермен” тұрақты байланыс орнатып, “өмір жолын” салуына көмектесті.
Қазақстандықтар қоршау кезінде Ленинградтықтарға 400 вагон азық-түлік өнімдерін жіберді. Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов өшпес ерлік жасады. Ол жаудың пулеметтен от шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапты. Оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Ориенбаум плацдарында 48-атқыштар двизиясының жауынгері мерген Д. Шыныбеков ерлікпен шайқасты. 1943 жыл бас кезінде оның өлтірген фашистерінің саны 172 болды.
Ленинград түбінде артилериялық аэростат двизионының командирі майор С. Жылқышев аянбай шайқасты. 1943 жыл ақпанына дейін Жылқышев двизионы жаудың 15 батареясын, броненоезын және басқа көптеген объектілерін жойды. Өжет офицердің кеңесінде Қызыл Ту, Отан соғысының I дәрежелі және А. Невский ордендері жарқырады.
Бақылау сұрақтары:
-
Ленинград түбіндегі шайқастың тарихи сипаты қандай?
-
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы білім мен мәдениеттің рольі қандай?
-
Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қазақ хаһармандары?
-
Ұлы Отан соғысының елге тигізген кері ( Субьективті) жағы қандай?
25-лекция
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым.
Жоспары:
-
Республика азаматтарының сауаттылық деңгейі.
-
Ағарту мекемелері жүйесінің кеңеюі. Емтихан сынақтарының енгізілуі. Ұлттық мектептерге орыс тілі пәннін енгізу.
-
Мәдениет мекемелерінің патриоттық тәрбие беру жұмыстары.
-
Жоғарғы оқу орындарын ашылуы.
-
Қазақстан ғалымдары мен өнер қайраткерлерінің ұлы жеңіске қосқан үлесі.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Бозадақтар. Алматы-95.
-
М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы-92.
-
М. Қазақстан арсенал – фронты Алматы-70.
-
Абишев Т. “Қазақстан в Великой Отечественной войне” Алматы-52.
-
Бауыржан батыр Алматы-91.
-
Балақаев Т.Б. Алдажұманов Х.С. “Қазақстан еңбек иелері – майданға” Алматы – 1985.
Лекция мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым бірқатар дами келгені, халыққа білім беру жүйесі және де сауатсыздықты жою маңызды роль атқарды, өйткені қазақ халқының болмысына тән білім беру жүйесі әлі де болса тез қарқынмен аспаған еді. Сондықтан да халықтың білімге деген ықыласы күшті болғандықтан олар өздерінің өмірін білімге бұрған еді. Лекция мәтініне толығырақ шолып, біз Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет пен ғылымға өте көп мәліметтерді жинап тереңіннен зерттеп тарих беттеріне қалдырмақпыз.
Лекция мәтіні:
Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарынды іске асыруға академи В. О. Комаров бастаған КСРО Ғылым Академиясының және Қазақ бөлімшесі Президумының төрағасы, көрнекті ғалым Қ. И. Сәтбаев бастаған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлес қосты.
Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астам қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941ж дейінгі 20 жоғары оқу орына 1944 ж жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары, Алматы консерваториясы, Қазақ педогогикалық қыздар институты. Республика жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін өсті.
Осындай қиын-қыстау күндерге қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А.Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның “Ленинградтық өрендерім” атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те, мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов “Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын” деп орынды айтты. Н. Тихонов айтқандай, оның “Абдолла” поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж.С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет “Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі” деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде “Абай” эпопеясының бірінші кітабын жазуы, қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішіндеҚазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарыда 20 мың спектакль мен концеррттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебеінде берілді.
Соғыс жағдайы ғылым мен мәдениеттің одан әрі өркендеуіне белгілі бір дәрежеде кедергі жасады. Алайда соғыс кезінің жағдайлары алға қойғанміндеттерді орындауға байланысты ғылымның кейбір ибағыттары шапшаң қарқынмен дами бастады. 1942 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдастырылды, соғыс жылдары онда 237 адам оқыды, 63 докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметкерлердің саны 1940 жылғы 152-ден 1945 жылдың аяғында 864-ке жетті. Олардың ішінде КСРО ҒА-сының академигі мен корреспондент мүшесі, 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаты. ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы жүйесінде 600-ден астам ғылым қызметкер еңбек етті, олардың ішінде 34 ғылым докторы мен кандидиты болды.
1944 жылдың аяғында КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамына 16 институт және 7 сектор жұмыс істеді, ғылым проблемаларының өрісі кеңіді. Зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы 11 есе көбейді. 1945 жылдың аяғына қарай Қазақстанда барлығы 75 ғылыми мекеме, лоборатория, тәжірбие станцилары бар еді. Соғыс жылдары халықшаруашылық және әскери маңызыбар 160-тан аса практикалық ұсыныс жасалынды.
1945 жылы қазанда құрылған Ұлттық Ғылым академиясы республиканың мәдени өміріндегі маңызы зор құбылыс болды. Мұнда ғылыми кадрлардың қалыптасуы мен ғылымның дамуында эвакуацияланған ғылыми күштердің көрсеткен көмегі айтарлықтай болды, ал бұл күштер аз емес еді: 20-дан астам ірі-ірі ғылыми-зерттеу институттары, солармен бірге акдемиктер И.И. Мещанинов, Л. И. Прасолов, А.С. Оролов, М.М.Завадский және басқа көрнекті ғалымдар бұл кезеде республикамызда тұрып жатқан. КСРО ҒА президент В. Л. Комаров бастаған аса көрнекті ғалымдар тобы осындай жұмыс істеді.
Халыққа білім беру. Жоғары мектеп. Соғыс кезіндегі орасан зор қиыншылықтарға қарамастан халыққа білім беру ісіне зор қамқорлық жасалынды. 1943 жылғы қаңтардан басып барлық мектептерде, техникумдар мен жоғары оқу орындарында оқитын қазақтарды, басқа да шығыс халықтары өкілдерін оқығаны үшін ақы төлеуден босату қамқорлықтың айқын айғақтарының бірі болды. Жұмысшы жастардың кешкі мектептері жүйесін кеңейту, оқушы кадрларды даярлау, тиісті мақсатында пайдаланылмай келген мектеп үйлерін қайтарып беру тәртібі жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылды.
Қазақ интеллигенциясы кадрларының өсуінде, ғылым мен мәдениеттің дамуында жоғары мектеп пен техникалық орта оқу орындары-Алматы шетел тілінде, Шымкент технологиялық, Дене тәрбиесі институттары, Алматы консерваториясы, Педагогикалық қыздар институттары ашылды. Студенттердің саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін көбейді.
Республикада білікті кадрлар даярлауда эвакуацияланған оқу орындары (20-дан астам жоғары оқу орындары мен 16 техникум еді, олардың 11-і Алматыда болатын) едәуір жұмыс атқарды. Жоғары оқу орындарының ғалымдары кадрлар даярлаумен бірге қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының заказдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізді.
Қазақ әдебиті Қазақстанның жазылушылары мен ақындары өздерінің патриоттық борыштарын лайықты орындады, олардың 90-ға жуығы майдандары және жау тылында жаумен шайқасты. Әдебиеттің өзекті тақырыбы отанды қорғау болды. Майдангер жазушы Б. Бұлқышевтың публицистикалық туындыларында жауды талқандаудағы бұйрығы жастардың қаһарманды бейнесі жасалды Жамбылдың “Отан бұйрығы”, “Мәскеуге”, “Батырдың ұрпағы”, “Ленин қаласының шапағаты” секілді туындылары, әсіресе оның “Ленинградтық өренім” атты өлеңі кең тарады.
Бақылау сұрақтары:
-
Ұлы Отан соғысы кеіндегі елдегі жаппай білім беру саласының даму қарқыны қандай болды?
-
Ұлы Отан соғысы жылдары шыққан әдеби шығармалар туындысының авторлары?
-
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы орта мектептердегі жалпы білім алушылардың қанша пайыздық көрсеткішін құрады?
25-лекция
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым.
Жоспары:
-
Республика азаматтарының сауаттылық деңгейі.
-
Ағарту мекемелері жүйесінің кеңеюі. Емтихан сынақтарының енгізілуі. Ұлттық мектептерге орыс тілі пәннін енгізу.
-
Мәдениет мекемелерінің патриоттық тәрбие беру жұмыстары.
-
Жоғарғы оқу орындарын ашылуы.
-
Қазақстан ғалымдары мен өнер қайраткерлерінің ұлы жеңіске қосқан үлесі.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Бозадақтар. Алматы-95.
-
М. Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы-92.
-
М. Қазақстан арсенал – фронты Алматы-70.
-
Абишев Т. “Қазақстан в Великой Отечественной войне” Алматы-52.
-
Бауыржан батыр Алматы-91.
-
Балақаев Т.Б. Алдажұманов Х.С. “Қазақстан еңбек иелері – майданға” Алматы – 1985.
Достарыңызбен бөлісу: |