«Тәуелсіз -теңдесі жоқ байлығым» атты республикалық байқауына қатысушының сұранысы



Дата28.11.2022
өлшемі17.3 Kb.
#465908
ЭССЕ жұмысы



«Тәуелсіз -теңдесі жоқ байлығым» атты республикалық байқауына қатысушының сұранысы

Қатысушының тегі, аты- жөні
(жасы)

Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы

Білім беру мекеменің атауы

Байқау атауы

Оқушының Телефон, ұялы, е-mail, фото

Жетекшінің Телефон, ұялы,
е-mail,

Умербаева Алия Мураткызы,
жасы 17

Нұр- Сұлтан қаласы

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№3 мектеп-гимназиясы» КММ.

Номинация «Тәуелсіз -теңдесі жоқ байлығым» атты республикалық байқауы,
«Патриотизм- ұлттық рухтың белгісі»

87007574926



87714302607,
gulnura-ospanova@mail.ru

Умербаева Алия


«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№3 мектеп-гимназиясы» КММ.
Патриотизм- ұлттық рухтың белгісі

Ақын - өзінің жан дүниесін, сезімін қағаз бетіне түсіретін, халыққа жеткізетін кісі. Олардың ойлары, көзімен көрген оқиғалары маржан таспен көмкергендей болып, бірінен кейін бірі тізіліп жатады. Бұл өнер иелерінің өз заманына қарай өзекті тақырыптары өзгеріп отырғанымен, олардың әрдайым ойлайтыны-халық. Бұрынғы кезде қазақтар көшпелі өмір ұстанып жүргенде бай-шонжарладың кесірінен қиналуын жиі қозғады. Бұл сол уақытта кең таралған мәселе болып, көп жыршылардың ішін күйдірді. Елінің ертеңін ойлаған ақындар көпшіліктің алдында домбырамен сүйемелдеп отырып, кеудесіне нан піскен, қолында қалың малы бар болғандықтан даңдайсыған адамдарға өз өкпесін осылайша тарқатқан.


Ал, қазақтың кең даласы Ресей Империясының қолына өткеннен кейінгі мүлдем нашар еді. Көшпелі өмірге бейімделген қазақ елі көз алдында бекіністердің кезек-кезек пайда болуы оларды біраз абдыратты. Отар соңынан еруге әбден үреніп қалған халықты отырықшылық өмірге бейімделтті. Ақпан көтерілісінен кейін 1917 жылы Бірінші Жалпықазақ съезі өтті. Бұл съезде «Алаш» атты партия құрылды. Ал, сол жылдың желтоқсанында Алаш Орда автономиясы пайда болып, оның төрағасы-Әлихан Бөкейханов сайланды. Алаш алғаш күннен бастап қазақ жұртына білім шамын жағуға тырысты. Қазақ зиялылары келешек ұрпақтың білім алуы үшін бар жағдайды қамтамасыз етуге тырысты. Мектептерді тегін қылып, қырғыз-қазақ тілінде кітап шығарып, мұғалімдерге нұсқаулықтар және осыған ұқсас көптеген жұмыстарды атқарды. Ә.Бөкейханов жас ұрпаққа білім беру арқыла тәуелсіз елдің таңы ататынын білді. Қазақ балалары өз тіліне деген сауаттылығын арттыру барысында жоғарыда айтылған іс-шаралар тек тең жартысы ғана. Алаш Орда өз алдына қойған мақсаттарға жету үшін бәріне дайын еді. Ақпан төңкерісінде жеңіс туын ұстаған Кеңес өкіметі Алаш партиясын барысында оларды алдап та, қару жұмсап та көрді. Кеңес үкіметі өз айтқанынан қайтпайтынын байқаған Алаш Орда оларға қарсы жақпен бірігуге мәжбүр болды. Бірақ, нәтижиесінде Ақтар жеңіліске ұшырады. Күшіне мінген Кеңес үкіметі өткенге өкпелі екенін көрсетті. Олар түрлі әдіспен бүркеніп қудалау арқылы, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Алаш Орда тарағаннан кейін қазақ тілінің жағдайы мүлдем нашар халге жетті. Өз тілінен жиренген ұрпақ пайда болды.
Алаш партиясына мүше болған Ахмет Байтұрсыновтың «Жиған терген» өлеңіне сол кер замандағы қазақ жұртының хал жайында. Өлеңде ақын осы ауырлыққа қашанғы төзе береміз деп сұрайды. Қу қара бастарын ойлайтын бай-шонжарлар ақшаның атынан ереді. Ал, кедей болса сол байдың қол астында жұмыс істеуге мәжбүр. Олардың тәуелсіздіктің ыстық лебіне ұмтылай, жай өмір сүруі жайында. Ал, қазақ зиялылары болсын оларды азат елдің азаматы болуға шақырды. Сол зиялылардың бірі Міржақып Дулатұлы. Ол кісі өзінің алғашқы «Оян қазақ!» кітабында ел тағдыры жайында айтты:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты.
Өткізбей қараңғыда бекер жасты,
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым енді жату жарамас-ты,- деп М.Дулатұлы өз оқырмандарын, қазақ жұртын азат елдін халқы болуға шақырады. Осы бір қиын заманда елім деген қазақ зиялыларының әрқайсысының жүрегінде ай басындай шер байлаулы. Өзінің ішіндегі аласапыран сезімді ауыздықтау үшін партия құрамында болған ақындар қаламдарын сүйенді.
Ал, қазір тәуелсіз елдің ақындары да өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіріп, ел арасында өз жинақтарымен танылуда. Солардың бірі, Қалқаман Сарин өзінің сезімге толы өлеңдерімен оқырманның жүрегіне тура жол табады. Мұхтар Шаханов қазақ елінің танымал ақын, драматургі. Алаш Орда партиясының мүшелері тәуелсіздікті қалай аламыз десе, Шаханов бұл тәуелсіздікті қалай сақтап қаламыз деп жүрген ақындардың бірі. Сонымен қатар, Қ.Сарин, А.Темірбай, Б.Бабаш, З.Көкболсынұлы, Р.Зайтов сияқты жақсы ақындар өте көп. Бірақ, ол кісілердің өлеңдері көбінесе еркін тақырыптарда болып келеді.
Алтай мен Атырау арасындағы Ұлан ғайыр алқап-көшпенді қазақ жұртының ертеден бері Ата қонысы. Сол, қазақтың шұрайлы жеріне көз тіккен Ресейдің уысынан шығарам деп Алаш партиясы мүшелерінің елі үшін тырысқаны мәңгі тарихта өшпестей із қалдырды. Елінің ертеңін ойлаған зиялы қауым басын бәйгеге тігіп, қазақтай қайсар елің батырлары әлі де бар екенін тағы бір көрсетті. Мен үшін бұл кісілердің қиындыққа қаймықпай, ажал алдында тұрса да, мізбақпағаны үлкен ерлік. Қазір біз тәуелсіз елдің ұрпағы, осы еркіндіктің таза ауасын жұтып, болашаққа қарай қадамымызды сіздердің арқаларыңызда нық басып жүрміз. Осы тәуелсіздік жолында қаза болған жандар біздің жадымызда мәңгіге сақталмақ!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет