Ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#170024
  1   2   3   4   5



Әдістемелік нұсқау



Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Көлік құрылысы және кәсіптік оқыту кафедрасы

«Байланыстырғыш заттар» пәні бойынша


050730 «Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының өндірісі» мамандығының студенттеріне
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауды бекіту парағы



ФСО ПГУ 7.18.1/05

БЕКІТЕМІН

СҚФ деканы

____________М.К.Кудерин

«___»__________ 200__ж.

Құрастырушы: оқытушы ____________ Кабдырова Л.Т

Көлік құрылысы және кәсіптік оқыту кафедрасы


«Байланыстырғыш заттар» пәні бойынша 050730 «Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының өндірісі» мамандығының студенттеріне арналған
Курстық жұмысты орындауға арналған

әдістемелік нұсқау
Кафедра отырысында ұсынылған

200__ж. «___»_____________, № ____ хаттама


Кафедра меңгерушісі _______________________К.Т. Саканов
ӘК құпталған Сәулет-құрылыс факультеті

200__ж. «___»____________, № ______ хаттама

ӘК төрағасы _____________________________ В.А. Козионов
Мазмұны
1. Кіріспе 4

2. Курстық жұмыстың мақсаты, тапсырмасы және мазмұны 4

3. курстық жобаның тақырыптамалары 4

4. Курстық жобаның құрамы 5

5. Курстық жұмысты орындау бойынша нұсқаулар 6

5.1 Кіріспе 6

5.2 Дайын өнім номенклатурасы 6

5.3 Технологиялық бөлім 7

5.4 Еңбек қорғау 7

5.5 Сапа бақылау 7

5.6 Техника-экономикалық көрсеткіштер 7

6. Курстық жұмысты орындау және қорғау тәртібі 8

7. Негізгі технологиялық есептеулер 8

7.1 Цех жұмыс тәртібін есептеу 9

7.2 Шикізат қажеттілігін есептеу 10

7.3 Технологиялық жабдықты таңдау 10

7.4Қойма және бункерді есептеу 11

7.5 Энергоресурс қажеттілігін есептеу 11

7.6 Жұмыс күшін есептеу 12

7.7 Техника-экономикалық көрсеткіштер 12




1. Кіріспе

Курстық жұмыс оқу процессінің міндетті бөлігі. Курстық жұмыс студенттердің піннің теориялық бөлімдерін бекітіп, минералды байланыстырғыш бір түрінің өндірісі бойынша білімін тереңдету мақсатында орындалады. Курстық жұмысты орындау барысында студент міндетті түрде берілген тақырыпты мұқият зерттеп, мазмұнын толық жеткізу керек.Негізгі ұсынылған әдебиеттен басқа арнайы техникалық әдебиеттерді, жобалық материалдарды қолдану қажет.

Студент – өзінің курстық жұмысының авторы болғандықтан, жобада қабылдаған шешімдері мен есептеулеріне жауап береді.

Курстық жұмыс оқытушы жетекшілігімен орындалады.



2. Курстық жұмыстың мақсаты, тапсырмасы және мазмұны

Курстық жұмысты орындау кезінде студент:

1.Тәжірибеде алынған материалдарды жинақтап, өңдейді. Оны толығымен талқылап, қажетті шешім қабылдайды.

2. Таңдалған тақырып бойынша қажетті әдебиетті таңдау ептілігін қалыптастырады..

3.Өздігінен тәжірибелік жұмысты орындау дағдысын жетілдіреді, шығармашылық жұмыс істеу ептілігін алады.

4.Минералды байланыстыпғыш зататар өндірісіндегі процесстерді технологиялық жобаалу әдістерін зерттейді, нормативтік –техникалық және анықтамалық әдебиеттермен танысады.

5.Өздігінен берілген өндірісті технологиялық сызбасын дайындайды.

3. Курстық жобаның тақырыбы

Курстық жұмыстың тақырыбын минералды байланыстырғыш заттарды өндіру бойынша цех пен зауыттар құрастырады.

Минералды байланыстырғыш заттардың кең номенклатурасы және өндірудің әртүрлі тәсілдері курстық жұмыстың әртүрлі және қайталанбас болуын қамтамасыз етеді.

Курстық жұмыс кафедра берген тапсырма бойынша орындалады.

Курстық жұмыстың тапсырмасы келесі бөлімдерден тұрады :


  • Цех және зауыт атауы;

  • Шығарылатын өнім түрі;

  • Жылдық өнімділік;

  • Шикізат түрі және оның сипаттамасы;

  • отын;

  • ұсынылатын әдебиеттер және жобалық материалдар.


4. қурстық жұмыс құрамы

Курстық жұмыс есептік-түсініктемелік хаттан, технологиялық сызбадан және рефераттан тұрады.

4.1.Есептік-түсініктемелік хатта:

-МСТ талабына сәйкес жобалынатын цехта шығарылатын дайын өнім мен жартылай дайын өнімнің сипаттамасы;

-қолданылатын шикізат пен отынның толық сипаттамасы (түрі, маркасы, олардың нағыз және орташа тығыздығы, химиялық құрамы, ылғалдылығы);

-шикізат материалдарды және дайын өнімді тасымалдау тәсілдері;

-қабылданған технологияға сәйкес шихта және қоспа құрамын есептемесі;

-байланыстырғыш өндірісінің технологиялық процессін таңдау және сипаттау

-технологиялық процесс схемасын дайындау

-технологиялық процесс операцияларының ретін және ұзақтылығын орнату;

-материалды кептіру тәртібінің сипаттамасы;

-өндіріс жұмыс тәртібін анықтау, яғни 1 жылда жұмыс күндер санын, 1 аусымда жұмыс сағатын ;

-жобалынатын цехтің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері,

-техника қауіпсіздік ережесі, еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі баяндалуы керек.

Тапсырмаға арнайы сұрақтар:


  • кептіргіш агрегатты таңдау, дәлелдеу және сипаттау;

-шикізатты және өнімді ұнтақтау процессін, бұл процесске арналған уатқыштау-ұнтақтау жабдықтарын суреттеу (Сапожников боййынша);

-байланыстырғышты және шикізат материалдарын сақтау және тасымалдау;

-дайын өнімнің сапасын технологиялық бақылау бойынша қысқаша нұсқаулар;

-өндірістің материалдық есептемесі;

-технологиялық жабдықтың сипаттамасы;

-тарифті-білікті анықтамамен сәйкес цех жұмысшыларының тізімдік құрамы;

-техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау бойынша құрылғылар мен шаралар;

-цехтің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері;

4.2.Графиакалық бөлім формат А2 миллиметрлік қағаз бетінде орындалады. Процесс ретін, жабдықтың қызметі мен өзара әрекеттесуін көрсететін технологиялық сызба сызылады.




    1. Реферат

«Органикалық байланыстырғыштар» бөлімі бойынша курстық жұмыстың құрамына кіріп, түсініктеме хатқа қоса ұсынылады. Рефератта жылу, гидрооқшаулағыш материалдар өндірісінде қолданылатын органикалық байланыстырғыш заттардың бір түрін алу технологиясы қарастырылады.Түсініктеме хатқа кіріспе, алу технологиясы, қасиеттері, қолданылуы, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі кіреді.

Есептік-түсініктеме хат СТП талабына сәйкес орындалуы керек.

Хат алдында курстық жұмыс тапсырмасы орналастырылады.

Хатта тек жалпы қабылданған қысқартулардан басқа қысқартулар жіберілмейді. Түсініктеме хат беттері және суреттер нөмірленген болу керек.


5. Жұмысты орындау бойынша нұсқаулар

Курстық жұмысты орындау алдында ең алдымен тақырып бойынша негізгі әдебиеттермен танысу қажет.

Есептік-түсініктеме хаттың реті мен мазмұны төмендегідей болу керек:


  1. Кіріспе

  2. Шығарылатын өнім номенклатурасы (0,5 – 1 с)

  3. Байланыстырғыш түрі бойынша шикізат шихта құрамын есептеу

  4. Технологиялық бөлім (10 – 15 с)

  5. Еңбек қорғау (0,5 – 1 с)

  6. Сапа бақылау(0,5 – 1 с)

  7. Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер

5.1 Кіріспе

Кіріспеде берілген байланыстырғыш күйі мен болашақта біздің мемлекетте дамуы мен қолданылуына қысқашашолу беріледі. Сонымен қатар қарастырылған байланыстырғыш бойынша шет елдер тәжірибесін көрсету қажет.

5.2 Өнім номенклатурасы

Бұл бөлімде МСТ немесе ТУ сәйкес берілген байланыстырғыштың негізгі көрсеткіштерін көрсету жөн (минералогиялық, химиялық құрамы, марка және т.с.с)
5.3Технологиялық бөлім

Технологиялық бөлім жұмыстың негізгі бөлігі болғандықтан, оның құрамына өндіру тәсілін таңдау және өндірістің технологиялық сызба сипаттамасы кіреді. Шикізат қажеттілігінің негізгі есептеулері, материалдарды сақтау қоймалар есептеулері, технологиялық жабдықты таңдауы, еңбек өнімділігі, техника-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі.

Өндіріс тәсілі әдебиет пен жобалық шешімдермен танысу және техника экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы таңдалынады.

Өндірістің технологиялық сызбасы берілген байланыстырғыш зат өндірісінде қажетті технологиялық операциялардың ретін орнатудан тұрады.

Технологиялық сызба материалдар қозғалысын нұсқар мен көрсету арқылы есептік-түсініктеме хаттың жеке бетінде орындалады.

Технологиялық бөлімде өндірістің барлық негізгі есептеулері мен қажетті жабдықты таңдаудан тұрады.



Байланыстырғыш өндірісінің технологиялық сызбасы

Шикізат материалдары мен отынды таңдап алғаннан кейін өндірістің технологиялық сызбасын жасауға кіріседі. Сонымен қатар әдебиет берілгендерді, тапсырма берілгендерді негізге алу керек.

Өндірістің технологиялық сызбасы берілген байланыстырғыш зат өндірісінде қажетті технологиялық операциялардың ретін орнатудан тұрады.

Технологиялық сызба материалдар қозғалысын нұсқар мен көрсету арқылы есептік-түсініктеме хаттың жеке бетінде орындалады.

Өндіріс технологиясының бірінші нұсқасы сызбалық түрде беріледі. Сызбаның сол жағында – операция атауы, ал оң жағында – жабдық көрсетіледі. Көптеген өндірістер үшін төменде келтірілген технологиялық сызбаларды қолдануға ұсынады.

Технологиялық сызбаның бірінші нұсқасын таңдап алғаннан кейін, технологиялық сызбаны ары қарай жетілдіруге кіріседі.

Жұмыстың бұл сатысының негізгі мақсаты барлық технологиялық операцияларды нақтылау және айқындау.

Өндірістің толық технологиялық сызбасы барлық негізгі және көмекші жабдықтар, көлік, қоймалармен бірге графикалық түрде келтіріледі. Сонымен қатар сызбада технологиялық ағындарды айқын көрсетіп, жабдықтың қатынасты өлшемі мен бір-біріне қатысты орналасуын көрсетеқажет. Сызбада технологиялық желінің аппараттары олардың нақты мөлшерісіз көрсетіледі.

Өндірістің сызбасын таңдап алғаннан кейін, қабылданған технологияның толық сипаттамасы беріледі. Сонымен қатар өндірістік процесстің барлық сатысын рет бойынша баяндау, қабылдаған жабдықты көрсету, оның жұмыс параметрлерін, шикізат пен материалдарды өңдеу кезінде өтетін физикалық және химиялық өзгерістерді көрсету қажет.


5.4 Еңбек қорғау

Бұл бөлімде еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі бойынша стандарттарға сәйкес негізгі шаралар көрсетіледі.


5.5 Сапа бақылау

Өндіріс процессін және дайын өнім сапасын технологиялық бақылау сипаттамасы беріледі. Сонымен қоса бақылау түрлері, әдістемелер мен аппараттары көрсетіледі.


5.6Техника-экономикалық көрсеткіштер

Соңғысында техника-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі: шикізат шығыны, отын, электроэнергия, еңбек шығыны, еңбек өнімділігі, 1 м2 өндірістік ауданнан дайын өнім көлемі.


5.7Қолданылған әдебиеттер тізімі

Түсініктеме хат соңында жобалау кезінде қолданылған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Тізім алфавит бойынша немесе қолданылған рет бойынша құрылады. Автор фамилиясы тегі аты, кітаптың толық атауы, баспа, басу орны мен жылы көрсетіледі.


6. Курстық жұмысты орындау мен қорғау реті

Студент тапсырманы алғаннан кейін ұсынылған және қосымша әдебиеттермен танысу қажет. Өндіру тәсілін таңдап, өндірістің технологиялық сызбасын негіздеу керек. Технологиялық есептеулерді жүргізу қажет. Бұл әдістемеде көрсетілген барлық бөлімдерді түсініктеме хатында көрсету.

Студент міндетті түрде жұмыс жетекшісінің консультацияларына келіп отыруы керек. Жетекші бақылауынсыз орындалған курстық жұмыстар қорғауға қабылданбайды

Қорғауға қол қойылған түсініктеме хатпен дұрыс орындалған технологиялық сызбамен жұмыстар көрсетіледі.

Қорғалған жұмыс кафедраға тапсырылады.

Қанағатсыз баға жағдайында студентке жаңа тапсырма және орындауға жаңа мерзім беріледі.


7. Негізгі технологиялық есептеулер

Бұл бөлімде байланыстырғыш заттар цехін жобалау үшін негізгі технологиялық есептеулер ұсынылады:



  1. Цех жұмыс тәртібін есептеу

  2. Шикізат қажеттілігін есептеу

  3. Технологиялық жабдықты таңдау

  4. Қоймалар және бункерлерді есептеу

  5. Энергетикалық ресурстар қажеттілігін есептеу

  6. Қажетті жұмыс күшін есептеу

  7. Техника-экономикалық көрсеткіштер.

7.1 Цех жұмыс тәртібін есептеу


Кәсіпорынның жұмыс тәртібі өндіріс сипатына, қуаттылығына және т.б факторларға байланысты анықталынады.

Байланыстырғыш заттар зауытында негізгі өндірістің екі цехі болады-күйдіру цехі және ұнтақтау цех.



  1. Күйдіру цехі іргелі жөндеу үшін жылына 20тәулік тоқтатумен үздіксіз жұма бойынща 3 аусымды жұмыс істейді.

  2. Күйдіру цехімен іргелесетін цехтер мен бөлімшелер осындай график бойынша жұмыс істеуі мүмкін, немесе 2-3 аусымды үзік-үзік жұма тәртібі бойынша жұмыс істей алады.Соңғы жағдайда қосымша қоймаларды ескеру қажет.

  3. Ұнтақтау цехтары көбінесе 2-3 аусымда үзік-үзік жұма тәртібі бойынша жұмыс істейді.

  4. Теміржол көліктерін қолданылатын көліктік цехтер үшін 365 жұмыс күнімен 3 аусымды жұмыс тәртібін қабылдайды; автокөлік – жылына 262 жұмыс күнімен 2-3 аусымдық жұмыс тәртібін қабылдайды.

  5. Төмен температуралы куйдіру аппараттары 3 аусымды үзік-үзік тәртіп бойынша жұмыс істейді

  6. Қоймалар және қосымша шаруашылық 3 аусымды үзік-үзік жұма бойынша жұмыс істейді.

Технологиялық жабдықтың жұмыс жылдық қорын есептеу кезінде оның іргелі немесе ағымды жөндеуге тоқтатылуына байланысты қолдану коэффициенті ескеріледі.

Г – сағатта жұмыс уақытының жылдық қоры




  • 3 аусымдық жыл бойы жұмыс кезінде

24 час . 365 дн . 0.91 = 7970 час;


  • 2 аусымды үзік-үзік жұмыс кезінде

16 час . 262 дн . 0.943 = 3952 час;


  • 3 аусымды үзік-үзік жұмыс кезінде

23 час . 253 дн . 8 = 6235 час.

Дайын өнім бойынша цех өнімділігі анықталынады

Пгод

Псут = -------- ; (1)

Ср
мұндағы Пгод - цехтің берілген жылдық өнімділігі, тн;

Ср - 1 жылда жұмыс тәулігінің есептік саны.


Пгод

Псмен = ------- ; (2)

Ср . n
мұндағы n – тәулік саны.

Пгод

Пчас = -------- ; (3)

Гвр
мұндағы Гвр – жұмыс уақытының жылдық қоры, сағ.
Шығынмен қоса кәсіпорынның жылдық өнімділігін анықтаймыз

Пгод

П1год = ---------- ; (4)

1 – Б/100


Псмен

П1смен = ---------- ; (5)

1 – Б/100

Пчас

П1час = ----------- ; (6)

1 – Б/100

Есептеулер нәтижелері. 7.1; 7.2 (Қосымша)кестеге енгізіледі.


7.2 Қажетті шикізатты есептеу
Технологиялық сызбаны қабылдап, цех жұмыс тәртібін есептегеннен кейін берілген өнімділігін қамтамасыз ету үшін шикізат және отын қажеттілігін анықтауға кіріседі. Бұл есептеулер жабдықтың қажетті жылдық өнімділігін анықтайды. Есептеу алдында әр технологиялық кезеңде материалдардың механикалық өндірістік шығын көлемін орнатады. 7.3(Қосымша А) кестеде келтірілген берілгендермен қолданған жөн.
Бұдан басқа химиялық реакция өтетін өндірістік алаңдарда материал салмағының өзгенруімен байланысты түрлену сипатын ескеру қажет.

Есептеулер екі жүйе бойынша жүргізіледі

1Зауыт өнімділігін жобалауға тапсырма. Есептеуді рет бойынша жүргізеді. Технологиялық сызба соңынан бастап әр кез сайын қажетті өнімділікті берілген бөлімде орнатыллған шығын көлемін арттырады. Өндірістік ағындардың бөліну орындарында материалдар араласатын пропорция орнату қажет. Бұл берілгендерді шикізат шахта есептеулер нәтижесі бойынша немесе әдебиеттегі деректер бойынша орнатылады

2. Негізгі орнатылатын жабдық саны көрсетілген тапсырма. Бұл жағдайда алдымен жұмыс уақытының жылдық қорын ескерумен сағаттық паспорттық өнімділік бойынша берілген жабдықтың жылдық өнімділігі анықталынады. Алынған көлем шығын ескерілісімен өнімділікті есептеу үшін қолданылады.

Цехтің жылдық өнімділігіне шикізат шығынын анықтаймыз.

Әк шығыны И, т,

И = Пгод . и, (1)
мұндағы и – бірлік өнімге әк шығыны;

жоғалтумен бірге әк шығыны

И

И1 = ---------- , (2)



1 – Б/100
Ылғалдылық ескерісімен әк шығыны
Ив = И1/1 – W, (3)
мұндағы W –әк ылғалдылығы, %.

Жылдық өнімділікке балшық, огаркалар, қоспа шығындарын алдыңғы формулар бойынша анықтаймыз (1, 2, 3).

Шикізат қажеттілігінің есептеулер нәтижелері 7.4. кестеге енгізіледі

Цех өнімділігі мен шикізат қажеттілігінің есептеулер нәтижелері негізгі технологиялық жабдықты таңдау кезінде қолданылады.

Байланыстырзат өндірісі үшін шикізат шығыны алдымен «құрғақ затқа» кейін ылғалдылық, қоспа, шығынмен есептелінеді.

Құрғақ шикізат мөлшері:

Пгод . 100 % (7)

Рсух = ------------------ ,

100 % - А %
мұндағы: Рсух - құрғақ шикізат мөлшері, тн;
Пгод – негізгі өнім бойынша цехтің жылдық өнімділігі, тн;

А - қатты күйдіру кезіндегі шығындар (п.п.п.), %.


Ылғалды шикізат мөлшері:

Рсух . 100 %

Рвл = ------------------- , (8)

100 % - W %


мұндағы: Рвл -ылғалды шикізат көлемі, тн;

W - шикізаттың табиғи ылғалдылығы, %;

Барлық есептеулер жылына, айға тәулікке, аусымға, сағатқа жүргізіліп, 7.4 (Приложение )кестеге толтырылады.

7.3 Технологиялық жабдықты таңдау

Әр операция үшін қажетті өнімділікті анықтағаннан кейін каталогтар мен анықтамалар бойынша сәйкес жабдықты таңдайды.

Жабдық саны төменгі формула бойынша анықтайды

Пчас

М = ----------- , (9)

Ппасп . К
мұндағы М – қажетті жабдық саны, шт;

Пчас – жабдықтың тұтынушылық өнімділігі т/ч;

Ппас – жабдықтың паспорттық өнімділігі, т/ч;

К - уақыт бойынша жабдықты қолдану коэффициенті (0.8 – 0.9).

Жабдықты таңдау нәтижелері 7.5 кестесіне енгізіледі
7.4 Қоймалар мен бункерлерді есептеу.

Шикізат қоймаларын, көлікті таңдау.

Байланыстырғыш заттар өндірісі үшін шикізатты негізінен зауытқа жақын орналасқан карьерлерден шығарады. Егерде карьер зауыттан 8 км артық арақашықтықта орналасса және одан 3000т/тәу төмен емес шикізат шығарылатын жағдайда теміржол көліктерін қолданылады.(ені 1524км). Егер карьер 8 км дейін орналасқан жағдайда автокөліктерді қолданады.

Жұмсақ шикізат материалдарын (балшық, бор) зауытқа гидрокөлікпен тасымалдауға болады. 5км дейінгі арақашықтағы қатты шикізатты лентелы конвейермен тасымалдаған жөн. Кесекті материалды тасымалдау үшін таспалы және қалақшалы тасымалдағыштар кеңінен қолданылуда.

Шөмішті элеваторлар кесекті және ұнтақ тәрізді материалдарды тік бағытта тасымалдайды. Шламды тасымалдау үшін центрден тепкіш сорғышты қолданылады.

Қойма сыйымдылығы зауыт жұмыс тәртібіне, материал түрі мен мөлшеріне байланысты есептелінеді.

Уатқыштау, кептіргіш және ұнтақтағыш агрегаттар алдынан металлды немесе темір бетонды бункерлер орнатылады. Олардың өнімділігі агрегаттың 2-4 сағаттық өнімділігі бойынша есептелінеді.
Ппасп . Т . К

V = ----------------- , (10)

g

мұндағы: Ппасп - агрегат өнімділігі, т/час;



Т - қор уақыты, сағ;

К - бункерді қолдану коэффициенті;

g - материалдың үйінді тығыздығы, т/м3.
Ұсақ дисперсті дайын өнім негізінен диаметрі 12-18 м, сыйымдылығы 500-2000т болатын силостарда сақталады.
7.5 Энергетикалық ресурстар қажеттілігін есептеу

Жабдықтың жиынтық ведомосы бойынша негізгі технологиялық операцияларды орындау үшін кәсіпорынның электроэнергия қажеттілігі есептелінеді (Эгод , квт/час).

Бірлік өнімге меншікті электроэнергия шығыны
Эгод

Эуд = -----------, (11)

Пгод

мұндағы: Пгод - негізгі өнім бойынша кәсіпорынның жылдық өнімділігі, т;

Техникалық бу, қысылған ауа, отын қажеттілігін байланыстырғыш заттар өндірісі кәсіпорынның технологиялық жобалау нормалары бойынша дайын өнім бірлігіне үлкейтілген көрсеткіштер бойынша анықтайды.Техникалық су қажеттілігін шлам ылғалдылығына немесе шикізат материалдар ылғалдылығына байланысты анықтайды.

Втехн = Вшл - Вс , (12)

мұндағы Втехн - жылдық су қажеттілік, л;

Вшл - шламдағы су мөлшері, л;

Вс -бастапқы шикізаттағы су мөлшері, л.
7.6 Қажетті жұмыс күшін есептеу

Өндірістік жұмыстар құрамына өнімді өндірумен айналысатын, яғни шикізат қоймасынан бастап , дайын өнімді шығаратын адамдардың барлығы кіреді.Цехтің қызметкерлер құрамына цех бастығы, аусымдық шеберлер, кіші қызмет етушілер кіреді. Қажетті өнім шығаруды қамтамасыз ету үшін өндірістік процесстердің ммеханизациясы мен автоматизациясын ескере отырып жұмыс күшін дұрыс орнату қажет.

Жұмысшылардың қажетті саны таңдалған жабдық санына және технологиялық операцияларға байланысты есептелінеді.

Цехтің штаттық ведомосы 7.6.кесте түрінде көрсетіледі.

7.7 Техника-экономикалық көрсеткіштер

Өнім бірлігіне энергетикалық ресурстардың меншікті шығыны энергияның жылдық шығынын кәсіпорынның жылдық өніміне бөлу арқылы анықталынады.

Өнімді шығаруға қажетті еңбекті адамның жылдық санын жылдық өнімділікке бөлу арқылы анықтайды.

Еңбек өнімділігі – бір тізімдік жұмысшыға келетін өнім саны.

Тізімдік жұмысшылар саны штаттық ведомосы бойынша жұмысшылар санына айрықша болады.
Кс = Кя . Кп , (13)
мұндағы Кп – бір жылда жұмыс емес күндерді ескеретін ауыспалы коэффициент ;
Кр.д

Кп = -------- , (14)

267

мұндағы Кр.д. – бір жылда жұмыс күндер саны



Бір жұмысшыға нақты өлшемде еңбек өнімділігі

Пгод

Пн = --------, (15)

Кс


мұндағы Кс – тізімдік жұмысшылар саны.

Энергия жарақтандыру – бір жұмысшыға негізгі және көлііктік жабдық үшін орнатылған барлық электроқозғалтқыштардың қуаттылығы.

1 м2 өндірістік ауданнан алынатын өнім


Пгод

С = ------ , (16)

S
мұндағы S – барлық қаббат ауданының аудан қосындысы, м2.

Барлық техника-экономикалық көрсеткіштер 7.7(Приложение)кестісіне енгізіледі.


8. Байланыстырғыш түрі бойынша шикізат шихта құрамын есептеу

8.1 Құрылыстық гипс өндірісі

Құрылыстық гипс өндірісі бойынша зауытты жобалау кезінде шикізат шихта құрамы есептелмейді.

Тек құрылыстық гипс өндірісі үшін гипстік тасқа МСТ талаптарын көрсету, шығатын дайын өнімді есептеу, ондағы жартылай сулы гипс құрамын анықтау қажет.

Екісулы гипстің гидратация процессі мына реакциямен өтетінін

CaSO4 . 2H2O = CaSO4 . 0,5H2O + 1,5H2O

Және кесте берілгені бойынша гипсті тастың екі гидраттық құрамын біле отыра, бір тастан жартылай гидраттың шығу коэффициентін төмендегі формула бойынша анықтауға болады.

Н2О

Впр = 1 - --------, (17)

100
мұндағы Н2О – жартылай гидратқаөту кезінде су шығыны.

8.2 Құрылыстық ауалы әк өндірісі

Құрылыстық ауалы әк өндірісі бойынша зауытты жобалау кезінде келесі есептеулерді өткізу керек.

1)гидравликалық модуль мөлшерін анықтау. Оның алдында әктің химиялық құрамын 100 % келтіру қажет.Ол үшін әр қышқылдың құрамын К = 100/S қатынаспен анықталынатын коэффициентке кемітеді. S- химиялық анализ деректері бойынша қышқыл мөлшері

Гидравликалық модуль мына формуламен анықталынды


CaO + MgO

Мг - --------------------------.

SiO2 + Al2O3 + Fe2O3
2) күйдіруден кейін берілген химиялық құрамды әктен СаО (Ст) және басқа да қышқылдардың теориялық шығынын анықтау.Қайта есептеу коэффициенті

100


К = --------------- .

100 – п.п.п

ҚОСЫМША А

Кесте 7.1 – Кәсіпорынның жұмыс тәртібі

Цех атауы

(отделения)

Жұмыс күндер саны


Тәулігіне аусым саны

Жұмыс аусымның ұзақтығы

Жұмыс уақытының жылдық қоры

жұмасына

жылына





































Кесте 7.2 – Кәсіпорынның өнімділігі

Шығарылатын өнім атауы

Өнімділік, т


жылына

Тәулігіне

аусымдық

сағатына

шығынсыз













шығынмен












Кесте 7.3 – Өндірістік шығындардың болжамдық мөлшері



Өндіріс стадиясы

Шығын көлемі, %

Цемент өндірісі үшін айнымалы пештер

4 - 6

Кептіргіш барабандар, шахталы пештер

2 - 4

Клинкер, гипс ұнтақтау үшін диірмендер.

0.5 – 1.5

Уатқыштар, бункерлер, автокөліктер

0.2 – 0.5

Әр түрлі типті қоймалар

0.5 – 1.0

Мөлшерлегіштер, қоректендіргіштер, элеваторлар, пневмокөліктер

0.1 – 0.3

Кесте 7.4 – шикізат материалдар шығыны



Шикізат материалдар атауы

Шығын, т

жылына

Тәулігіне

аусымына

сағатына

Шығынсыз:













Әк













балшық













Огаркалар













Гипс













Шығынмен













Әк













Балшық













Огаркалар













Гипс













Ылғалдылықпен













Әк













балшық













Гипс












Кесте 7.5 – Жабдық ведомосы



атауы

Түрі

Пчас

Ппасп

мөлшері

эл.қозғалтқыштың қуаттылығ

К










































Кесте 7.6 – Цехтің штаттық ведомосы



Жұмысшының мамандық атауы

Бір аусымда жұмысшылар саны

аусым ұзақтығы

Бір тәулікте аусым саны

Бір тәулікте жұмысшылар саны

Чел/час тәулігіне

Ад/сағ

жыл











































Кесте 7.7 – техника-экономикалық көрсеткіштер (цеха)



Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Мөлшері

Типтік зауыттың көрсеткіштері

























ҚОСЫМША Б



Анықтамалық кестелер

Жақты уатқыштардың техникалық көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Өлшем

бір


Уатқыштар типі

1500х2100х180

1200х1500х150

600х900

Көтеру саңылауының ені

мм

1500

1200

600х900

Түсіру саңылауының ені

мм

180

150

75-200

Өнімділігі

т/ч

500

280

42-110

Эл. Қозғалтқыштың орнатылған қуаттылығы

квт

250

160

75

Балғалы уатқыштардың техникалық сипаттамас



Көрсеткіштер

Өлш. бір.

Уатқыштар типі

СМ-19А

СМ-170 Б

ДМЭ 17х14,5

Көтерілетін кесектердің өлшемдері

мм

8 - 300

До 400

600

Түсірілетін кесектердің өлшемдері

мм

0 - 25

До 10

20 - 180

Өнімділігі

т/ч

35 - 150

До 200

150 - 500

Эл. Қозғалтқыштың орнатылған қуаттылығы

квт

130

260

400

Гипс пен әкті ұнтақтау үшін шарлы диірменнің сипаттамасы



Көрсеткіштер

Өлш. бір.

Уатқыштар типі

СМ – 15 а

СМ-436,1456

Барабан диаметрі және ұзындығы

м

0,9 х 1,8

1,5 х 5,7

Камера саны

шт

1

1

Айналым саны

Об/мин

35

27-29

эл.қозғалтқыш қуаттылығы

квт

20

125

Өнімділігі

т/час

0,5 – 1,2

4 - 7

Ұсынылатын уатқыштар типі


Материалдар түрі



Типы дробилок

Екі сатылы уатқыштау

1 сатылы уатқыштау

1 саты

2 саты

Қатты тығыз әктер, мергель, тығыз опока, туф

жақты

конусты-балғалық

балғалы

Табиғи ылғалдылықпен трепел, балшық

білікті

араластырғыш

араластырғыш

3 – 9 %ылғалдылықпен балшық

Білікті

білікті

білікті

15 – 20 %ылғалпен жұмсақ бор

білікті

араластырғыш

араластырғыш

Табиғи ылғалдылықпен гипс

жақты

білікті

балғалы

Айнымалы пештегі клинкер

-

-

білікті

Шахталы пештегі клинкер

-

-

конусные

Екі камералы диірменнің сипаттамасы



көрсеткіштер

Өлш. бір

Диірменнің типті өлшемі

2х10,5

2,6х13

3,2х8,5

3,2х15

4х13,5

1 және 2 камера диаметрі

м

5,6/4,5

7,4/5,1

2,9/5,1

7,5/6,9

6,7/6,4

Өнімділігі:



















Орта тығыздықты материалды ылғалды ұнтақтау кезінде

т/час

16 - 21

32 - 42

50

70 - 80

140 -160

Борлы және балшықты шламды ұнтақтау кезінде

т/час

70 - 100

-

150 - 230

-

-

Әкті құрғақ ұнтақтау кезінде

т/час

-

-

45 - 50

50 - 55

-

Клинкерді ұнтақтау кезінде

т/час

10 - 13

25 - 26

-

50 - 55

100 - 110

эл.қозғалтқыш қуаттылығы

квт

500

1000

1250

2000

3200

Диірменнің айналу жылдамдығы

Об/мин

21

17,5

18,7

16,9

16,2

ҚОСЫМША Б



Сұйық отынмен жұмыс істейтін цементтік зауыттар

Зауыт


Отынның жылулық қабілеттілігі,

Вт/ кг


Ангарский

8795

Ангренский

8795

Араратский

8795

Душанбинский

9569

Жигулевский

9889

Кантский

9889

Пикалевский

9535

Рыбницкий

9516

Таузский

9670

Ульяновский

9750


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет