Тақырыбы: «Босанудың III кезеңінде қан кету»



бет1/3
Дата12.02.2024
өлшемі29.37 Kb.
#491650
  1   2   3
III кезеңде Ò ан кеÑ Ñ



Тақырыбы: «Босанудың III кезеңінде қан кету»

Бала жолдасының жатырдан бөліну кезеңін III кезең деп атайды. III кезеңде физиологиялық қан шығыны 250 мл-ге дейін немесе әйел салмағының 0,5% құрайды, 250 мл – 400 мл – шекаралық, 400 мл-ден жоғары болса паталогиялық қан шығыны деп атайды.


Негізгі себептер:

  1. Босану жолдарының зақымдалуы.

  2. Плацентаның жатыр қабырғасына жабысуы мен бөлінуінің бұзылуы.

  3. Жатырдың жиырылу қасиеттерінің бұзылуы.

Босану кезеңдерінде ананың босану жолдарының жарақаттануы жиі кездеседі. Плацента жатырдан бөлініп түскеннен кейін арнаулы үлкен қынап айналарымен әйелдің босану жолдарын (жатыр мойын, қынап қабырғаларын) түгел қарап, жыртылған жерді тігіп, қанның ағуын тоқтатады.
Бала жолдасының бөлінуі кезеңіндегі қанның кетуі.
Қалыпты жағдайда плацента жатырдың шырышты қабатының іс-әрекет қабатына бекиді. ІІІ кезеңде қан кетудің негізгі себептерінің бірі - плацентаның жатыр қабырғасына нығыздала жапсырылуы.
Бұл жағдайда хорион түгі жатырдың спонгиоздық (сылынып қалатын) қабатына жабысып қана қоймай, одан да тереңірек базалдық қабатына ене бастайды. Сондықтан оның бөлінуі қиындайды. Бұны плацентаның нығыздала жапсырылуы дейді. Қан шығыны 250-мл-ден артады, бала жолдасының бөліну белгілері болмайды. Әйелге наркоз беріп бала жолдасын қолмен жатырдан аралағандай қимылмен ажыратып шығарады.
Плацентаның жатыр қабырғасымен терең бітіп кетуі (placenta acleta) – хорион түгінің тереңдеп еніп, кейде жатырдың сыртқы сір қабатына дейін жетуі. Бұл жағдайда ең дұрысы – операция жасап, жатырдан бала жолдасымен бірге алып тастау (ампутация).
Жатырдың төменгі сегментінің жиырылуының бұзылуы салдарынан бала жолдасының және оның бөліктерінің қысылуы - босанудың III кезеңін дұрыс жүргізбеуден болуы мүмкін. Әсіресе, жатырды қатты уқалаудан, дәрілерді көп мөлшерде пайдаланудан, плацентаны жатырдан бөлу үшін Креде, Гентер әдістерін өте күш жұмсап қолданудан болады.
Бұл түрінде жатыр мойнының жиырылуына қарсы дәрі-дәрмектерді қолданып, Креде әдісімен тудырып алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет