Ф1 и вкгту 701. 01-01-1-2011



Дата08.07.2016
өлшемі210.22 Kb.
#185518
түріПротокол




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 И ВКГТУ 701.01-01-1-2011

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(магистранттарға арналған пәннің оқу бағдарламасы)


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д. Серикбаева

ШҚМТУ



БЕКІТЕМІН


ТКМФ деканы

__________ А.К. Адрышев


«____» _________ 2013 ж


ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯДАҒЫ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР


Силлабус




ГЕОИНФОРМАЦИОННЫЕ СИСТЕМЫ В ГЕОДЕЗИИ И КАРТОГРАФИИ


Силлабус

Мамандығы: 6M071100 - «Геодезия»


Оқыту түрі: күндізгі


Семестр 3

Дәріс 3 семестр – 30 сағат

Практикалық сабақтар 3 семестр – 30 сағат

МОӨЖ 3 семестр – 15 сағат

МӨЖ 3 семестр – 105 сағат

Емтихан 3 семестр

Өскемен

Усть-Каменогорск



2013

Силлабус «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында Мемлекеттік білім стандартының негізінде 6M071100 «Геодезия» мамандығында оқитын магистранттарға арналған.

Кафедра отырысында қаралған
Кафедра меңгерушісі К.Б. Хасенов
Протокол № ___ ___________2013

Тау – кен металлургиялық факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталды


Әдістемелік кеңестің төрайымы Н.А. Нурбаева
Хаттама № ___ ___________2013

Құрастырған Б.Апшикур


Норма бақылаушы Т.В.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы, тау-кен металлургиялық факультеті (Г3-218).

Пән жүргізетін оқытушы: Апшикур Байтак, т.ғ.к., доцент.

Жұмыс телефоны: 54-07-76

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.




  1. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ




    1. Оқылатын пәнге сипаттама

Геодезия және картографиядағы геоақпараттық жүйелер пәні магистранттарға геоинформатиканың теориялық негізін, географиялық ақпараттық жүйенің қағидасын (ГАЖ), геодезия және картографияда әр түрлі мақсаттағы тапсырмаларды шешуді, ғылыми зерттеулерде геоақпараттық технологияларды қолдануды меңгеруі тиіс.



1.2 Пәнді оқытудың талаптары
Пәнді оқудың негізінде магистрант келесілерді меңгеруі керек:

- ГАЖ идеологиясын білу және оның басқа да оқытылып жатқан пәндер арасындағы орнын;

- ГАЖ құрылымы жайлы теориялық білімге ие болу және олардың құрамы туралы, ГАЖ негізгі функционалдау қағидасын, заманауи ГАЖ аналитикалық мүмкіндіктерін;

- ГАЖ терминологиясында бағдар алу, әр түрлі мәлімет қорларын сақтау, оны алу әдістерін, өңдеу және геоөңдеудегі құралдар және олардың алуан түрлілігі, нәтижені көрсету және мәліметке сарпатама жасау әдістері;

- әр түрлі ГАЖ жұмыс істеу тәжірибесін қамту.
1.3 Пререквизиттер
«Геодезия және картографиядағы геоақпараттық жүйелер» курсын меңгеру үшін ЖОО-нда алынған келесідей пәндер бойынша білім қажет:

- геодезия;

- санды картография;

- информатика;



    • геоинформатика.


1.4 Постреквизиттер
Курсты оқу барысында алынған білім 6N0711 «Геодезия және картография» мамандығы бойынша білікті жұмыс істеу үшін қажет.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


Курс 30 сағат дәрісхана сабақтарынан тұрады (15 сағат дәрістік сабақтардан, 15 сағат зертханалық сабақтарынан), 30 сағат магистрант пен оқытушы арасындағы жұмыстардан тұрады, 90 сағат магистранттың өз бетімен жұмысына берілген.

Магистрант семестр бойы жеке шығармашылық тапсырманы орындап, 2 есептеу-графикалық жұмысын орындап, 2 ағымды бақылауды өтуі керек.

Қорытынды баға курс аяқталғаннан соң ағымды үлгерім негізінде қойылады. Баға орындалған зертханалық, бақылау жұмыстары және емтихан бағасының қосындыларынан кейін қойылады.

Ең жоғарғы балл 100 тең.



2.1 Оқыту кестесі
Кесте 1



Сабақ түрлері

Несиелер

Барлығы

1

1

1

Дәрістер

7,5

7,5

15

2

Зертханалық сабақтар

7,5

7,5

15

3

МОАЖ

15

15

30

4

МӨБЖ

45

45

90

5

Ағымды бақылау

1

1

2

6

Қорытынды бақылау

Емтихан


2.2 Дәрістердің тізімі
Кесте 2

Тақырып

Сағат

Әдебиет

1

2

3

Кіріспе. Геодезия және картографияның дамуы туралы қысқаша мәлімет. Геодезия және картографиядағы заманауи геоақпараттық технологиялар.

1

1 – 6

Жаңа ақпараттық технологиялар (ЖАТ). Мамандандырылған ЖАТ. Интегралданған ЖАТ. Геоақпараттық технологиялар.

1

1 – 6

Ақпараттық жүйенің теориясы (АЖ). Интегралданған АЖ. Жергілікті берілген кеңістіктегі ақпараттық жүйелер. Геоақпараттық жүйелер.

1

1 – 6

Геоинформатикадағы кеңістіктік-уақыттық мәліметтер. ГАЖ мәліметтер қорын және толықтырудағы геодезия мен картографияның орны. Заманауи геодезиялық және картографиялық

1

1 – 6

1

2

3

ақпаратты өңдеу ерекшеліктері.







Мәліметтер қоры және СУБД. Файлдардың реттелмеген құрылымы. Ретімен реттелген файлдар. Индекстелген файлдар. СУБД түсінігі. СУБД түрлері: иерархиялық, жүйелік, реляционды, объекттік-бағдарланған. Геодезиялық мәліметтер қоры және геодезиялық ақпараттық жүйелер.

1

1 – 6

Объектілерді графикалық көрсету және олардың атрибутивтері. Берілген мәліметтің растрлық үлгісі. Растрлық мәліметтерді қысу әдістері. Мәліметтердің векторлық үлгілері. Спагетти-үлгі. Топологиялық үлгі. Сызықтық-түйін және сызықтық-полигональді топологияны Аrc/Info мысалында келтіру.

1

1 – 6

Енгізудің жүйесі. Енгізу жабдығы. Дигитайзерлер, сканерлер. Тану және векторлеу құралдары. Мәліметтерді кеңістіктік байланыстыру.

1

1 – 6

Редакциялау жүйесі. ГАЖ БД редакциялау маңыздылығы. Қателік түрлері. Векторлік жүйедегі графикалық қателер. Векторлік трансформация. Конфляция.

1

1 – 6

Сараптаудың жүйесі. Элементарлы сараптама: нүктелік, сызықтық, биік деңгейлі объектілердің ауданы. Векторлік және растрлық үлгіде ауданды, периметрді, ұзындықты анықтау. Қарапайым қашықтық. Функционалды қашықтық. Өлшеу түрлері: сызықтық объектілердің айналмалылығын өлшеу, полигон түрлерінің өлшемі.

1

1 – 6

Кеңістіктік.TIN моделі. TIN құрылымы. TIN жасау. Триангуляция және топология. TIN кеңістіктік объектілері. TIN артықшылықтары мен кемшіліктері. GRID моделі. GRID құрылымы. GRID моделіндегі ұяшықтардың мәні. Интерполяция. Интерполяциялау әдістері: ОВР, сплайн, тренд, кригинг. GRID рұқсат етілуі. Пирамидалық қабаттар. GRID кеңістіктік байланыстырылуы. GRIDтерде есептеу. Карталардың алгебрасы. Жергілікті функциялар. Фокальді функциялар. Белдеулік функциялар. Ғаламдық функциялар. GRID артықшылықтары мен кешшіліктері.

1

1 – 6

Топтама. Атрибуттарды кодтау мен қайтадан кодтау. Сандық атрибуттар негізінде топтау. Маңай туралы түсінік. Фильтрлар. Кеңістіктің қайта топталуы:

1

1 – 6

1

2

3

көлбеу, аспект, өзара көрінушілік, көлемді есептеу. Буферлер.







Кеңістіктік таратып орналастыру. Нүктелерді таратып орналастыру. Квадраттарды сараптау. Жақын көршіні сараптау. Полигондарды таратып орналастыру. Байланыстыру статистикасы. Сызықтарды таратып орналастыру. Сызықтардың тығыздығы. Сызықтардың қиылысуы. Сызықтық және көлемдік объектілердің бағыты. Сызықтық объектілердің байланысы. Гравитация моделі.

1

1 – 6

Салу операциялары. Векторлік жүйеде салу. «Нүкте полигонда» және «сызық полигонда» векторлік салу, векторларды салу. Векторлік салудың қателіктері. Растрлық жүйеде салу.

1

1 – 6

Нәтиже сараптамасы. Картографиялық шешім. Графикалық дизайнның қағидалары. Картографиялық дизайнның ішкі факторлары. Дәстүрлі емес картографиялық шешім. Анимация. Картограммалар. Анаморфоздар. Картографиялық емес шешім. Интерактивті шешім.

1

1 – 6

Геодезия және картографияда ғаламторды қолдану. Ғаламтор жүйесінде ақпараттық хабарламалар. Ақпараттық қауіпсіздік. Геодезиялық мәліметтермен жұмыс істегендегі құпиялау әдістері.

1

1 – 6


2.3 Зертханалық сабақтардың тізімі

Кесте 3



Тақырыптың атауы

Сағат

Әдебиет

1

2

3

ГАЖ Mapinfo аясында картографиялық және тақырыптық ақпаратты сақтаудың файлдық ұйымдастырылуы.

2

14

Mapinfo да картографиялық және атрибутивті мәліметтер қорын құру.

2

14

Mapinfoның модулдері.

3

14

ГАЖ ArcGIS құрылымы.

2

15, 16

ArcGIS картографиялық және атрибутивтік мәліметтер қорын жасау.

2

15, 16

ArcGIS модулдері.

3

15, 16

Графикалық және тақырыптық ақпаратты экспорттау мен импорттау мүмкіншіліктері.

1

17



2.4 Студенттің оқытушы мен өздік жұмыс тақырыптарының тізімі

Кесте 4


Тақырыптың атауы

Сағат

Әдебиет

1

2

3

ГАЖ жүйелік жобасын жасау. Құралдық қор, бағдарламалық және ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

2

1 – 13

Жүйенің шығу және кіру мәліметтерін анықтау. ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етілуін таңдау.

2

1 – 13

Берілгендерді енгізу жүйесі. Мәліметтерді сақтау жүйесі. Кеңістіктік сараптама жүйесі және сараптау нәтижесін визуализациялау.

2

1 – 13

Енгізудің түпкірдегі жабдығы. Шешім жасаудың түпкірдегі жабдығы.

2

1 – 13

ГАЖ бағдарламалық қамтамасыз етілуі. Бағдарламалық қамтамасыз етудің жалпы топтамасы. Операциялық жүйенің құрылымы.

2

1 – 13

Геоақпараттық бағдарламалық қаматамасыз ету. Жартылай функционалды ГАЖ. Әмбебап және мамандандырылған ГАЖ. Дәстүрлі сақтағыштардан ақпаратты енгізу бағдарламасы.

2

1 – 13

Кеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылымы. Мәліметтерді жалпы енгізу. Кеңістіктік мәліметтердің стандартталуы.

2

1 – 13

Метомәліметтер қоры және мәліметтермен алмасу механизмі. Кеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылымын құрудың бүкіл әлемдік тәжирибесі.

2

1 – 13

ГАЖ және Жерді дистанционды зондылау (ДЗЗ). Дистанционды зондылаудың мәліметтерін өңдеудің операциялар технологиясы.

2

1 – 13

МДЗ өңдеудегі бағдарламалық және жабдықтық қамтамасыз ету ерекшеліктері.

2

1 – 13

Дешифрлеу. Логикалық және арифметикалық операциялар, фильтрациялар, сызықтық сараптама. Көп белдеулі бейнені автоматты түрде топтау.

2

1 – 13

ГАЖ және позициондаудың ғаламдық жүйесі. Кеңістіктік-уақыттық мәліметтер. ГСП және олардың жүйелері. Алшақтықты анықтаудың кодтық әдісі. Алшақтықты анықтаудың фазалық әдісі. Позициондау. Дифференциалды орынды анықтау. Статистикалық позициондау. Серіктік қабылдағыштарды басқа аспаптармен біріктіру.

2

1 – 13




1

2

3

ГАЖ және Ғаламтор. ГАЖ интеграциясы және Ғаламтор технологиялары. ГАЖ интеграциясы және Ғаламтор технологияларының заманауи мәселелері.

2

1 – 13

Web-ГАЖ-серверлердің технологиялық стратегиясы. «Сервержақты» стратегиялар. «Клиентжақты» стратегиялар.

2

1 – 13

ГАЖ мультимедиа. Мультимедиа ой ретінде. Мультимедиа-жабдық. Мультимедиа-өнім. Мақалалық бейне. Анимация. Жанды видео/кино. Екіөлшемді және үшөлшемді анимация. Виртуальді шындық. Жиинақтау дыбысы. MIDI.

2

1 – 13


2.5 Магистранттың өз бетімен жұмыстарының тақырып тізімі
Кесте 5


Рефераттардың тақырыптары

Әдебиет

Жеке шығармашылық тапсырмалар

1

2

Геоақпараттық жүйе мен технологияны құрудың сатылары. Жүйеге қойылатын талаптар (объектіні зерттеу және жүйені құрудың қажеттілігін негіздеу, пайдаланушының жүйеге қоятын талаптарын жасау, атқарылған жұмыс есебін рәсімдеу және жүйені құруға тапсырыс беру).

6 – 13

Жүйені құру тұжырымдамасы (объектіні зерттеу, қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, пайдаланушыны қанағаттандыратын тұжырымдама нұсқасын жасау және таңдау, есеп беруді рәсімдеу).

6 – 13

Техникалық тапсырма (жүйеге техникалық тапсырманы жасау және бекіту).

6 – 13

Эскиздер және техникалық жобалар.

6 – 13

Жұмыстық құжаттар.

6 – 13

Қозғалысқа енгізу (объектіні өңдеуге дайындау, қызметкерлерді жайындау, техникалық және бағдарламалық мәліметтерді жинақтау, ақпараттық бұйымдарды, құрылыс-әрлеу жұмыстарын, алдын-ала сынақтарды өткізу).

6 – 13

Жүйені жетектемелеу (кепілдік бойынша жұмыстарды атқару және кепілдік біткеннен кейінгі де қызмет көрсету).

6 – 13

Реферат тақырыптары

ГАЖ таңдаудағы мәселелер, топтары және дамуы.

1-13

Кәсіптік деңгейдегі ГАЖ топтамасы. INTERGRAPH

1


1-13

бағдарламалық өнімі. ArcInfo, ArcCAD жүйелері.




Үстелүстілік түрдегі ГАЖ. Atlas GIS, ArcView, GeoGraph/GeoDraw, MapInfo, WinGis жүйелері.

1 – 13

ГАЖ қолданылуы.

1 – 13

ГАЖ құрылымы.

1 – 13

Мәліметтер қоры және олардың алуан түрлілігі туралы түсінік.

1 – 13

Мәліметтер қорында шығу және кіру сипаттамалары.

1 – 13

Қазақстанда ГАЖ және геоинформатиканың даму тарихы.

1 – 13

ГАЖ эксперттік жүйені қолдану.

1 – 13

Қазіргі кезде қолданыстағы ГАЖ және олардың арналуы мен мүмкіндіктерін ұсыну.

1 – 13

Мәліметтерді тіркеу, енгізу және сақтау.

1 – 13

Растрлық және кешенді әр түрлілікті көрсету.

1 – 13

Мәліметтер қорын басқару жүйесі.

1 – 13

Эксперттік мәліметтер қорын құру.

1 – 13

Мәліметтер қорын сараптау және модельдеу.

1 – 13

Мәліметтер қорын визуализациялау тәсілдері.

1 – 13

Географиялық объектілердің динамикасын көрсету, жүйенің кеңістіктік-уақыттық сипаттамасын компьютерлік карталар мен белгілер арқылы бейнелеп, көрсету.

1 – 13

Шешім қабылдаудың көмек көрсету жүйелері.

1 – 13

ГАЖ қолданбалы аспектілері. ГАЖ қойылатын талаптар және жобалау сатылары. ГАЖ іске асырудың мысалдырын келтіру.

1 – 13

Ғаламдық жобалар, мемлекетаралық бағдарламалар және аймақтық ГАЖ.

1 – 13

3 БІЛІМ БАҒАЛАУ


3.1 Бағалау түрі
Ағымды бақылау жүргізу әрі апта сайын дәріске қатысуды бақылау, зертханалық және өзіндік жұмыстардың тапсырмасын орындаумен (1 кестеге байланысты) бағаланады.
Кесте 1 – Аралық бақылауды құрайтындар

Бағаланатын жұмыс түрлері

Апталар

Баллдар

Дәрістік сабаққа қатысуы

1 – 15

1 сағ 1

Зертханалық сабаққа қатысуы

1 – 15

1 сағ 1

Реферат №1

6

14

ЖШТ 1-ші сатысы

7

20

Тестілеу

8

50

Реферат №2

12

16

ЖШТ 2-ші сатысы

13

20

ЖШТ презентациясы

14

30

Тестілеу

15

20

Пән бойынша аралық бақылау дәрістік курстың тақырыптары бойынша 7 және 15 апталарда тестілеу түрінде жүргізіледі.

Пәнді жалпы қорытындылау емтиханда компьютерлік тест тапсыру түрінде болады.

2 кестеге сәйкес аралық және ағымды бақылаудың қосындысы магистранттың рейтингін құрайды.


Кесте 2 – Магистранттың рейтингі

Рейтинг

Рейтингтің құрамы

Жоғарғы балл

Жоғарғы рейтингтік балл

1

2

3

4

1-рейтинг

1)

1-8 апталар


Дәріске қатысу

8

100

Зертханалық сабаққа қатысуы

8

Реферат №1

14

ЖШТ 1-ші тапсырмасын орындау

20

Тестілеу

50

2-рейтинг

2)

8-15 апта


Дәріске қатысу

7

100

Зертханалық сабаққа қатысуы

7

Реферат №2

16

ЖШТ 2-ші тапсырмасын орындау

20

ЖШТ презентациясы

30




Тестілеу

20

Емтихан

100


3.2 Бақылау критерийі
Пән бойынша студенттің қорытынды бағасының құрамына кіреді:

  • рейтинг бойынша бақылау қорытындысы – 40%;

  • емтихан бағасы – 60 %.

Есептеу формуласы:

мұндағы Р1 – бірінші аралық бағаның сандық эквиваленті;

Р2 – екінші аралық бағаның сандық эквиваленті;

Е – ематихан бағасының сандық эквиваленті.

Таңбалық баға және оның сандық эквиваленті балл түрінде дұрыс жауаптардың проценттік құрамымен анықталады (3-кесте).


Кесте 3 - Пән бойынша студенттердің қорытынды білімін бағалау

Баға

Цифрлық эквиваленті

Проценттік

құрамы


Бағалаудың дәстүрлі түрі

А

4.0

95-100

Өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы


В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттансыз

4 ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


5.1 Дәрістік және зертханалық сабақтарға кесте бойынша қатысуы міндетті болып саналады және әрбір дәрістік сағат 1 балмен бағаланады.

5.2 Магистранттың сабаққа қатысуы сабақ басында тексеріледі. Егер магистрант сабаққа кешігіп келсе, онда еш шусыз дәрісханаға кіріп оқуды жалғастыру керек, ал үзіліс кезінде оқытушыға кешігу себебін түсіндіруі керек.

5.3 Егер де магистрант сабаққа екі рет кешіксе бір күн сабаққа келмеген болып саналады.

5.4 Жұмыстар уақытында тапсырылуы тиіс. Уақыттан кешігіп тапсырылған жұмыстың бағасы төмендетіледі. Барлық тапсырманы орындап, өткізбеген магистранттар емтиханға жіберілмейді.

5.5 Аралық бақылауды қанағаттанарсыздай бағаға жазған магистранттың оны қайтадан тапсыруына рұқсат берілмейді.

1 мен 2 рейтингтердің орташа мәні 50 балдан төмен болған жағдайда магистрант емтиханды тапсыруға жіберілмейді.

5.5 Сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірулі болуы тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиет


  1. Кошкарев А.В., Каракин В.П. Региональные геоинформационные системы. – М.: Наука, 1987. – 125 с.

  2. Основы геоинформатики: В 2 кн. Учеб. Пособие для студентов вузов/ Е.Г. Капралов, А.В. Кошкарев, В.С. Тикунов и др., – М.: Издательский центр «Академия», 2004.

  3. Соловьев М.Д. Математическая картография. – М.: Недра, 1969. – 288 с.

  4. Салищев К.А. Проектирование и составление карт.– М.: Изд-во МГУ, 1987. – 240 с.

  5. Аковецкий В.И. Дешифрирование снимков. – М.: Недра, 1983. – 374 с.

Қосымша әдебиет




  1. Брюханов А.В. и др. Аэрокосмические методы в географических исследованиях: Учеб. Пособие. – М.: Изд-во МГУ, 1982. – 232 с.

  2. Лебедева О.А. картографические проекции. Методические пособие. Новосибирский учебно-методический центр по ГИС и ДЗ. – Новосибирск, 2000. – 37 с.

  3. Журнал «ГИС-обозрение».

  4. ГИС-ассоциация: Информационный бюллетень.

  5. Журнал «Геодезия и картография»

  6. Перегудов Ф.И., Тарасенко Ф.П. Введение в системный анализ: Учеб. Пособие для вузов. – М:. Высшая школа, 1989. – 367 с.

  7. Беллман Р., Дрейфус С. Прикладные задачи динамического программирования. – М:. Наука, 1965. – 458 с.

  8. Гуд Г.Х., Макол Р.Э. Системотехника. Введение проектирование больших систем. – М:. Сов. Радио, 1962.

  9. MapInfo Professional. Руководство пользователя. Русск. версия. Москва ООО «ЭСТИ-МАР». 2000 г.

  10. ArcMap. Руководство пользователя. Русск. версия. – ESRI, 2000 г.

  11. ArcGIS Survey Analyst / Руководство пользователя. – ESRI, 2000 г.

  12. ArcGIS . Картографические проекции.– ESRI, 2000 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет