Кіріспе
Пәннің қысқаша мазмұны: Биологиялық белсенді заттарды зерттеудің заманауи әдістері, қосылыстар топтары бойынша теориялық білім: анықтамалары, классификациясы, физика-химиялық қасиеттері, сапалық және сандық идентификациясы.
«өсімдіктерді химиялық талдау»
Мақсаты: табиғи органикалық қосылыстарды синтездеу, оның класстары және сарапталуы жайлы білім беру.
Міндеттері: табиғи қосылыстар химиясы бойынша білімі, биологиялық белсенді заттардағы фунционалды топтарға тән реакцияларды білуі қажет, сапалық және сандық сараптауды, биологиялық белсенді заттарды алуда техникалық мәселелерді шешуді, ВФС, ФС, регламенттерді жаза білуі керек.
Курсты өткеннен кейінгі алатын білімі және үйренетіні
Магистранттар білуі тиіс: заманауи дәрілік заттарды синтездеп алуға қажетті органикалық табиғи қосылыстардың негізгі топтарын; фармацевтикалық өнімдердің синтезіне қажетті жартылай өнімдер мен қосалқы заттарды; табиғи қосылыстардан маңызды препараттарды алу әдістерін және синтездеудің ерекшеліктерін білу;
- білетіні дәрілік заттар мен табиғи қосылыстардың физико-химиялық анализінің негізгі фундаменталды әдістерін игеру, кәсіби қызмет атқаруға қажетті тәжірибелер жасауға дағдылану;
- жасай білетіні арнайы міндеттерді (есептерді) жасағанда алған білімін қолдана алу, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жаңа білімдерді үйрену.
Курстың методологиясы: ойлау қабілетін жетілдіру, магистрантты өсімдіктердің БАЗ негізгі топтарының сандық мазмұны мен сапалық құрамын анықтауды үйрету, берілген проблемалар бойынша талқылаулар жүргізу – пәнді игеру барысында келесі оқыту технологиялары мен концепцияларды қалыптастыру әдістері қолданылады.
Дәстүрлі лекциялар мен тәжірибелік сабақтар, проблемалық лекциялар, жаттығулар, жазбаша өзіндік жұмыстарды дайындау, тәжірибелік жұмыстарды орындау, аз топтардың арасында семинарлық қызмет атқару, түрлі таблицалар, сызбанұсқалар, пікірлер әзірлей алу, рефераттар жазу, шығармашылық тапсырмалар, сынақ.
Пәнді оқу процессінде интерактивтік оқыту әдістері қолданылады, пікірсайыс, кіші топтармен жұмыс жасау, логикалық тапсырмалар, қысқа баяндама және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |