Химия пәнінен сайыс
Ғажайып химия
"Фармация, Гигиена және Эпидемиология" білім алушылар арасындағы сайыс
Атырау жоғары медициналық колледжі
Мақсаты: Білім алушылардың теориялық білімдерін тексеру,олардың пәнді игеруге деген қажеттіліктерін туғызу,ынтасын арттыру.Химия пәнінің қажеттілігі мен өзектілігін,маңызын айтып,білім алушылардың химиялық білімдерін дамыту,ҚР-ның Тәуелсіздігіне 30жылдығың насихаттау. 1-топ «Атом» Фармация мамандығының білім алушылары 2-топ «Феррум» Гигиена және эпидемиология мамандығының білім алушылары Сайыс кезеңдері: 1.Ал,кәнекей танысайық 2.Жорға «Сұрақ-жауап» 3.Полиглот 4.Химик эрудит 5.Капитандар сайысы 6.Қорытынды 1.КЕЗЕҢ 2.КЕЗЕҢ I топқа арналған сұрақтар: - 1) Этил спиртінің формуласы
- 2) Периодтық кестеде неше топ бар ?
- 3) Органикалық қосылыстардың химиялық құбылыс теориясының негізін қалаған
- 4) Аспен келетін , тамаққа дәм беретін зат формуласы
- 5) Галогендерді ата
- 6) С2Н2 қай органикалық қосылыстың формуласы
- 7) Ең жеңіл металл?
- 8) Индикатордың қандай түрлерін білесіңдер
- 9) Сиыр жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл
- 10) Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін реакция соңында жұмсалмай қалатын зат?
- 11) Марганцовканың басқаша атауы
II топқа арналған сұрақтар: - 12) Период бойынша металдардың қасиеттері қалай өзгереді ?
- 13) Циклоалкандардың бірінші өкілі ?
- 14) Биологиялық препараттардың бүлінуден сақтау үшін не пайдаланылады?
- 15) Зат құрамының тұрақтылығын ашқан ғалым ?
- 16) Коррозия дегеніміз не?
- 17) Күкіртің валенттілігі
- 18) Көмірқышқыл тұздары қалай аталады ?
- 19)Аккумулятор ішіндегі металл ?
- 20) Аккумуляторға құйылатын металл ?
- 21) Оттегі латынша қалай аталады?
- 22) Темір(ll) гидроксид хлоридінің формуласы
3.КЕЗЕҢ Химик эрудит - 1 Тапсырма
Электронді баланс әдісті пайдаланып тотығу –тотықсыздану реакциясын теңестіріңдер: КMnO4 + KI + H2 SO4 →MnSO4 +I2 +K2 SO4 + H2O - 2 тапсырма
Жүзіге асырыңдар: Крахмал →глюкоза →этанол→ ацетальдегид →сірке қышқылы →сіркеэтилэфирі →натрий ацетаты Капитандар сайысы : - 1. Бұл жылтыр ,күміс тәрізді металл, кейде сазбалшық деп те аталады.
- 2. Ауыспалы металл
- 3. Атауы Римдік құдай Меркурийден шыққан,ол өзінің жылдамдығымен танымал.
- 4. Табылған жері: Қытайда және Үндістанда б.з.д 2000 жылға дейін белгілі
- 5. Оның барлық қосылыстары өте улы екені белгілі болсада ,ол бүкіл тарих бойында терапевт болп саналды.
- 6. Әдетте әуе кемесінде оны қолдануға жол берілмейді, өйткені ол оңай алюминиймен, ұшақта жиі кездесетін металлмен реакцияға түседі. Алюминий амальгама түзгенде алюминийді тотықтырудан қорғайтын оксид қабаты бұзылады.Бұл алюминийді коррозияға ұшыратады.
- 7.көптеген қышқылдарға реакция бермейді
- 8. Әдетте +1 немесе +2 тотығу күйін көрсетеді
"Өркенде,шалқы химия"
Химия-жыр әніміз ,шаттанамыз,
Табысын пайдаланып,мақтанамыз.
Кең байтақ кеңге толы-Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс,жатқан аңыз.
Химия-ел ырысы,ғасыр үні.
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған.
Ашылды табиғаттың жасырыны.
Қайырмасы:
Жайна да гүлден жер,қия,көлден
Көңілге шабыт-нұр құя
Молшылық көзі.
Апат та өзі
Тылсым ғылым бұл-химия
Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында
Ішсең-ас,кисең-киім,үй жиһазы
Химия дәру болған сауығуға.
Қайырмасы:
Жайна да гүлден жер,қия,көлден
Көңілге шабыт-нұр құя
Молшылық көзі.
Апат та өзі
Тылсым ғылым бұл-химия
6.ҚОРЫТЫНДЫ
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !
Достарыңызбен бөлісу: |