Ғайда күресіп аудан чемпионы болды.Әттең, келешегі мол жас алып, жастай жай оғынан қаза тапты



Дата04.10.2022
өлшемі15.23 Kb.
#461962
16 17 18 19 20


Ғайда күресіп аудан чемпионы болды.Әттең, келешегі мол жас алып, жастай жай оғынан қаза тапты.
1948-49 жылдың қысы боран да боран, бүкіл малдарды қырып салған сұрапыл жұт болды, әрі су керемет көп болды.Тасыған сулар бүкіл қопаларды толтырды, Тәуішті Аяққамыстан екі Ашамен толтырып, тіпті Құмшықтың қары мен Тәуіштің қырының арасы теңіз болып шылқып жатты.Екі Ашаның бастауы жағындағы көпены Аяққамыс дейді.Құмшық жақ қырдың бауырында Алтынсары көңі бар.
Аяққамыстың суының көптігі сондай,сол жылы Алтынсары көңінен АРқалықтан келетін қара жолға дейін, қырдың бауырында, бес шығырмен егін салынды.Қара жолдан бастағанда:Көпжасардың Кенжеғалиы, Сарының Әменғалиы, Есмағамбеттің Зейнекеші, Шоңайдың Рыскелдісі, Құрямыстың Жақалағы Мұраптар болды.Әр мұрапта 3 гектардай жер, оны шығырмен Аяққамыстың суымен суларды.Шығыр деген қолдан жасалған ағаш тегершіктерді жегілген өгіз айналтып, кедейлердің шеңберіне ілінген шелектерімен, әуіттен суды алып, егінге жіберетін құрылғы.Әуітке су көлден бастап қазылған арықпен келеді.Шығырдан су жаптарға құйылады,солармен бөліп-бөліп қойған атыздарға құйылады.Солай егін піскенше 3 рет суарылады.Күзде сол егінді қол орақпен орады,қырманға жинап, өгіздермен бастырады,солай тары, бидай алады.Сондай мешеу заман да болды ғой.Қалайда сол шығырлармен егін егу Торғай халқын аштықтан құтқарған.”Сол шығырмен егін салуды Торғайға әкелген Ақтөбеден келген райкомның бірінші секретарв Дәбен Бекешов деген кісі еді.Ол Торғайға сондай суармалы егін еккізуді жасатып, әрі елден жиналатын салықты мемлекетке бермей өзінде қалдырып, әбден тарыққан, аштан қатқан халықты қырылудан құтқарған болатын”-деп Жұмағали ағам айтып отыратын, Бекешовты мақтайтын.
Сол 1949 жылдан бастап Рыскелді әкем 7 жыл егін екті.Біздің сол “Жаңатұрмыс”колхозында тұрақты егін салғандар мына кісілер:Көшмырзаның Қалпы,Көбенқұлдың Сүлеймені, Ақпейілдің Әбдіғалиі, Сейдалының Кемелтайы, Әбдрахманның Әбеуі, Ерменқұлдың Бәлдігі, Есмағанбеттің Зейнекеші, Әйтімбеттің Бейсенғалиі, Кенжеғазының Қабылбегі,Көпжасардың Кенжеғалиы,Сарының Әменғалиы, Құрамыстың Жақалағы,Досжанның Днетбайы .Бұлардан Зейнекеш әкем кейін тек бақша саялайтын болды.”Ожанның Минурыні” деп аталады.Ал Көшмырзаның Қалиы “Құрмет белгісі” орденін алып Орден Қалиі атанды.Сол егіндер еккенде әкесіне тек балалары ғана көмекші болатын, өгіз айдап отыратын ,шығырдың ішінде, құлақ ашып,атыздарды суаратын, егінді қорғап жанталасатын.Сонда егін екпейтіндердің балалары:
“Егіншінің баласы Қара борбай,Егініңді жеп қойды Қараторғай”- деп бізді мазақ қылатын.Қалайда біз кішкентайымыздан еңбек етіп, бейнет көріп, шынығып өстік.
Сол 1949 жылы күзде Жаркөлдегі бастауыш мектеп жабылды да, балалар тәуіштен оқитын болдық.Содан Құншықтың балаларын аналары, ағалары ертіп Тәуішке тарттық, жаяу түгел.Екі ара 10км дей жерғой.Екі Ашаның суы да терең екен.Балалар әбден шаршадық.Кішкентай балаларын шешелері арқалап өткізді.Мен әжем Биғатша арқалап өткізді.Солай Тәуішке де жеттік-ау.Мен бұрын Тәуішті көрген емеспін.Онда бірнеше жеркепе саман үйлер бар екен.Олардың иелері:Сейдалының Кемелтайы, Мүсірәлінің ізбасары, Әйтімбеттің Уәлиі, Көбенқұлдың Сүлеймені, Ақпейілдің Әбдіғалиі және Шүңгілі міне небары 6-ақ үй.
Ал одан әрі бір зәулім,ғажап,өзі биік,әрі көлемді,терезелері тіпті үлкен,ғажайып мектеп ғимараты тұрды.Бәріміздің таң қалып ,ауызды ашып қалдық.Мектептен әрі 1км дей жерде Майдалаптың Қойшыманы,Шаңдақбайы,Кершесінің Қыстаулары, одан әрі Торғай жағында есімінің бабақайы мен Кенжнбейының, Досжанның Днетбайы, Сүндетбайы,Арбабайы, Бейсенбісәнің қыстаулары бар екен.Тәуіштің бергі бетіндегі үйлер осылар-ақ.
Ал өзінің ар жағында:Байтүгілдің Бекболсыны, Құлмағанбеттің Серғазысы, Еркіні, Әбдірахманның Әбеуі, Есманқұлдың Бәлдігінің қыстаулары бар екен.Одан әрі қыр астында, қаражар жақта Қонақбайдың Еңсебайының үйі болды.Ал Ақеуат жақта Әлімжанның Төсі, Нұрмағанбеттің Атығайының қыстаулары болды.Міне 500 үй Ожанның орталығы Тәуіштегі үйлердің 1949ж. Күздегі түрі.Тек заңғар мектеп үйі ғана тұрды, 1937-жылдары салынған екен, алғашқы мектеп оқытушысы, директор Жанұлы Батырбеков деген жігіт болыпты.Сол жылы оған Қаратүбек мектебі деп ат беріліпті, әлі күнге сол атауында тұр.
Сол аты ең тұңғыш мектеп Қаратүбек те ашылғаннан қалған.Сол мектеп 1949 ж күзде 7 жылдық, сосын 10 жылдық болды.3,4,6,7,8,9,10-ауылдардың балалары, өздерінде мектеп ашылғанша, бізде сонда, оқыды.Байзақов Сайлау, Сәбит,Бәйімбетов Фазылхан, Айсағалиев Серікбай, т.б академик, доктор ғұламалар сол Қаратүбек мектебін бітіргендер.
Басқа ауылдардың балалары да оқитын болып, оқушылар саны 500-600ге жеткен соң, жұрт жаппай Тәуішке үйлер салып, ол үлкен қалашыққа айналды, одан Көкалаттан Міс көшіп келіп, Тәуіш үйі де, халқы да көбейді.
Әкем Рыскелді Бабақай мен Өнетбай үйлерінің ортасына шым үйлер салды, 1949-жылдан 1959-жылға дейін сол үйде тұрдық.”Жас өспей ме, жарлы байымай ма!” дегендей біз де өсіп азамат болдық.Сол жылдары Жұмағали ағам жыл сайын ауылға келіп, алдымен әкеме сәлем беріп, бізге кәмпит,қант,пешене әкеліп,қуантып ауылды аралап қайтатын.Бұл жылдары біз ”Жаңа-тұрмыс” колхозы болдық, ел кішкене тоғая бастады.1956ж.Қазақстанда тың игеру басталып, 1 млрд. тұтастық алып,ел аштықтан құтыла басталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет