Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факульеті
Тақырыбы:
СӨЖ
Орындаған:
Тексерген:
Парадигма, үлгі деген сөз – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны,оның бірі натуралистік парадигма.
Натуралистік парадигма-мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады. Биліктің таза жұмыс істеуін айтсақ болады. Бұл жағдайда ең басты себеп ретінде адамдардың бірлесіп өмір сүрулерінің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік факторлар емес, керісіңше адамның биологиялық, психофизиологиялық құрылымы мен сондай-ақ қоршаған табиғи ортамен аңықталатын табиғи фактор алдыңғы орынға қойылады.
Табиғат - адамзаттың бастапқы негізі. Оған ол өзінің кіндігімен байланған. Өркениеттің даму себебін іздестіргеңде адамзаттың ақыл-парасатының табиғи факторларға көңіл аударуы заңды нөрсе. Саяси ойлар тарихында натуралистік парадигма негізінде өрқилы тектегі геосаяси, биосаяси, психологизаторлық концепциялар пайда болып отырды.
Геосаяси идеялар әр түрлі географиялық ортада өмір сүретін мемлекеттік құрылымдарды, халықтардың саяси өмірін салыстыру негізінде пайда болды. Географиялық фактор ретінде климат, жергілікті жердің рельефі, адамдар қауымдастығының өмір сүру ортасы, су бассейнінің болуы сияқты аймақтық ерекшеліктер ұсынылды. Географиялық ортаның саясат пен мемлекеттік құрылысқа тигізетін ықпалына ертедегі ойшылдар да көңіл аударған. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ .460-370 жж өзінің "Ауа, су және жергілікті жер туралы" шығармасында аталған табиғи факторлардың адамның денсаулығына, оның мінез-құлқына, сондай-ақ жергілікті жердің қоғамдық және мемлекеттік құрылысына тигізетін ықпалына көңіл бөлді. Адамды "саяси хайуан" деп атай отырып Аристотель қоғам мен мемлекеттің пайда болуының табиғи негізінің бар екенін көрсетті. Географиялық фактор ірі географиялық ашулар орын алған жөне осының негізінде өздерінің табиғи-климаттық жағдайларымен ерекшеленетін, әр түрлі құрлықтарда өмір сүретін халықтардың саяси өмірі мен мемлекеттік құрылысын салыстыру мүмкіндігі пайда болған 15-16 ғғ. бастап ерекше мәнге ие бола бастады. Тұтастай алғанда географиялық парадигма ғылыми тұрғыдан аса жемісті болды. Ол ғылымдағы географиялық мектептердің институтталынуына алып келді, географиялық себептер мен жағдайларды ескере отырып саяси процестерді түсіндіруге тырысатын саяси географияның пайда болуын қамтамасыз етті. Географиялық парадигма мемлекеттердің, халықтар мен ұлттардың арасындағы өзара қарым-қатынастарда маңызды рөл атқаратын қазіргі геосаяси доктринаның қалыпта суында ерекше мәнге ие болды. Геосаяси доктриналар мемлекеттің саясй бағытының қалыптасуында басты қызмет атқарады. Қазіргі геосаясат бөтен территорияны жаулап алу, агрессия ғана емес, өзінің сыртқы саясатынық бағытын айқындау үшін географиялық жағдайларды пайдалану, сырткы саясаттағы проблемаларды шешуде қалыптасқан географиялық ахуалды мейлінше толық ескеру.
Натуралистік парадигма сонымен бірге, саясаттың, саяси мінез-құлықтың, саяси құрылымдардың шығу көздерін адамзаттың биологиялық табиғатынан іздеуге талпынатын әр түрлі биосаяси доктриналарда қолданылады. Биосаясат адамның инстинктілік, генетикалық, туа біткен табиғи касиеттері оның саяси мінез-құлқының, сондай-ақ қоғамдық өмірдің саяси құрылысының ерекшеліктерін анықтауда шешуші рөл атқаруын ескереді.
Жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерінің (мысалы, жынысы, жасы) саяси реакцияның ерекшелігін анықтау мен саяси жүріс-тұрысты қалыптастырудағы мәнін толықтай жоққа шығаруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |