Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Факультет: филология
Кафедра: «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» - 303 топ
СӨЖ
Орындаған: Ишанова Ақниет
Тексерген:Бисенбаев Пазылбек
2022-2023 оқу жыл
АҢДАТПА
Әр жазушының шығармашылық ойлау қабілеті әр басқа. Соған орай қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы да түрліше болады. Қолына қаламын ұстаған жандардың қайсы болса да өзіндік жазу стилімен, машық-мәнерімен, ешкімге ұқсамайтын әдет-дағдысымен ерекшелінеді. Жазушының көркем шығармасымен танысып, рухани ләззатқа бөленетін біз секілді оқырмандар бұл туындылардың қалай өмірге келгені, қанша уақыт жазылғаны, кейіпкерлердің қалай іріктелгені, оның прототиптері шын мәнінде кімдер екендігі, шығарманы қалай жазатындығы, шабытты қайдан алатындығы т.б. шексіз сұрақтардың жауабын біле білмеймізү Тегінде, бұл – суреткердің жазған дүниелері ғана емес, оның шығармашылық лабораториясына үңілетін зерттеушілердің үлесіндегі шаруа. Жалпы, жазушылардың қай-қайсының да шығармашылық лабораториясы жөнінде жан-жақты мәліметтер жинақталған. Сондай бір құнды кітаптардың бірі Әкім Тарази мен Мұсалы Ләйлә «Көркемдік құпиясы» атты туынды. Кітапта он үш қаламгердің шығармашылығы қамтылған. Әрқайсысының шығармашылық лабораториясын студенттердің жазушыға қойған сұхбаты ретінде ашылып, көрсетіледі. Соның ішінде, Баққожа Мұқаи, Шерхан Мұртаза мен Сүлейменов Асқар сынды жазушылардың туындылары, суреткерлік жолдары қалай басталды, қалай жалғасады, олар шығарманы қалай жазады, қалай жүзеге асады т.б. сұрақтарға толық, ашық жауаптар қарастыралады.
Баққожа Мұқаи.
Баққожа Мұқаи – қазақ прозасына ерекше екпінімен, еркін ойымен келген жазушы. «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» секілді кітаптарын оқырман қауым да, қаламгерлер қатары да жылы қабылдап, бірден мойындалған жазушы.
Баққожа Мұқаи шығармашылығын бастайтын себептері ретінде сыртқы жағдайдың бәрі әсер ететін баса айтады. Кейде газеттерден кейіпкердің сұлбасы, оқиғалар көрініп, миға еніп, өзекті идеяға айналады екен. Қанша дегенмен шығармашылыққа бастайтын себептер көп қой. Бірақ жазушы басты себептер ретінде сыртқы жағдайлармен қатар, кейде ішкі түрткілер де өзіндік әсерін тигізетінін айта кетеді.
Жазушы алғашқы шығармасын алтыншы сыныпты оқып жүргенде жазады. Ол Махамбетке арналған төрт-бес шумақты өлең еді. Ал көркем шығармаларын алғашқы 17-18 жас аралықтарында «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Жетісу» сынды аудандық, облыстық, республикалық газеттерде жариялаған. Қаламгердің шығармашылық қорында екі роман, оннан аса хикая, он бес шақты пьеса бар. Соның ішіндегі, «Жалғыз жаяу» және екінші романы «Өмірзая» романдарына арқау болған жағдайларға тоқталсақ.
«Жалғыз жаяу» атты романы сонау отызыншы жылдардағы дәуірді қамтиды. Бұл романды жазуға септігін тигізіген, бірден бір оқиғалардың бірі бала кезінде халқына адал болып, елін сүйген азаматтардың тағдыры жайлы елден естіген әңгімелері себеп болған. Мергенбай есімді адам туралы әртүрлі таңғажайып әңгімелер әсер етіп, қаламгер жадында сақталып қалған. Роман сексенінші жылдар жарыққа шығады.
Екінші романы – «Өмірзая» алғашқы романмен үндес, сарындас. Бұл романды жазуға 1990 жылдарда өмір сүрген қазақ азаматының трагсдиясы арқау болады. Айналып келгенде жазушылар бір туындыны бастауға белгілі бір факторлар әсер етеді, дәл солай Баққожа Мұқаидың бұл шығармалардың шығуына көкірегінде жылдар бойы қайнап, піскер ызаның ашудың көрінісі, сол жылдардың қағазға түскен көркем шындығы еді.
Қаламгер шығармасын автоқаламмен торкөз дәптерге жазған соң, машинкаға қайта көшіріп басады. Мұқаи шығарманы жазып бітірген соң, қолына біраз уақыт бойы қолжазбаны «ұмытуға» тырысады. Оның себебі, жазып біткен соң, қайталап оқысаң көңілің қалып, түңіліп кетемін дейді. Мысал ретінде, жазушы «Өмірзая» романын 1990 жылдың 7 қаңтарында жазып бітіріп, тек бір жылдан соң өңдеп, көшіруді бастайды. Осылайша, шығарманы жазу процессі екі-үш айға созылса, бес-алты жыл уақытын көшіруге арнайды.
Автор бұл екі романда кейіпкер етіп Мергенбай батыр мен Аяған өмірде болған адамдардың бейнесін алады. Бірақта бұл жинақталған бейне. Осылайша, автор кейіпкерді жасауда өзінің қиялын, өзіндік пікірді, идеяны қосып жиынтық образ ретінде жасап шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |