Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Қуанғалиева.А
Бөлім:
|
Менің мектебім
|
Пәні
|
Әдебиеттік оқу
|
Педагогтің Т.А.Ә.
|
Байменова.Г.Г
|
Күні:
|
28.11.2023
|
Сынып: 2 В
|
Қатысушылар саны: 25
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
36сабақ. Бақыт құсы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.2.2.1 – мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бересің.
|
Құндылықтар
|
Ар – ұят: Адал еңбекті құрметтеу
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың
кезеңі\
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақ
тың
басы
|
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Сабаққа дайынбыз ба?
Көңіл – күйіміз қандай?
Ендеше сабағымызды бастайық?
|
Оқушылар сәлемдеседі.
Кезекші оқушы сыныпты түгендейді
Сабаққа назарын аударады.
Керемет! Тамаша! Ғажап! Алақай!
Оқушылар сабаққа зейінін салады
|
Қ.Б
Керемет!
|
|
Психология
лық ахуал қалыптас
тыру.
Топқа бөлу
Алдағы білім
|
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық.
Бір жадырап қалайық.
Оқушыларды топқа бөлу
Танымдық жұмыс
Құстар суретін тарату арқылы оларды Су құстары, Жыл құстары, Үй құстары, Қыстап қалатын құстар деп 4 топқа бөлу.
35сабақ. «Дәрмен атай» , мектептегі қамқор жандарға алғысын айту
Алма ағашына алмаларын жапсырады.
Қаншама жанның қамқорлығында жүрген сендер қандай бақыттысыңдар
|
Психологиялық ахуал туғызады
Құстар туралы білімдері молаяды
Алған білімін пысықтайды
|
Қ.Б
Жарайсың
дар!
|
83 бет
Құстардың суреті
Алма ағашы,
Стикер-алмалар
|
Сабақтың
ортасы
Ұжымдық жұмыс
|
Сынып жұмысы
36 сабақ. Бақыт құсы
Сабақтың мақсаты:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бересің.
Оқулықтан тапсырма
Бақыт деген не деп ойлайсың?
Оқулықтан тапсырма
2-тапсырма
«Автормен танысу» әдісі
Оқылым; 86 бет 2 тапсырма
Есіңе сақта!
1. Балалар ақыны, жазушы.
2. Жамбыл облысында туған.
3. «Сәлем саған, мектебім» т.б. кітаптары бар.
Бақыт құсы
Азамат деген баланың ісі атына сай емес еді. Адам нағыз азамат атануы үшін тәртіпті, кішіпейіл, ақкөңіл, әркімнен көмегін аямайтын қайырымды, қағілез болуы керек қой. Түс қайта сөмкесін арқалап, мектепке барып келгені болмаса, күні бойы асыр салып, аулада доп қуып ойнағаннан баска ештене бітірмейді. Бір мезгіл кітап бетін ашпаса, окуын қалай оқысын?! Күнделігі екіге толы...
«Мен бақытсыз екенмін» деген ой басынан бір елі шыкпай койды. Әрі-беріден соң ол бақытты болудың жолын карастыра бастады.
“Айтпақшы, осы «бақыт құсы» деген болмаушы ма еді ертегілерде? Шіркін, соның біреуін тауып алсам, табан астында бақытты болып шыға келер едім».
Содан сон бір күні ол әжесінен:
-Әже, осы бақыт құсы кандай болады? - деп сұрайды.
-Оны кім көріпті? Көңіліне қандай құс ұнаса, сол құстың бейнесіне енетін болар. Мысалы, қараторғай не бұлбұл. Тіпті көгершін болып ұшып жүруі де мүмкін , — депті әжесі.
Осы әңгімеден соң Азаматтың құстарға деген көзқарасы мүлдем өзгереді. Оларға тас лақтырып, зақпымен атуды қояды.
Есік алдына, шатырға жем шашатын болды. Бірақ басына торғай да, бұлбұл да, көгершін де келіп қонбайды. Бақыт құсын күтіп-күтіп шаршаған Азамат:
-Бақыт құсы ауылда қыстап қалған құстардың ішінде жоқ екен. Бар болса, осы уақытқа дейін оған ұнамауым мүмкін емес еді. Құс біткенге қанша қызмет еттім. Осы қасиетімді көрмейтін бақыт құсында ақыл жоқ дейсің бе? Ол, сірә, кыста тоңатын болған соң, жылы жаққа ұшып кеткен ғой. Көктем шығысымен жыл құстарымен бірге қайтып оралуы тиіс. Іздестіруді көктемге қалдырайын, — дейді өзіне-өзі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |