Салыстырмалы-тарихи зерттеуде тек туыстас тілдердің материалы ғана зерттеледі.
Кеңес түркологтарынан салыстырмалы-тарихи зерттеуге өз үлесін қосқан: А.Н.Кононов, B.А.Богородицкий, Н.Н.Дмитриев Э.Қ.Севортян, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак т.б.
Түркологияда салыстырмалы-тарихи зерттеушілер тілдің барлық саласы бойынша жүргізілді. Соның ішінде біршама толық зерттегені-Фонетика. Грамматикалық категориялардың қалыптасу, даму жолдары салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісіне атады.
Лексиканы салыстырмалы зерттеу М.Қашқари «Сөздігінен» басталған. В.В.Радлов «Древнотюркский словарь»(1968) жарық көрді. Бүл еңбекте Орхон-Енисей ескерткішітерінін бәрі қамтылған, ғылыми ескерткіштерінің тілі бойынша Ә.Нәджіп, Ғ.И.Фазылов, Ә.Құрышжанов, А.М.Щорбактар тарапынан басылған сөздіктер, сондай-ак, Э.М.Севортянның отималогиялық сөздіктерін ерекше атап өтуге болады.
Араб тілінде, араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектер XI-ХУ ғасырлар арасын қамтиды. Осы мезгіл ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, шағын көлемді практикалық грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жұмыстар істеліпті.
Араб тілді ғалымдар жазған түркологиялық зеритсулердің ең алғашқысы және ең көлемдіде күндысы түркі әулиетінен шықкан , Бағдат ғалымы Махмүд Қашқари жасаған «Диуани лұғат түүрік» деп аталатын сөздік. Махмүд сөздігі әдеттегі сөздіктер сияқты тек лексикалык материалдармен ғана айналыспай, ол-өте кең мазмүнды зерттеу. Мүнда түркі тілінің сез колданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бірі-біріне үқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған. Махмүд Орта Азияны мекендеген түркі халықтарын солтүстік, оңтүстік деп екі түстікке бөледі де, әртүстік қүрамына енетін халықтар тізімін береді. Сондай-ақ түркі тілдерін оғуз, қыпшақ, түрки деп аталатын үш топқа бөліп, әр топқа жататын тілдердің бір-бірінен дыбыстық, грамматикалық, лексикалық өзгешеліктерін көрсетеді. Түркі тілдері материалдарын бір-біріне салыстыра баяндайды. Түркі тілдерінен 10 мыңға жуық сөз қамтылған. Тілдерді әртүрлі группаға жіктеуде олардың фонетикалық ерекшеліктеріне сүйенеді. Махмүд сөздігі X-XI ғасырдағы түркі халықтарының сөйлеу тілі фактілерінен тарихи мәлімет беретін, қазіргі түркі халықтарынық бәріне ортақ еңбек. Сонымен қатар бүл еңбек-тек түркология ғана емес, бүкіл әлем лингвистикасында салыстырмалы, салғастырмалы әдіс бойынша жазылған түңғыш туынды. Көрнекті ғалымдардың бәрі де Махмүд сөздігін түркі тілдері тарихының энциклопедиясы тәрізді дейді. Араб ғалымдары Махмүдтың Диуанынан кейін бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған. Сондай сөздіктің бірі- Абулқасым Махмүд ибн Омар(туган жері атымен Әл-Замахшари деп те атайды) жасаған «Муккаддимат әл-адаб» (әдебиетке кіріспе) деп аталатын арабша-парсыша-түрікше моңғолша сөздік. Араб тілінің маманы Абу Хаййан 1312 жылы Каирде «Китаб ал-идрак-ли-лисан ал-атрак»(түркі тілдерінің түсіндірме кітабі) атты еңбек жазған. Мүнда түркі тілдерінің лексикасы мен морфологиясы, синтаксисі мен ықшамды түрде қаралған.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. А.М.Щербак. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков. (глагол). – Л., 1981. – С. 44
2. Г. Қ. Қортабаева. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Оқу құралы.
3. Т.Н. Ермекова, Жүнісова М.Ә. Түркі тілдерін тарихи дәуірлеу: оқу құралы./– Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013. –106 бет.
4. Ә. Қайдар. М. Оразов. Түркітануға кіріспе. – Алматы. – 2004. 363 б.
Достарыңызбен бөлісу: |