Факультет: Журналистика; Кафедра: Баспасөз және электронды бақ; Тақырып



Дата25.04.2024
өлшемі316.77 Kb.
#499814
Еркем СӨЖ-ы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Факультет: Журналистика;
Кафедра: Баспасөз және электронды БАҚ;
Тақырып: Қаралымы мен таралымы көп БАҚ


Даярлаған: Бақберген Дильназ;
Тексерген: Бауыржан Әліқожа Омарұлы


Алматы, 2024 ж.
Қаралымы мен таралымы көп БАҚ

Біздің елімізде бұрыннан газе­т-журнал оқу мәдениеті қалыптасқан, кәсіби деңгейде мерзімді басылым шы­ғару ісін мемлекет өз қамқорлығына алған, мерзімді басылымдарды тарату жүйесі де дұрыс жолға қойылған. Десек те, бұл сала­да­ғы қазіргі ахуал аса жағымды емес. Баспа ісі, газет-журналдарға деген сұраныс, шығару мен таратуда, жаздыруда көптеген түйткілді мәселелер бар. Сөзіміздің дәлелі ретінде мына­дай бір шағын статистиканы келтірейік. Қазақстандықтардың 13 па­йы­зы газет-журналдарды оқиды, шама­мен 43 пайызы сирек оқиды, ал 23 пайызы мүлдем оқымайды. Еліміздегі жеке бөлшек сауда желілеріндегі баспа өнімдерін тарату нүктелерінің санының қысқаруы баспа өнімдерінің тара­лымына, дамуына кері ықпалын тигізуде. Кеңес өкіметі заманында барлық қалаларда «Союз­печатьтың» дүңгіршектері тұратын. Мерзімді басылымдардың кез келгенін сол жерден сатып алуға болушы еді. Белгілі медиам­енеджер, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы бұл «Кеңес өкіметінің мерзімді басылымдарға деген ерекше қамқорлығы» қазір жоқ екенін маңызды кездесулердің бірінде жеткізген. Қазақстандағы оқырмандар ең көп жазы­лып, оқитын газеттердің «бестігіне»: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Полиция KZ», «Қазақстан теміржолшысы» және «Ұйғыр Авази» газеттері кіреді.


Енді сол бестіктің ішінде тұрған «Егемен Қазақстан» газті неліктен алдыңғы шепте тұр ? - деген сұраққа жауап беріп көрейік. Бір кіндік тиражы 80 мың дананы құрайтын газеттің апталық қаралымының өзі 300 мың , оған қоса ақпаратты онлайн кез келген уақытта оқып, тиісінше пдф форматта бастырып алуға болатын ыңғайлы газеттердің бірі. Бірақ сайттағы мақалаларын ашып қарасаң күнделікті жариялап отыратын ақпараттары 50 оқырманнан аспайды. Дегенмен жұлдыздардың өміріне қатысты не болмаса саржағал ақпараттарға келгенде қаралымы жоғары деңгейде екенін көресің. Мәселен: Осы жылдың ақпан айының 6-шы жұлдызында жарияланған Қара бетперде тағып, қайырымдылық жасап жүрген жігіт Димаш Құдайберген бе? - деген мақала 35мың 784 рет оқылған. Ал күні кешегі ел-жұртты әбігерге салып, өскен ұясынан айырған су тасқыны туралы жазылған : Президенттің су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі - деген мақаласы бар -жоғы 190 рет қана оқылған. Бұл барлығы білетін мемлекеттік «Егемен Қазақстанның» бүгінгі көрсеткіші.
Ал таралымы мен тиражы жоқ -Адырна ақпараттық порталы сіз бен бізді сөзсіз таңғалдырады. Тарихтың бастауы сонау 1900 жылдардағы «Егемен Қазақстаннан» кейініректе 2010 жылдары ашылса да халықтың сеніміне ие болып үлгерген секілді. Бұлай деуімізге себеп - интернет-портал қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын, киім-кешегін, ән-күйін насихаттауды мақсат тұтады. Тиісінше ерекшелігі де сонда білім, өнер, ақпарат, спорт, әдебиет деген сияқты әртүрлі санаттарға бөлінген. Инстаграм әлеужелісінде 309 мың оқырманы бар ақпараттық порталдың қаралымы да жақсы. Мысал келтірсек: Мәскеудегі теракт. Ұсталған 4 адам туралы дерек жарияланды - деген наурыз айының 25 күні жарияланған ақпаратты 22993 адам оқыса , Алматы облысында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты - деген аиаумен шыққан ақпаратты 8771 адам оқыған. Бұл көрсеткіш басқа ақпараттық портал мен газеттерге қарағанда үлкен жетістік десе болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет