1.5.1 Сычужды-ашыған сынама
Кептiргiш шкафта (температурасы 180 С) жылытылған кең пробиркаларға (көлемi 30 мл) температурасы 38-40 С сүттi құяды, оның үстiне 1 мл 0,5 % сычужды ұнтақтың ерiтiндiсiн қосып, жақсылап араластырады. Шыны түтiкшелердi термостатқа немесе температурасы 38-40 С су моншасына қойып, 12 сағат ұстайды. Жақсы сүт 20 минуттан кейiн ұю керек. Ақырында мөлдiр сарысу бөлiнген бiртектi ұйытынды пайда болады.
Бiрiншi байқаудан кейiн кемшiлiктi сүтi бар шыны түтiкшелердi алып, қалған сынамаларды сол температурада тағы 10 сағат ұстайды, сонан кейiн алынған сынамаларды қарап, бес балды жүйе бойынша сипаттама бередi.
Зауыттарда сүттi сычужды-ашыған сынама бойынша қабылдағанда, сүттi үш топқа бөлiп, бағалайды.
1.5.2 Нитратты-редуктазды сынама
Зарарсыздандырылған шыны түтiкшелерге 1 мл 1 % нитрат ерiтiндiсiн (калий немесе натрийдiң) және 10 мл сүт құяды. Қоспаны температурасы 37 С су моншасында жылытып, бұл температурада 1-2 сағат ұстайды. Әрбiр шыны түтiкшеге 2 мл Грисс реактивiн (108 реактив) қосады да, шайқап араластырады. 5 минуттан кейiн бояудың дәрежесiн белгiлейдi. Нитратты-редуктазды сынама бойынша шикi (пiспеген) сүттi 4 топқа бөледi (2 кесте).
-
Топтар
|
Түсi
|
I
|
Жоқ
|
II
|
Әлсiзден қызғылт түске дейiн
|
III
|
Ашық түстi-қызғылттан қызылға дейiн
|
IV
|
Ашық түстi қызыл
|
II мен III класты бiр-бiрiнен анық айыру үшiн стандартты бояу дайындайды, мұнда 10 мл сүтке 1 мл қоспа қосады (0,005 % сафранин ерiтiндiсiнiң 2 мл; 0,005 % фенолды-қызыл ерiтiндiсiнiң 1 мл; екi бояуды да фосфат буфердiң 1 М ерiтедi; рН 6,3 ). Түсi бойынша стандартқа сай келетiн сүттiң сынамаларын III топқа (түсi ақшыл), ал бояуы әлсiз үлгiлер II топқа жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |