1 - сұрақ
Жалпы білім берудегі инновациялық технологиялар оқытуды реттеп, оларды дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Адамдар әдетте белгісіз және жаңа заттардан әрқашан қорқады, кез-келген өзгеріс оларға теріс әсер етеді деп ойлайды. Бұл бұқаралық санада қалыптасқан стреотип және ол күнделікті өмір салтына да әсер етіп,тәрбиенің түрлерін жаңартуға кедергі жасайды. Бір үлкен ұстаз кісі "жаман ұстаз шындықты үйретеді, жақсы ұстаз шындықты табуды үйретеді "- деген. Сол себепті құқықтық білім берудің жаңа технологияларына ақпараттық, интегративтік, проблемалық, саралап оқыту, жобалық және зерттеушілік іс әрекеттер жатады.
Дәртүрлі оқыту мен инновациялық білім беруді салыстырмалы түрде қарайтын болсақ инновациялық білім беруде бізге өте көптеген мүмкіншіліктер, көрнекіліктер көбейеді. Дәстүрлі оқытуда бір ізбен мұғалім сабақ түсіндіреді, оқушы тапсырма орындайды, үй жұмысын айтады деген сияқты болса, инновациялық оқыту кезінде біз ондай бірізділіктен құтылып, әртүрлі қосымшаларды қолданып, балалардың сабақты жақсырақ меңгеруіне жол ашамыз.
Біз сонда инновациялық технологиямен сабақ беру барысында нені қолдана аламыз, оның артықшылықтары қандай :
- ғаламтор арқылы кез-келген уақытта өзімізге керек ақпараттарды таба аламыз;
- слайдтар, фотолар, видеолар көрсетеміз;
-электронды зертханалармен жұмыс жасау, препараттар жасау қарау;
- онлайн тест немесе тапсырмалар орындау;
- электронды оқулықтармен жұмыс;
- көптеген қолжетімді мәліметтер қоры;
- аудиотыңдалым айдары және т.б.
Инновациялық технологияларды қолданға болатын оқушылардағы өзгерістер.
- өз бетімен ізденіс жұмыстарын жүргізу;
- ойлау қабілетін, сараптау, талдау, қорытындылау қабілеттерін дамыту;
- тақырыппен жұмыс істеп, талқылап жеке пікір қалыптастыру;
- инновациялық технологиялармен жұмыс жасау;
- ғылыми бағытқа бет бұру, қызығушылығын ояту;
- есте сақтау қабілетін жоғарылату
2 - сұрақ
Замануи сабақ түрінде білім беру мақсаты өзін-өзі тәрбиелеуге қабілетті жеке тұлғаны дамыту. Замануи сабақты лекция сияқты түріне тоқталсақ оның басты міндеті материалды баяндау. Сабақ нәтижесіде оқушы белгілі бір ақпаратты меңгеріп шығуы керек. Дәріс монолог түрінде өтеді.
Жалпы дәстүрлі сабақпен салыстырмалы түрде қарасақ ол жерде сабақтың көп бөлігі жаңа тақырыпты түсіндіруге, үйге берілген тапсырманы оқушының қаншалықты жаттағанын тексерсек, заманауи білім беруде керісінше және рефлекция деген термин қосылған. Ол дегеніміз үй тапсырмасын бір тест немесе тапсырма арқылы тексеріп, негізгі сабақтағы уақытты сол тақырыпқа байланысты ізденісті талап ететін тапсырмалар түрінде өткізеді. Әр күн сайын сабақ соңында рефлекция ,яғни, кері байланыс жасап сабаққа талдау қорытынды жасалады, нәтижесінде мұғалім өзіде күнделіті бақылау жасап қай тапсырма немесе қай әдіс балаларға оң әсер еткенін анықтап, түзетулер мен жаңартулар жасап отырады.
Заманауи сабақ пен дәстүрлі сабақтың тағы бір айырмашылығы үй жұмысы мен бағалауда. Заманауи білім беру жүйесі бойынша оқушылар үй тапсырмасын орындау әдісін өзі таңдай алады және бағалауда да сабақ соңында рефлексия кезінде өз пікірін ашық айтуына мүмкіндік болады.
Сабақтағы оқу процесінің мазмұны сабақтың түрі мен әдістеріне байланысты, ал мақсатына қарай мынадай бес түрге бөлінеді:
- жаңа материалды меңгеру сабақтары;
- білік-дағдыны жетілдіру;
- жүйелеу сабақтары;
- бағалау сабақтары;
- аралас сабақтар.
3 - сұрақ
Бірінші сайтта тапсырма құруды бастамас бұрын осы тақырыпқа байланысты сабақ жоспарын жасаймыз - өсімдік ұлпалары туралы қысқаша мәліметтер береміз - тапсырмалар құрастырамыз - әртүрлі әдістер бойынша тапсырмаларды сайтқа орналастырамыз - бағалау критерилерін қосамыз - соңында тексергесннен кейін дұрыс жауаптары шығатындай етіп орналастырамыз, себебі қатемен жұмыс жасау үшін.
Мысалғы сайттарда бірінші тапсырманы тест түрінде, екіншісін биологиялық диктант түрінде ары қарай сызба нұсқа түрінде орналастыруға болады.
Осындай сайттарда тест немесе тапсырмалар құрастыру өте ыңғайлы, тек quizlet сайты ғана емес басқа да өте көптеген сайттар бар. Қазіріг жаңа технологиялар дамыған кезде осындай сайттар арқылы күнделіткті сабақта ғана емес, ҰБТ - ге дайындық барысында ұтымды түрде жандандыра аламыз, оқушылар тесттерді орындап, қатемен жұмыс жасаған сайын есте сақтауларына ыңғайлы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |