Фарабиге арнау.+



Дата04.07.2016
өлшемі265.71 Kb.
#176136
Фарабиге арнау.+

Оңтүстіктің арайланған ақ таңы,

Бұлбұл үні естіледі бақтағы.

Мәдениеттің өркендеген өр шыңын,

Емес бекер Отырардан тапқаны.
Отырарда ғасыр үні тұншыққан,

Қатты тағдыр көзден жасты ыршытқан .

Фарабиім жол іздеді қаншама,

Өлімдерден , жойқын қырғын , қырсықтан .


Фарабиім әрбір сәтте естесің ,

Халқың сенің қара түнек кешпесін .

Ғасырларға бақыт нұрын себетін ,

Әсем үнің бар мағынаң өшпесін !


Әр заманда әр мағына әр ұғым ,

Фарабиім сырын ұққан жарлының .

Ұлы жерде ұлы достық үйлессе ,

Фарабидің туысысың барлығың !


Жалған өмір кімдер сенен өтпеген ,

Уа қара жер кімдер саған жетпеген .

Фарабиім шарықтасын күлімдеп ,

Ұрпғына қарамасын өкпемен !


О туған жер қандай ыстық кең едің ,

Шалқып әндер жайқалады көп егін .

Ұлы жерде ұлы достық үйлессе ,

Фарабидің ақ арманы дер едім !

1989жыл
Ақ арман +

Сенімен кездеспегем

Сыртыңнан таныстырған.

Жүректі сезгіш деген ,

Жақынсың , алыс тұрған .
Жанымды қиял тербеп ,

Көңілім көкке өрлеп ,

Тартады өмір өрнек ,

Келісті , керім , келбет .


Аққусың айдындағы...

Көзіңде сағыныш бар ...

Көңілімнің көркем бағы...

Тазаға мәңгі құштар...


Ажарлы ай екенсің ,

Жан дүниең қандай әсем .

Рухани бай екенсің ,

Тек жүрші аман есен .


Бәрі де жететіндей ,

Мың сұрақ мазалайды .

Бұл өмір өтетіндей ,

АР-УАҚЫТ жазалайды .


Шаң тұрған далаларды ,

Ақ жауын тазалайды .

Жандағы жараларды ,

Ешкім де жаза алмайды.


Бәріне уақыт емші ,

Жайнаған гүлсің дер ем.

Жүрегім бәрін жеңші

Жанымда дүрсіл неден ?


Көңілің алаңдайды...

Жаныңды жұбатар кім?

Қуаныш ,уайым ,қайғы ,

Жүреді бір қатар тым.


Көріндің тым ертерек ,

Бәйшешек қар астынан .

Өсіпсің гүл-бәйтерек ,

Қанаты талмас қыран .


Баянды бақытыңды,

Тіледім сезінерсің.

Ақ арман ағытылды ,

Жырымды өзі дерсің...

06.06.2004жыл.

ТАБИҒАТТЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ СЕН ДЕДІМ. (Әні бар)+

Неге сені ылғи аңсай беремін? ,

Сағыныштан сарғаюмен келемін .

Келеді сені қуанышқа бөлегім ,

Текті қыз-ау таза ,мөлдір , тереңім .
Айды көріп сен екен деп қалдым да ,

Тербелісі саған ұқсас талдың да .

Табиғаттың сұлулығы сен дедім ,

Көркемдігін сақтап қалған қалпында .


Тағдырыңа қарсы жүздің қаймықпай ,

Жан дүниең тұнып тұрған байлықтай .

Сарғалдақтай сұлулардың сымбатын ,

Бір өзіңе көшіріпті айнытпай .


Көңілді боп күліп жүрші өтінем ,

Мұңлы зарын маздатпасын жетіген.

Қорғаның боп , қамқоршың боп жүрейін ,

Ұлы жердің көшкенімше бетінен .


Жақын тартып жолдап жырдың нөсерін ,

Жеткізе алмай әсемдіктің әсерін.

Қуат тұтып , қанаттанып кеттім мен ,

Әлемдегі ең әдемі , әселім!!!

01-02.2004жыл.

ДОСТАРЫМ-ЖАЛЫН ӘНІМ .+

Достарым сағыныштар

Аман-сау жүрсіңдер ме?

Сендерге жаным құштар ,

Жүректе гүлсіңдер ме ?
Достарым дарасыңдар,

Жанымнан табылатын .

Сезімтал данасыңдар ,

Пір тұтып табынатын .

ҚАЙЫРМАСЫ:

Достарым сағынамын ,

Нұр шаштың бағыма мың .

Сырласым шағынарым ,

Мәңгілік жалын әнім !!!
Достарым , ақылсыңдар ,

Көңілді гүл ететін .

Ерекше жақынсыңдар ,

Мәнді өмір бірге өтетін .

12.08.2004жыл.

ЕРКЕ ҚЫЗ (ӘНІ БАР)+

Күлші ерке қыз ,

Білші ерке қыз ,

Ел аңсайтын сенде ғажап үн

Қайырмасы:

Жаздай ажарың ,

Қыстай таза арың ,

Бұлақтай мөлдір , ғажабым.


Биле ерке қыз ,

Елік-көркем қыз ,

Ақылдысың ,аққусың айдай.

Қайырмасы:

Күн боп күлімде,

Әсем үнің де ,

Арайлысың ататын таңдай .
Әнсал ерке қыз ,

Жар сал ерке қыз ,

Бақыттысың арман -өмірде.

Қайырмасы:

Күй қос көңілге ,

Ырыс жеріңде ,

Береке-байлық еліңде .
Жайна ерке қыз ,

Ойла ерке қыз ,

«Ел»-деп өскен биік шынарым .

Қайырмасы:

Сенсің , жыр әнім ,

Текті қырағым ,

«Болашақ»-сенің ұраның .

15.08.2004жыл.


СЕН МЕНІ САҒЫН...+

Сағындым сені , сен мені сағын ,

Күтумен көкке телмірдім .

Өмірде мынау қас қағым , ағын ,

Шаттанып күліп сен жүргін .
Арманмен кеттім алысты аңсап ,

Жүректе тұрсың дүрсілдеп .

Қарайлап жүрсең жадырап , жар сап ,

Жаныма шуақ үн сіңбек .


Сағынышымсың айналған сырға ,

Өзіңді күттім мың уақыт .

Сарғайған гүлдей тұрамын қырда ,

Дауысыңды есіту шын бақыт .

Далада ақ қар , дидарың әппақ ,

Тап-таза сендей нұрлы әлем .

Көлеңке көңіл жарығын жақпақ ,

Айналам жырға сірә мен.


Әлемге сыймай, алаулап кеттім ,

Жүрекке жақын үнсің бе?

Күлімдей күліп көгінде көптің ,

Сағынып мені жүрсің бе ?

20.01.2006жыл.
МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМ .+

Президентім елімменен үндескен ,

Даналығы келбетімен үйлескен .

Астана-жыр ,бәйтерек тұр дара боп ,

Қыран халық биіктікте күй кешкен .
Президентім асыл туған ер еді ,

Көріпкелдей алдағыны көреді .

Көсемдікпен , шешендікпен алда тұр ,

Халқы қамал қолдаушысы сенеді .


Парасатты , ойы жүйрік , нар тұлға ,

Елу елге жетер үміт артуда .

Күні мәнді , түні сәнді елінің

Кім алғысын жаудырмайды мәрт ұлға ?!


Мейіріммен дидарына нұр тұнып ,

Бас идіріп , алға қарай ұмтылып .

Бүкіл әлем түрегеліп қол соқты ,

Барыс айға атылғанда жұлқынып .

ҚАЙЫРМАСЫ:

Қайраттанды , ар намысты, нағыз от

Ел еңсесі , халық қамы маңыз боп .

Абылайдай қасиетті қадірмен ,

Ұрпақтарға мақтан болар аңыз боп ,

Болашаққа үлгі болар аңыз боп .

16.02.2006жыл.

ӘН «ҚЫРАН САМҒАШЫ БИІК»+

Өмір өзгертемін ,

Жарқын мәңгі ертеңім .

Қайырмасы:

Қыран самғашы биік ,

Алтын күн сүйіп ,

Шырқашы көкте ,

Қосыл кел көпке ,

Жұлдызың жарық ,

Бағытың анық .

Шырқашы көкте ,

Қосыл кел көпке ,

Жұлдызсың жарық ,

Бақытың анық .


Үміт көп артамын ,

Өмір жаңартамын .

Қайырмасы:
Болмас қаймығуға ,

Бақыт байлығыңда .


Қайырмасы:

10.11.2004жыл .


Ән»ТАБИҒАТ АРУ»+

Күлімдеп тұрды көкте күн ,

Ай-аққу тұрды қалықтап .

Бақытты болып кеткенім ,

Басымда тұрды анық бақ .

Қайырмасы:

Сұлулық баурап жанымды ,

Талдырды тұнық табиғат.

Құбылтып қызу қанымды ,

Көркейтті көркем ақиқат .


Мөлдіреп тұрған шыршалар ,

«Сағыныш менде , сез»-дейді .

Келіншек талды мұң шалар ,

«Келіп тұр тағы тез»-дейді

Қайырмасы:

От ойнап тұрды көзінде ,

Арудың ауып аңсары .

Беріліп тылсым сезімге ,

Табиғат бейне таң сәрі .
Бойымды тербеп сан ағын ,

Жүректе қалдың мекендеп .

Табиғат ару санадым ,

«Мәңгілік сұлу екен»-деп .

24.2006жыл..

ӘН « ӘПКЕЛЕР».+

Әпкелер тым ерекше жаратылыс ,

Баянды олар барда жанатын іс .

Ағаға мақтан болып еркелеген ,

Ініге қамқор болып қалатын күш .

Қайырмасы:

Әпкелер , әпкелер ,

Күн шуағын төккендер ,

Жан мейірімін сепкендер ,

Көктемдер , көктеңдер !

Әпкелер ынтымақты ойлағаны ,

Елінің қызығына тоймағаны .

Үлгісі тектіліктің , қасиеттің ,

Жүректің жайлауында жайнағаны .

02.03.2006жыл.
ӘН .»ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ»+

Қандай жақсы досыңмен қауышқаның ,

Сырласқаның ,жүрекпен тілдескенің .

Қуанғаның , келгендей ғарыштағың ,

Дос көңілі ғанибет үндес пе едің ?
Қандай жақсы ақ пейіл , жан асылы ,

Шаршап тұрған жүйкені сап басатын .

Ынтымақ пен бірліктің жарасымы ,

Бауырлық пен мейірімге ұласатын .


Қандай жақсы мөлдіреп жауса жаңбыр ,

Найзағайдай сүйіктің көрінгенде .

Күмбірлейді кеудеңде сырлы ән бір ,

Өрнегімен өмірің өрілгенде .


Қандай жақсы тау іші , тау самалы ,

Көз ұшында қарлы шың , шырша,бұлттар .

Осы емес пе жүректің аңсағаны ?

Бүтінделер бойыңда бар сынықтар .


Қандай жақсы әсем бау , керім дарақ ,

Сұлу дала жаныңды ұғатындай .

Жүректегі адамың тұрса қарап ,

Бақыттан бас айналып тұратындай .

11.03.2006жыл.


ЖАСТАР ӘНҰРАНЫ.+

Ел болу ұраны,

Өрлеген өнермен .

Елімнің ұланы ,

Бақытқа кенелген .

Қайырмасы:

Жастармыз жалынды ,

Қайратты қыранбыз.

Дарабоз дарынды ,

Ұғымтал ұланбыз .


Сымбатты саналы ,

Еңбекпен еренбіз .

Жаңғыртып жаңаны ,

Өрнектер өренбіз .


Бірлігім баянды ,

Ұрпаққа жалғаймыз .

Ынтымақ аяулы ,

Біліммен самғаймыз !

22.03.2006жыл.

ӘН: «ҚҰРСАҚ ШАШУ»+

Ақ үміттің алауы жағылғанда ,

Пәк сәбидің иісін сағынғанда .

Көп тойлардың бастауы «Құрсақ шашу»

Бақ батамен ағайын ағылғанда .

Қайырмасы:

Алға сенім , арман мол тіршілікте

Бақыт алға жетелер түсінікте.

Перзентіңмен жалғасар бар ғұмырың ,

Өмір атты сөйлемде болмас нүкте .


Ертеңіңе аяулы мақсат құру ,

Жақсылыққа жадырап мойын бұру .

«Құрсақ шашу» -береке ,өмір мәні ,

Көптің көркем пейілін аңсап тұру .

30.03.2006жыл.

Ән: «Аққойлы».+

Ақойлы , мешіт елдің жанары да ,

Тым жақын жүрегінде бағалы да .

Тамыры тарихымен терең жатыр ,

Арыспен жұмбақ жасы ағады да .
Имандылық Отаны сыр көздеген ,

Көз тартады мешіті күмбезбенен .

Туған жердің қадірін мұнда білер ,

Туған елдің қадірін бір сезбеген .


Тоғайында ну қамыс , жиделері ,

Шалғын , гүлдер көк тілеп кимеледі .

Өзенінде тулайды балықтары ,

Көріктеніп көңілің күйге енеді .


Аққойлы аңсағаны далалықтың ,

Ізі қалған бұл жерде сан алыптың .

Ғылым ,білім дамыған ,дін жарқырап ,

Бола білген ордасы жаңалықтың .

Ішіне бәрін бүгіп , нәрін жинап ,

Мешіт тұр сұлулығын елге сыйлап .

Алыстан ата-анамдай елжірейді ,

Жанына шақырғандай қолын бұлғап .

31.05.2006жыл.

Ән: Сен жаным .+

Мөлдірер қарасың да ,

Пәк сәби баласың ба ?

Жаныма жақындашы ,

Енейік жарасымға .

От болып жанасың да,

Қасымда қаласың ба ?

Сұлу да сымбаттысың ,

Бойыңда бар асыл да .

Қайырмасы :

Жанымдасың ,

Өн бойым қанымдасың .

Арманымсың ,

Тектісің ,талғамымсың .

Сен жаным .
Жағымды үнің неткен ,

Сені ойлап күнім өткен .

Ұйқысыз таңды атырдым ,

Өзіңді сүйіп көптен .

Көңілімді биік еткен ,

Дидарың үйір еткен .

Жүрегім сені аңсап ,

Соғысын жиілеткен .

24.10.2006жыл.

Ән: КҮЗ-ҚУАНЫШ .+

Жапырақтар желмен ұшып ,сарғайған ,

Көңілімнің көріктенді көктемі .

Гүл келгендей ай бейнелі шалғайдан ,

Жүрегімнің қатты соғып кеткені .
Сені ойладым ,мазасыздау болдым да ,

Жан дүниеңнің сыр пернесін басқым кеп .

Бұлақ едің айналдың да толқынға ,

От лаулаған өн бойымда тасқын көп .


Сені іздедім , дидарыңды көрем деп ,

Жүрегімнің гүл бағына еніпсің .

Назың бөлеп , сазың бөлек елеңдеп ,

Елітетін елден ерек еліксің .

04.11.2006жыл.

Ән: Сағынамын .+

Сағынамын ,жабығамын ,

Өзің едің жалын әнім .

Күн елесің , гүлденесің ,

Отқаоранып жағыламын .

Қайырмасы:

Сәби бейне , алау шырақ

Маза бермей мың бір сұрақ .

Көз алдымда жүре берші ,

Бақытымның мәнін құрап .

Гүлдей нәзік ,елік тұлғаң ,

Бағым ба едің сеніп туған ?

Жүрегі бір адамдарды ,

Тас қабырға бөліп тұрған .

04.10.2006жыл

Ән:Ай мүсін -елік .+

Саған асықтым ,

Саған ғашықпын .

Алыстасың, сенен қашықпын .

Қайырмасы :

От болып кеуде ,

Ұнатам деуге .

Қысыламын ,өзіңді көріп ,

Жақындап келші ,

Тек маған сенші ,

Аяулымсың ай мүсін -елік .
Сені іздедім ,

Үміт үзбедім .

Жақын келсең , ұялып «Сіз» дедім .

Қайырмасы:

08.11.2006жыл.
ӘН: ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ . +

Келбетің көрік берді ,

Жанымды жалындатып ,

Еріксіз еріткен-ді ,

Тоқташы ағын уақыт.

Көздерің күлімдеген ,

Дидарың , пәктігін-ай .

Мүсінің бүлінбеген ,

Шырайлы шаттығым-ай .

Қайырмасы:

Ай болып көріндің де ,

Күн болып сәуле шаштың .

Өлең боп өрілдің де ,

Мәңгілік жырға ұластың .

Сұлусың сымбаттысың ,

Алаулар ақ таңым-ай .

Құпия қымбаттысың ,

Аруым әппағым-ай .


Аялда ,кетпе алысқа ,

Шуақ боп жанымды еріт .

Айналдың сен ғарышқа ,

Көңіліме беріп көрік .

Қиялым құрақ ұштың ,

Арманым алаңдаттың .

Сезіндім ұлы күштің ,

Ғашықтық ғаламатын .

18.04.2007жыл.

Ән: Сағыныш сазы .+

Үмітті үзбей ,

Өзіңді іздей ,

Сағындым сені ,

Жаз болып күздей .

Аңсадым арман ,

Шығасың ба алдан ?

Жолыңа қарай ,

Көзім де талған .

Қайырмасы:

Қайдасың еркем ?

Жан едің көркем .

Сағыныш күйін ,

Өзіңе шертем .


Жүрекке ұнап ,

Жаныма жұмақ .

Өзгеше едің ,

Көңіліме тұрақ .

Өмір-ай бұлақ ,

Тағдыр-ай сынақ ,

Сағынып келем ,

Аңсаумен шыдап .

20.06.2007жыл.
Ән:Сағынып жүрген шығарсың...+
Сағынып жүрген шығарсың,

Бірге өткен ыстық күндерді.

Айта алмай іштен тынарсың,

Сен жақтан тылсым үн келді.

Қайырмасы:

Сұлусың бүршік жарғандай,

Ұқсайсың жасыл аршаға.

Сүйікті жанын армандай,

Сағынған жандар қаншама?
Мөлдірей қалдың мөлтілдеп,

Көздегі жасты жасырып.

Езіліп кеттім елпілдеп,

Өзіңе жүрмін асығып.


Тал бойың әсем қылықтым,

Жайқалған бағым сен бе едің?

Түбінде тұрып тұнықтың,

Күн сайын аңсап,шөлдедім.


Сұлулық сәнің сиқырлап,

Көркіңе көркем асыққам.

Өзіңмен көңіл күй құрмақ,

Іздедім сені тасып қан.

11.02.2009жыл.

Ән: Сұлусың сен...+
Сұлусың сен, табиғаттай тұнықсың,

Әсемдікпен әсерлі әлем құрыпсың.

Жабыққанда жараланған жанымды,

Дәл өзіңдей кім түсінсін, кім ұқсын?

Қайырмасы:

Сұлусың сен шаттанумен тек күлсең,

Күндіз есте,түнде түсте тек бір сен.

Өрнегіңмен өзі көркем өмірді,

Мәңгілік жас,мәңгі сұлу еттің сен.
Сұлусың сен, көркем мүсін,келбеттім,

Аққу болып,сезімімді тербеттің.

Жалын болып,жарқырадың жанымда,

Алыс кетіп,арман болып,шөлдеттің.


Сұлусың сен таңғажайып қалпыңда,

Жан дүниеңді теңеп жүрмін алтынға.

Нәзік гүлдей қалып қойдың жүректе,

Тағдырымен күресуші нар тұлға!


Сұлусың сен мөлдіреген күйде анық,

Имандылық,өн бойыңда ибалық.

Құдіреттен әсем әлем құлпырса,

Сымбатыңды қалғандайсың сыйға алып.

10.03.2009жыл.
Ән: Қайнарым- шаттық әнім+
Қайнарым суың қандай мөлдір еді,

Сені ойлап, ет жүрегім елжіреді.

Бабалар әруағыңнан айналайын,

Болған ең қиын шақта ел тірегі.



Қайырмасы:

Қайнарым-шаттығым,

Туған жер- тәтті ұғым.

Қонып тұр басыңа,

Бар бақыт, бақ бүгін.

Бал кәусар бұлағың,

Бақытты ұланың.

Перзенттік парызбен,

Арналды нұр әнім,

Арналды сыр әнім, жыр әнім!


Ел іші кең пейілді, ақ ниетті,

Топырағың суың қандай қасиетті.

Шалабай, Төке, Сыдық бабаларым,

Бақ болып, топырағыңды басып өтті!


Ойлансам ойым мыңға бөлінеді,

Ордабасы-ата тарих көрінеді.

Бірліктің, ынтымақтың туын тіккен,

Елімнің батыр,билер, серілері!



Қайырмасы:

Тал бесік бұл аймаққа жер жетпейді,

Той думан құшағыңнан жыр кетпейді.

Бұлақтай жаны таза жас болашақ,

Туған жер сүйіп сені құрметтейді!

1993жыл.
Ән: Мөп-мөлдір бұлағым сен!+


Мөп- мөлдір бұлағым сен Нұрғисам,

Жылуым шырағым сен Нұрғисам.

Өзіңмен өмірім бал қызықты,

Өмірім, жыр әнім сен Нұрғисам!


Қайырмасы:

Өзіңді «Дана» дерсің,

Бағың да жана берсін.

Әр таңың күліп атқан,

Бақытын ала келсін!

Өмірде қуанышым,

Әрдайым жұбанышым.

Көңілімнің ажары сен,

Бәрі де бір сен үшін!
Өзіңсің өмірдің мәні де,

Өзіңсің көңілдің сәні де.

Өмірде тірегім, сенерім,

Өзіңсің ақылдың кені де Нұрғисам!



Қайырмасы:

1990жыл


Ән: Сағындым сені+
Сағындым сені, сағыныш толы, күй бөлек,

Шарқ ұрып жүрек, мыңдаған сұрақ кимелеп,

Өмірге налып, көңілің қалып, жүрсің бе?

Өзіңе өзің: «Ешкімге сенбе, сүйме»-деп.


Тұп-тұнық едің, жаның да таза бұлақтай,

Жауабын таппай қиналам мың бір сұраққа-ай...

Бір-бірін аңсап, зарыға жеткен жігіт,қыз,

Кездесе қалса тұрғандай болады ұнатпай...

Өмірге келер үлесін адам алуға,

Жастыққа тән ғой жалындау,лаулау, жану да.

Өзгеге түгіл, өзіңе қимас адаммен,

Бақыт та шығар, «Мәңгілік дос» боп қалу да!

1997жыл.
Сеземін сені, сезімім саған мәңгілік! +
Сағыну қандай, сезіну қандай жүрекпен,

Арайлы таңым өзіңді «Мәңгі жыр» еткем.

Күту ме бақыт, өтсе де уақыт аңсаумен?

Сүйіктім менің жүрекке солымас гүл еккен!


Байланыс тауып ғарыштық биік санадан,

Сеземін сені күндіз-түн таза ауадан.

Біргеміз біздер, бір-бірін іздер , екеуміз,

Қуаныш сыйлап, туылдық қайта жаңадан!


Сеземін сені тербеліп тұрған гүлден де,

Түсімде жүрсің, ойлаумен көзді ілгенде.

От болып лаулап, жүректі жаулап алдың сен,

Сағынта берер қуатты күшің жүр менде!

Сағынта берер қуатты күшің жүр менде!
14.09.1998жыл.

Мәңгілік жанымда бол аңсағаным! +
Сен менің арманым ба едің?

Күндіз-түн сағындырған.

Аққуым , шалқар көлім,

Сұлусың табындырған.

Сен менің ақ таңым ба едің?

Мөлдіреп, жаның әсем.

Бақытты шақтарым менің,

Жүргенде жанымда сен!



Қайырмасы:

Мәңгілік жанымда бол аңсағаным.

Әр таңды бір өзің деп қарсы аламын.

Сен менің қасымда бол, алыс кетпе,

Бірге жұт тау самалын, ән самалын!
Жүректе лаулаған жалын,

Есімді жия алмағам.

Самғатқан бір нұрлы ағын,

Әлемге сия алмағам.

Аяулым күліп тіл қатшы,

Бақыт боп әр қадамың.

Бұл өмір қандай жақсы,

Сағынар болса адамың!

29.11.1998жыл.

Әнімсің-еркем елігім+

Сағым боп сенің елесің,

Есіме түсе бересің.

Кездесіп бейуақ, жаныма,

Жарақат салып келесің.

Қайырмасы:

Алыстап кеттік армандай,

Әніміз қалды жалғанбай.

Бөленді нұрға бар әлем,

Әніңе әсем салғанда-ай!

Кең далам тұрды мөлдіреп,

Жүзімді алқап елжіреп,

Пәк, сұлу жаның, дидарың,

Аңсайды сені бұл жүрек!
Гүлімсің иісі аңқыған,

Әнімсің биік шалқыған.

Елігім, еркем ару қыз,

Өзіңе қарай талпынам!

1990жыл

Жүрек аңсары +
Сағынған жанды,

Көзім де талды,

Шарқ ұрдым іздеп, таба алмай.

Сағыныш тербеп,

Жүректі кернеп,

Бұза алмай тағдыр қамалды-ай.


Қайырмасы:

Сен,қайдасың?

Бақыт боп жүзің жайнасын!

Кел, айнымасым!

Қол жетпес алыс айдасың.

Үміт пен арман,

Жетелер алдан.

Жас жүрек қашан тынады?

Өмірде сыйлас,

Жандар бар қимас,

Жүрегім аңсап тұрады!

1999жыл.


Мәңгілік сағынарым, сағынышым! +
Мәңгілік сағынарым, сағынышым,

Аруым ары таза, көңілі шың.

Жанымның саған деген махаббатын,

Ән еттім жүрегіңде қалу үшін!


Қайырмасы:

Өмірді мәнді етер,

Көңілді сәнді етер,

Жүректе ән тербетер,

Сен...

Шуақты күнім болар,



Жадымда үнің қалар,

Әнімсің мәңгі салар,

Сен...
Жүрегім бір өзің деп елеңдеді,

Күн сайын сезім көлі тереңдеді.

Жанымда өзің жүрсең өмір қызық,

Өзіңмен қуанышым бөлек еді.

1998жыл.
Ән: Сағыныш сәттер+
Сағыныш сәттер...кешегі күндер елес пе?

Шуақты үндер, тоңдырған түндер бәрі есте.

Жәудірей қалған жауқазын едің жайдарлы,

Күн нұрын күткен белесте...


Нұр құйып еді жаныңның шырай шаттығы,

Басыла алмай жүректің дүрсіл аптығы.

Жанымда болып, жалынға орап кеттің сен,

Сезімнің сыршыл пәк гүлі...


Есімде бәрі, есіме түсе бересің,

Көңілімде көркем ай дидар әппақ елесің.

Көктемнің күні, найзағай болсам күркіреп,

Ақ жауын болып клесің...


Қимастық сәттер...қиыла қалған кезің-ай,

Ұйқысыз таңнан мөлдіреп жанған сезім-ай.

Қоштасар сәттен сағыныш қайта басталған,

Қимаған жүрек өзін-ай...


Ұялған сәттер...қызарып беттер өзгеріп,

Жастық-ай жалын, сұлулық-сиқыр сөзге еріп.

Жия алмай есті, кездесу кешті мың ойлар,

Келе ме ару сөз беріп?


Қуаныш сәттер...ыстық нұр бойды кернеген,

Жалынға орап, шабытпен өрге өрлеген.

Кешегі арман кейінге жалған көрінер,

Сезінбей адам сенбеген...

Сезінбей адам сенбеген...

03.03.2008жыл.



Жан сәулем (әнге арналған)-
Жанымда болып алыссың,

Айта алмай қалдың тілекті.

Ең жақын болып, таныссың,

Ауыртып кеттің жүректі.



Қайырмасы:

Арман боп қалдың аңсаумен,

Үмітпен өтті күн ұзақ.

Жаныма нұрсың жан сәулем,

Кеттің ғой қалқам шын ұзап.
Келісті көркем көктемде,

Күн болып бойды еріттің.

Аққу боп аңсап жеткенде,

Көрінбей кеттің көріктім.

Шарқ ұрып іздеп келемін,

Көңілдің таппай бір емін.

Сағыныш саған сенемін,

Аман бол ару, тілегім.

15.04.2008жыл.

Ән: Сұлу-сезім+
Қарап көзім тоймады,

Жанды сезім жайлады.

Еркем естен тандырдың,

Көркің тілді байлады.



Қайырмасы:

Арман неткен алыссың,

Өмір-күрес, жарыссың.

Қымбат, сағынған жаның

Әнмен жүрек табыссын!
Сұлу неткен шырынсың,

Жүрек сенен жылынсын.

Өмір өзіңмен қымбат,

Жанға жақын жырымсың!



Қайырмасы:

Күттің алыстап кетсем,

Күн-түн ойымда тек сен.

Өмір сезіммен мәнді,

Сені бақытты етсем.

Қайырмасы:

ӘН: Ұландар ұраны. +

Біз Отанды сүйеміз,

Білім құмар баламыз.

Болашаққа иеміз,

Елге қорған боламыз.
Ана тілді сүйеміз,

Бар қасиет сақталар.

Салт дәстүрлер-киеміз,

Өсер ұрпақ мақтанар.


Мектебіміз ұямыз,

Ата-анамыз сүйікті.

Жақсылықты жиямыз,

Армандаймыз биікті.


Еңбек әркез ер еткен,

Талпынамыз шыңдарға.

Ынтымақ-гүл ел еккен,

Солымас мәңгі біз барда.

30.09.2009жыл.

ӘН: Жан шуағым.-

Сені аңсаумен өмір өткен,

Әсем үнің тебіренткен.

Қоңыр күзде алаңдадым,

Жан шуағым көңілі көктем.

Қайырмасы:

Сағынышым сарғайдым да,

Сағындым ғой шалғай мұнда.

Аққуымсың қонармысың,

Жан шуағым жыр айдынға


Мөлдірлігің таңғы шықтай,

Елеңдедім бал қылыққа-ай.

Жаным саған тартылды да,

Жүрек қалды мәңгі ұмытпай.

12.10.2009жыл.

Ардагер. +

Намыстың туын жықпаған,

Ерлікке бастар нық далам.

Еліне қауіп төнгенде,

Қорғаны болған мықты адам!

Қайырмасы:

Ардагер келген жеңіспен,

Қайраты бойға келіскен.

Ерлігі үлгі еліме, 2рет

Жігері жалын ең үстем.


Отанның болған тірегі,

Болашақ арман тілегі.

Қырандай қайсар ардагер,

«Ұрпақ»-деп соғар жүрегі. 26.01.2010жыл.



Әкем әнім.-

Өлеңін жазған Бертай Төкеев.

Музыкасын жазған Қайрат Абдалимов

Әкетайым, асқар тауым, ақылшым,

Пейіліңмен, ниетіңмен жақынсың.

Сағыныштың сазы ерітіп жанымды,

Әнімменен өксік шерін шақырсын.

Асыл әкем жаралғандай алыптан,

Аса алмаған адамдық пәк қалыптан.

Перзенті үшін парасатты биік шың,

Қол жетпейтін арман болар анық таң.

Перзентіне әке мәңгі жақындау,

Қамқорымен биік тұрар ақыл тау.

Ата-ананың қадіріне жетуден,

Басталады құдіретті мақұлдау.

15.02.2010жыл.


Ән:Кәусар жыр.-

Көктемменен жанды көңіл шырағы,

Таусылмайды саналы ойдың сұрағы.

Сағынышын сенен басар жүрегім,

Өзің жаққа алаңдаумен тұрады.

Таусылмайтын сенсің жырдың бұлағы,

Көз тоймайтын көңілімнің құрағы.

Сағыныш та сансыратып санамды,

Соңғы кезде жанарда шық тұнады.
Осы ма екен тәңірімнің сынағы?

Шошынды екен неден көңіл тұрағы?

Таңғажайып табиғатың талпынтып,

Аңсау менен армандауды құрады.


Жанарымның қарашығы, шын ағы,

Ұғымталдық ұлылығың ұнады.

Мен өзіңді жырлап мәңгі өтермін,

Шаршау білмес шабытымның пырағы.


Бақытына жете алмаған кеш қалар,

Өтті күндер нұр ғажайып, ес танар.

Болашаққа сезімімді арнадым,

Кім біледі, бір күндері еске алар?

01.03.2010жыл.
Ән: Киелі туған мекенім.-

Музыкасын жазған Александр Романов.


Елім мекенім,

Алыс жақта сезінесің,

Сағыныштың не екенін?

Мақтан етемін,

Туған жер деп көз ілесің,

Аялаумен өтемін.

Қайырмасы:

Туған ата-анамдай,

Ардақтадың аялап.

Сендей қайдан табам,

Сая бақ?!
Өзен көлдерім,

Табиғатым таңғажайып.

Алтын асқар белдерім.

Өнер-өнбегім,

Ән күйменен жан тазарып,

Қанат қағып сермедім.

17.03.2010жыл.

Ән: Аралым.+

Шағала шулар Аралым,

Еліме керек бағалым.

Кемелер қалып қайраңда,

Жүрекке жетті жаралы үн.

Қайырмасы:

Сырдариядан жаралған,

Амудариядан нәр алған.

Аралым ару секілді,

Қос бұрымдарын таранған.

Оралар қайта бақтайсың,

Теңіз боп сабыр сақтайсың.

Туған жер, қамқор еліңдей,

Жылуды сірә таппайсың.

Туған жер, ата-анаңдай,

Жылуды сірә таппайсың.

06.04.2010жыл.
Ән: Нәзік жүрек+

Мөлтілдеп нәзік жанарың,

Мұңайдың неден қарағым?

Жаралы жанды от кеулеп,

Өртеніп тағы барамын.
Көздерің мөлдір тұңғиық,

Талғамың тәтті тым биік.

Қиыла қалған құралай,

Күнімдей болдың нұр құйып.

Қайырмасы:

Ай, арман-ай,

Жалған-ай.

Қиналған нәзік жүректі,

Әуреге небір салғаны-ай.
Қуат ап сырлы тілектен,

Арылып ойдан жүдеткен.

Аңсаудан арып, армандай,

Сағынышпенен күн өткен.

16.04.2010жыл.

Ән: Жанатым-ақ келінім, аңқылдаған!+

Жанатым-ақ келінім аңқылдаған!

Тектілік, жаны алтын жалтылдаған.

Сымбатын салиқалы саналы ұғар,

Қымбатым ұлымменен жарқын маған!
Жанатым-бақ сыйлаған қызым-елік!

Шаттандым, аққу көрік жүзін көріп.

Жан жарым анаң болып шыға келді,

Жайнайды ай мен күні ізіне еріп!


Жанатым-қуанышым, ұрандадым!

Бақыттан бір орнымда тұра алмадым!

Көзімнің ағы менен қарасындай,

Алладан амандығын сұранғаным!!!


Жанатым-қанат қаққан қарлығашым!

Қасиеттім, қазынам-ары басым.

Түтінін түзу етіп, төрді ұсынар,

Өмірді жалғастырар мағынасың!


Өсіңдер, көркейіңдер, өркен жайып!

Ұрпақпен көбейіңдер, мәңгі байып!

Ұлыммен ұлылыққа ұмтылыңдар!

Атаңның ақ тілегі-саған лайық!!!

14.06.2010жыл.

Достық жыры.+

Достарға жаным құмар,

Әрбірі сыр дастан ба?.

Уайымым ұмытылар,

Құрдаспен сырласқанда.
Қайырмасы:

Қуаныш қойнауында,

Шын достық жайлауында.

Барыңды бағаласаң,

Жақсылық, жайнауың да,

Қуансаң, қиналсаң да,

Нағыз дос іздеп келер.

Өмірдің мәні сонда,

Достықпен тізбектелер.
Қызықты өмір кештік,

Достардың арқасында.

Сыйластық сыры дестік,

Кластас партасында.

Әзілдің жарасқаны,

Құдайдың қарасқаны.

Достармен ашылады,

Көңілдің бар аспаны.

26.08.2010жыл.

Ән: Кәусарым бұлақсың!+

Жарығым жанатым,

Қарлығаш қанатым!

Бақытым базарлы,

Сағыныш санатым!

Жүректің әні де,

Көңілдің сәні де.

Өзіңмен өмірдің,

Мағына мәні де!

Қайырмасы:

Бағымсың, жаным жайнаған!

Бақытым, сенсің «Ай» маған!

Жаныма жарық сыйлаған,

Өзіңнен күнім айналам!


Кәусарым бұлақсың!

Кеудемде шырақсың!

Қуаныш сыйлаумен,

Бәріне ұнапсың!

Жайнаған күнімсің!

Жайқалған гүлімсің!

Бағыңды тілеумен,

Кірпігім ілінсін...

12.06.2011жыл
Мектеп әнұраны.+

Өлеңін жазған Маханбет Сапармұрат ов


Біз қазақтың ұланы,

Біз қазақтың жыр әні.

Ұстаз айтқан өсиет,

Мәңгі есте тұрады!

Қайырмасы:
Тез-тез өсіп есейіп,

Білімпаз боп өсейік!

Соз қолды білімге,

Еңбек ет күлімде!

Болашақ жас қыраным!
Жалқау болып жатпаймыз,

Әдеп иман сақтаймыз!

Тәуелсіз ту астында,

Алға қадам аттаймыз!

Қайырмасы:

Біздер жасыл желекпіз,

Шетімізден зерекпіз.

Білімді боп ержетсек,

Ертең елге керекпіз!

Қайырмасы:



Ән: Димаш аға+

Бағы боп туған елінің,

Қамы боп туған жерінің.

Аяулы болған азамат,

Ұлғайтқан ұрпақ сенімін.

Қайырмасы:

Шуағы тұрар төгіліп,

Жүрегі «Ел»-деп сөгіліп.

Оралар ма екен нар тұлға?

Жабықса халқы егіліп.
Аты да асыл Димаш-ты,

Ұмытпас халқы қимас-ты.

Әділет туын көтерген,

Жанашыр басшы алғашқы
Мейірім нұры төгілген,

Иманды нұры өрілген.

Қамқоршы болған еліне,

Кетпейді жүрек төрінен... 16.11.2011жыл. 23сағат23минут.

Бесік жыры

Бертай Есмаханұлы Төкеев
Әй-әй бөпем, әй бөпем,

Әппақ, сұлу, ай бөпем.

Көңіліме сән бөпем,

Өміріме мән бөпем.

Азамат болып өсерсің,

Бақытты күн кешерсің.

Елің үшін туылған,

Күн шуақты көсемсің.
Айдай әппақ аққуым,

Саялайтын бақ нуым.

Еркем деген тәтті ұғым,

Бал бақытым, шаттығым!
Үмітімді ақтаушым,

Өмірімді сақтаушым.

Қорған болар еліне,

Әділетті жақтаушым.
Сүп-сүйкімді қылықтым,

Тәй-тәй басып шынықтың.

Өзің барда бал бөпем,

Уайымымды ұмыттым...

09.04.2012жыл.

Ән: Көк бөрі+

Әні мен сөзін жазған Бертай Төкеев

Намыста өрлер дүлей сын,

Жігермен қашар үрей шын.

Тақымда тұрар тағдырың,

Тәңірден тілеу тілейсің.

Жарысып желмен шаттана,

Шабытпен шалқып үдейсің

Қайырмасы:

Көкпардың шыны Көк бөрі,

Жігіттің сыны, тек-кені.

Қажымас қайсар қырандар, 2-рет

Елімнің бекзат, бектері.
Тұлпарлар жалын тосқандай,

Даланың көркін ашқандай.

Тақымды жігіт топ жарып,

Абыройы биік аспандай.

Ержүрек жігіт ел қорғар

Абыройы биік асқардай.
Бірліктің қамы өтелген!

Жанымен жалын от өрген.

Ажалға қарсы шабатын,

Көкбөрілерге жетер ме ең?

Білекті қайтпас жігіттер,

Ерліктің туын көтерген!
04.05.2012жыл.

Ән: «Жыр-ағын»-

(Төлеген Айбергеновке арналған)

Әнін жазған Орақбаева Фарида Жанұзаққызы

Өлеңін жазған Төкеев Бертай Есмаханұлы

Дауылды жырмен ескенсің,

Шабытты мұңды кешкенсің.

Жүректің қылын мың тербеп,

Ұмытылмай мәңгі өскенсің!
Қайырмасы:

Мөлдіреп жырың бұлағың,

Тым ерте өшкен шырағың.

Ғажайып күйге келтірер,

Еліммен жасар жыр-ағын.

Ақынсың аңсар дара-шың,

Ардақтар бүгін Алашың.

Өлеңнен маржан тергенсің,

Өлең боп мәңгі қаласың!
Өнерге елді бұрасың,

Ерекше өлең құрасың.

Баламен таңмен оқылып,

Дана боп мәңгі тұрасың!

27.07.2012жыл.

Ән: Алтын күз... Әні мен өлеңін жазған Бертай Төкеев

Алтын күз келді,

Ақбұлттар төнді.

Жапырақ жайнап,

Сарғайтты белді.
Жемістер пісті,

Дихандар күшті.

Еңбекпен жасар,

Ұлы жер үсті.

А а а а аааа

Бақытқа бастар,

Алтын күз асқар!

Биімен әсем,

Бүлдіршін достар!
Уақыт та алтын,

Саналы салтым.

Дәстүрі берік,

Жасай бер халқым!!!

А а а а аааа
05.09.2012жыл.'>05.09.2012жыл.

Ән: Аружан+


Аружан ақылыңа көркің серік,

Талпындың даналыққа шындап берік.

Өнермен өршелене өрге өрлеуді,

Тіледім, тек биіктен көргім келіп...


Халықтың қасиеті мол мұрада!

Динаның қасиеті домбырада!

Фараби өсиеті күйтарада!

Өзіңмен жалғанады жаңғыра да!


Сұлулық, сүйкімділік күй боп ақсын!

Еліңді елжіретер сый бұлақсың!

Бақытың баянды боп өнеріңмен,

Әр таңың шаттық сыйлап, гүл боп атсын!


Ұстазың бағыт берді ертеңіңе,

Жыр қосты жақсылықтың желкеніне.

Болашақ өздеріңмен ғажап болар,

Айналар Қазақстан ертегіге!!!


Қанатың талмасыншы өнер өрде!

Еңбегіңмен жетесің нақ шеберге!

Аман бол, біліміңмен биіктей бер!

Әрдайым қуаныш бол өнерлі елге!!!




19.01.2013жыл.

Балабақшамен қоштасу
Музыкасы мен өлеңін жазған Бертай Есмаханұлы Төкеев

Балабақша бал бағым,

Қаншама күн қалмадым.

Бойым өсіп ойыммен,

Осы әнімді арнадым.

Қайырмасы:

Қоштасамыз қия алмай,

Біз ұшамыз қиялдай.

Білімді боп мектепте,

Сағынармыз жиі алда-ай...


Тәрбие көп алғаным,

Жақсылықты жалғадым.

Мектебімде үйренем,

Білімімнің қалғанын.



23.04.2013жыл.

Ән: Алтын күз... Әні мен өлеңін жазған Бертай Төкеев

Алтын күз келді,

Ақбұлттар төнді.

Жапырақ жайнап,

Сарғайтты белді.
Жемістер пісті,

Дихандар күшті.

Еңбекпен жасар,

Ұлы жер үсті.

А а а а аааа

Бақытқа бастар,

Алтын күз асқар!

Биімен әсем,

Бүлдіршін достар!
Уақыт та алтын,

Саналы салтым.

Дәстүрі берік,

Жасай бер халқым!!!

А а а а аааа
05.09.2012жыл.

Ән: Қыз ұзату

Музыкасы мен өлеңін жазған Бертай Есмаханұлы Төкеев


Бойжеткен қыздың көріп шұғыласын,

Өмірден көп нәрсені ұғынасың.

Әкенің қимастық бар жанарында,

Ананың алаңдаған жыры басым...

Досжанның қимастық бар жанарында,

Жамалдың алаңдаған жыры басым...


Заңдылық, бірін-бірі алмастырар,

Киелі бұл отбасы алғаш құрар.

Жақсылық жалғанады мәңгілік боп,

Ұрпақпен өнегені жалғастырар...


Тәрбие тектіліктен білінеді,

Кешегі құлдыраған құлын еді.

Атасы көре алмады-ау жақсы көрер,

Қу көңіл толмас бір сәт бүлінеді...

Апасы көре алмады-ау жақсы көрер,

Қу көңіл толмас бір сәт бүлінеді...


Бұл да бір өмір заңы қуанамыз,

Сағыныш көп қой еске жиі аламыз.

Елімнің ерке өскен елігі еді,

Көңілін жүдетпеңдер, сұранамыз...


Кешегі сәби еді жөргөгінде,

Тебірендім сәукелесін көргенімде.

Бақыты базарлы боп, баянды боп,

Көрейік өрлеп, өсіп, өнгенін де!!!



20.06.2013жыл.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет