|
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
|
Фармация мектебі
|
Хаттама
|
Орн.: Айдарбекова Б.Б.
|
беттің беті
|
Фармация мектебінің №3 хаттамасы
16.06.2023 ж.
Қорытынды аттестациялау комиссиясының құрамы
Кіші комиссия № 3
ҚАК-ның төрайымы: Калыкова Асем Сериковна – PhD, «InnovA Life» ЖШС директоры
Төрайымның орынбасары: Аюпова Роза Багдаулетовна – PhD, академиялық қызмет бойынша декан орынбасары
Қатысқандар:
Комиссия мүшелері:
Кизатова Майгуль Жалеловна – т.ғ.д., «Фармацевтикалық технология» кафедрасының профессоры;
Албаева Жанар Турсынгалиевна – х.ғ.к., «Биотехнология және жалпы химиялық технология» кафедасының доценті;
Калдыбаева Айгуль Кудайбергеновна – х.ғ.к., «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника» кафедрасының доценті;
Саметова Эльмира Сайлаухановна – б.ғ.к., Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми хатшысы;
Серикбаева Эльмира Асылбековна – PhD, «Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация» кафедрасының доценті
ҚАК-ның хатшысы
Айдарбекова Балнұр Бауыржанқызы – фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының ассистенті
6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау хаттамасы
Тыңдалды: Тлеубекова Жанат Мухтарқызы
Сөйлегендер:
ҚАК-ның мүшесі Э.С. Асылбековна: Басқа кремнен айырмашылығы қандай? Бағасы қанша?
Ж.М. Тлеубекова: Көптеген кремдер ланолин және вазелин негізінде жасалынады. Ал біздің крем кокос, ши және авокадо майы негізімен ерекшеленеді. Кремнің болжамды құны 1416 тг.
ҚАК-ның мүшесі М.К. Жалеловна: Неге қолға арналған крем жасадыңыз?
Ж.М. Тлеубекова: Адам терісінде жиі зақымданатын жер қолымыз болып келеді, сол себептенде қолға арналған кремді дайындау ұтымды деп таптық.
ҚАК-ның мүшесі М.К. Жалеловна: Авокадо қанша тұрады? Қай жерден алдыңыз?
Ж.М. Тлеубекова: Авокадо майы Қарағандыдан “АртКлад” интернет дүкеннен алынды.
ҚАК-ның мүшесі М.К. Жалеловна: Натрий бензоаты не үшін қолдандыңыз?
Ж.М. Тлеубекова: Натрий бензоты- кремнің сақталу уақытын ұзарту мақсатында, тұрақтандырғыш ретінде қолданылды.
ҚАК-ның мүшесі М.К. Жалеловна: Сақталу мерзімі қанша?
Ж.М. Тлеубекова: Сақталу мерзімі есептелген жоқ.
ҚАК-ның мүшесі Р.А. Багдаулетовна: Қай базада крем дайындаңыз? Гомогенизатор қанша кг арналған?
Ж.М. Тлеубекова: Крем практикалық дағдылар орталығында дайындалды.
ҚАК-ның мүшесі Ж.А. Турсынгалиевна: Кремнің қатынасында неге 72% су?
Ж.М. Тлеубекова: Біз дайындаған крем эмульсиялық крем болып табылады. Эмульсиялық кремдерде су 70% кем болмауы қажет.
ҚАК-ның мүшесі Р.А. Багдаулетовна: Қандай кезеңде 4% шығын алынды?
Ж.М. Тлеубекова: Ең көп шығын 4-кезеңде, яғни гомогенизация сатысында алынды.
ҚАК-ның мүшесі М.К. Жалеловна: Негізгі аппарат қандай?
Ж.М. Тлеубекова: Крем дайындауда негізгі аппарат – гомогенизатор.
Қаулы етілді:
Студент Тлеубекова Жанат Мухтарқызы дипломдық жұмысын деген бағамен қорғады.
Төрайым
|
А.С. Калыкова
|
Төрайымның орынбасары
|
Р.Б. Аюпова
|
Хатшы
|
Б.Б. Айдарбекова
|
Достарыңызбен бөлісу: |