Фармакология



бет117/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200
Фармакология

Әсер ету механизмі: ОЖЖ-гі ГАМҚ-ң эндогенді тежегіш медиаторының қурамын жоғарылатуымен байланысты, қыртыс және қыртыс асты қабаттарының қозғалтқыш аймақтарының белсенділігін төмендетеді. Аминқышқылдарының (глутамат, аспартат) ОЖЖ-не қоздырғыш әсерін азайтады. Фармакологиялық әсері - тырысуға қарсы, тыныштандыратын (фенобарбитал), ұйықтататын, транквилизаторлық әсерлері бар. Қолданылуы: эпилепсиялық үлкен ұстамаларда, эпилепсиялық кіші ұстамаларда, үш тармақты жүйкенің невралгиясында (карбамазепин, этоксуксимид), сіреспе (столбняк), тырысу жағдайларында. Жанама әсері: әлсіздік, уйқы келуі, бас ауыру, психиканың тежелуі, тератогенді әсер (дифенин, триметин), қан жүйесінің бұзылуы, нефро- және гепатотоксикалық әсер, аллергиялық реакциялар және диспепсия байқалуы мүмкін. Бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуында, қан жүйесінің бұзылуында, жүрек жеткіліксіздігінде, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды. Барлығы таблетка түрінде шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақпен бірге немесе тамақтан кейін тағайындалады.
Hexamidinum - гексамидин (Б): 0,125 және 0,25 таб. – ½ -2 таб. тәулігіне 1-2 рет.
Dipheninum-дифенин (Б): 0,117 таб.-1-З таб. тәулігіне 3 рет.
Саrbamazepinum - карбамазепин (Б): 0,1; 0,2; 0,4 таб.-1-2 таб. тәулігіне 1-3 реттамақпен бірге немесе тамақтан кейін.
Еthosuximidum-этосуксимид 0,3-0,5 капс. түрінде шығарылады.
Natrii valphroas-натрий вальпроаты 0,3 және 0,5 таб. 1-2 таб. тәулігіне 1-3 рет.


4.Паркинсонизмге қарсы дәрілер
Паркинсон ауруы немесе дірілдеуіш салдану - бұлшық ет тонусының жоғарылауымен жүретін бас миының созылмалы ауруы немесе экстрапирамидалық жүйке ядроларының зақымдануынан болатын созылмалы нейродегенерациялық ауру. Паркинсонизм - бас миының қара субстанциясындағы қозғалғыш, қыртыс асты түзулердің зақымдануы кезінде пайда болатын қозғалғыш және вегетативті симптомтардың жиынтығы. Паркинсон ауруы кезінде гипокинезия, тонустың жоғарылауы, дірілдеу (саусақ, қол сүйектері, төменгі жақ, тіл, бастың ретсіз дірілдеуі), аурудың жүріс- түрысының өзгеруі, тершеңдік пен терінің майлануы және қозғыштық байқалады. Паркинсонизм ауруы - экстрапирамидті жүйе қызметінің өзгеруі нәтижесінен пайда болғандықтан, дофаминнің мөлшері азайып, холинергиялық нейрондардың әсерінің күшеюінен жоғарғы айтылған белгілер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет