Рецепт үлгісі
1. Жай құрамды капсуланың жазылымы:
Құрамында 0,3 рифампицин (Rifampicinum) бар, 20 ұнтағын желатинді капсулада босатыңыз. Тамақтан 30 мин. Бұрын 1 капсуладан тәулігіне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Rifampicini 0,3
D.t.d. N.20 in capsules gelatinosis
S.Тамақтан 30 мин.бұрын 1 капсуладан күніне 2 рет
2. Күрделі құрамды официнальды капсуланың жазылымы:
«Аевиттің» (“Aevitum”) 25 капсуласына жазыңыз. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.
Rp.: Capsulas “Aevitum” N.25
D.S. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.
Қазірде фармацевтикалық өндірістерде дәрілік затты микрокапсула түрінде шығарылады. Микрокапсулалар жұқа қабықшалы пленка тәрізді материалмен (желатин, майлы заттар, полимерлер) қапталған қатты, сұйық немесе газ тәрізді дәрілік заттар. Микрокапсула түрінде шығарылатын препараттар әртүрлі мақсатта (мысалы, тұрақсыз дәрілік заттарды ішкі факторлардың әсерінен сақтау үшін, жергілікті тітіркендіргіш әсерін басу үшін, дәрілердің әсерін ұзарту үшін және т.б.) белгіленеді.
Пилюлдер –салмағы 0,1-0,5-ке тең, шар тәрізді ішуге арналған қатты мөлшерге бөлінген дәрілік түр.
Басқа да қатты дәрілік түрлерге: спансулалар, пленкалар, глоссетер, карамелдер және пастилкалар жатады. Карамелдер (Caramel)-дәрілік затты қантпен жартылай гидролиздеген крахмал өнімін араластыру жолымен дайындалатын қатты дәрілік түр. Карамельдерге қажетті түс беру үшін қоспаға бояғыш, дәм беретін ароматты заттарды қосып дайындайды. Карамелдерді ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабатының ауруларын емдеу үшін белгілейді. Ол үшін карамелдерді ауыз қуысында толық ерігенше ұстайды. Фармацевтикалық өндірістерде саңырауқұлақтарға қарсы және бактерияға қарсы дәрі дәрмек декамин карамелі шығарылады. Пастилкалар немесе троше (Trochiscius – Nom. Sing; Trochisci-Gen.sing.), дәрілік заттарды қантпен және кілегеймен араластыру жолымен алынатын салмағы тығыз пішінді түріндегі қатты дәрілік түр. Пастилкаларды да ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларын емдеу үшін (ауыз қуысында толық ерігінше), кей жағдайда асқорыту жолдарының ауруларын емдеу кезінде ішке белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |